Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің N 2029 болып тіркелген, 2002 жылғы 24 қазандағы N 158 "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптама орталығында өндірістік соттық сараптама және мамандандырылған зерттеулер жүргізу жөнінде Нұсқаулықты бекіту туралы" бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 29 наурыздағы N 82 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 2 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 2789

      "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптама орталығында өндірістік соттық сараптама және мамандандырылған зерттеулер жүргізу жөнінде Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әдiлет Министрiнiң 2002 жылғы 24 қазанд ағы N 158 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2029 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптама орталығында өндірістік соттық сараптама және мамандандырылған зерттеулер жүргізу жөнінде Нұсқаулыққа:
      43-тармақта "бағалаушы есебі" деген сөздер алынып тасталсын.
      2. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады