Мемлекеттік саяси қызметтің кадр резервіне алу үшін кандидаттардың ереже, Тестілеу бағдарламаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 21 сәуірдегі N 02-01-02/44 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 28 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 2828. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2006 жылғы 24 наурыздағы N 02-01-02/49 бұйрығымен.

       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2006 жылғы 24 наурыздағы N 02-01-02/49   бұйрығымен .
________________________________

      Ескерту: Бұйрықтың тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2005 жылғы 19 мамырдағы N 02-01-02/65   бұйрығымен .

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік қызметтің кадр резерві туралы" 2003 жылғы 4 желтоқсандағы N 1243  Жарлығымен  бекітілген Мемлекеттік қызметтің кадр резерві туралы ережесінің 21-тармағына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН :
      1. Қоса беріліп отырғандар бекітілсін:
      1) Мемлекеттік саяси қызметтің кадр резервіне алу үшін үміткерлердің тестілеуден өткiзу ережесi;
      2) Мемлекеттік саяси қызметтің кадр резервіне алу үшін үміткерлердің тестілеу бағдарламасы.
       Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2005 жылғы 19 мамырдағы N 02-01-02/65   бұйрығымен .
      2. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Ақпарат және тестілеу орталығы" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік саяси қызметтің кадр резервіне алуда үміткерлердің компьютерлік тестіленуі үшін екі апталық мерзімде бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлесін. Осы бағдарламалық қамтамасыз ету облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының тестілеу орталықтарында орнатылсын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының орынбасары Ә.А.Көмекбаевқа жүктелсін. 
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

       Төраға

Қазақстан Республикасы   
Мемлекеттік қызмет істері 
жөніндегі агенттігі     
Төрағасының        
2004 жылғы 21 сәуірдегі  
N 02-01-02/44 бұйрығымен 
бекітілген        

  Мемлекеттік саяси қызметтің кадр резервіне алу үшін кандидаттарды тестілеуден өткiзу ережесi

       Ескерту: Ереженің тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2005 жылғы 19 мамырдағы N 02-01-02/65   бұйрығымен .

1. Жалпы ереже

      1. Тестілеуді өткізудің мақсаты - мемлекеттік саяси қызметтің кадр резервіне алу үшін кандидаттың (бұдан әрі - кандидат) Қазақстан Республикасының заңдарын білуге және логикалық ойлау қабілетіне әділ баға беру.

      2. Тестілеуге мемлекеттік саяси қызметтің кадр резервіне алу үшін кандидаттарды іріктеу бойынша Комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) бекіткен, тізімге енгізілген кандидаттар жіберіледі.

      3. Тестілеуден өту кезінде шекаралық мәннен кем баға алған кандидат, алдыңғы тестілеу күнінен соң үш айдан кейін, қайтадан тестілеуден өтуге құқығы бар.

      4. Тестілеуді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің және аумақтық бөлімшелерінің тестілеу администраторлары (бұдан әрі - администраторлар) өткізеді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігімен (бұдан әрі - Агенттік) тестілеу өткізу процесін қамтамасыз ету үшін қажет болған жағдайда басқа да мамандар тартылуы мүмкін.

      5. Тестілеу барысында Қазақстан Республикасының заңдарын білуге арналған тестер және логикалық тестер қолданылады.

      6. Тестілеу компьютерде өткізіледі.

      7. Тестілеуді өткізудің әділдігі тестілеудің уақыты, нәтижелерді есептеуі, нұсқауы, мазмұны жағдайларының стандарттылығымен, сондай-ақ администраторлардың сыбайлас жемқорлықты жібермеу әрекеттері туралы жазбаша шектеулерімен қамтамасыз етіледі.

      8. Тестілеу 4 кезеңнен тұрады:
      1) тестілеуге дайындық;
      2) нұсқаулық;
      3) үміткерлермен тестілердің өтуі;
      4) үміткерлерге тестілеу нәтижелерін беру.

  2. Тестілеуге дайындық

      9. Тестілеуді өткізу кезінде администратордың кіріспе сөзіне,  кандидаттардың нұсқаумен танысуына, кандидаттардың сұрақтарына жауап беруге, тестің өтуіне уақытты жеткілікті бөлу қажет.

      10. Тестілеу өткізілетін жай кандидаттардың орналасуына ыңғайлы жағдайға сәйкес болуы керек. Егер бір мезгілде бірнеше адам тестілеуден өтетін болса, олар бір-бірінен жеткілікті қашықтықта орналасулары қажет. Тестілеу уақытында қатысушылардың тестілеу өткізіліп отырған жайда сөйлесуіне және шығып кетуіне болмайды.

      11. Тестілеудің барлық материалдары алдын-ала дайындалған және тексерілген болуы қажет.

  3. Нұсқаулық

      12. Тестілеу басталар алдында, администратор тестілеуді өткізу жөнінде егжей-тегжейлі нұсқаулық өткізеді. Администратордың кіріспе сөзіне тестілеудің алдағы жөн-жосығы, іріктеу рәсіміндегі тестілеудің орны жөніндегі тұтастай ақпараттар кіреді.

      13. Администратор кандидаттардың компьютерді пайдалануға қатысты барлық сұрақтарына жауап береді. Содан кейін администратор тұтастай тестерді өтуге және жеке әр тестке бөлінген уақытқа баса назар аудара отырып, тест жөніндегі нұсқауды дауыстап оқиды.

      14. Нұсқаулықтың соңында кандидаттарға бар сұрақтарын қоюға мүмкіндік беріледі.

      15. Администратордың барлық кандидаттардың тапсырманы меңгергендігіне көзі жетуі тиіс, басқа жағдайда қосымша түсініктеме береді.

  4. Кандидаттардың тесттерден өтуі

      16. Логикалық тестердің орындалуына жіберілген жалпы уақыт - 60 минут, заңдарды білуге тестке - 100 минут (130 сұраққа).

      17. Кандидаттар заңдарды білуге арналған тестке дейін логикалық тестен өтеді.

      18. Тестерді орындауға берілген уақыт біткенде, бағдарлама автоматты түрде жабылады.

      19. Администратор тестілеу біткеннен кейін қатысушылардың тестке қатысқанына рақмет айтады және кандидаттарға мемлекеттік саяси қызметтің кадр резервіне алу үшін іріктеу жүргізудің келесі кезеңін еске салады.

  5. Тест нәтижесін есептеу

      20. Компьютерде тестілеудің дұрыс жауаптарын есептеу енгізілген компьютерлік бағдарлама көмегімен автоматты есептеледі. Нәтиже принтерде басып шығарылады және үміткерге танысу үшін беріледі. Үміткер танысқаннан кейін нәтижесі көрсетілген қағазға қол қояды.

      21. Логикалық тест және заңдарды білуге арналған тестердің нәтижелері Агенттікте және оның аумақтық бөлімшелерінде сақталады. Тестілеудің нәтижесі туралы ақпарат жиынтық анықтама түрінде рәсімделеді.

      22. Тестілеудің нәтижесі туралы жиынтық анықтама құпия сипаттағы түрде болады және Комиссияның жұмысшы органына беріледі.

Қазақстан Республикасы    
Мемлекеттік қызмет істері  
жөніндегі агенттігі     
Төрағасының        
2004 жылғы 21 сәуірдегі   
N 02-01-02/44 бұйрығымен  
бекітілген         

  Мемлекеттік саяси қызметтің кадр резервіне
алу үшін кандидаттардың тестілеу
Бағдарламасы

      Осы бағдарлама тестің екі түріне: Қазақстан Республикасы заңдарын білуге және логикалық ойлауға тағайындалады.
      1. Қазақстан Республикасының заңдарын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының  Конституциясын , Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық  заңын , Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық  заңын , Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" 1998 жылғы 23 шілдедегі  заңын , Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" 1998 жылғы 2 шілдедегі  заңын , Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 3 мамырдағы N 1567 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшілерiнiң ар-намыс  кодексiн  (Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасы ережелерiн) (бұдан әрi - Ар-намыс кодексi) білуге арналған 130 сұрақ кіреді.
      Қазақстан Республикасы заңдарын білуге тестілеу өткізу кезінде қолданылатын Сұрақтар тізбесі іріктеліп, Қазақстан Республикасының  Конституциясы  бойынша 40 сұрақ, Ар-намыс  кодексi  бойынша 10 сұрақ және жоғарыда көрсетілген заң актілерінің қалғандарының әрқайсысынан 20 сұрақ белгіленген.
       Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2005 жылғы 19 мамырдағы N 02-01-02/65   бұйрығымен .
      2. Логикалық тест ойлаудың сандық және текстік түрінен тұрады.
      3. Қазақстан Республикасының заңдарын білуге арналған тестке шекаралық мән әр нормативтік құқықтық акті бойынша 70% кем емес және Ар-намыс  кодексi  бойынша 80% кем емес дұрыс жауаптан тұрады.
      Логикалық ойлауға шекаралық мән тестің әр түрі бойынша 50% кем емес дұрыс жауаптан тұрады.
       Ескерту: 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2005 жылғы 19 мамырдағы N 02-01-02/65   бұйрығымен .

Об утверждении Правил, Программы тестирования кандидатов для зачисления в кадровый резерв политической государственной службы

Приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 21 апреля 2004 года N 02-01-02/44. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 28 апреля 2004 года N 2828. Утратил силу - приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 24 марта 2006 года N 02-01-02/49

       Сноска. Приказ утратил силу - приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 24 марта 2006 года  N 02-01-02/49 .

      Сноска. В заголовок внесены изменения - приказом Председателя Агентства РК по делам государственной службы от 19 мая 2005 года N  02-01-02/65  (вводится в действие со дня официального опубликования).
 
     В соответствии с  пунктом 21  Положения о кадровом резерве государственной службы, утвержденного Указом Президента Республики Казахстан от 4 декабря 2003 года N 1243 "О кадровом резерве государственной службы"  ПРИКАЗЫВАЮ :

     1. Утвердить прилагаемые: 
     1) Правила проведения тестирования кандидатов для зачисления в кадровый резерв политической государственной службы;
     2) Программу тестирования   кандидатов для зачисления в кадровый резерв политической государственной службы.  <*>
     Сноска. В пункт 1 внесены изменения - приказом Председателя Агентства РК по делам государственной службы от 19 мая 2005 года N  02-01-02/65  (вводится в действие со дня официального опубликования).

     2. Государственному учреждению "Центр информации и тестирования Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы" в двухнедельный срок разработать программное обеспечение для компьютерного тестирования кандидатов для зачисления в кадровый резерв политической государственной службы. Установить данное программное обеспечение в центрах тестирования в областях и городах Астана и Алматы.

     3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на заместителя Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы Комекбаева А.А.

     4. Настоящий приказ вступает в силу с момента государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

     Председатель  

       

УТВЕРЖДЕНА              
приказом Председателя        
Агентства Республики Казахстан   
по делам государственной службы   
от 21 апреля 2004 года N 02-01-02/44

 
Правила проведения тестирования кандидатов для зачисления 
в кадровый резерв политической государственной службы  <*>

     Сноска. В заголовок внесены изменения - приказом Председателя Агентства РК по делам государственной службы от 19 мая 2005 года N  02-01-02/65  (вводится в действие со дня официального опубликования).

  1. Общие положения

     1. Цель проведения тестирования - объективная оценка знаний законодательства Республики Казахстан и способности к логическому мышлению кандидата для зачисления в кадровый резерв политической государственной службы (далее - кандидат).
     2. К тестированию допускаются кандидаты, включенные в список, утвержденный Комиссией по отбору кандидатов для зачисления в кадровый резерв политической государственной службы (далее - Комиссия). 
     3. Кандидат, получивший при прохождении тестирования оценку ниже пороговых значений, имеет право пройти повторное тестирование не ранее чем через три месяца со дня предыдущего тестирования. 
     4. Тестирование проводится администраторами тестирования Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и его территориальных подразделений (далее - администраторы). Агентством Республики Казахстан по делам государственной службы (далее - Агентство) в случае необходимости для обеспечения процесса проведения тестирования могут быть привлечены другие специалисты.
     5. В ходе тестирования используются тесты на знание законодательства Республики Казахстан и логические тесты. 
     6. Тестирование проводится на компьютере.
     7. Объективность проведения тестирования обеспечивается стандартностью условий, времени, подсчета результатов, инструкций, содержания тестов, а также принятие администраторами письменных ограничений о недопустимости коррупционных действий.
     8. Тестирование состоит из 4-х этапов:
     1) подготовка к тестированию;
     2) инструктаж;
     3) прохождение тестов кандидатами;
     4) выдача результатов тестирования кандидатам.

     

2. Подготовка к тестированию

     9. При проведении тестирования необходимо выделить достаточное время для вступительного слова администратора, ознакомления кандидатов с инструкциями, ответов на вопросы кандидатов, прохождение теста.
     10. Помещение для проведения тестирования должно соответствовать условиям удобного расположения кандидатов. В случае, если тестируются несколько человек одновременно, они должны располагаться на достаточном расстоянии друг от друга. Во время тестирования участники не могут разговаривать и покидать помещение, в котором проводится тестирование.
     11. Все материалы тестирования должны быть подготовлены и проверены заранее. 

     

3. Инструктаж

     12. Перед началом тестирования, администратор проводит подробный инструктаж по прохождению тестирования. Вступительное слово администратора включает в себя информацию о предстоящей процедуре, о месте тестирования в процедуре отбора в целом.
     13. Администратор отвечает на все вопросы кандидатов, касающиеся использования компьютера. После этого администратор зачитывает инструкции по тесту вслух, обратив особое внимание на время отведенное на прохождение тестов в целом и каждого теста в отдельности.
     14. В конце инструктажа кандидатам дается возможность задать имеющиеся вопросы. 
     15. Администратор должен убедиться, что все кандидаты усвоили задание, в ином случае дать дополнительные пояснения.

     

4. Прохождение тестов кандидатами

     16. Общее время, отпущенное на выполнение логических тестов - 60 минут, теста на знание законодательства - 100 минут (130 вопросов). 
     17. Кандидаты, проходят логические тесты до прохождения теста на знание законодательства.
     18. По истечении времени, отведенного на прохождение тестов, программа автоматически закрывается.
     19. По окончании тестирования администратор благодарит участников за сотрудничество и напоминает о следующем этапе проведения отбора кандидатов для зачисления в кадровый резерв политической государственной службы.

     

5. Подсчет результатов

     20. Подсчет правильных ответов компьютерного тестирования проводится автоматически, при помощи заложенной компьютерной программы. Результаты распечатываются на принтере и предоставляются кандидатам для ознакомления. После ознакомления кандидат расписывается на листе с результатами.
     21. Результаты логического теста и тестов на знание законодательства хранятся в Агентстве и его территориальных подразделениях. Информация о результатах тестирования оформляется в виде сводной справки.
     22. Сводная справка о результатах тестирования носит конфиденциальный характер и передается в рабочий орган Комиссии.

     

УТВЕРЖДЕНА              
приказом Председателя        
Агентства Республики Казахстан   
по делам государственной службы   
от 21 апреля 2004 года N 02-01-02/44

ПРОГРАММА
тестирования кандидатов для зачисления
в кадровый резерв политической государственной службы

      Настоящая программа устанавливает два вида тестов: на знание законодательства Республики Казахстан и на логическое мышление.
     1. Тест на знание законодательства Республики Казахстан включает 130 вопросов на знание  Конституции  Республики Казахстан, Конституционного закона Республики Казахстан от 26 декабря 1995 года " О Президенте  Республики Казахстан", Конституционного закона Республики Казахстан от 18 декабря 1995 года " О Правительстве  Республики Казахстан", Закона Республики Казахстан от 23 июля 1999 года " О государственной  службе", Закона Республики Казахстан от 2 июля 1998 года " О борьбе с  коррупцией", Кодекса чести государственных служащих Республики Казахстан (Правил служебной этики государственных служащих), утвержденного  Указом  Президента Республики Казахстан от 3 мая 2005 года N 1567 (далее - Кодекс чести).
     По Конституции Республики Казахстан устанавливаются 40 вопросов, по Кодексу чести - 10 вопросов и по каждому из остальных вышеуказанных законодательных актов по 20 вопросов, отобранных из Перечня вопросов, используемых при проведении тестирования на знание законодательства Республики Казахстан.  <*>
     Сноска. В пункт 1 внесены изменения - приказом Председателя Агентства РК по делам государственной службы от 19 мая 2005 года N  02-01-02/65  (вводится в действие со дня официального опубликования).
     2. Тест на логическое мышление включает числовой и текстовой виды.
     3. Пороговое значение по тесту на знание законодательства Республики Казахстан составляет не менее 70% правильных ответов по каждому нормативному правовому акту и по Кодексу чести не менее 80%.
     Пороговое значение по тесту на логическое мышление составляет не менее 50% правильных ответов по каждому виду.  <*>
     Сноска. В пункт 3 внесены изменения - приказом Председателя Агентства РК по делам государственной службы от 19 мая 2005 года N  02-01-02/65  (вводится в действие со дня официального опубликования).