Ломбардтардың қызметін лицензиялау, реттеу, тоқтату ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 16 ақпандағы N 43 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 23 наурызда тіркелді. Тіркеу N 2765. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 20 қаулысымен.

       Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 20   қаулысымен .
_____________________________

      Ескерту: Қаулының атауына өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 маусымдағы N 159   бұйрығымен 2005 жылғы 26 наурыздағы N 97   қаулысымен .

      Ломбардтардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы қаулы етеді:
      1. Ломбардтардың қызметін лицензиялау, реттеу, тоқтату ережесі бекітілсін.
       Ескерту: 1-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 маусымдағы N 159   бұйрығымен 2005 жылғы 26 наурыздағы N 97   қаулысымен .
      2. Осы қаулы қолданысқа енген күннен бастап мыналардың күші жойылсын:
      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Ломбардтарды құру, қызметін лицензиялау, реттеу және тоқтату ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 5 қыркүйектегі N 332  қаулысы  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1786 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2002 жылғы 25 наурызда және 7 сәуірде жарияланған);
      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Ломбардтарды құру, қызметін лицензиялау, реттеу және тоқтату ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 5 қыркүйектегі N 332 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2002 жылғы 1 тамыздағы N 277  қаулысы  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1964 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2002 жылғы 26 тамызда және 8 қыркүйекте жарияланған).
      3. Лицензиялау басқармасы (Жұмабаева З.С.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны ломбардтарға жіберсін.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р.) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының ресми бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің баспасөз басылымдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Төрағасының орынбасары Қ.М.Досмұқаметовке жүктелсін.

       Төраға

      Келісілді

       Қазақстан Республикасының
      Ұлттық Банкі Төраға
      _____________________
      12.02.2004 ж.
      _____________________
      (қолы, күні, елтаңбалық мөрі)

Қазақстан Республикасының Қаржы 
нарығын және қаржы ұйымдарын   
реттеу мен қадағалау жөніндегі 
агенттігі Басқармасының     
2004 жылғы 16 ақпандағы     
N 43 қаулысымен        
бекітілген           

  Ломбардтардың қызметін лицензиялау,
реттеу, тоқтату ережесі

       Ескерту: Ереженің атауына, кіріспесіне өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 маусымдағы N 159   бұйрығымен 2005 жылғы 26 наурыздағы N 97   қаулысымен .

      Осы Ереже (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасы Президентінің "Шаруашылық серіктестіктері туралы" Заң күші бар  Жарлығына , "Қазақстан Республикасындағы  банктер және банк қызметі туралы " (бұдан әрі - Банктер туралы Заң), " Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы ", "Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасының басқа заң актілеріне сәйкес әзірленді және ломбардтарды ашу, қызметін лицензиялау, реттеу, тоқтату тәртібін айқындайды.

  1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Ломбард - банк болып табылмайтын, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы (бұдан әрі - лицензия) болған кезде айрықша қызмет түрі ұлттық валютада мынадай банктік және өзге операцияларды жүргізу болып табылатын заңды тұлға (коммерциялық ұйым):
      1) ломбард операциялары: депозитке салынатын жеңіл өткізілетін бағалы қағаздарды және өзге жылжитын мүлікті кепілге салумен қысқа мерзімді кредиттер беру;
      2) лизинг қызметін жүзеге асыру;
      3) құрамында қымбат металдар мен асыл тастар бар зергерлік бұйымдарды сатып алу, кепіл зат ретінде қабылдау, есепке алу, сақтау және сату;
      4) сейф операциялары: сейф жәшіктерін, шкафтарын және үй-жайларды жалға беруді қоса алғанда, құжаттандырылған нысанда шығарылған бағалы қағаздарды, клиенттердің құжаттары мен құндылықтарын сақтау бойынша қызмет көрсету.
      Осы тармақтың 1)-3) тармақшаларында көзделген операцияларды жүргізуге лицензияны уәкілетті орган Осы Ереженің 1-қосымшасына сай нысан бойынша береді.
      Осы тармақтың 4) тармақшасында көзделген операцияларды жүргізуге лицензияны уәкілетті органның лицензиясы болған кезде ғана Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Осы Ереженің 1-қосымшасына сай нысан бойынша береді.
      Сейф операцияларын жүргізуге лицензия беру тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
       Ескерту: 1-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 97   қаулысымен .

      2. Ломбардтар шаруашылық серіктестік нысанында құрылуы және қызметін жүзеге асыруы мүмкін.
      Ломбардтың толық атауында "ломбард" деген сөз міндетті түрде болуы тиіс.

      3. Ломбардтың құрылтайшылары мен қатысушылары Қазақстан Республикасының резиденттері және резидент еместері - жеке және/немесе заңды тұлғалар болуы мүмкін.

      4. Ломбардтардың жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес және ол тек ақшамен төленуі тиіс.
       Ескерту: 4-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 97   қаулысымен .

      5. Ломбардтар филиалдарын немесе өкілдіктерін ашқан (жапқан) кезде әділет органдарында филиалды есепке алып тіркегеннен кейін он төрт күндік мерзімде ломбард уәкілетті органға әділет органдарының филиалды немесе өкілдікті есепке алып тіркеу (тіркеуді жою) туралы куәліктерін қоса бере отырып филиалды ашу (жабу) туралы хабарлайды.

      5-1. Ломбард ретінде тіркелген заңды тұлға мемлекеттік тіркелгеннен кейін он екі ай ішінде лицензия беру туралы өтінішпен уәкілетті органға хабарласады.
       Ескерту: 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 97   қаулысымен .

      5-2. Құрылтай құжаттарына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізілген жағдайда ломбард бұл жөнінде уәкілетті органды құрылтай құжаттарына өзгерістердің және/немесе толықтырулардың көшірмелерін олар тіркелген күннен бастап он төрт күн ішінде енгізілген өзгерістерді және/немесе толықтыруларды тіркеу туралы әділет органының белгісімен бірге хабардар етеді.
       Ескерту: 5-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 97   қаулысымен .

  2-тарау. Ломбардты ашу

       Ескерту: 2-тарау (6-14-тармақтар) алынып тасталды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 97   қаулысымен .

  3-тарау. Ломбардтарды лицензиялаудың
тәртібі мен шарттары

      15. Лицензияны алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  16-бабында  көзделген құжаттарды, сондай-ақ Банктер туралы Заңның  26-бабы  2-тармағы талаптарының орындалуын растайтын құжаттарды ұсынады.
      Бастапқы төлем құжаттары (төлем тапсырмасы, кассалық кіріс ордері), сондай-ақ әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен, жарғылық капитал мөлшері көзделетін құрылтай құжаттары жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттар болып табылады.
      Ломбардтың үй-жайы, оның филиалының немесе өкілдігінің үй-жайын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген қорғалатын объектілердің техникалық нығайтылуына және сигнализациямен жабдықталуына қойылатын талаптарға сәйкес болуы тиіс.
      Ломбардтың басшы қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уәкілетті органмен келісуге жатқызылады.
       Ескерту: 15-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 маусымдағы N 159   бұйрығымен .

      16. Уәкілетті орган лицензия беру туралы өтінішті оны қабылдаған күннен бастап бір ай ішінде қарауы тиіс.
      Талап етілген құжаттардың толық емес пакеті ұсынылған жағдайда уәкілетті орган қажетті құжаттарды талап етеді не барлық құжатты қарамастан ломбардқа қайтарады.

      17. Лицензия беруден бас тарту Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.

      18. Лицензия шектелмеген мерзімге беріледі және үшінші тұлғаларға берілмейді.

      19. Лицензияны жоғалтып алған кезде оның дубликатын алу және қайта ресімдеу "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы  Заңында  көзделген тәртіппен жүргізіледі.

      20. Ломбардқа банк заңдарында көзделген банк операцияларын жүргізуге лицензия беру туралы шешім уәкілетті органның немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми басылымдарында жарияланады.

      21. Лицензияның нотариат куәландырған көшірмесі ломбард клиенттерінің шолуы үшін қолайлы орында орналастырылады.

  4-тарау. Ломбардтардың басшы қызметкерлерін
келісу тәртібі мен шарттары

      Ескерту: 4-тарау (22-43 тармақтар) алынып тасталды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 маусымдағы N 159   бұйрығымен .

  5-тарау. Ломбардтардың қызметін
ұйымдастыру және реттеу

      44. Ломбардтар өз қызметін ломбардтың жоғары органы бекітетін және мынадай ақпаратты қамтитын Операциялар жүргізудің жалпы шарттары туралы ереже болғанда ғана жүзеге асырады:
      1) берілетін кредиттердің шекті сомасы және мерзімдері;
      2) берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкаларының шекті мөлшері;
      3) операциялар жүргізу ставкалары мен тарифтері;
      4) ломбардтың және оның клиенттерінің құқықтары мен міндеттері, олардың жауапкершіліктері;
      5) кепіл билеті жоғалған кезде кепіл берушіге дубликаттар берудің тәртібі;
      6) өзге де талаптар.

      45. Операциялар жүргізудің жалпы шарттары туралы ереже ломбард клиенттерінің шолуы үшін қолайлы орында орналастырылады.

      46. Ломбард Қазақстан Республикасының заңдарын бұзған кезде уәкілетті орган оған:
      1) Банктер туралы  заңның  46-бабына сәйкес әсер етудің шектелген шараларын қолдануы;
      2) Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген негіздер бойынша айыппұлдар салуы және өндіруі;
      3) Банктер туралы заңның  48-бабында  белгіленген негіздер бойынша лицензияларды тоқтата тұруы не қайтарып алуы мүмкін.

      47. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес ломбардтардың қызметін инспекциялайды.

  6-тарау. Қорытынды ережелер

      48. Ломбардты қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

      49-50. <*>
       Ескерту: 49-50-тармақтар алынып тасталды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 97   қаулысымен .

      51. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешіледі.

                                         Ломбардтардың қызметін   
                                      лицензиялау, реттеу, тоқтату 
                                           ережесіне 1-қосымша      

       Ескерту: Қосымшаға өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы рыногын
және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі
Басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 97   қаулысымен .

                Қазақстан Республикасының
                  Мемлекеттік елтаңбасы

    Ломбардтың ұлттық валютамен Қазақстан Республикасының
    банктік заңдарында көзделген банк операцияларын және
               басқа да операцияларды жүргізуге
        ______________________________________________
                     (лицензиардың атауы)
                          лицензиясы

      нөмірі ____                __ жылғы " __" ____________

                      мемлекеттік тіркеу нөмірі
      орналасқан жері __________________________________

      __________________________________________________
      __________________________________________________
                  (ломбардтың толық атауы)

      Осы лицензия мынадай операцияларды жүргізуге құқық береді:
      1._______________________________________
      2._______________________________________
      3._______________________________________

      Осы лицензияның талаптарынан туындайтын құқықтар үшінші тұлғаларға берілмейді.
      Осы лицензия бір данада беріледі.

       Төрағаның орынбасары

                                           Ломбардтардың қызметін  
                                        лицензиялау, реттеу, тоқтату
                                             ережесіне 2-қосымша

                     Ломбардты ашуға рұқсат

       Ескерту: Қосымша алынып тасталды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 97   қаулысымен .

Ломбардтардың қызметін    
лицензиялау, реттеу, тоқтату 
ережесіне 3-қосымша     

       Ескерту: 3-қосымша алынып тасталды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 маусымдағы N 159   бұйрығымен .

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады