Құқық бұзушылықтың әлеуметтік алдын алу кеңесін құру туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы әкімиятының 2003 жылғы 6 қазандағы N 91 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 10 қарашада N 1445 тіркелді. Күші жойылды - Үржар аудандық әкімдігінің 2005 жылғы 28 маусымдағы N 517 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Үржар аудандық әкімдігінің 2005.06.28 N 517 қаулысымен.

      Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының "Құқық бұзушылықтың әлеуметтік алдын алу кеңесін құру туралы", мемлекеттік тіркеуден өткен N 1367 және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II Заңының 31-бабы 1-тармағының 17-тармақшасына сәйкес Үржар ауданының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Аудандық Құқық бұзушылықтың әлеуметтік алдын алу кеңесі құрылсын.
       2. Қоса беріліп отырған Құқық бұзушылықтың әлеуметтік алдын алу кеңесі туралы ереже бекітілсін.
       3. Аудан әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімі (Қайыров Әнуарбек Нұрғожаұлы) құқық бұзушылықтың әлеуметтік алдын алу кеңесінің құрамы бойынша ұсыныстарды аудандық мәслихаттың кезекті сессиясына бекіту үшін енгізсін.
      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің мемлекеттік-құқықтық мәселелері жөніндегі көмекшісі Исаев Саймумид Лечиевичке жүктелсін.
      5. Осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді.

      Үржар ауданының әкімі

Шығыс Қазақстан облысы
Үржар аудандық әкімиятының
2003 жылғы 6 қазан
N 91 қаулысына қосымша

Құқық бұзушылықтың әлеуметтік алдын алу
кеңесі туралы ереже

1. Жалпы ереже

      1. Құқық бұзушылықтың әлеуметтік алдын алу кеңесі (әрі қарай-Кеңес)-құқық бұзушылық пен қоғамға қарсы болмыстардың алдын алу мәселелеріндегі мүдделі мемлекеттік органдар мен мекемелердің өзара әрекеттерін ұйымдастыру мақсатында құрылатын, үздіксіз әрекет ететін үйлестіруші орган.

      2. Кеңес іс-әрекетінің құқықтық негізі Қазақстан Республикасының Конституциясы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілері және осы ереже болып табылады.
       3. Кеңес өз әрекетінде жергілікті атқарушы органның алдында жауапты және есеп береді, сондай-ақ Кеңес жергілікті атқарушы органдарға, жоғары тұрған Кеңеске есеп беруші болып табылады. Кенттік, ауылдық округтерінің Кеңестері жоғары тұрған Кеңеске және аудандық атқарушы органға есеп беруші болып табылады.

2. Құқық бұзушылықтың әлеуметтік алдын алу
кеңесін құру және құрылымы

      4. Облыстық, қалалық, аудандық Кеңесті құру туралы шешім тиісті жергілікті орган-әкімиятпен қабылданады. Кеңестің персоналдық құрамы мәслихаттың шешімімен бекітіледі.
       5. Кеңесті төраға-аудан әкімінің орынбасары басқарады. Төрағаның орынбасары аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары болып табылады.
       6. Кеңестің тұрақты мүшелері-ауданның әлеуметтік сала мәселелеріне басшылық ететін білім, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім, әділет, экономика және бюджеттік жоспарлау, қаржылық қамтамасыз ету
органдары бастықтарының орынбасарлары мен қоғамдық бірлестіктердің және діни конфессиялардың, сондай-ақ әскери басқару органдардың өкілдері.
      Кеңестің хатшысы-аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкері.
       7. Ауылдық округтердің деңгейінде Кеңес төрағасының қызметін тиісті әкімшілік-аумақтық құрылымның (бірліктің) әкімі атқарады, ал оның тұрақты мүшелері болып ішкі істер (бас учаскеліктер, полицияның учаскелік инспекторлары), білім беру (жалпы білім беру оқу мекемелерінің, бастауыш және толық емес орта мектептерінің мүдделері) денсаулық сақтау (учаскелік дәрігерлер), еңбек және халықты әлеуметтік қорғау (әлеуметтік қызметкерлер) органдарының өкілдері болып табылады. Ауылдық округтік Кеңесін құру туралы
шешімді аудандық әкімият қабылдайды, ал персоналдық құрам тиісті аудандық мәслихатымен бекітіледі. Ауылдық округтік Кеңестің құрамына тұрақты негізде қоғамдық (ақсақалдар кеңесі) және діни конфессиялар, сондай-ак, әскери басқару органдардың өкілдері енеді.

3. Құқық бұзушылықтың әлеуметтік алдын алу кеңесінің
мақсаты мен міндеттері

      8. Кеңестің негізгі мақсаты:
      1) құқық бұзушылық пен қоғамға қарсы болмыстардың алдын алуға қатысатын мемлекеттік органдар мен мекемелердің іс-әрекетін үйлестіру;
      2) бас бостандығынан айыру орындарынан, арнайы емдеу-алдын алу және білім беру-тәрбиелеу мекемелерінен қайтып келген, тұрақты мекендерін, туыстық және әлеуметтік байланыстарын жоғалтқан тұлғалардың әлеуметтік оңалту жөніндегі мүдделі органдармен өзара
байланысты ұйымдастыру;
      3) бұқаралық ақпарат құралдарын тұрғындардың арасында құқық тәртібі мен құқық бұзушылық және қоғамға қарсы болмыстардың алдын алу жөніндегі қабылданып жатқан шаралардың жағдайы туралы түсіндіру жұмыстарын өткізуге тарту;
      4) қоғамдық және діни бірлестіктермен, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалармен қылмыстың, құқық бұзушылықтың және құқықтық тәртіпті нығайту мәселелеріндегі өзара іс-әрекеттесу болып табылады.

4. Құқық бұзушылықтың әлеуметтік алдын алу
кеңесінің құзыреті

      9. Аудандық Кеңесінің құзыретіне:
      1) құқық бұзушылық, ішімдік және маскүнемдік, нашақорлық пен уытқұмарлықтың алдын алу өңірлік бағдарламалардың орындалуына бақылау жасау және ұйымдастыру;
      2) бас бостандығынан айыру орындарынан, арнайы емдеу-алдын алу және білім беру-тәрбиелеу мекемелерінен қайтып келген, тұрақты мекендерін, жұмыстарын, туыстық және әлеуметтік байланыстарын жоғалтқан тұлғалардың еңбек және тұрмыстық қалыптастыру жөніндегі
шараларды қабылдауындағы мүдделі органдар мен мекемелердің өзара әрекетті ұйымдастыру, сондай-ақ маскүнемдікпен және уытқұмарлықпен ауыратын тұлғаларды әлеуметтік-медициналық оңалтуын қамтамасыз ету;
      3) денсаулық сақтау органдарына маскүнемдік, нашақорлық және уытқұмарлықпен ауыратын тұлғаларға қарасты медициналық маңызды еріксіз шаралар қабылдау мәселелері бойынша қолдаухат жазу;
      4) тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттауды және құқықтық біліктіліктерін жоғарылатуын ұйымдастыру, азаматтар арасында маскүнемдік, нашақорлық және уытқұмарлықтың жағымсыз салдары туралы хабарлар ету;
      5) құқық бұзушылық және қоғамға қарсы әрекеттердің алдын алуға қатысатын әлеуметтік инфрақұрылым мекемелеріне әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету;
      6) ішкі істер, денсаулық сақтау, білім беру, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау органдарында тиісті есепте тұрған тұлғаларға қарасты жеке алдын алу жұмыстарын өткізуді ұйымдастыру енеді.
       10. Кент және ауылдық округ Кеңесінің құзыретіне:
      1) ішкі істер, денсаулық сақтау, білім беру, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау органдарында тиісті есепте тұрған тұлғаларға қарасты жеке алдын алу жұмыстарын өткізуді ұйымдастыру;
      2) азаматтардың шағым, өтініш және арыздарын қарау, олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі шаралар қабылдау;
      3) денсаулық сақтау органдарына маскүнемдік, нашақорлық және уытқұмарлықпен ауыратын тұлғаларға қарасты медициналық маңызды еріксіз шаралар қабылдау мәселелері бойынша қолдаухат жазу;
      4) әкімшілік құқық бұзушылыққа жатпайтын, бірақ адамгершілік пен имандылық нормаларына қарсы келетін теріс қылық туралы істерді қарау (спирт ішімдіктерін асыра пайдалану, қайыршылық, қаңғыбастық, жезөкшелік т.с.с.) енеді.

6. Құқық бұзушылықтың әлеуметтік алдын алу
кеңестің жұмысын ұйымдастыру

      11. Кеңес өз іс-әрекетін жұмыс отырыстары үлгілерінде тиісті деңгейдегі әкім бекіткен жыл сайынғы жоспарларының негізінде жүзеге асырады, онда қаралатын мәселеге байланысты прокуратура қызметкерлері, құқық бұзушылық пен қоғамға қарсы болмыстардың алдын алуға қатысатын мекемелер мен ұйымдардың басшылары, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың өкілдері шақырылуы мүмкін. Аудандық Кеңестің отырысы айына бір реттен кем емес өткізіледі. Қажетті жағдайда кезектен тыс отырысы әкім, Кеңестің төрағасы немесе елу пайызынан артық мүшелерінің бастамасы бойынша өткізіледі.
       12. Кеңестің хатшысы әкімияттың, мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылық ұсынысының негізінде қарауға енгізілетін мәселелер тізбесін қалыптастырады, хаттама жазады, қабылданған шешімдердің орындалу барысы туралы есеп дайындайды.
       13. Әрбір отырыста Кеңес атқару органдар мен оның құрылымдық бөлімшелері үшін ұсыныс беру маңызындағы шешім қабылдайды. Жалпыға маңызды немесе азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қарасты шешім қабылдаудың қажеті болған жағдайда Кеңес нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлейді, ол тиісті деңгейдегі әкіммен немесе әкімиятпен заңнамада белгіленген тәртіппен қабылданады, әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткізілуге және ресми жариялауға жатады.

      Аппарат жетекшісінің орнына

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады