Қызылқоға ауданы аумағында сауда тізілімін жүргізу тәртібі туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Қызылқоға ауданы әкімиятының 2003 жылғы 28 тамыздағы N 66 қаулысы Атырау облыстық әділет басқармасының 2003 жылғы 1 қазанда N 1646 тіркелді.Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға аудандық әкімиятының 2007 жылғы 01 қаңтардағы № 20 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға аудандық әкімиятының 01.01.2007  № 20 қаулысымен.
      Аудандағы көтерме және бөлшек сауда объектілері, аудандағы қоғамдық тамақтандыру мен қызмет көрсету саласын оңтайлы орналастыру және объектілердің біртұтас дерекқорын құру мақсатында, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті
мемлекеттік басқару туралы" Заңының 37 бабын басшылыққа ала отырып, аудан әкімияты қаулы етеді:
      1. Қызылқоға ауданы аумағында сауда тізілімін жүргізу тәртібі бекітілсін (Қосымша).
      2. Сауда тізілімін жүргізудің жұмысшы органы болып (әр қарай - тіркеуші орган) "Аудандық экономика, инвестиция және кәсіпкерлікті қолдау бөлімі" белгіленсін.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М. Мұқанға жүктелсін.

      Аудан әкімі

Қызылқоға аудандық әкімиятының
2003 жылғы 28 тамыздағы N 66
қаулысына қосымша     

Қызылқоға ауданы аумағында сауда тізілімін жүргізу тәртібі 1. Жалпы ереже

      1. Сауда тізілімі көтерме және бөлшек сауда объектілері, аудандағы қоғамдық тамақтандыру мен қызмет көрсету саласы тізбесін, сонымен бірге олардың сауда қызметі субъектілерінің қайсысына жататындығы туралы мәліметін құрайтын біртұтас аудандық ақпараттық жүйе.
      2. Сауда тізіліміне енгізуге төмендегідей стационарлық сауда объектілері жатады:
      көтерме сауда кәсіпорындары объектілері;
      бөлшек сауда кәсіпорындары объектілері;
      қоғамдық тамақтану объектілері (кафе, бар, асхана, мейрамхана және т.б.);
      қызмет көрсету объектілері (шаштараз, ателье, сағат, киім және аяқ киім жөндеу шеберханалары, тұрмыстық және өндірістік қондырғылар мен автомашиналарға жөндеу қызметін көрсететін шеберханалар);
      көтерме, көтерме-бөлшек сауда базарлары, бөлшек сауда базарлары.
      Сауда тізіліміне меншік түріне қарамастан барлық сауда объектілері, сонымен бірге жалға алынған орындарда енгізіледі.
      3. Сауда тізілімін есепке алуды және тіркеуді, оның құрылуы мен жүргізілуін қамтамасыз ететін атқарушы орган "Аудандық экономика, инвестиция және кәсіпкерлікті қолдау бөлімі" жүргізеді (әрі қарай - тіркеуші орган).

2. Сауда объектілері мен қызмет көрсету объектілерін
сауда тізіліміне енгізу тәртібі

      1. Сауда қызметі мен қызмет көрсетуді жүзеге асыратын шаруашылық субъектісі (заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер) тіркелу және келісім актісін алу кезінде тіркеуші органға сауда және қызмет көрсету объектісінің орналасу орны бойынша төмендегідей құжаттарды
тапсырады:
      сауда тізіліміне енгізу жөніндегі арыз;
      көрсетілген объектіде сауда қызметін және көрсету саласын жүзеге асыратын заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркелу жөніндегі куәлігінің көшірмесі;
      салық төлеушінің тіркелу номері көрсетіле отырып, салық комитетіне есепке алынғаны жөнінде белгіленген тәртіптегі белгі мемлекеттік тіркелу жөніндегі куәлікке соғылғаннан
басқа жағдайдағы салық комитетінің есепке алу жөніндегі анықтамасы;
      жылжымайтын мүлікті пайдалануға құқық беретін құжаттың көшірмесі (ғимаратты жалға алу келісім шарты, жекеменшік құқығы туралы куәлік);
      сауда объектілерінің санитарлық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкестігі жөніндегі қорытындысының көшірмесі;
      Қазақстан Республикасының заңдылықтарымен белгіленген тізбе бойынша қызмет түрлерін жүзеге асыру лицензиясының көшірмесі.
      Арызданушы құжаттарды растау үшін олардың көшірмелерімен бірге түпнұсқасын да тапсырады.
      Арызданушы құжаттардың түпнұсқалары оларды тапсырылған көшірмелермен салыстырғаннан кейін, құжаттарды қабылдау күні қайтарып беріледі.
      Егер кәсіпорын жаңадан салынған құрылыс объектісі болып табылса, оны сауда тізіліміне енгізу объектіні тиісті қабылдау актісін рәсімдей отырып, комиссиямен қабылдап алғаннан кейін жүзеге асырылады.
      2. Сауда тізіліміне "Сауда объектісінің" аумағында орналасқан сауда қызметі мен қызмет көрсету саласының барлық субъектілері енгізіледі. Бұл жағдайда, сауда объектісінің меншік иесі немесе негізгі жалдаушы жалдау, қосалқы жалдау келісім-шарттарының
көшірмелерімен бірге жалдаушылардың, қосалқы жалдаушылардың тізімін тапсырады.
      3. Егер шаруашылық субъектісінің аумақтық оқшау тұрған бірнеше объектісі болса, сауда тізіліміне енгізу жөніндегі арыз әрбір объектіге бөлек беріледі. Бұл жағдайда, әрбір объект сауда тізіліміне жеке айқындамада енгізіледі.
      4. Тіркеуші орган сауда объектісі мен қызмет көрсету саласы объектілерінің сауда тізіліміне енгізу жөніндегі ақпарды 10 жұмыс күні ішінде береді, ал шаруашылық субъектілеріне сауда тізіліміне енгендігі жөнінде тіркеу куәлігі (келісім актісі) беріледі.
      5. Тіркеу жөніндегі акт (келісім акті) 2 данада рәсімделеді: 1 данасы арызданушыға қол қойдырылып беріледі, екіншісі тіркеуші органда сақталады.
      6. 1, 2 тармақшаларда көрсетілген құжаттар бойынша толық емес немесе жеткіліксіз мәлімет берілсе, сауда объектісі сауда тізіліміне енгізілмейді, бұл туралы тіркеуші орган құжаттар қабылданған күннен кейінгі 10 күн ішінде арызданушыға жазбаша ескертеді.
      7. Сауда тізіліміне енгізілгені үшін ақы төленбейді.
      8. Жалға берілген объекті тіркеу актісінің қызмет ету мерзімі жалға алу келісім-шартының мерзімімен белгіленеді.
      9. Сауда объектісінің меншік иелері мен ұзақ мерзімді жалға алу келісім-шартын жасаған тұлғалар үшін тіркеу актісі (келісім актісі) 2 жыл сайын рәсімделеді, егер бір жыл ішінде өзгерістер болған болса, онда күнтізбелік жыл басында актіні қайта рәсімдеу жүргізіледі.
      10. Тіркеу актісі( келісім актісі) жоғалып қалған жағдайда жаңа акт оны алуға белгіленген шарттар негізінде беріледі.
      11. Сауда объектісі сауда тізіліміне енгізілген шаруашылық субъектісінің тіркеу ісінде осы тәртіпке сәйкес тіркеуші органға тапсырылған құжаттардың барлығы да болуы қажет. Шаруашылық субъектісінің, тіркеу ісі сауда тізіліміне тіркелмей қызметін жүргізуі мүмкін болмайтын сауда тізілімінің бір бөлігі болып табылады.

3. Сауда тізілімінен ақпарат алу

      1. Мемлекеттік басқару органдарына, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құрылымдық бөлімшелеріне сауда тізілімінен ақпарат алу ақысыз, жазбаша сұраулар бойынша беріледі.
      2. Сауда тізіліміндегі нақты сауда объектісі туралы мәлімет:
      сауда тізілімінен көшірме;
      тіркеу ісіндегі құжаттардан көшірме;
      сұралған ақпараттың жоқтығы туралы анықтамасы түрлерінде беріледі;
      3. Сауда тізілімінде бар мәліметтер тиісті сұрау салу тіркеуші органмен қабылданғаннан кейін 10 күннен аспайтын мерзім ішінде берілуі керек.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады