N 2021 тіркелген "Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ресми мәтiндерiн кейiннен жариялауға сараптама өткiзу және құқық беру жөнiндегі Нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 2002 жылғы 22 қазандағы N 155 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 24 мамырдағы N 144 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 3 маусымда тіркелді. Тіркеу N 2890. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 5 наурыздағы № 103 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Әділет министрінің 05.03.2019 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Бұйырамын:

      1. "Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң ресми мәтiндерiн кейiннен жариялауға сараптама өткiзу және құқық беру жөнiндегi Нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Әдiлет Министрiнiң 2002 жылғы 10 қазандағы N 155 бұйрығына мынадай өзгерiстер енгізiлсiн (Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнің мемлекеттiк тiзiлiмiнде N 2021 болып тiркелген):

      2, 3 тармақтарда:

      "Заң жобалау қызметiн үйлестiру, заңнаманы жүйелеу департаментiне", "Заң жобалау қызметiн үйлестiру, заңнаманы жүйелеу департаментiне" деген сөздер "Заңнама департаментiне", "Заңнама департаментiне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      Көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң ресми мәтiндерiн кейiннен жариялауға сараптама өткiзу және құқық беру жөнiндегi Нұсқаулыққа:

      3-тармақтың екiншi абзацында: "Заң жобалау қызметiн үйлестiру, заңнаманы жүйелеу департаментiне" деген сөздер "Заңнама департаментiне" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының


Әдiлет министрi



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады