Құқық бұзушылықтың әлуметтік алдын-алу жөніндегі аудандық, қалалық, поселкелік, селолық кеңестері жөніндегі Ереже туралы

Жаңа

Атырау облысы Жылыой аудандық Мәслихаттың XXXII сессиясының 2003 жылғы 9 қыркүйектегі 32-2 шешімі. Атырау облыстық әділет басқармасында 2003 жылғы 25 қыркүйекте N 1638 тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 23 қаңтар 2001 жылғы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес Жылыой аудандық, қалалық, поселкелік, селолық құқық бұзушылықтың әлеуметтік алдын-алу жөніндегі кеңестер туралы
Ереженің жобасын талқылап, аудандық Мәслихаттың XXXII сессиясы шешім етеді:
      Аудандық әкімият мақұлдап, ұсынған "Құқық бұзушылықтың әлеуметтік алдын-алу жөніндегі аудандық, қалалық, поселкелік, селолық кеңестер туралы" Ереже бекітілсін.

      Аудандық Мәслихаттың кезектен тыс
      XXXII сессиясының төрайымы

      Аудандық Мәслихат хатшысы

Құқық бұзушылықтың әлеуметтік алдын-алу жөніндегі аудандық,
қалалық, поселкелік, селолық Кеңес туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ереже

      1. Құқық бұзушылықтың әлеуметтік алдын-алу жөніндегі аудандық, қалалық, поселкелік, селолық Кеңес (әрі қарай - аудандық, қалалық, поселкелік, селолық Кеңес) - құқық бұзушылық пен қоғамға жат көріністердің алдын-алу жөніндегі сұрақтарды шешуге мүдде мемлекеттік органдар мен мекемелердің қарым-қатынастағы жұмысын ұйымдастыру мақсатында құрылған тұрақты бағыттаушы орган.

      2. Аталған Кеңестер қызметінің құқықтық негізі ретінде Қазақстан Республикасы Конституциясын, Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңын, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін, сонымен бірге осы Ережені басшылыққа алады.

      3. Кеңес өз қызметінде жергілікті атқарушы органдар алдында жауапты. Аудандық Кеңес жоғары тұрған Кеңестерге есеп береді. Поселкелік, ауылдық, селолық округ Кеңестері аудандық Кеңеске және аудандық атқарушы орган алдында есеп береді.

2. Аудандық, қалалық, поселкелік, селолық Кеңестің
құрылуы мен құрылымы

      4. Аудандық, қалалық, поселкелік, селолық Кеңестерді құру туралы шешімді жергілікті атқарушы орган - әкімият жүзеге асырады. Кеңестерді дербес құрамы аудан әкімі шешімімен бекітіледі.

      5. Аудандық, қалалық Кеңесті төраға - аудан әкімінің орынбасары басқарады. Аудандық Кеңес төрағасының орынбасары болып аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары табылады.

      6. Тұрақты аудандық Кеңес мүшелері - аймақтық әлеуметтік салаға жетекшілік ететін білім, денсаулық сақтау, еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау, мәдениет, әділет, экономика, қаржы бөлімдер бастығының орынбасарлары, қоғамдық бірлестіктер мен діни конфессия, сонымен қатар әскери комиссариат өкілдері. Кеңес хатшысы - аудан әкімі аппараты штаттық кестесінің тұрақты лауазымдағы қызметкері.

      7. Қалалық, поселкелік, селолық округ Кеңестерінің төрағасы міндетін тиісті әкім атқарады, ал тұрақты Кеңес мүшелері ішкі істер (полиция аға учаскелік инспекторы), білім (жалпыға білім беретін мектеп директорлары), денсаулық сақтау (учаскелік дәрігерлер), еңбек және тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету (әлеуметтік қызметкерлер) органының өкілдері болып табылады. Поселкелік, селолық округтік Кеңестерді құру туралы шешімді аудандық әкімият қабылдайды, ал дербес құрамын аудан әкімі бекітеді. Қалалық, поселкелік, селолық Кеңестерді құрамына тұрақты негізде жұртшылық (ақсақалдар кеңесі) және діни конфессия өкілдері кіреді.

3. Аудандық, қалалық, поселкелік, селолық Кеңестің
мақсаты мен міндеттері

      8. Кеңестердің негізгі мақсаты мен міндеттері:
      - құқық бұзушылық пен қоғамға жат көріністердің алдын-алу жөніндегі шараларға қатысты мемлекеттік органдар мен мекемелердің қызметін үйлестіру;
      - бас бостандығынан айыру орындарынан, арнайы профилактикалық емдеу және білім беру-тәрбиелеу мекемелерінен босатылғандарды, белгілі тұрақты жері жоқ әлеуметтік және туысқандық байланыстарын жоғалтқан адамдарды әлеуметтік бейімдеуге қатысты органдардың
жұмысын ұйымдастыру;
      - аудандағы бұқаралық ақпарат құралдарын тұрғындар арасында құқық бұзушылық пен қоғамға жат көріністердің алдын-алуға байланысты атқарылып отырған шаралар туралы ақпараттық-түсінік жұмыстарын жүргізуге тарту;
      - қылмыстардың алдын-алу, заң бұзушылық пен тәртіпті нығайту бағытындағы сұрақтардан қоғамдық және діни бірлестіктермен, сонымен қатар заңды және жеке тұлғалармен өзара қарым-қатынаста болуды.

4. Аудандық, қалалық, поселкелік, селолық Кеңес құзыры

      9. Аудандық, қалалық, Кеңестердің негізгі құзыры:
      - құқық бұзушылық, маскүнемдік пен алкоголизм, нашақорлық пен токсикомандық жөніндегі аумақтық бағдарламалардың орындалуын ұйымдастыру және бақылау;
      - бас бостандығынан айыру орындарынан, арнайы профилактикалық емдеу және білім беру-тәрбиелеу мекемелерінен босатылғандарды, белгілі тұрақты жері жоқ әлеуметтік және туысқандық байланыстарын жоғалтқан азаматтарды еңбек және тұрмыстық орналастыруға, сонымен
қатар маскүнем, нашақор және токсикоман ауруларды әлеуметтік- медициналық оңалтуда, басқада мәселелерді шешуде мүдделі органдар мен мекемелердің өзара іс-қимылын ұйымдастыру;
      - денсаулық сақтау органдарына маскүнем, нашақор және токсикоман ауруларға шалдыққандарды дәрігерлік мәжбүрлеу шараларын қолдану жөніндегі өтінішпен шығу;
      - маскүнемдіктің, нашақорлықтың және токсикомандықтың жағымсыз салдары туралы ақпаратты, тұрғындардың салауатты өмір салты мен құқықтық сауатын арттыру мақсатында үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастыру;
      - әлеуметтік инфрақұрылымдық мекемелерге құқықбұзушылық пен қоғамға жат көріністердің алдын-алуға қатысты тәжірибелік және методикалық көмек көрсету;
      - аудандық ішкі істер, денсаулық сақтау, білім, еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау органдарында тиісті есепте тұрған адамдармен жеке профилактикалық жұмыстарды жүргізуді ұйымдастыру.

      10. Поселкелік, селолық округ Кеңесі құзыры:
      - ішкі істер, денсаулық сақтау, білім, еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау органдарында тиісті есепте тұрған адамдармен жеке профилактикалық жұмыстар жүргізу;
      - азаматтардың арыз, шағымдарын және өтініштерін қарау, олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау шараларын алу;
      - денсаулық сақтау органдарына маскүнем, нашақор және токсикоман ауруларға шалдыққандарды дәрігерлік мәжбүрлеу шараларын қолдану жөніндегі өтінішпен шығу;
      - әкімшілік құқықбұзушылыққа жатпайтын, бірақ адамгершілік нормаларына лайық емес әрекеттерді (жезөкшелік, қаңғыбастылық, қайыршылық, спирттік ішімдіктерді пайдалану және т.б) жөніндегі істерді қарау;
      - әртүрлі себептермен ата-анасының немесе оларды ауыстырған адамдардың қамқорлығынан айырылған немесе қолайсыз жанұялардан тұратын кәмелетке толмағандардың құқығы мен мүддесін қорғайтын қорғаншылық және қамқорлық органдарының қызметіне ықпал ету.

5. Аудандық, қалалық, поселкелік, селолық Кеңес
жұмысын ұйымдастыру

      11. Аудандық, қалалық, поселкелік, селолық Кеңес өз қызметін тиісті әкім бекіткен жылдық жоспар негізінде, қаралатын мәселелерге қарай прокуратура, құқық бұзушылық пен қоғамға жат қылықтардың алдын-алуға қатысты мекеме, ұйым басшылары, сонымен қатар қоғамдық
бірлестік өкілдері шақырылуы мүмкін жұмыстық мәжіліс түрінде жүзеге асырады. Аудандық Кеңес мәжілісі тоқсанына бір реттен, қалалық, поселкелік, селолық Кеңестер екі айда бір реттен кем емес мерзімде өткізіледі. Қажет болған жағдайда аудандық Кеңестің кезектен тыс
мәжілісі аудан әкімінің, Кеңес төрағасының немесе Кеңес мүшелерінің 50 пайызының бастамасымен өткізілуі мүмкін.

      12. Кеңес хатшысы мәжіліске аудандық әкімияттан, мүдделі мемлекеттік және қоғамдық органдардан түскен ұсыныстар негізінде сұрақтар тізбесін құрап, қарауға ұсынады, хаттама жүргізеді, қабылданған шешімдердің орындалуы туралы есеп дайындайды.
        13. Аудандық, қалалық, поселкелік, селолық Кеңес әрбір мәжілістің қорытындысы бойынша атқарушы органдар мен оның құрылымдық бөлімшелеріне ұсыныстық негіздегі шешімдер алады. Жалпыға ортақ маңызы бар немесе азаматтардың құқығына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты шешімдер қабылдау қажет болған жағдайда Кеңес заңда көрсетілген тәртіп бойынша аудан әкімі бекіткен ресми түрде жариялануға және жергілікті мемлекеттік әділет органында тіркеуге жататын нормативтік құқықтық актілердің жобасын әзірлейді.

      14. Аудандық, қалалық, поселкелік, селолық Кеңес актілері заңда көрсетілген тәртіп бойынша тоқтатылуы немесе күшін жоюы мүмкін.

      Аудандық Мәслихат хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады