Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне коммуналдық меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін кейіннен меншікке өтеусіз беру құқығымен мүліктік жалға алуға (жалға беруге) немесе сенімгерлік басқаруға беру ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімиятының 2003 жылғы 23 маусымдағы N 295 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 14 шілдеде N 926 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 2 наурыздағы N 71 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 02.03.2009 N 71 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы  Заңы  және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 сәуірдегі N 327"Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне коммуналдық меншіктің пайдаланылмай объектілерін кейіннен меншікке өтеусіз беру құқығымен мүлік жалға алуға (жалға беруге) немесе сенімгерлік басқаруға беру ережесін бекіту туралы"  қаулысына  сәйкес Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімияты қаулы етеді:

      1. Қоса беріліп отырған Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне коммуналдық меншіктің пайдаланылмай объектілерін кейіннен меншікке өтеусіз беру құқығымен мүлік жалға алуға (жалға беруге) немесе сенімгерлік басқаруға беру ережесі бекітілсін.

      2. Облыстық қаржы және коммуналдық меншік департаменті осы қаулымен бекітілген ережеге сәйкес коммуналдық меншіктің пайдаланылмай объектілерін кейіннен меншікке өтеусіз беру құқығымен мүлік жалға алуға (жалға беруге) немесе сенімгерлік басқаруға беруді жүзеге асыруға уәкілетті орган болып белгіленсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Н.Бурлаченкоға жүктелсiн.

      Облыс әкімі 

"Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне
коммуналдық меншіктің пайдаланылмайтын
объектілерін кейіннен меншікке өтеусіз
беру құқығымен мүліктік жалға алуға
(жалға беруге) немесе сенімгерлік
басқаруға беру ережесін бекіту туралы"
облыс әкімиятының 2003 жылғы 23 маусымдағы
N 295 қаулысына қосымша

                        

Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне коммуналдық меншiктiң пайдаланылмайтын объектiлерiн кейiннен меншiкке өтеусiз беру құқығымен мүлiктiк жалға алуға (жалға беруге) немесе сенiмгерлiк басқаруға беру
ЕРЕЖЕСI

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Шағын кәсiпкерлiктi дамытуға мемлекеттiк қолдауды күшейту және оны жандандыру жөнiндегi шаралар туралы" 1997 жылғы 6 наурыздағы N 3398  Жарлығына , "Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы N 131-I  Заңына  сәйкес әзiрлендi және сауда-сатып алу (делдалдық) қызметiн қоспағанда, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне өндiрiстiк қызметiн ұйымдастыру мен халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшiн коммуналдық меншiктегi пайдаланылмайтын ғимараттарды, құрылыстарды және жабдықтарды (бұдан әрi - объектiлер) кейiннен меншiкке өтеусiз беру құқығымен бiр жыл мерзiмге мүлiктiк жалға алуға (жалға бepугe) немесе сенiмгерлiк басқаруға беру, сондай-ақ объектiлердi шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне меншiкке беру шарттары мен тәртiбiн реттейдi.
      2. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне кейiннен меншiкке өтеусiз беру құқығымен бiр жыл мерзiмге мүлiктiк жалға алуға (жалға бepуге) немесе сенiмгерлiк басқаруға бiр жылдан астам уақытта мақсаты бойынша пайдаланылмаған коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелердiң (бұдан әрi - ұйымдар) объектiлерi берiледi.
      3. Объектiлердi беру тендерлiк негiзде жүзеге асырылады.

  2. Пайдаланылмайтын объектiлер тiзбесiн қалыптастыру

      4. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне берiлуге жататын объектiлердi айқындау мақсатында Оңтүстік Қазақстан облыстық қаржы және коммуналдық меншік департаменті (бұдан әрi - уәкілетті орган) мен ұйымдарға қарасты мемлекеттiк басқару органдарының өкiлдерi жыл сайын ұйымдар мүлкiнiң тиімділiгіне және мақсатты пайдаланылуына тексеру жүргiзедi.
      5. Уәкілетті органның жүргiзiлген тексерулердiң нәтижелерi бойынша бiр жылдан астам пайдаланылмаған, шағын кәсiпкерлер субъектiлерiне беруге жататын объектiлердiң тiзбесiн (бұдан әрi - тiзбе) қалыптастырады және шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне кейiннен меншiкке бepу құқығымен объектiлердi мүлiктiк жалға  немесе сенiмгерлiк басқаруға беру жөнiнде тендерлер өткiзу кестесiн айқындайды.
      6. Тендерлер өткiзу тiзбесi мен кестесiн уәкілетті орган мемлекеттiк басқару органдарымен келiседi. Тендерлер өткiзу тiзбесi мен кестесiн өзгертуге мемлекеттiк басқару органдарының келiсiмiнсiз жол берiлмейдi.
      7. Ұйымдар шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне объектiлердi бергенге дейiн олардың сақталуын қамтамасыз етедi.

  3. Тендер өткiзуге дайындық

      8. Тендер өткiзу мен шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүлiктiк жалға алу (жалға беру) немесе сенiмгерлiк басқару шарттарының талаптарын орындауын бақылауды жүзеге асыру үшiн уәкілетті орган тұрақты жұмыс iстейтiн комиссиялар (бұдан әрi -  комиссия) құрады.
      Комиссияның құрамына уәкілетті органның және мүдделі жергілікті органдардың (келісім бойынша) өкілдері кіреді. Уәкілетті органның өкiлi комиссияның төрағасы болып табылады.
      9. Комиссия:
      1) өз жұмысының регламентiн әзiрлейдi және бекiтедi;
      2) объектiлердiң техникалық жағдайына байланысты бepу (мүлiктi жалға алу (жалға беpу) немесе сенiмгерлiк басқару) түрiн айқындайды;
      3) тендер өткiзу күнi туралы шешiм қабылдайды;
      4) тендер шарттарын айқындайды;
      5) жалдау ақысының мөлшерiн айқындайды (объектiлердi мүлiктiк жалға алуға берген кезде);
      6) кепiлдi жарнаның мөлшерiн айқындайды;
      7) тендер өткiзу туралы хабарламаның жариялануын жүзеге асырады;
      8) тендер өткiзедi;
      9) тендер жеңiмпазын айқындайды;
      10) осы Ережемен көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      10. Комиссияның отырысы, eгep оған комиссия мүшелерiнiң кемiнде 2/3-ci қатысса, заңды болып табылады.
      Комиссия шешiмi қатысушы комиссия мүшелерiнiң қарапайым көпшiлiк дауысымен қабылданады, дауыстар тең болған кезде комиссия төрағасының дауысы шешушi болып табылады.

  4. Тендерлiк құжаттама

      11. Тендерлiк құжаттаманы дайындаудың нақты тәртiбiн, мазмұнын және шарттарын комиссия айқындайды.
      12. Ақпараттық хабарлама тендер өткiзу жарияланған күнге дейiн 15 күннен кешiктiрмей республикалық ресми баспасөзде мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жариялануға және мынадай мәлiметтердi:
      1) тендердiң шарттары мен жеңiмпазды таңдау өлшемдерiн;
      2) тендер объектiсiнiң қысқаша сипаттамасын;
      3) тендер өткiзу күнiн, уақытын және орнын;
      4) тeндepгe қатысуға өтiнiмдердi қабылдау мерзiмдерiн;
      5) жалға беру ақысының мөлшерiн (мүлiктiк жалға алуға берген кезде);
      6) тендерге қатысуды рәсiмдеу тәртiбiн;
      7) кепiлдi жарнаның мөлшерiн және оны енгiзу үшiн банктiк деректемелердi (кепiлдi жарнаның мөлшерi ақпараттық хабарлама жарияланғаннан кейiн өзгертiлмейдi) қамтуы тиiс.
      13. Тендерлiк құжаттама комиссия айқындайтын тәртiппен қатысушының сұрауы бойынша жиынтыққа берiледi.
      14. Тендерлiк құжаттама мынадай негізгі бөлiмдердi:
      1) тендер объектiсi туралы мәлiметтi;
      2) өтiнiмдер мен онымен бipгe ұсынылатын құжаттардың мазмұны бойынша талаптарды;
      3) тендер өткiзу тәртiбi мен шарттарын;
      4) мүлiктi жалдау шарттарының жобасын;
      5) тендерге қатысуға өтiнiмнiң нысанын қамтуы тиiс.
      15. Тендерге қатысушыларды тiркеу тендер өткiзу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап жүргiзiледi және тендер өткiзуге дейiн бiр күн бұрын аяқталады.
      16. Комиссия тендер өткiзу туралы хабарлама жарияланғаннан кейiн барлық ниет бiлдiрушiлердiң объектiлер мен тендер өткiзудiң шарттары туралы ақпаратқа еркiн қол жеткiзуiн қамтамасыз етуге міндетті.

  5. Тендер өткiзу

      17. Тендерге қатысуға ниет бiлдiрген шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi белгiленген мерзiмдерде:
      1) үмiткердiң тендерге қатысуға келiсiмі және оның тендер шарттарын орындау мен тиiстi шартты жасасу жөнiндегi мiндеттемелерiн қамтитын тендерге қатысуға арналған өтiнiмдердi;
      2) осы объектiде өндiрiстiк қызметтi ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету жөнiндегi бизнес-жоспарды;
      3) заңды тұлғалар - құрылтай құжаттарының (құрылтай шарты мен жарғы) нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн және салық төлеушi куәлiгiнiң көшiрмесiн; жеке тұлғалар - кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру құқығын растайтын құжаттың көшiрмесiн, сондай-ақ жеке тұлғаның басын куәландыратын құжаттардың көшiрмесiн және салық төлеушiнiң куәлiгiн;
      4) салық берешегiнiң жоқтығы туралы салық органының анықтамасын;
      5) кепiлдi жарнаның енгiзiлуiн растайтын төлем құжатының көшiрмесi;
      6) ақпараттың хабарламада көрсетiлген өзге де құжаттарды бередi.
      18. Өтiнiмдердi қабылдау және тендерге қатысуға ниет бiлдiрген тұлғаларды тiркеу талап етiлетiн құжаттардың толық жинақтамасы болған кезде жүргiзiледi.
      19. Тендерге қатысуға ниет бiлдiрген шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн тiркеуден бас тарту үшiн мыналар:
      1) талап етiлген құжаттардың толық жинақтамасын ұсынбау;
      2) мемлекеттiк бюджет алдында салық берешегiнiң болуы;
      3) белгiленген талаптарды бұзып ұсынылған құжаттар негiз болып табылады.
      20. Тендерге қатысушы:
      1) тендерге жеке өзi немесе тиiстi түрде ресiмделген сенiмхаттың негiзiнде өзiнiң өкiлдерi арқылы қатысуға;
      2) тендерге қойылатын объект бойынша қосымша мәлiметтердi, нақтылайды тегiн алуға;
      3) объектiнi алдын-ала қарауға;
      4) оның құқықтары бұзылған кезде сотқа жүгiнуге;
      5) өзiнiң тендерге қатысуға арналған өтiнiмiн бұл туралы комиссияға оны өткiзгенге дейiн 3 күн бұрын хабарлай отырып, қайтарып алуға құқылы.
      21. Егер өтiнiмдердi қабылдау мерзiмi аяқталған сәтте (үшінші және келесi тендерлердi қоспағанда) бiр ғана өтiнiм тiркелген болса, тендер өтпедi деп танылады.
      22. Тендер өтетiн күнi отырыста комиссия мүшелерi тендерге қатысушылардың ұсыныстары бар конверттердi ашады және олардың ұсыныстарын жариялайды. Конверттi ашу алдында комиссия мүшелерi олардың бүтiндiгiн тексередi, бұл комиссия отырысының хаттамасында тiркеледi.
      Конверттердi ашу және ұсыныстарды жариялау кезiнде тендерге қатысушылардың немесе олар уәкiлеттiк берген өкiлдердiң қатысуға құқығы бар.
      23. Конверттердi ашқаннан және ұсыныстарды жариялағаннан кейiн комиссия ұсыныстарды талқылау және бағалау үшiн кеңесуге кетедi.
      Тендерге қатысушылардың (олардың өкiлдерiнiң) ұсыныстарды талқылау және бағалау кезiнде қатысуға құқықтары жоқ.
      24. Комиссияның шешiмi бойынша ұсыныстары тендерлiк құжаттамадағы барлық талапқа жауап беретiн және тендер талаптарын орындау бөлiгiнде үздiк болып табылатын қатысушы тендер жеңiмпазы деп танылады.

  6. Тендер нәтижелерiн рәсiмдеу мен шарттың мазмұны

      25. Тендер қорытындылары бойынша тендер жеңiмпазын айқындайтын комиссияның қорытындысы немесе өзге шешiмi комиссияның барлық қатысып отырған мүшелерi қол қоятын хаттамамен рәсiмделедi.
      Теңдер жеңiмпазын айқындайтын хаттама тендердi жеңiп алған тұлға да қол қояды.
      26. Хаттамада мынадай деректер:
      1) комиссияның құрамы;
      2) тендер талаптары;
      3) тендерге қатысушылар мен олардың ұсыныстары туралы мәлiметтер;
      4) мүлiктi пайдаланғаны үшiн ұсынылып отырған төлемнiң ставкалары (мүлiктi жалға алуға берген кезде);
      5) тендер жеңiмпазы;
      6) тараптардың мүлiктiк жалға алу немесе сенiмгерлiк басқару шартына қол қою жөнiндегi мiндеттемелерi болуға тиiс.
      27. Тендер нәтижелерi туралы хаттаманың көшiрмесi жеңiмпазға берiледi және оның мүлiктiк жалға алу немесе сенiмгерлiк басқару шартын жасасу құқығын куәландыратын құжат болып табылады.
      28. Teндep нәтижелерi туралы хаттаманың негiзiнде жеңiмпазбен тендерге қатысу кезiнде мәлiмделген ұсыныстарға жауап беретiн талаптарда мүлiктiк жалға алу немесе сенiмгерлiк басқару шарты (бұдан әрi - шарт) жасалады.
      29. Жеңiмпаз тендерге қатысу кезiнде мәлiмделген ұсыныстарға жауап беретiн талаптарда шарт жасасудан бас тартқан жағдайда, комиссия жеңiмпазды тендерге қатысушылардың қалғандарының iшiнен (егер қалғандарының саны кемiнде eкeу болса) анықтауға не жаңадан тендер өткiзу туралы шешiм қабылдауға құқылы.
      30. Кепiлдi жарна:
      1) eгep тендерге қатысушы өзiнiң ұсынысынан бас тартқанда нeмece оны тендер мерзiмi өткенге дейiн өзгерткенде;
      2) тендер жеңiмпазына тендерге қатысу кезiнде мәлiмделген ұсыныстарға жауап беретiн талаптарда тиiстi шарт жасасудан бас тартқан жағдайда қайтарылмайды.
      Барлық қалған жағдайларда кепiлдi жарналар тендер аяқталған күннен бастап 10 банктiк күннен кешiктiрмейтiн мерзiмде, ал егер ақша шотқа тендерден кейiн түссе, онда олар түскен күннен бастап 10 банктiк күн iшiнде қайтарылады.
      31. Уәкілетті орган тендер жеңiмпазымен тендердiң хаттамасына қол қойылған күннен бастап 10 күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей бiр жыл мерзiмге шарт жасасады.
      Жасалатын шартта, eгep өндiрiстiк қызмет пен халыққа қызмет көрсету шарт жасалған күннен бастап алты ай iшiнде ұйымдастырылмаған жағдайда, оның бұзылуға жататындығы көзделуi тиiс.
      32. Шарт мiндеттi түрде мынадай жағдайларды:
      1) шағын кәсiпкерлiк субъектiсiне берiлетiн объектiнiң техникалық сипаттамалары туралы деректер;
      2) объектiнi пайдаланғаны үшiн төлем енгiзу тәртiбi мен мерзiмдерiн (мүлiктiк жалға алуға берген кезде);
      3) бизнес-жоспарға сәйкес алынған шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң мiндеттемелерiн;
      4) жалдаушының (сенiмдi басқарушының) мерзiмдерi мен есеп беpу нысандары;
      5) шартты мерзiмiнен бұрын бұзу негiздемесi мен талаптарын қамтуға тиiс.
      33. Шартқа қол қойылғаннан кейiн 10 күннен кешiктiрмей баланс ұстаушы объектiнi тiркеу есебiнде тендер жеңiмпазы тұрған салық комитетiнің бiр уақытта хабардар ете отырып, уәкілетті орган объектiнi мүлiктiк жалға алуға (жалға бepугe) немесе сенiмгерлiк басқаруға бepу туралы қабылдау тапсыру актiсi бойынша тендер жеңiмпазына бepугe тиiс.
      Ғимарат пен құрылысты мүлiктiк жалға алу (жалға бeру) шарты мемлекеттiк тiркелуге жатады және осындай тiркеу сәтiнен бастап жасалған деп саналады.
      Мүлiктiк жалға алу (жалға беру) шарттарын мемлекеттiк тiркеу шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      Тендер жеңiмпазының кепiлдi жарнасы мүлiктiк жалға алу шарты бойынша тиесiлi төлемдердiң есебiне жатады.

  7. Шарт талаптарының орындалуын бақылау және объектiнi меншiкке беру тәртiбi

      34. Шарт жасалған сәттен бастап алты ай өткеннен кейiн комиссия жергiлiктi жерге шығып, шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң өндiрiстiк қызметтi жөндеу (халыққа қызмет көрсету) туралы шарттың  орындауға тексерудi жүзеге асырады.
      35. Шарттың осы талабы орындалмаған жағдайда, комиссия шартты оның мерзiмi аяқталғанға дейiн бұзудың орындылығы туралы қорытынды жасайды.
      Қорытындыға комиссия мүшелерiнiң барлығы қол қояды және ол мiндеттi түрде: тексеру өткiзу уақыты мен орнын, комиссияның құрамын, объектiнiң атауын, жасалған шарттың нөмiрi мен күнiн, жүргiзiлген тексеру нәтижелерiн, шарт талаптары мен ұсынылған бизнес-жоспардың орындалуы, шартты оның мерзiмi аяқталғанға дейiн бұзудың орындылығы туралы комиссияның тұжырымдарын қамтуы тиiс.
      Комиссияның әрбiр мүшесi комиссия қорытындысымен келiспеген жағдайда, қорытындыда көрсетілуге тиiс айрықша пiкiр бiлдiруге құқылы.
      36. Қол қойылған қорытындының бiр данасы тексеру жүргiзiлген күннен бастап 5 күнтiзбелiк күн iшiнде объектiнi мүлiктiк жалға алуды немесе сенiмгерлiк басқаруды жүзеге асыратын шағын кәсiпкерлiк субъектiсiне қол қойғызып немесе тапсырыстық хатпен берiлуге тиiс.
      Шағын кәсiпкерлiк субъектiсi комиссияның қорытындысымен келiспеген жағдайда, ол комиссияның қорытындысына заңнамада белгiленген тәртiппен шағым беруге құқылы.
      37. Шарттың талаптары орындалмаған кезде комиссия қорытындысының негiзiнде уәкілетті орган шартты бұзады және объектiнi тендерге қайта қояды.
      38. Егер шарт бұзылған жағдайда, шағын кәсiпкерлiк субъектiсiне ол өз қаражаты есебiнен және уәкілетті органның келiсiмiмен жалға алынған объект үшiн зиян келтiрместен бөлiнбейтiн жүргiзiлген жақсартулардың құны өтеледi.
      39. Объектiнiң сақталуын қамтамасыз етпеу, оны мақсатты пайдаланбау және т.б. салдарлардан зиян келтiрiлген жағдайда, шағын кәсiпкерлiк субъектiсi заңнамада белгiленген тәртiппен келтiрiлген материалдық залалдың орнын толтырады.
      40. Шарттың мерзiмi аяқталғанда және талаптарын уәкілетті орган толық орындаған кезде комиссия қорытындысының негiзiнде объектiнi шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң меншiгiне өтеусiз беру туралы бұл жөнiнде шағын кәсiпкерлiк субъектiсi тiркеу есебiнде тұрған салық органын хабардар ете отырып шешiм қабылдайды.
      41. Объектiнi шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң меншiгiне беру объектiнi өтеусiз беру туралы шартпен және қабылдау-беру актiсiмен рәсiмделедi.
      Объектiні өтеусiз беру туралы шарттарда шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң үш жыл iшiнде уәкілетті органның келiсiмiнсiз объектiлердi сату және объектiлердi иелену құқықтарын шектеу, сондай-ақ уәкілетті органның шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнен объектiлердi шарттың талаптарына қайшы келетiн мақсаттарда пайдаланған жағдайда объектiлердi алу құқығы көзделуi тиiс.
      (Объектiнi меншiкке өтеусiз бepу туралы шарттың үлгi нысаны қоса берiлiп отыр).
      Мәмiленi тiркеу қолданыстағы заңнамада белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
      42. Шарт жасалғаннан кейiн уәкілетті орган тіpкeу есебiнде салық төлеушi - шағын кәсiпкерлiк субъектiсi тұрған салық органын коммуналдық меншiк объектiсiн мүлiктiк жалға алуға (жалға бepугe) немесе сенiмгерлiк басқаруға беру туралы хабардар етедi.

  8. Қорытынды ережелер

      43. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне объектiлердi кейiннен өтеусiз меншiкке беру құқығымен мүлiктiк жалға алуға (жалға бepугe) немесе сенiмгерлiк басқаруға беру кезiнде туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қаралады.

Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне
коммуналдық меншіктің пайдаланылмайтын
объектілерін кейіннен меншікке өтеусіз
беру құқығымен мүліктік жалға алуға
(жалға беруге) немесе сенімгерлік
басқаруға беру ережесіне қосымша

  Объектiнi шағын кәсiпкерлiк субъектiсiне меншiкке
өтеусiз беру туралы
ҮЛГIЛIК ШАРТ

       Шымкент қаласы             200__ жылғы "___" ________ N ____

      Бұдан әрi "Уәкілетті орган" деп аталатын Ереже негiзiнде әрекет ететiн Уәкілетті органның атынан бастығы,
___________________________________________________________________
                   (уәкiлеттi тұлғаның аты-жөнi)
бiр тараптан және бұдан әрi "Кәсiпкер" деп аталатын
__________________________________________ негiзiнде әрекет eтетiн
___________________________________________________________________
   (заңды тұлғаның атауы немесе жеке
___________________________________________________________________
                 тұлғаның аты-жөнi мен мекен-жайы)
шағын кәсiпкерлiк субъектiсi атынан _______________________________,
                                     (уәкiлеттi тұлғаның аты-жөнi)
екiншi тараптан мына төмендегi туралы осы шартты жасасты.

  1. Шарттың мәнi

      1. Бұдан әрi "Объект" деп аталатын 200_жылғы "___" ________
N ____ тендер хаттамасымен _______________ уәкілетті органдағы
200__ жылғы "___" ________
N ___ тендерге Кәсiпкер сатып алу құқығын иеленген және 200_жылғы
"___" ________ N ____ мен 200_жылғы "___" ________ N ____
хаттамаларымен, 200_ жылғы "___" ________ N ____ мүлiктiк жалға (сенiмгерлiк басқару) шартының талаптарын орындау туралы уәкілетті органның 200_ жылғы "___" ________ N ____ бұйрығымен құрылған комиссия қорытындысының негiзiнде ____________ шаршы метр алаңдағы
__________________ мекен-жайында орналасқан _______________________
                                              (объектiнiң атауы)
Кәсiпкердiң меншiгiне өтеусiз беру Шарттың мәнi болып табылады.
      2. Уәкілетті орган бередi, ал Кәсiпкер жалға беру (сенiмгерлiк басқару) шартын жасасу сәтiнде қалдық сомасы _________
________________ құнымен объектiнi өтеусiз сатып алады.
  (жазбаша)
      Объектiнi бepу осы шарттың ажырамас бөлiгi болып табылатын Объектiнi қабылдау-беру актiсiнiң негiзiнде жүзеге асырылады.
      3. Осы шарт қолданыстағы заңнамада көзделген тәртiппен мемлекеттiк тiркелуге жатады.

  2. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi

      4. Уәкілетті орган қабылдау-беру актiсi бойынша осы шарт
жасалған сәттен бастап 3 күн iшiнде Объектiнi Кәсiпкергe беруге
міндеттенеді.
      Уәкілетті орган Объектiнi кәсiпкердiң меншiгiне берген
сәттен бастап үш жыл iшiнде объектiнiң пайдалану тұрғысына
__________________________________________________________________
   (шағын кәсiпкерлiк субъектiсi қызметiнiң түрi көрсетiлсiн)
мақсаттарда тексерулер жүргізуге құқылы.
      5. Кәсiпкер үш жыл iшiнде объектiнi
__________________________________________________________________
      (шағын кәсiпкерлiк субъектiсi қызметiнiң түрi көрсетiлсiн)
мақсаттарда пайдалануға мiндеттенедi.
      Кәсiпкер үш жыл iшiнде Объектiнi иеленудi Уәкілетті органның келiсiмi болған кезде ғана жүзеге асыра алады.
      6. Объектiнi орынсыз пайдаланған жағдайда, Кәсiпкер
объектiнiң сақталуын қамтамасыз етпеумен келтiрiлген материалдық
залалдың орнын толтыра отырып, объектiнi Уәкілетті органға мiндеттi.

  3. Қосымша шарттар

      7. Осы шарт оны мемлекеттiк тiркеген күннен бастап күшiне
енедi.
      8. Шарт заң күші бірдей, мемлекеттік және орыс тілдерінде төрт данада жасалады, оның екеуі Уәкілетті органда, екеуі Кәсіпкерде қалдырылады.

  4. Тараптардың орналасқан жері мен қолдары

 
      Уәкілетті орган                       Кәсіпкер

      Басшы ______________________     Басшы  ______________________
             (қолы, мөр орны)                    (қолы, мөр орны)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады