Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.01.17 № 10-1/18 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Тұқым шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 13 қазандағы N 248-р өкіміне сәйкес бұйырамын :
1. Қоса беріліп отырған Тұқымның сапасын сараптауды жүргізу ережесі бекітілсін.
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Министр
"Тұқымның сапасын сараптауды
жүргізу ережесін бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2004 жылғы 19 мамырдағы N 287
бұйрығымен бекітілген
Тұқымның сапасын сараптауды жүргізу
ережесі 1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже тұқымның мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкестігіне сорттық және егістік қасиеттерін айқындау жөніндегі іс-шараларды жүргізудің және сапасы туралы құжаттар берудің шарттары мен тәртібін регламенттейді.
2. Тұқымның сорттық және егістік қасиеттерін сараптауды белгіленген тәртіппен аттестатталған тұқымның сапасын сараптау жөніндегі зертханалар жүзеге асырады.
3. Тұқымның сапасын сараптау жөніндегі зертханалар осы Ережемен белгіленген тұқымның сапасын сараптау талаптарын ұстаулары тиіс.
2. Тұқымның сапасын сараптау жөніндегі іс-шараларды жүргізудің және сапасы туралы құжаттар берудің тәртібі
4. Ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының сапасын сараптау қолданыстағы мемлекеттік стандарттарға сәйкес стандарттармен белгіленген барлық көрсеткіштер бойынша (толық талдау) немесе нормаланатын көрсеткіштердің барлығы бойынша емес (толық емес талдау) жүргізіледі.
5. Тұқымның егістік қасиеттерінің мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкестігін анықтау үшін тұқым партиясынан мемлекеттік стандарттарға сәйкес іріктеп алынған орташа сынаманы зерттейді. Тұқымның сорттық қасиеттері сорттық егістерді тексеру актісімен расталады.
Тек себуге ғана арналған тұқым партиясынан сынамалар іріктеп алуды тұқым өндірушілердің тапсырысы бойынша аттестатталған тұқым сарапшылары және (немесе) аттестатталған тұқымның сапасын сараптау жөніндегі зертханаларда тиісті дайындықтан өткен және тиісті қорытындысы бар тұқым өндірушілер (олардың өкілдері) жүргізеді.
Сатуға арналған тұқым партиясынан сынамалар іріктеп алуды тұқым өндірушінің өтініші бойынша тұқым өндіруші өкілінің қатысуымен Ауыл шаруашылығы министрлігінің немесе оның аумақтық органдарының тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторлары жүргізеді.
Сынамаларды іріктеп алу осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысандағы кесіммен ресімделеді.
Кесім екі данада ресімделеді - бір данасы сынама іріктеп алынған тұқым өндірушіде қалдырылады, екіншісі сынамамен бірге тұқымның сапасын сараптау жөніндегі зертханаға жіберіледі.
6. Тұқымның сапасын сараптау жөніндегі зертхана сынамаларды талдау нәтижелеріне байланысты тұқым өндірушіге сапасы туралы құжаттар - тұқымның сапасы туралы куәлік немесе тұқымды талдау нәтижесін, ал тұқымдық картопқа - түйнектік талдау кесімін береді.
7. Тұқымның сапасы туралы куәлік егістік қасиеттері толық талдауға тексерілген және мемлекеттік стандарттардың талаптарына сай тұқым партияларына беріледі. Тұқымның сапасы туралы куәлік осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысанда беріледі.
Талдауын егіске дейін 15 және одан аз күн бұрын (сатуға арналған тұқымнан басқа) - ылғалдылығы мен зиянкестермен жайлануын айқындамастан, жүргізетін тұқымның өнгіштігі орнына өмірге бейімділік нормасын ескере отырып, жиналатын жылы себуге пайдаланылатын күздік дақылдардың тұқымына тұқымның сапасы туралы куәлік беруге жол беріледі.
8. Салмағы бақылау бірлігінің салмағынан артық тұқым партиясына тұқымның сапасы туралы куәлікті әр бақылау бірлігінен іріктеп алынған орташа сынамаларды талдау нәтижелері негізінде, партияның орташа арифметикалық көрсеткіштері бойынша мына жағдайларда береді:
партиядан іріктеп алынған барлық сынамалардың талдау нәтижелері барлық көрсеткіштер бойынша тұқымның егістік қасиеттерінің тиісті стандартының нормаларына сай;
тұқым партиясы сапасының орташа арифметикалық көрсеткіштері стандарт нормаларына сай, ал бақылау бірліктерінің бір бөлігінің тұқымдары сапасыз, бірақ олардың сапа көрсеткіштері орташа арифметикалықтардан белгіленген жол берілген үйлеспеушіліктерден аспайтын мөлшерге ауытқиды.
Сынамалардың бір бөлігінде қаракүйелік құрылымдардың, қастауыш пен басқа да саңырауқұлақтың қарамықтарының маңызы стандарттармен белгіленген нормалардан екі еседен астам болған жағдайда тұқым партиясына тұқымның сапасы туралы куәлік беруге жол берілмейді.
9. Тұқымның сапасы туралы куәлік күшінің мерзімін былай белгілейді:
8 ай - көкөніс, бақша дақылдарының және жемдік тамыр-жемістілердің бірінші сыныпты тұқымы; 6 ай - екінші сыныпты тұқымы үшін; 12 ай - полиэтилендік қосымшалары бар қаптарға салынған бірінші сыныпты тұқым үшін;
1 жыл - дәндегі жүгерінің тұқымы үшін (дәріленген және қаптарға салынған);
күздік дақылдар егісінің аяғына дейін - күздік дақылдардың тұқымы үшін, егер сапасы туралы куәлік өмірге бейімділігі көрсеткіші бойынша берілсе;
2 ай - кене жайлаған тұқым үшін (кене маңызының нормасы белгіленген ауыл шаруашылығы өсімдіктері бойынша);
4 ай - тұқым қоспаларын қоса басқа ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдары үшін.
Тұқымның сапасы туралы куәлік күшінің мерзімін тұқымды өнгіштігіне талдау аяқталған күннен бастап белгілейді. Тұқымның сапасы туралы құжат өнгіштігін айқындаған күннен бастап 7 күн ішінде беріледі.
Тұқымның сапасы туралы куәлік күшінің мерзімі аяқталғаннан кейін кене жайлаған тұқымнан басқасын тек өнгіштігіне ғана, ал кене жайлаған тұқымды - өнгіштігіне және зиянкестермен жайланғанына тексереді.
Қайталап тексеру құжат күшінің мерзімі аяқталған күнге дейін аяқталуы тиіс.
Егер сапа туралы куәлік өмірге бейімділігі көрсеткіші бойынша берілсе, бірақ тұқым жинау жылында себу үшін пайдаланылмаса және ауыспалы қорларда қалдырылса, оның күшін жояды және жаңадан тапсырылған сынамалар бойынша өнгіштігін айқындау арқылы толық талдау негізінде сапасы туралы тиісті құжатмен алмастырады.
10. Егер күші мерзімі біткеннен кейін қайтадан талдау кезінде өнгіштік көрсеткіші алдында анықталған сыныпқа сай болса, ал кене жайлаған тұқым үшін жайлану көрсеткіші мемлекеттік стандарт белгілеген нормаға сай болса, тұқымның сапасы туралы куәлік күшінің мерзімі ұзартыла алады. Бұл жағдайда алдында берілген сапа туралы куәлікке қосымша ретінде осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысандағы тұқымды талдау нәтижесі беріледі.
11. Тұқымды талдау нәтижесі егістік қасиеттердің тиісті стандарттарының талаптарына жауап бермейтін тұқым партияларына (оларды толық талдау кезінде), сондай-ақ көрсеткіштердің барлығы бойынша емес тексерілген тұқымдарға (толық емес талдау) беріледі. Тұқымдарды талдау нәтижесі осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысанда беріледі.
12. Салмағы бақылау бірлігінің салмағынан артық тұқым партиясына осы Ережеге 4 және 5-қосымшаға сәйкес нысандардағы тұқымды талдау нәтижесі беріледі.
Осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес тұқымды талдау нәтижесі партияның орташа арифметикалық көрсеткіштері бойынша мына жағдайларда беріледі:
сынамалар толық емес талдауға тексерілген және алынған нәтижелер стандарт нормаларына сай;
барлық сынамаларды талдау нәтижелері стандарттың белгіленген нормаларына сай емес;
сынамалардың бір бөлігінің талдау нәтижелері және партияның орташа арифметикалық көрсеткіштері стандарттың белгіленген нормаларына сай емес.
Осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес тұқымды талдау нәтижесі мына жағдайларда бөлуге жататын әр бақылау бірлігін талдау нәтижесін көрсету арқылы беріледі:
тұқым партиялары қаптарда сақталады, бақылау бірліктерінің бір бөлігінің талдау нәтижелері және партия бойынша орташа арифметикалық көрсеткіштер стандарттың белгіленген нормаларына сай емес, ал сынамалардың бір бөлігі нормаларға сай;
партия бойынша орташа арифметикалық көрсеткіштер егістік қасиеттер стандартының нормаларына сай, ал бақылау бірліктерінің бір бөлігі сапасыз және олардың сапа көрсеткіштері орташа арифметикалықтардан стандарт жол беретіннен артық мөлшерге ауытқиды;
кейбір бақылау бірліктерінде карантиндік арамшөптер және аурулар немесе тірі зиянкестер (оның ішінде маңызы нормаланатын ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдарында 1 кг-на 20 данадан астам кене) табылған.
13. Тұқымдық картоптың партиясына түйнектік талдау кесімі осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес нысанда беріледі.
14. Қант қызылшасы мен мақта тұқымының сапасы туралы құжаттар қолданыстағы мемлекеттік стандарттарға сәйкес беріледі.
15. Талдаудан қалған сынама бөлігі ауданда осы дақылдың егісі аяқталғаннан кейін (аудандық статистикалық есепке сай) бір ай ішінде тұқымның сапасын сараптау жөніндегі зертханада сақталады.
Көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін немесе тұқым партиясын қайта талдауға алған жағдайда қалған сынаманы белгіленген тәртіппен тұқым өндірушіге қайтарып береді.
"Тұқымның сапасын сараптауды
жүргізу ережесін бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2004 жылғы 19 мамырдағы N 287
бұйрығымен бекітілген
Тұқымның сапасын сараптауды
жүргізу ережесіне 1-қосымша
______________________________________________________________
__________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның Т.А.Ә., аудан, облыс)
тиесілі ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымының егістік қасиеттерін айқындау үшін орташа сынамаларды іріктеп алу туралы
N ____ кесім*
Мен, _______________________________ 200__ жылғы _________________
(лауазымы, Т.А.Ә.) (күні, айы)
__________________________________________________________________
(өкілдердің ұйымы, лауазымы, Т.А.Ә. - сынамалар сатуға арналған
__________________________________________________________________
тұқым партиясынан іріктеп алынған, сондай-ақ таластар туған
жағдайларда толтырылады)
қатысуымен сақталған тұқымды қарау және __________________________
____________________________________________ сақтаулы партиялардан
(бөлімше (бригада), астық қабылдау кәсіпорны және т.б.)
_________________ бойынша орташа сынамалар іріктеп алу жүргізілді.
(стандарт нөмірі)
1. Тұқым туралы мәліметтер
__________________________________________________________________
Рет| Атаулары | Рет нөмірі
N | |----------------------
| | | |
__________________________________________________________________
1 2 3 4 5
__________________________________________________________________
1. Ауыл шаруашылығы өсімдігінің түрі
2. Сорт
3. Сорт құжатының аты, N және күні
4. Сорттық тазалық немесе тектік, %
5. Репродукция
6. Егін жылы
7. Партия нөмірі
8. Партия салмағы, ц
9. Бақылау бірліктерінің нөмірлері
10. Орын (қаптар) саны
11. Тұқымды сақтау орыны, қойма нөмірі,
қамба
12. Тұқым қайдан және қашан алынды
13. Тұқым қалай өңделді
14. Партия нешінші рет талданып отыр,
соңғы талдаудың күні мен нөмірі
15. Дәрілеу жүргізілді ме және қандай
препаратпен
16. Қандай талдау үшін сынама іріктеп
алынды
17. Тұқымның мақсаты
Тапсырылған сынамалар саны:
18. қапшықта
19. шөлмекте
20. пакетте
__________________________________________________________________
2. Сынамалар _______________________________________________
тұқымның сапасын сараптау жөніндегі зертханаға жіберілді.
Сынамаларды іріктеп алған тұлға __________________________________
(Т.А.Ә., қолы)
Өкілдер: _________________________________________________________
(Т.А.Ә., қолы)
Кепілдеме: тұқым партияларын араласудан, ластанудан, өнгіштігі мен басқа да егістік қасиеттерінің төмендеуінен сақтауға, сондай-ақ іріктеп алу кезінде сынамалардың телнұсқауларын сақтауға __________
__________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы, жеке тұлғаның Т.А.Ә.)
Сақтауға жауапты тұлға ___________________________________________
(Т.А.Ә., қолы)
Бақылау бірліктерін орналастыру сызбасы
* Ескертпе: бұл нысан мақта, қант қызылшасы және гүл дақылдарынан басқа ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдарына жүреді.
"Тұқымның сапасын сараптауды
жүргізу ережесін бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2004 жылғы 19 мамырдағы N 287
бұйрығымен бекітілген
Тұқымның сапасын сараптауды
жүргізу ережесіне 2-қосымша
N ____ тұқымның сапасы туралы
куәлік
200__ жылғы ________________ дейін күші бар
(күні, айы)
__________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның Т.А.Ә., аудан, облыс)
_________________________________________________________ сақтаулы
(N __ бөлімше (бригада)
200__ жылғы _________ берілген N ___ кесіммен талдауға тапсырылған
(күні, айы)
_________________________________________________________ алынған,
________________________ репродукциялы, ____________ жылғы егіннің
__________________________________________________________________
(ауыл шаруашылығы өсімдігі, сорты)
салмағы __ центнер, фракция N __ тұқымының N __ партиясына берілді.
Орын саны (қап) N ____ қойма, N ____ қамба
үйіндіде
Тұқымның мақсаты _________________________________________________
Тұқымның сапасы _________________________ сыныпқа сай.
