Тайынша ауданы әкімдігі жанындағы аудандық ономастикалық комиссия жайындағы Ережені бекіту туралы.

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2003 жылғы 13 тамыздағы N 231 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 16 қыркүйекте N 1017 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 21 қыркүйектегі N 342 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2009.09.21 N 342 Қаулысымен

      "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі N 151 Заңының 19,
20-баптарын, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200Заңының 12-бабын, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темір жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектілерді атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудің Тәртібін бекіту туралы" 1996 жылғы 5 наурыздағы N 281 қаулысын орындау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Тайынша ауданы әкімдігінің жанында ономастикалық комиссия құрылсын.
      2. Тайынша ауданы әкімдігінің жанындағы аудандық ономастикалық комиссия туралы Ереже қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      3. Аудан әкімдігінің "Аудандық ономастикалық комиссия құру туралы" (тіркеу нөмірі N 737, 2002 жылғы 16 қазан, "Тайыншинские вести" 2002 жылғы 1 қараша N 45, 2002 жылғы 8 қараша N 46) 2002 жылғы 2 қазандағы N 36 қаулысы күшін жойды деп есептелсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К.Дүсіріповке жүктелсін.

      Аудан әкімі

"Тайынша ауданы әкімдігі жанындағы
аудандық ономастикалық комиссия
жайындағы Ережені бекіту туралы"
аудан әкімдігінің
2003 жылғы 13 тамыздағы
N 231 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН

Тайынша ауданы әкімдігі жанындағы
аудандық ономастикалық комиссия туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. Тайынша ауданы әкімдігі жанындағы аудандық ономастикалық комиссия ауданның тарихи-мәдени құрамдық бөлігінің және оның қайта өзгеруінің тарихи атауларын сақтау, қалпына келтіру, топонимикалық атауларына есеп жүргізу және пайдалануды тәртіпке келтіру, географиялық объектілерді бірыңғай қалыптастыру мақсатымен  ономастика саласында мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бойынша ұсыныстарды іске асыратын консультациялық-кеңесші органы болып табылады.
      2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темір жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектілерді атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудің Тәртібіне", сонымен қатар осы Ережеге сүйеніп басшылық етеді.
      3. Комиссияның құрамы Тайынша ауданы әкімінің ұсынуы бойынша Тайынша ауданы мәслихатымен бекітіледі.
      4. Комиссияның шешімі ұсынымдық сипатты ұстанады.

2. Негізгі міндеттері

      1. Комиссияның негізгі міндеттері:
      1) географиялық атауларды жинақтау, жүйелендіру және зерделеу, ономастика мәселелеріне байланысты материалдарды жүйеге келтіру;
      2) ертеде жойылып кеткен тарихи топонимдерді қалпына келтіру бойынша ұсыныстар енгізу;
      3) жаңа объектілердің атаулары бойынша ұсыныстар енгізу;
      4) ономастикаға географиялық және тарихи-мәдени пәндеме ретінде қолдау көрсету болып табылады.

3. Негізгі қызметтері мен өкілеттіктері

      Жүктелген тапсырмаларды шешу мақсатында Комиссия:
      1) орфографияның қолданыстағы нормалары ғылыми транскрипциялар және қалыптасқан мәдени-тарихи және әлеуметтік факторлар негізінде көшелердің, елді-мекендердің, өндірістік ауыл шаруашылық кәсіпорындардың, темір жол және автожол станцияларының, пошта бөлімшелерінің, мекемелердің, кәсіпорындардың, жалпы білім беретін, арнайы орта және кәсіптік оқу орындарының, көліктік және мемлекет меншігінде орналасқан басқа да объектілердің атауларын транскрипциялау және анықтау, қайта өзгерту, атау беру туралы қорытындыларды ұсынды;
      2) аудан картасын құру, анықтамаларды, сөздіктерді шығару кезінде туатын мәселелерді шешуге көмектеседі, ауданның географиялық номенклатураларының дұрыс транскрипциялануын қадағалайды;
      3) алаңдардың, даңғылдардың, көшелердің, елді-мекендердің көне атауларын сақтауға бағытталған шаралар жинағын іске асырады;
      4) ауданның тарихи-мәдени мұрасының құрамдық бөлігінің тарихи және ежелгі халықтық қалыптасқан атауларға халықтың оң көзбен қарауын белсенді қалыптастырады;
      5) тарихи топонимдерді қайта қалпына келтіру немесе өзгерту бойынша жеке азаматтардың және ұйымдардың хаттарын қарайды және сәйкес ұсынымдар береді;
      6) материалдар, хабарламалар және жергілікті өкілеттік және атқару органдарының ақпараттары бойынша ономастика саласындағы мемлекеттік тіл саясатының жүзеге асу жағдайын талдайды.

4. Жұмысты ұйымдастыру

      1. Комиссияның отырысы материалдардың түсуі бойынша және қажеттілік бойынша өткізіледі. Комиссияның отырысы, егер оның мүшелерінің жартысынан азы қатысып отырса, күші бар деп саналады.
      2. Комиссияның шешімі ашық дауыспен отырысқа қатысып отырған Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады.
      3. Қажет болған жағдайда Комиссияның құзыретіне кіретін жекелеген мәселелерді қарау үшін жұмыс топтары құрылады.
      4. Комиссия хатшысы қажетті құжаттарды, күн тәртібін дайындайды, Комиссия мүшелерінің өзара жұмыс істеуін ұйымдастырады және іс жүргізуге жауап береді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады