2003-2004 жылдардың жылу беру кезеңін өткізу туралы

Күшін жойған

Атырау облыстық әкімиятының 2003 жылғы 18 қарашадағы N 251 қаулысы. Атырау облыстық әділет басқармасында 2003 жылғы 9 желтоқсанда N 1713 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы әкімінің 2004 жылғы 20 желтоқсандағы № 248 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімінің 20.12.2004 № 248 қаулысымен.
      Қыс мезгілінде кәсіпорындар мен тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының тұрақты жұмыс істеуін және әлеуметтік сала нысандары мен облыс тұрғын үйлерін жылумен сенімді қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімияты қаулы етеді:
      1. Атырау қаласы және аудан әкімдері:
      1) барлық жылумен жабдықтау көздерінің кідіріссіз жұмысын, нормативтік отын қорын құруды қамтамасыз етсін, апаттық-қалпына келтіру жұмыстарын уақытылы жүргізсін, қыс уақытында жолдарды, көпірлерді, жаяу адам жолдарын пайдалану және ұстау, жаңбыр, еріген
суларды тартып алу және қарды уақытылы тазалау жөнінде шара алсын;
      2) қалалық және аудандық әкімияттарда, қызмет көрсетуші-кәсіпорындарда, барлық пәтер иелері кооперативтерінде тәуліктік кезекшілікті ұйымдастыруды қамтамасыз етсін;
      3) әлеуметтік сала нысандарының қатты және сұйық отынмен қамтамасыз етілуіне бақылау жасасын; тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы объектілерін 2003-2004 жылдардың күзгі-қысқы
кезеңіне дайындау жөніндегі облыстық штабқа әр апта сайын хабарлап тұрсын.
      2. Тіршілікті қамтамасыз ету кәсіпорындарының басшыларына тұтынушыларды үздіксіз электр қуатымен, жылумен, газбен, сумен қамтамасыз ету және ағын суларды бұрып жіберу ұсынылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.И. Байғожинге жүктелсін.

      Облыс әкімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады