Аттестациядан өтуге тиiс мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшiлердi тестiлеу ережесiн, программасын бекiту және Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттігi төрағасының кейбiр бұйрықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2005 жылғы 19 мамырдағы N 02-01-02/65 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 30 мамырда тіркелді. Тіркеу N 3654. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2008 жылғы 21 қаңтардағы N 02-01-02/11 Бұйрығымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2008.01.21.  N 02-01-02/11  Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердi аттестациядан өткiзу ережелерiн бекiту туралы" 2000 жылғы 21 қаңтардағы  N 327 , "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексi туралы" 2005 жылғы 3 мамырдағы
N 1567  Жарлықтарына және Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде тiркелген N 2697, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi төрағасының "Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарының санаттарына Типтiк бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы" 2004 жылғы 23 қаңтардағы N 02-01-02/9  бұйрығына  сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:
      1) Аттестациядан өтуге тиiс мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердi тестiлеуден өткiзу ережесi (1-қосымша);
      2) Аттестациядан өтуге тиiс мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердi тестiлеу программасы (2-қосымша) бекiтiлсiн.

      2. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгiнiң Ақпарат және сынақ орталығы" мемлекеттiк мекемесi аттестациядан өтуге тиiс мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң компьютерлiк тестiленуi үшiн программалық қамтамасыз етудi әзiрлесiн. Осы программалық қамтамасыз ету облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының тестiлеу орталықтарында орнатылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi төрағасының кейбiр бұйрықтарына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегі агенттiгi төрағасының 2003 жылғы 30 сәуiрдегi N 02-01-02/60 "Бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға үмiткерлердi және аттестациядан өтуге тиiстi болған әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлердi тестiлеудi өткiзу нұсқау, тестiлеу программалары және тестiлеу нәтижесiнiң шекаралық мәнiн бекiту туралы"  бұйрығына  (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2291 тiркелген, 2003 жылғы 23 мамырдағы N 123-124 "Егемен Қазақстан" және 2003 жылғы 23 мамырдағы  N 150-151 "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған (Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi төрағасының  N 2413  тiркелген, 2003 жылғы 15 шiлдедегi N 02-01-04/25 - 2003 жылға 2 тамызда N 222-223 "Егемен Қазақстан", 2003 жылғы 2 тамызда N 197 "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған;  N 2709  тiркелген, 2004 жылғы 13 ақпандағы
N 02-01-02/17 - 2004 жылғы 25 ақпанда N 15 "Заң газетi", 2004 жылғы 25 ақпанда N 15 "Юридическая газета", газеттерiнде жарияланған;
N 2827  тiркелген, 2004 жылғы 19 сәуiрдегi N 02-01-02/42 - 2004 жылғы 14 мамырда N 38 "Заң газетi", 2004 жылғы 14 мамырда N 38 "Юридическая газета" газеттерiнде жарияланған;  N 3595  тiркелген, 2005 жылғы 6 сәуiрдегi N 02-01-02/42;  N 3624  тiркелген, 2005 жылғы 5 мамырдағы N 02-01-02/59 - 2005 жылғы 11 мамырдағы N 100-101 "Егемен Қазақстан", 2005 жылғы 11 мамырдағы N 116-117 "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған бұйрықтармен өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген):

      тақырыптағы:
      "нұсқау" деген сөз "ереже" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "және аттестациядан өтуге тиiстi болған әкiмшiлiк мемлекеттік қызметшiлердi" деген сөздер алынып тасталсын;

      кiрiспе сөздегi "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердi аттестациядан өткiзу ережелерiн бекiту туралы" 2000 жылғы 21 қаңтардағы N 327  Жарлығына " деген сөздер "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 3 желтоқсандағы N 280 Жарлығымен бекiтiлген "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi туралы  ереженiң  9-тармағының 9) тармақшасына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-тармақта "және аттестациядан өтуге тиiс әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлердi" деген сөздер алынып тасталсын;

      1-тармақтың 1) тармақшасындағы "тестiлеудi өткiзу жөнiндегi нұсқау" деген сөздер "тестiлеуден өткiзу ережесi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетiлген бұйрықтың 1-қосымшасы осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетiлген бұйрықтың 2, 3, 4, 6, 7-қосымшаларындағы тақырыптарындағы "және аттестациядан өтуге тиiстi болған әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлердi" деген сөздер алынып тасталсын;

      көрсетiлген бұйрықтың 2, 3-қосымшаларындағы "140 сұрақ" деген сөздер "150 сұрақ" деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетiлген бұйрықтың 4, 6-қосымшаларындағы "80 сұрақ" деген сөздер "90 сұрақ" деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетiлген бұйрықтың 2, 3, 4, 6-қосымшаларда:
      "Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлер туралы" заңын" деген сөздерден кейiн ", Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 3 мамырдағы N 1567  Жарлығымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексiн (Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасы ережелерi) (бұдан әрi - Ар-намыс кодексi)" деген сөздермен толықтырылсын;
      "20 сұраққа" деген сөздерден кейiн "және Ар-намысы кодексi бойынша 10 сұраққа" деген сөздермен толықтырылсын;

      көрсетiлген бұйрықтың 7-қосымшада:
      "50 % дұрыс жауаптардан құрылады" деген сөздерден кейiн "және Қазақстан Республикасы Президентiнің 2005 жылғы 3 мамырдағы
N 1567  Жарлығымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексi (Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасы ережелерi) бойынша кем дегенде 80 % барлық санаттары үшін" деген сөздермен толықтырылсын;

      2)  Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2008.01.09.  N 02-01-02/5  Бұйрығымен.

      3) Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегі агенттiгi төрағасының 2004 жылғы 21 сәуiрдегi N 02-01-02/44 "Мемлекеттiк саяси қызметтiң кадр резервiне алу үшiн кандидаттардың Нұсқау, Tecтiлеу бағдарламаларын бекiту туралы"  бұйрығына  (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2828 тiркелген, 2004 жылғы 14 мамырдағы N 38 "Заң газетi" және 2004 жылғы 28 мамырдағы N 42 "Юридическая газета" газеттерiнде жарияланған):

      тақырыптағы:
      "нұсқау" деген сөз "ереже" деген сөзбен ауыстырылсын;
      1-тармақтың 1) тармақшасындағы "тестiлеудi өткiзу жөнiндегi нұсқау" деген сөздер "тестілеуден өткiзу ережесi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      аталған бұйрықпен бекiтiлген Мемлекеттiк саяси қызметтiң кадр резервiне алу үшiн кандидаттарды тестiлеудi өткiзу жөнiндегі нұсқауда:
      тақырыптағы "тестiлеудi өткiзу жөнiндегi нұсқау" деген сөздер "тестілеуден өткiзу ережесi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      аталған бұйрықпен бекiтiлген Мемлекеттiк саяси қызметтің кадр резервiне алу үшiн кандидаттарды тестілеу бағдарламасында:

      1-тармақтағы:
      бiрiншi абзацындағы "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 21 қаңтардағы N 328  Жарлығымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызметшілерiнiң қызмет этикасы ережелерiн (бұдан әрi - қызмет этикасы ережесi)" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 3 мамырдағы N 1567  Жарлығымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшілерiнiң ар-намыс кодексiн (Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасы ережелерiн) (бұдан әрi - Ар-намыс кодексi)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi абзацындағы "Қызмет этикасы ережесi" деген сөздер "Ар-намыс кодексi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақтағы "Қызмет этикасы ережесi" деген сөздер "Ар-намыс кодексi" деген сөздермен ауыстырылсын.

      4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Төраға

Қазақстан Республикасы      
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі
агенттігі төрағасының       
2005 жылғы 19 мамырдағы    
N 02-01-02/65 бұйрығына    
1-қосымша           

  Аттестациядан өтуге тиiс мемлекеттiк әкiмшiлiк
қызметшiлердi тестiлеуден өткiзу ережесi

МАЗМҰНЫ

  1. Жалпы ереже

      1. Тестiлеудi өткiзудің мақсаты - аттестациялануға тиiс мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшінiң (бұдан әрi - қызметшi) Қазақстан Республикасының заңнамаларын бiлуге және логикалық ойлау қабiлетiне әділ баға беру.

      2. Тестiлеуге мемлекеттiк органның аттестациялық комиссиясы бекiткен, тiзiмге енгізiлген қызметшiлер жiберiледi, ол жөнiнде, мемлекеттiк органның кадр қызметi хабардар етедi. Хабарда тестiлеудiң орны, күнi және уақыты көрсетіледi.

      3. Тестiлеуден өту кезiнде шектi мәннен төмен баға алған қызметшiнің, алдыңғы тестiлеу күнiнен 10 күнтiзбелiк күннен кем емес мерзiмнен кейiн, қайтадан тестiлеуден өтуге құқығы бар.

      4. Тестiлеудi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгiнің және аумақтық бөлімшелерiнің тестiлеу администраторлары (бұдан әрi - администратор) өткiзедi.
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгiмен (бұдан әрi - Агенттiк) тестiлеу өткiзу процесiн қамтамасыз ету үшін басқа да мамандар тартылуы мүмкiн.

      5. Тестiлеу барысында Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тесттер және логикалық тест қолданылады.

      6. Тестiлеу компьютерде өткiзiледi.

      7. Тестiлеудi өткiзудің әділдігі жағдайлардың, уақыттың, нәтижелердi есептеудің, тесттердің мазмұнының стандарттылығымен, сондай-ақ администраторлардың сыбайлас жемқорлықты жiбермеу әрекеттерi туралы жазбаша шектеулердi қабылдауымен қамтамасыз етiледi.

      8. Тестiлеу 4 кезеңнен тұрады:
      1) жайда тестiлеуге және тестiлеу материалдарына дайындық;
      2) тестiлеудi өткiзу бойынша қызметшiлерге нұсқаулық;
      3) қызметшiлердің тесттерден өтуi;
      4) қызметшiлерге тестiлеу нәтижелерiн беру.

  2. Жайда тестiлеуге және тестiлеу
материалдарына дайындық

      9. Тестiлеудi өткiзу кезiнде администратор қызметшiлердi нұсқаумен таныстыруға және олардың сұрақтарына жауап беруге тиiс.

      10. Тестiлеу өткiзiлетiн жай қызметшiлердің орналасуына ыңғайлы жағдайға сәйкес болуы керек. Тестiлеу уақытында қызметшiлердің сөйлесуiне және тестiлеу өткiзiліп отырған жайдан шығып кетуiне болмайды. Қабылдаушы-тапсырушы электрондық құрылғылар (оның iшiнде жеке қалта компьютерлерi және өзге де электрондық құрал-жабдықтар) тестiлеу кезiнде өшiрiлуi тиiс.

      11. Тестiлеу басталғанға дейiн администратор барлық қажеттi материалдарды дайындауы және тексеруi қажет.

  3. Тестiлеудi өткiзу бойынша қызметшiлерге
нұсқаулық

      12. Тестiлеу басталар алдында, администратор қызметшiлердің тестiлеудi өткiзу жөнiндегi егжей-тегжейлi нұсқаулығын өткiзедi. Администратордың кiрiспе сөзiне алдағы жөн-жосық туралы, аттестациялау рәсiмiндегi тестiлеу орнының жөнiндегi тұтастай ақпараттар кiредi.

      13. Тестiлеу сәтiнде өзiн нашар сезiнген қызметшiлер бұл жөнiнде тестiлеу басталғанға дейiн администраторға хабарлауы тиiс.

      14. Администратор қызметшiлердің компьютердi пайдалануға қатысты барлық сұрақтарына жауап бередi. Содан кейін администратор тұтастай тесттердi өтуге және жеке әр тecтке бөлiнген уақытқа баса назар аудара отырып, тecт жөнiндегi нұсқауды дауыстап оқиды.

      15. Нұсқаулықтың соңында қызметшiлердің сұрақ қоюларына мүмкiндiк берiледi.

      16. Администратордың барлық қызметшiлердің тапсырманы меңгергендiгiне және өздерiн қалыпты күйде сезiнiп отырғандарына көзi жетуi тиiс.

  4. Қызметшілердің тесттерден өтуi

      17. Логикалық тесттің орындалуына жiберiлген жалпы уақыт - 40 минөт, заңнаманы бiлуге арналған тестке - 115 минөт (150 сұрақ), 85 минөт (110 сұрақ).

      18. Қызметшiлер Қазақстан Республикасының заңнамаларын бiлуге арналған тестке дейiн логикалық тестен өтедi.

      19. Тесттердi орындауға берiлген уақыт бiткенде, бағдарлама автоматты түрде жабылады.

      20. Администратор тестiлеу бiткеннен кейiн қызметшiлерге тестке қатысқаны үшiн рақмет айтады және аттестацияны өткiзудің келесi кезеңін еске салады.

  5. Қызметшiлерге тестiлеу нәтижелерiн беру

      21. Компьютерде тестiлеудің дұрыс жауаптарын есептеу енгiзiлген компьютерлiк бағдарлама көмегiмен автоматты түрде есептеледi. Нәтиже принтерде басып шығарылады және танысу үшiн қызметшiге берiледi. Қызметшi танысқаннан кейiн нәтижесi көрсетiлген қағазға қол қояды.

      22. Логикалық тест және заңнамаларды бiлуге арналған тесттердің нәтижелерi Агенттiкте және оның аумақтық бөлiмшелерiнде бiр жыл аралығында сақталады. Тестiлеудің нәтижесi туралы ақпарат жиынтық анықтама түрінде рәсiмделедi.

      23. Тестiлеудің нәтижесi туралы жиынтық анықтама құпия сипатта болады және тиiстi мемлекеттiк органның аттестациялық комиссиясына берiледi.

Қазақстан Республикасы      
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі
агенттігі төрағасының     
2005 жылғы 19 мамырдағы    
N 02-01-02/65 бұйрығына    
2-қосымша           

Аттестациядан өтуге тиiс мемлекеттік
әкiмшiлiк қызметшiлердi
тестiлеу программасы

      Осы бағдарлама тесттің екi түрiне: Қазақстан Республикасының заңнамаларын бiлуге және логикалық ойлауға тағайындалады.

      1. А-1, А-2, А-3, А-4, А-5, В-1, В-2, В-3, В-4, В-5, В-6, В-7, С-1, С-2, С-3, С-4, С-5, С-О-1, С-О-2, С-О-3, С-R-1, D-1, D-2, D-3, D-О-1, D-О-2, D-О-3, E-1, Е-2, Е-R-1 санаттары yшiн Қазақстан Республикасының заңнамаларын бiлуге арналған тестке Қазақстан Республикасының  Конституциясын , Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы"  Заңын , Қазақстан Республикасының "Мемлекеттiк қызмет туралы"  Заңын , Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы"  Заңын , Қазақстан Республикасының "Әкiмшiлік рәсiмдер туралы"  Заңын , Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актiлер туралы"  Заңын , Қазақстан Республикасы Президентiнің 2000 жылдың 21 қаңтардағы N 328  Жарлығымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызметшілерінің қызмет этикасы ережелерiн (бұдан әрi - Қызмет этикасы ережесi) бiлуге арналған 150 сұрақ, сондай-ақ мемлекеттiк органның жұмыс ерекшелiгiн ескере отырып, осы мемлекеттік органмен әзiрленетiн (және ұсынылатын) нормативтiк құқықтық актiлердi бiлуге арналған тестiлеу сұрақтары етеді.

      2. А-6, А-7, В-8, В-9, С-6, С-7, С-8, С-9, С-10, С-11, С-О-4, С-О-5, С-О-6, С-О-7, С-R-2, С-R-3, С-R-4, С-R-5, С-R-6, D-4, D-5, D-6, D-О-4, D-О-5, D-О-6, D-0-7, Е-3, Е-4, E-5, Е-6, Е-R-2, E-R-3, E-R-4, Е-R-5, Е-R-6, E-G-1, E-G-2, E-G-3, E-G-4, E-G-5 санаттары үшiн Қазақстан Республикасының заңнамаларын бiлуге арналған тестке Қазақстан Республикасының  Конституциясын , Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы"  Заңын , Қазақстан Республикасының "Мемлекеттiк қызмет туралы"  Заңын , Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы"  Заңын , Қызмет этикасы ережесiн бiлуге арналған 110 сұрақ, сондай-ақ мемлекеттiк органның жұмыс ерекшелiгiн ескере отырып, осы мемлекеттiк органмен әзiрленетiн (және ұсынылатын) нормативтiк құқықтық актiлердi бiлуге арналған тестiлеу сұрақтары кiредi.

      3. Аттестациялануға тиiс мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшi Қазақстан Республикасы заңдарын бiлуге тестiлеу өткiзу кезiнде қолданылатын сұрақтар тiзбесiнен iрiктелген, жоғарыда аталған нормативтiк құқықтық актiлердің әрқайсысынан 20 сұраққа және Қызмет этикасы ережесi бойынша 10 сұраққа жауап беруi тиiс.

      4. Логикалық тест адамның күрделi жұмысты орындауға iскерлiгiн және оның зияткерлiк әлеуетiн сипаттайтын, тез логикалық ойлау қабiлетiн айқындайды.

      5. А-1, А-2, А-3, А-4, А-5, В-1, В-2, В-3, В-4, В-5, В-6, В-7, С-1, С-2, С-3, С-4, С-5, С-О-1, С-О-2, С-О-3, С-R-1, D-1, D-2, D-3, D-О-1, D-О-2, D-О-3, E-1, E-2, Е-R-1 санаттары үшiн Қазақстан Республикасының заңнамаларын бiлуге арналған тестке шектi мән әр нормативтiк құқықтық актi бойынша 70% кем емес, басқа санаттар үшiн 50% кем емес және барлық санаттар үшiн Қызмет этикасы ережесi бойынша 80% кем емес дұрыс жауаптан тұрады.
      Логикалық ойлауға шектi мән белгiленбейдi.

Қазақстан Республикасы      
Мемлекеттік агенттігі төрағасының 
2005 жылғы 19 мамырдағы    
N 02-01-02/65 бұйрығына    
3-қосымша           

Қазақстан Республикасы      
Мемлекеттік агенттігі төрағасының 
2003 жылғы 30 сәуірдегі     
N 02-01-02/60 бұйрығына    
1-қосымша            

  Бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға
үмiткерлердi тестiлеуден өткiзу ережесi

  1. Жалпы ереже

      1. Тестiлеудi өткiзудің мақсаты - бос мемлекеттiк әкімшілік лауазымдарға орналасуда үмiткерлердiң (бұдан әрi - үмiткер) Қазақстан Республикасының заңнамаларын бiлуге және логикалық ойлау қабілетiне әдiл баға беру.

      2. Тестiлеуге конкурстық комиссияның шешiмi негiзiнде құжаттары қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келген үмiткерлер жiберіледi, ол жөнiнде мемлекеттiк органның кадр қызметi хабардар етедi.

      3. Тестiлеуден өту кезiнде шектi мәннен төмен баға алған үмiткер, алдыңғы тестiлеу күнiнен соң үш айдан кем емес мерзiмнен кейiн, бiр және сол бағдарлама бойынша қайтадан тестiлеуден өтуге құқығы бар.

      4. Тестiлеудi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi жөніндегi агенттiгінің және аумақтық бөлiмшелерiнің тестiлеу администраторлары (бұдан әрi - администратор) өткiзедi.
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi жөніндегi агенттiгімен (бұдан әрi - Агенттік) тестілеу өткiзу процесiн қамтамасыз ету үшiн басқа да мамандар тартылуы мүмкiн.

      5. Тестiлеу барысында Қазақстан Республикасының заңнамаларын бiлуге арналған тесттер және логикалық тест қолданылады.

      6. Тестiлеу компьютерде өткiзiледi.

      7. Тестілеудi өткiзудің әділдiгi жағдайлардың, уақыттың, нәтижелердi есептеудің, тесттердің мазмұнының стандарттылығымен, сондай-ақ администраторлардың сыбайлас жемқорлықты жiбермеу әрекеттерi туралы жазбаша шектеулердi қабылдауымен қамтамасыз етiледi.

      8. Тестiлеу 4 кезеңнен тұрады:
      1) жайда тестiлеуге және тестiлеу материалдарына дайындық;
      2) тестiлеудi өткiзу бойынша қызметшiлерге нұсқаулық;
      3) үмiткерлердің тесттерден өтуi;
      4) үмiткерлерге тестiлеу нәтижелерiн беру.

  2. Жайда тестiлеуге және тестілеу
материалдарына дайындық

      9. Тестiлеудi өткiзу кезiнде администратор үмiткерлердi нұсқаумен таныстыруға және олардың сұрақтарына жауап беруге тиiс.

      10. Тестiлеу өткiзiлетiн жай үмiткерлердің орналасуына ыңғайлы жағдайға сәйкес болуы керек. Тестiлеу уақытында үмiткерлердің сөйлесуiне және тестiлеу өткiзiліп отырған жайдан шығып кетуiне болмайды. Қабылдаушы-тапсырушы электрондық құрылғылар (оның iшiнде жеке қалта компьютерлерi және өзге де электрондық құрал-жабдықтар) тестiлеу кезiнде өшiрiлуi тиiс.

      11. Тестiлеу басталғанға дейiн администратор барлық қажеттi материалдарды дайындауы және тексеруi қажет.

  3. Тестiлеудi өткiзу бойынша үмiткерлерге нұсқаулық

      12. Тестiлеу басталар алдында, администратор үмiткерлердің тестiлеудi өткiзу жөнiндегi егжей-тегжейлi нұсқаулығын өткiзедi. Администратордың кiрiспе сөзiне тестiлеудің алдағы жөн-жосығы iрiктеу рәсiмiндегi тестiлеудің орны жөніндегі тұтастай ақпараттар кiредi.

      13. Тестiлеу сәтiнде өзiн нашар сезiнген үмiткерлер бұл туралы тестiлеу басталғанға дейiн администраторға хабарлауы тиiс.

      14. Администратор үмiткерлердiң компьютердi пайдалануға қатысты барлық сұрақтарына жауап бередi. Содан кейiн администратор тұтастай тесттердi өтуге және жеке әр тестке бөлiнген уақытқа баса назар аудара отырып, тест жөнiндегi нұсқауды дауыстап оқиды.

      15. Нұсқаулықтың соңында үмiткерлердің сұрақ қоюларына мүмкiндiк берiледi.

      16. Администратордың барлық үмiткерлердiң тапсырманы меңгергендiгiне және өздерiн қалыпты күйде сезiніп отырғандарына көзi жетуi тиiс.

  4. Yмiткерлердің тесттерден өтуi

      17. Логикалық тесттiң орындалуына жiберiлген жалпы уақыт - 40 минөт, заңнамаларды бiлуге тестке - 115 минөт (150 сұрақ), 85 минөт (110 сұрақ).

      18. Қызметшiлер заңнамаларды бiлуге арналған тестке дейiн логикалық тесттен өтедi.

      19. Тесттердi орындауға берiлген уақыт бiткенде, бағдарлама автоматты түрде жабылады.

      20. Администратор тестілеу бiткеннен кейiн үмiткерлерге тестке қатысқаны үшiн рақмет айтады және конкурстық iрiктеудi өткiзудің келесi кезеңiн еске салады.

  5. Үмiткерлерге тестiлеу нәтижелерiн беру

      21. Компьютерде тестiлеудің дұрыс жауаптарын есептеу енгiзiлген компьютерлiк бағдарлама көмегiмен автоматты түрде есептеледi. Нәтиже принтерде басып шығарылады және танысу үшiн үмiткерге берiледi. Үмiткер танысқаннан кейiн нәтижесi көрсетiлген қағазға қол қояды.

      22. Логикалық тест және заңнамаларды бiлуге арналған тесттердің нәтижелерi Агенттiкте және оның аумақтық бөлiмшелерiнде бiр жыл аралығында сақталады. Тестiлеудің нәтижесi туралы ақпарат жиынтық анықтама түрiнде рәсiмделедi.

      23. Тестiлеудің нәтижесi туралы жиынтық анықтама құпия сипатта болады және тиiстi мемлекеттiк органның конкурстық комиссиясына берiледi."

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады