Күші жойылды - Атырау облыстық мәслихатының 2013.01.24 № 103-V шешімімен.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94-І Тұрғын үй қатынастары туралы Заңына,сондай-ақ тұрғын үй көмегін көрсетуге қажетті қаражаттың облыстық бюджеттен жергілікті бюджеттерге берілуіне сәйкес Атырау облыстық мәслихаты ХХIV сессиясында шешім етті:
1. Аз қамтылған отбасыларына азаматтарға тұрғын үйді жеке тұрғын үй ұстағаннан басқа ұстау және коммуналдық қызметтермен пайдалану төлемдерін өтеуге тұрғын үй көмегін көрсету Тәртібін бекіткен облыстық мәслихаттың ХVI сессиясының 2002 жылғы 66 ақпандағы № 189-II шешімінің күші жойылған деп танылсын.
2. Аз қамтылған отбасыларына азаматтарға тұрғын үйді жеке тұрғын үй ұстағаннан басқа ұстау және коммуналдық қызметтермен пайдалану төлемдерін өтеуге тұрғын үй көмегін көрсету Тәртібі жоғарыда көрсетілген заңға сәйкес Атырау қаласы және аудандар бойынша жергілікті өкілетті органдармен анықталатыны ескерілсін.
Облыстық мәслихаты
ХХIV сессиясының төрағасы
Облыстық мәслихаттың хатшысы