Ескерту. Күші жойылды - Жарма аудандық мәслихатының 2005.06.02 N 20-11 шешімімен.
Жарма аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Жарма ауданының Құрметті Азаматы" атағы тағайындалсын.
2. "Жарма ауданының Құрметті Азаматы" атағы туралы ережебекітілсін.
3. Жарма ауданының қаржы бөліміне, награда белгісі, грамота, куәлігі, ақшадай сыйақы қаражатын аудандық бюджетке енгізу жүктелсін.
Жарма аудандық
мәслихатының хатшысы
2003 жылдың 22 мамырындағы
Жарма аудандық мәслихатының
N 29-2 сессия шешіміне қосымшасы
"Жарма ауданының Құрметті Азаматы" атағы туралы
ЕРЕЖЕ
"Жарма ауданының Құрметті Азаматы" атаған ауданның белгілі бір саласында ұзақ жылдар жемісті еңбек еткен, ауданға еңбегі сіңген, ауданның мәдениетін көтеріп, тарихын зерттеген, экономикалық реформаға белсене қатысқан, жауынгерлік ерлігі, қоғамдық, шығармашылық, қайырымдылық қызметі үшін, ұлттар арасындағы достықты нығайтқаны үшін, аудан азаматтарының алғысына бөленіп, құрметіне ие болған жеке адамдарға мерейтойлық күндері 60 жылдығынан бастап берілсін.
I бөлім
Негізгі бөлім
"Жарма ауданының Құрметті Азаматы" атағы аудан Әкімі мен мәслихатының шешімімен белгіленеді. "Жарма ауданының Құрметті Азаматы" атағын тағайындау туралы ұсынысты мәслихаттың сессиясында бекітілген комиссия алдын-ала қарайды.
Атақты тағайындау туралы біріккен шешімге аудан әкімі мен мәслихатының хатшысы қол қояды.
"Жарма ауданының Құрметті Азаматы" атағын алған адамға награда белгісі, куәлік, Құрмет грамотасы тапсырылып, есімі ауданның Құрмет кітабына жазылып, 10 мың теңге біржолғы сыйақы белгіленеді.
ІІ бөлім
"Жарма ауданының Құрметті Азаматы" атағына ұсынылу тәртібі
1. Атақ тағайындалу үшін еңбек ұжымдары, қоғамдық бірлестіктер, шығармашылық ұжымдар, әкімшілік, мәслихат ұсыныс түсіре алады.
2. Мекеме жетекшісі мен жиналыс төрағасы қолдарын қойып, мөр басып куәландырған ұсыныс хаттамасы мен сіңірген еңбегі туралы мінездемені аудандық алдын-ала қарау туралы комиссиясына ұсынады.
ІІІ бөлім
"Жарма ауданының Құрметті Азаматы"
атағын беру және награда белгісін тапсыру тәртібі
"Жарма ауданының Құрметті Азаматы" атағы мен награда белгісін салтанатты түрде аудан әкімі, аудандық мәслихатының хатшысы тапсырады.
IV бөлім
Жеңілдіктер
"Жарма ауданының Құрметті Азаматы" ауданда өтетін барлық ойын-сауық шараларына тегін қатыса алады.
V бөлім
Награда белгісі, грамота, куәлік және ақшадай
сыйақыға жұмсалатын шығындар
Барлық аталған шығындар мен ойын-сауық шараларына төлемақы аудандық бюджеттен қаржыланады.