Облыстық әділет басқармасында 2002 жылғы 9 желтоқсанда N 739 санымен тіркелген "Коммуналдық мемлекеттік мекемелер балансындағы және мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың шаруашылық жүргізуіндегі немесе жедел басқаруындағы объектілерді, оның ішінде жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерін мүліктік жалға (жалдауға) беру шарттарын белгілеу туралы" облыс әкімиятының 2002 жылғы 11 қарашадағы N 394 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімиятының 2003 жылғы 13 ақпандағы N 77 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 12 наурызда N 843 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 2 наурыздағы N 70 Қаулысымен 

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009.03.02 N 70 Қаулысымен .

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-ІІ  Заңына  сәйкес, облыс әкімияты  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Коммуналдық мемлекеттік мекемелер балансындағы және мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың шаруашылық жүргізуіндегі немесе жедел басқаруындағы объектілерді, оның ішінде жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерін мүліктік жалға (жалдауға) беру шарттарын белгілеу туралы" облыс әкімиятының 2002 жылғы 11 қарашадағы N 394  қаулысына  (облыстық әділет басқармасында 2002 жылғы 9 желтоқсанда N 739 санымен тіркелген, 2002 жылғы 21 желтоқсанда "Оңтүстік Қазақстан"»газетінде жарияланған N 159) өзгеріс енгізілсін:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Уәкілетті органдар болып белгіленсін:
      1) облыстық қаржы және коммуналдық меншік департаменті облыстық бюджеттен қаржыландырылатын коммуналдық мемлекеттік мекемелер балансындағы объектілерді мүліктік жалға (жалдауға) беру, сондай-ақ мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың өз шаруашылық жүргізуіндегі немесе жедел басқаруындағы мүлікті, оның ішінде жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерін мүліктік жалға (жалдауға) беруі жөніндегі функцияларды жүзеге асыруға;
      2) облыс қалалары мен аудандары әкімдері тиісінше қалалық және аудандық бюджеттен қаржыландырылатын коммуналдық мемлекеттік мекемелер балансындағы объектілерді мүліктік жалға (жалдауға) беру жөніндегі функцияларды жүзеге асыруға.".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Н.Бурлаченкоға жүктелсін.

       Облыс әкімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады