Халықтық аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызмет көрсетуге ақы төлеуге тұрғын үй көмегін беру тәртібі туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара аудандық мәслихатының 2003 жылғы 12 маусымдағы N 23-178-II шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 15 шілдеде N 927 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара аудандық мәслихатының 2007 жылғы 24 желтоқсандағы N 4-27/IV Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара аудандық мәслихатының 2007.12.24 N 4-27/IV Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 1997 жылы 16 сәуіріндегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына N 94-1 және 1999 жылғы 16 қарашадағы "Әлеуметтік қорғау мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер енгізу туралы" N 477-1 Заңына сәйкес мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Аз қамтамасыз етілген Шардара қаласының азаматтарына тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызмет көрсетуге ақы төлеуге тұрғын үй көмегін беру Тәртібі бекітілсін (қосымшада).
      2. Аталған шешім 2003 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.

Шардара аудандық мәслихатының
2003 жылдың 12 маусымындағы
23-178-II "Халықтық аз қамтамасыз
етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстау
мен коммуналдық қызмет көрсетуге
ақы төлеуге тұрғын үй көмегін беру
Тәртібі туралы шешіміне қосымша

      Тұрғын үй көмегi.

      1. Тұрғын үй көмегi халықты әлеуметтiк қорғау нысандарының бiрi болып табылады.
      2. Тұрғын үй көмегi Шардара қаласында тұрақты тұратын аз қамтамасыз етiлген отбасыларға егер тұрғын үйдi ұстау және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шығындары отбасының жиынтық табысының 30 пайызынан жоғары болған жағдайда ақшалай өтем түрiнде бюджеттен төленедi. Бекiтiлген нормадан жоғары тұрғын үйдi ұстау және коммуналдық қызметтер үшiн ақы төлеудi азаматтар жалпы негiздерде жүргiзедi.
      3. Өтемақы шараларымен қамтамасыз етiлетiн тұрғын үй алаңының нормасы тұрғын үй заңымен белгiленген отбасының әр мүшесiне тұрғын үй беру нормасымен баламды.
      4. Тұрғын үй көмегi ауданда тұрақты тұратын және меншiк нысанына қарамастан (жекешеленген тұрғын үйдi ұстаудан басқа) тұрғын үйдiң меншiк иесi немесе пайдаланушы (жалға алушы, жалдаушы) болып табылатын жеке тұлғаларға тағайындалады.
      5. Жеке меншiгiнде бiреуден артық тұрғын үйi (пәтерлерi, тұрғын үйi) бар немесе тұрғын жайды жалға алып, жалға берушiлер, сондай-ақ, жалға алушы тұлғалар тұрғын үй көмегiн алу құқығын жоғалтады. Отбасында күтудi қажет етедi деп танылған мүгедектердi күтудi жүзеге асырушы немесе 3 жасқа дейiнгi, сондай-ақ кiшi баласы бiрiншi сыныпта (бiрақ 9 жастан аспаған) бiтiргенге дейiнгi төрт және одан да көп балаларды тәрбиелеумен шұғылданушы (бiр және одан көп) баланы тәрбиелеумен шұғылданушы тұлғалардан басқа жұмыс iстемейтiн, күндізгі оқыту бөлімінде оқымайтын, әскерде қызмет етпейтiн және жұмыспен қамту қызметiнде жұмыссыз ретінде тiркелмеген еңбекке жарамды тұлғалар болса, отбасылардың тұрғын үй жәрдемақысын алуға құқы болмайды.
      6. Тұрғын үй көмегi ақшалай төлем түрiнде атаулы тұрғын үйдi ұстау мен коммуналдық қызметтер үшiн төлемақыны тұрғын үйдi жалдаушыға (меншiк иесiне) есептелген сомамен салыстырғанда азайту ретiнде берiледi.
      7. Тұрғын үй мен коммуналдық қызметтерге ақы төлеу жөнiнде жеңiлдiктерi бар және осымен бiр мезгiлде тұрғын үй көмегiн алу құқығы бар тұлғаларға әлеуметтiк қорғау нысандарының бiрiн таңдау мүмкiндiгi берiледi.
      8. Тұрғын үй көмегi өтiнiш берiлген күннен бастап алты ай мерзiмге тағайындалады. Тұрғын үй көмегiн алушыларды қайта тiркеу рәсiмдеудiң алғашқы процедурасы секiлдi жүргiзiледi.
      Отбасының тұрғын үйдi ұстау коммуналдық қызметтер үшiн ақы төлеуге жұмсалуына жол беруге болатын шектi шығындар үлесi, отбасының табыстары, сондай-ақ тұрғын үй коммуналдық қызметтер ставкалары мен тарифтерi өзгерген кезде тұрғын үй көмегi қызметтерi бұрын тағайындалмаған жәрдемақыларға қайта есептеулер жүргiзiледi.
      9. Тұрғын үй көмегiн алушылар өз тұрғын үйiнiң меншiк нысанында, отбасы құрамындағы және оның жиынтық табысындағы кез-келген өзгерiстер туралы, сондай-ақ көмек дұрыс есептелмеген жағдайлары туралы тұрғын үй көмегі қызметін он күн iшiнде хабардар етуге тиiс.
      Тұрғын үй көмегi қызметiне жоғары немесе заңсыз өтем тағайындауға апарып соғатын жалған мәлiметтердi әдейi бергенi үшiн жалға алушы (меншiк иесi) бiр жыл бойы жәрдемақы алу құқығынан айрылады. Тұрғын үй көмегi ретiнде заңсыз алынған сомалар заңда белгiленген тәртiппен қайтарылуға жатады.
      10. Тағайындалған тұрғын үй көмегі бойынша рәсімделген құжаттарды дұрыс еместігі қызметкерлер жіберген қателігіне заңда белгіленген тәртіп бойынша жауапкершілікке тартылады.

Тұрғын үй көмегiн есептеу.

      1. Тұрғын үй көмегiн тағайындау туралы шешiмдi Шардара ауданы әкімінің жанындағы ауданды комплекстік дамыту бөлімі бөлімі (басқармасы) мекемесі жанында құрылған комиссия тұрғын үйдi жалға алушының (меншiк иесi), өтiнiшiнiң және оған қоса берiлетiн отбасы құрамы, табысы туралы анықтаманы (зейнетақы, жәрдемақы, шәкiртақы, алимент, еңбекақы) жұмыссыз ретiнде тiркелу жөнiнде анықтама (отбасында жұмыс iстемейтiн, оқымайтын, әскерде қызмет етпейтiн еңбекке жарамды адамдары бар), жекешелендiру туралы келiсiм-шарты немесе ордерi (пәтердiң немесе үйдiң жоспар), телефон байланысынан басқа, барлық коммуналдық қызмет түрлерiне төлеген шығындарының түбiршектерi (квитанция) сияқты құжаттар негiзiнде қабылдайды.
      2. Ақпараттың растығына күдiк туған жағдайда тұрғын үй көмегі қызметі сұрау салуға құқылы, ал заңды және жеке тұлғалар тұрғын үй жәрдемақысын алуға үмiткер тұлғаның табысы туралы ақпарат беруге мiндеттi.
      3. Көмек мөлшерi тұрғын үй алаңы мен коммуналдық қызметi тұтыну нормативтерi негiзiнде және осы отбасының бұл мақсаттарға жұмсайтын шығындарының жол беруге болатын шектi деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде есептеледi. Отбасының жол беруге болатын шектi деңгейi отбасының жиынтық табысының 30 пайыз мөлшерiнде белгiленедi.
      Отбасының жиынтық табысына өткен тоқсандағы барлық табыс түрлерi (тұрғын үй көмегi мен атаулы мемлекеттiк жәрдемақысынан басқа) кiредi.

Тұрғын үй көмегiн қаржыландыру көздерi.

      1. Тұрғын үй көмегiн қаржыландыру аудандық бюджет есебiнен жүзеге асырылады.
      2. Тұрғын үйдi ұстау мен коммуналдық қызметтер көрсетуге жұмсалатын есептiк нормативтiк шығындарды анықтау табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi Қазақстан Республикасы Агенттiгiнiң Оңтүстiк Қазақстан бойынша Департаментi ұсынған деректер негізiнде жүргiзiледi.
      3. Шардара ауданы әкімінің жанындағы комплекстік дамыту бөлімі (басқармасы) комиссия шешiмiнiң негiзiнде берiлетiн жәрдемақылар сомасын көрсете отырып, көмек алушылардың тiзiмiн жасайды және тоқсан сайын аудандық қаржы бөлiмiне тұрғын үй жәрдемақысы сомасын бюджет есебінен жабу үшін тапсырады. Аудандық қаржы бөлiмi аталған қаржыны еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау бөлімі арнайы есеп-шотына жiбередi, ол өз кезегiнде көмек алушылардың халықтық жинақ банкi бөлiмшелерiндегi есеп-шоттарына атаулы түрде аударылады немесе коммуналдық қызмет көрсетушіге ақша аудару арқылы жүргізеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады