Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 15.12.2008 № 104а шешімімен.
Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 9 бабына сәйкес, Атырау қалалық Мәслихаты шешім етеді:
1. Атырау Қалалық Мәслихатының регламенті бекiтiлсiн (жалғанды).
2. Мемлекеттiк тiркеуден өткiзу үшiн облыстық әдiлет басқармасына тапсырылсын.
Қалалық Мәслихаттың
I сессиясының төрағасы
III-шақырылған қалалық
Мәслихаттың I сессиясының
N 5 шешiмiне қосымша
Атырау қалалық Мәслихатының регламентi
1-бап. Атырау ҚалалыҚ Мәслихаты қала аумағындағы өкiлдi орган болып табылады, халықтың еркiн бiлдiретiн және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оны iске асыру үшiн қажеттi шараларды белгiлейтiн және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын орган.
2-бап. Қалалық Мәслихат өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңын, Қазақстан Республикасының басқа да заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулыларын, облыстыҚ Мәслихаттың шешiмдерiн және осы регламенттi басшылыққа алады.
3-бап. Қалалық Мәслихат депутаттарының өкiлеттiгi - төрт жыл.
4-бап. Қалалық Мәслихаттың заңды тұлға құқығы болмайды.
5-бап. Қалалық Мәслихат қызметiнiң негiзгi түрi сессия болып табылады, ол сессияда Қазақстан Республикасы Заңдарына сәйкес өзiнiң қарауына жатқызылған мәселелердi шешедi.
6-бап. Жаңадан сайланған Мәслихаттың бiрiншi сессиясын осы Мәслихат үшiн белгiленген депутаттар санының кемiнде төрттен үшi болған ретте, Мәслихат депутаттары тiркелген күннен бастап отыз күн мерзiмнен кешiктiрмей, тиiстi аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы шақырады.
7-бап. Мәслихаттың кезектi сессиясы кемiнде жылына төрт рет шақырылады және оны Мәслихат сессиясының төрағасы жүргiзедi. Мәслихаттың кезектен тыс сессиясын осы Мәслихатқа сайланған депутаттар санының кемiнде үштен бiрiнiң, сондай-ақ әкiмiнiң ұсынысы бойынша Мәслихат сессиясының төрағасы шақырады және жүргiзедi. Кезектен тыс сессия оны өткiзу туралы шешiм қабылданған күннен бастап бес күн мерзiмнен кешiктiрiлмей шақырылады.
8-бап. Мәслихат хатшысы Мәслихат сессиясын шақыру уақыты мен өткiзiлетiн орны туралы, сондай-ақ сессияның қарауына енгiзiлетiн мәселелер туралы депутаттарға, халыққа және әкiмге сессияға кемiнде он күн қалғанда, ал кезектен тыс сессия шақырылған жағдайда кемiнде үш күн бұрын хабарлайды.
9-бап. Егер қалалық Мәслихат депутаттары жалпы санының кемiнде үштен екiсi Мәслихат сессиясына қатысса, ол заңды болады.
10-бап.Мәслихаттың бiрiншi сессиясын қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы ашады және Мәслихат сессиясының төрағасы сайланғанға дейiн жүргiзедi. Одан әрi Мәслихат сессиясын Мәслихат сессиясының төрағасы жүргiзедi.
11-бап. Сессия жұмысында Мәслихат шешiмi бойынша Мәслихат белгiлеген он бес күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмге үзiлiс жасалуы мүмкiн.
12-бап. Мәслихат сессиялары, әдетте, ашық сипатта болады. Мәслихат сессиясы төрағасының немесе Мәслихат сессиясына қатысып отырған депутаттар санының үштен бiрiнiң ұсынысы бойынша қабылданатын Мәслихат шешiмiмен, егер қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшiлiгi осы үшiн дауыс берсе, жабық сессиялар өткiзуге жол берiледi.
13-бап. Мәслихат өз өкiлеттiгi мерзiмiне тұрақты комиссиялар құрады. Олардың саны жетеуден аспауға тиiс. Қажет болған жағдайда, Мәслихат тұрақты комиссияларды жаңадан құрып, таратып және қайта ұйымдастыра алады. Тұрақты комиссиялардың төрағалары мен мүшелерi өз депутаттары арасынан қалалық Мәслихатпен сайланады.
14-бап. Тұрақты комиссиялар өз бастамасы бойынша немесе Мәслихат шешiмi бойынша көпшiлiк тыңдаулар өткiзе алады.
15-бап. Тұрақты комиссиялардың отырысы қажеттiлiгiне қарай шақырылады және егер отырысқа олардың құрамына кiретiн депутаттар санының жартысынан астамы қатысса, заңды болып есептеледi. Тұрақты комиссиялардың қаулысы комиссия мүшелерi жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданады.
16-бап. Мәслихат жергiлiктi бюджеттiң атқарылуын бақылау үшiн өз өкiлеттiгi мерзiмiне тексеру комиссиясын сайлайды. Тексеру комиссиясының төрағасын Мәслихат депутаттар арасынан сайлайды. Қалалық Мәслихаттың тексеру комиссиясының төрағасы өз қызметiн басқа жұмыстан босатылған негiзде жүзеге асырады. Тексеру комиссиясының жұмысына Мәслихат депутаты емес адамдар да шарт негiзiнде тартылуы мүмкiн.
17-бап. Мәслихат сессиясының төрағасы ашық дауыс беру арқылы Мәслихат депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен сайланады. Мәслихаттың кезектi сессиясының төрағасы Мәслихаттың алдындағы сессиясында сайланады. Сессияның төрағасы болмаған жағдайда оның өкiлеттiгiн Мәслихат хатшысы жүзеге асырады. Мәслихат депутаты Мәслихат сессиясының төрағасы болып жыл iшiнде екi реттен артық сайлана алмайды.
18-бап. Мәслихат хатшысы лауазымына кандидатуралар Мәслихат депутаттарымен, депутаттар тобының, тұрақты комиссиялар атынан, сондай-ақ сессияға қатысушы депутаттар iшiнен өзiн-өзi ұсыну жолы арқылы түскен үмiткерлер, Мәслихат сессиясында ұсынылады.
19-бап. Қалалық Мәслихат хатшысы өз мiндетiн дұрыс атқармаса не болмаса жұмысында қателiктер жiберсе, қалалық Мәслихат жиналысының сессиясында жасырын дауыс беру арқылы, сайланған депутаттардың үштен екi бөлiгi дауыс берсе, хатшылық мiндетiнен босатылады.
20-бап. Қалалық Мәслихаттың өз өкiлеттiгiн ерiктi түрде доғаруы, оның өтiнiшi бойынша жүзеге асырылады.
21-бап. Мәслихат депутаты жалпы мемлекеттiк мүдделердi ескере отырып, Атырау қаласы халқының еркiн бiлдiредi. Мәслихат депутаттарының өкiлеттiгi қалалық аумақтық сайлау комиссиясы оны депутат ретiнде тiркеген кезден басталып, Мәслихат өкiлеттiгi тоқтатылған кезден бастап тоқтайды.
22-бап. Қалалық Мәслихат депутаты Мәслихаттың және өзi құрамына сайланған оның органының жұмысына қатысуға тиiстi.
23-бап. Қалалық Мәслихат депутаты өз округi сайлаушыларымен тұрақты байланыс жасауға, оларға Мәслихаттың жұмысы, оның тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының қызметi, мәслихат шешiмдерiнiң орындалуы туралы ұдайы хабарлап отыруға, Мәслихат шешiмдерiнiң орындалуын ұйымдастыруға және бақылау жасауға қатысуға, сайлаушылардың өзiне келiп түскен өтiнiштерiн қарауға, азаматтарды жеке қабылдауды ұдайы жүргiзуге мiндеттi.
24-бап. Мәслихаттың әрбiр депутатына өкiлеттiктерiн кедергiсiз және тиiмдi жүзеге асыру үшiн жағдай жасалуына, оның құқықтарын, қадiр-қасиетi мен ар-ожданын қорғауға кепiлдiк берiледi.
25-бап. Қалалық Мәслихат шешiмдер қабылдайды. Сессия төрағасы Мәслихаттың сессиясын шақыру туралы шешiм қабылдайды. Қалалық Мәслихат хатшысы әкiмдер шығарады. Қалалық Мәслихат тұрақты комиссиялары қаулылар қабылдайды. Қалалық Мәслихат тексеру комиссиясы тексеру құжаттарын толықтырады.
26-бап. Мәслихаттың өз құзыретi шегiнде және азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты қабылдаған шешiмдерi заңдарда белгiленген тәртіпте ресми жариялануға жатады және ол тиiстi аумақта орындалуға мiндеттi.
27-бап. Мәслихат аппараты қалалық Мәслихат пен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етудi жүзеге асырады, депутаттарға өздерiнiң өкiлеттiгiн жүзеге асыруға көмек көрсетедi.
28-бап. Қалалық Мәслихаттың өкiлеттiлiгi белгiленген тәртiп пен заңдылықтар негiзiнде, сондай-ақ өзiн-өзi тарату жөнiнде шешiм қабылдаған жағдайда Қазақстан Республикасы Бас прокурорының ұсынуы бойынша, Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатымен мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.
29-бап. Қазақстан Республикасының тұрақты регламентi қаралмаса, Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" заңын, басқа да заңды құжаттарды басшылыққа алады.