(жазбаша)
Талдау нәтижелері
__________________________________________________________________
1. Тазалығы ___________________ %, оның ішінде _________________ %
2. Қалдық, барлығы _______ %, оның ішінде басым топтар _________ %
3. Басқа өсімдіктердің тұқымдары (1 кг-ға дана немесе %) _________
4. Жемдік шөптердің басқа түрлерінің тұқымдары _________________ %
5. Басқа екпе өсімдіктердің тұқымдары (1 кг-ға дана немесе %) _____
6. Арамшөптік өсімдіктер тұқымдары (1 кг-ға дана немесе %), барлығы ___
оның ішінде:
аса зиянды арамшөп тұқымдары (жемдік шөптер үшін, 1 кг-ға дана) ____
жатаған бидайықтың тұқымдары (1 кг-ға дана) ___________________
7. Қаракүйелік құрылымдар ______________________________________ %
8. Қарамықтар __________________________________________________ %
9. Өсу қуаты ___________________________________________________ %
10. Өнгіштігі __________________________________________________ %
оның ішінде қаттылары ____________________________________ %
Өсіру жағдайлары __________________________________________
11. Өмірге бейімділігі _________________________________________ %
Анықтау әдісі ______________________________________________
12. Себуге жарамдылығы _________________________________________ %
13. Ылғалдылығы ________________________________________________ %
14. 1000 дәннің салмағы ________________________________________ г
15. Аурулармен залалдануы (тұқымды талдау кезінде толтырылады:
центрифугалау әдісімен _____ дана, биологиялық әдіспен _________ %)
16. Зиянкестермен жайлануы _______________________________________
17. Тұқым сынамаларын сырттай қарау мәліметтері:
түсі қалыпты иісі қалыпты
қарайған көгерген
18. Басым түрлердің ботаникалық құрамы:
басқа екпе өсімдіктердің тұқымдары ____________________________
(аты)
сорттық өсімдіктердің тұқымдары _______________________________
(аты)
19. Басқа анықтамалар: ____________________________________________
___________________________________________________________________
Ұсыныстар:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Зертхана меңгерушісі _____________________________________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрі)
200__ жылғы ________________
(күні, айы)
"Тұқымның сапасын сараптауды
жүргізу ережесін бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2004 жылғы 19 мамырдағы N 287
бұйрығымен бекітілген
Тұқымның сапасын сараптауды
жүргізу ережесіне 3-қосымша
N ___ тұқымды талдау нәтижесі
200__ жылғы ____________________ N ___ тұқым сапасы туралы куәлікке
(күні, айы)
қосымша ретінде берілді.
Тұқым сапасы туралы куәліктің күші 200__ жылғы ____________________
(күні, айы)
дейін созылды.
1. Өнгіштігі ___________________________ %
2. Өсу қуаты ___________________________ %
3. Зиянкестермен жайлануы ________________________________________
(алдында кенелермен жайланған тұқымдар бойынша толтырылады)
Қорытындылар мен ұсыныстар:
Зертхана меңгерушісі _____________________________________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрі)
200__ жылғы ________________
(күні, айы)
"Тұқымның сапасын сараптауды
жүргізу ережесін бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2004 жылғы 19 мамырдағы N 287
бұйрығымен бекітілген
Тұқымның сапасын сараптауды
жүргізу ережесіне 4-қосымша
N ___ тұқымды талдау нәтижесі
__________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның Т.А.Ә., аудан, облыс)
________________________________________________________ сақтаулы
(N ___ бөлімше (бригада)
200__ жылғы _________ берілген N ___ кесіммен талдауға тапсырылған
(күні, айы)
__________________________________________________________ алынған,
_________________________ репродукциялы, ____________ жылғы егіннің
___________________________________________________________________
(ауыл шаруашылығы өсімдігі, сорты)
салмағы ___ центнер, фракция N __ тұқымының N __ партиясына берілді.
Орын саны (қап) N ____ қойма, N ____ қамба
үйіндіде
Тұқымның мақсаты __________________________________________________
Талдау нәтижелері
___________________________________________________________________
1. Тазалығы ___________________ %, оның ішінде __________________ %
2. Қалдық, барлығы _______ %, оның ішінде басым топтар __________ %
3. Басқа өсімдіктердің тұқымдары (1 кг-ға дана немесе %) _________
4. Жемдік шөптердің басқа түрлерінің тұқымдары __________________ %
5. Басқа екпе өсімдіктердің тұқымдары (1 кг-ға дана немесе %)_____
6. Арамшөптік өсімдіктер тұқымдары (1 кг-ға дана немесе %), барлығы ___
оның ішінде:
аса зиянды арамшөп тұқымдары (жемдік шөптер үшін, 1 кг-ға дана) ____
жатаған бидайықтың тұқымдары (1 кг-ға дана) ____________________
карантиндік арамшөптердің тұқымдары (1 кг-ға дана) _____________
улы арамшөптердің тұқымдары (1 кг-ға дана) _____________________
7. Қаракүйелік құрылымдар _______________________________________ %
8. Қарамықтар ___________________________________________________ %
9. Бидай нематодасының беріштері (1 кг-ға дана) __________________
10. Өсу қуаты ___________________________________________________ %
11. Өнгіштігі ___________________________________________________ %
оның ішінде қаттылары ______________________________________ %
Өсіру жағдайлары ___________________________________________
12. Өмірге бейімділігі __________________________________________ %
Анықтау әдісі ______________________________________________
13. Ылғалдылығы _________________________________________________ %
14. 1000 дәннің салмағы _________________________________________ г
15. Аурулармен залалдануы (тұқымды талдау кезінде толтырылады: центрифугалау әдісімен _____ дана, биологиялық әдіспен _________ %)
16. Зиянкестермен жайлануы _______________________________________
17. Тұқым сынамаларын сырттай қарау мәліметтері:
түсі қалыпты иісі қалыпты
қарайған көгерген
18. Басым түрлердің ботаникалық құрамы:
басқа екпе өсімдіктердің тұқымдары ____________________________
(аты)
сорттық өсімдіктердің тұқымдары _______________________________
(аты)
19. Басқа анықтамалар: ____________________________________________
___________________________________________________________________
Қорытынды мен ұсыныстар:
___________________________________________________________________
_____________________________________________________________
Толық немесе толық емес талдау жүргізген кезде:
___________________________________________________________________
Тұқымдар мына көрсеткіштер| Талдау кезінде | Стандартпен
бойынша сапасыз | белгілі болды | белгіленгені
___________________________________________________________________
Тұқымдар ______________________ және қайташа толық талдауға жатады
(өңдеу түрі)
Толық емес талдау жүргізген кезде:
Тұқымдар _______________________________________________________
бойынша стандарттар талаптарына сай.
Зертхана меңгерушісі ____________________________________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрі)
200__ жылғы ________________
(күні, айы)
"Тұқымның сапасын сараптауды
жүргізу ережесін бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2004 жылғы 19 мамырдағы N 287
бұйрығымен бекітілген
Тұқымның сапасын сараптауды
жүргізу ережесіне 5-қосымша
N ___ тұқымды талдау нәтижесі
___________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның Т.А.Ә., аудан, облыс)
__________________________________________________________ сақтаулы
(N ___ бөлімше (бригада)
200__ жылғы _________ берілген N ___ кесіммен талдауға тапсырылған
(күні, айы)
__________________________________________________________ алынған,
________________________ репродукциялы, ____________ жылғы егіннің
__________________________________________________________________
(ауыл шаруашылығы өсімдігі, сорты)
салмағы ___ центнер, фракция N __ тұқымының N __ партиясына берілді.
Орын саны (қап) N ____ қойма, N ____ қамба
үйіндіде
Тұқымның мақсаты _______________________________________________
Талдау нәтижелері
___________________________________________________________________
Сапа көрсеткіштері | Орташа | Бөлінуге жататын
|көрсеткіш|бақылау бірліктерінің
| | нөмірлері және
| | олардың сапасы
| |---------------------
| | | | |
___________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6
___________________________________________________________________
1. Тазалығы _________________ %,
оның ішінде ___________ %
2. Қалдық, барлығы _______ %,
оның ішінде басым топтар ____ %
3. Басқа өсімдіктердің тұқымдары,
(1 кг-ға дана немесе %)
4. Жемдік шөптердің басқа түрлерінің
тұқымдары, %
5. Басқа екпе өсімдіктердің тұқымдары,
(1 кг-ға дана немесе %)
6. Арамшөптік өсімдіктер тұқымдары,
(1 кг-ға дана немесе %), барлығы
оның ішінде:
аса зиянды арамшөп тұқымдары,
(жемдік шөптер үшін, 1 кг-ға дана)
жатаған бидайықтың тұқымдары,
(1 кг-ға дана)
карантиндік арамшөптердің тұқымдары,
(1 кг-ға дана)
улы арамшөптердің тұқымдары,
(1 кг-ға дана)
7. Қаракүйелік құрылымдар, %
8. Қарамықтар, %
9. Бидай нематодасының беріштері,
(1 кг-ға дана)
10. Өсу қуаты, %
11. Өнгіштігі, %
Өсіру жағдайлары ________________
12. Өмірге бейімділігі, %
Анықтау әдісі ___________________
13. Ылғалдылығы, %
14. 1000 дәннің салмағы, г
15. Аурулармен залалдануы
(тұқымды талдау кезінде толтырылады:
центрифугалау әдісімен _____ дана,
биологиялық әдіспен ___________ %)
16. Зиянкестермен жайлануы _________
17. түсі қалыпты
қарайған
18. иісі қалыпты
көгерген
19. Басқа анықтамалар: ____________________________________________
___________________________________________________________________
Қорытынды:
Тұқым партиясы біркелкі емес. N _______________ бақылау бірліктері
__________________________ бойынша сапасыз, жалпы партиядан бөлуге
(көрсеткіштер атауы)
және ____________________ жатады, содан соң барлық партия сапаның
(өңдеу түрі)
барлық көрсеткіштері бойынша тексерілуі тиіс.
Зертхана меңгерушісі______________________________________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрі)
200__ жылғы ________________
(күні, айы)
"Тұқымның сапасын сараптауды
жүргізу ережесін бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2004 жылғы 19 мамырдағы N 287
бұйрығымен бекітілген
Тұқымның сапасын сараптауды
жүргізу ережесіне 6-қосымша
Тұқымдық картопты түйнектік талдау
кесімі
200__ жылғы _________________________
(күні, айы)
_________________________________________________________ берілді.
(заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның Т.А.Ә., аудан, облыс)
Комиссия _________________________________________________________
(ұйымы, лауазымы, Т.А.Ә.)
____________________________ құрамда 200__ жылғы _________________
(күні, айы)
_______________________________________________________ қатысуымен
(тұқым өндірушінің атауы, лауазымы, Т.А.Ә.)
________________________________________________________ сақтаулы,
(бөлімше (бригада)
N ____ қоймада, N ____ қамбада (үймеде), N ____ орда орналасқан, сорты _________________________, көбейту сатысы, категориясы, сыныбы _________________________, партия салмағы ___________ тонна тұқымдық картоптың түйнектерінің сапасын айқындауды жүргізді.
Талдау нәтижелері
Біріктірілген сынамадағы түйнектер саны __________ дана _______ кг
Аурулармен залалданған түйнектердің саны, барлығы ______________ %
_____________ дана
оның ішінде:
сулы шірікпен _________________________________ дана ___________ %
дөңгелек шірікпен _____________________________ дана ___________ %
қоңыр бактериялық шірікпен ____________________ дана ___________ %
қара сирақпен _________________________________ дана ___________ %
фитофторозбен _________________________________ дана ___________ %
құрғақ шірікпен (фомоз, фузариоз) _____________ дана ___________ %
сабақтық нематодасымен ________________________ дана ___________ %
кәдімгі немесе күміс тазқотырмен (түйнек бетінің 1/4-тен астамы
залалданған жағдайда) _________________________ дана ___________ %
қырбақ тазқотырмен ____________________________ дана ___________ %
қызыл шірікпен (түйнек бетінің 1/8-ден 1/4-ке дейін залалдануы)
_______________________________________________ дана ___________ %
таттанған теңбілмен және жұмсағының қараюы (түйнек бетінің 1/4-тен
астамы залалдануы) ____________________________ дана ___________ %
Механикалық және зиянкестермен зақымданған түйнектер саны
барлығы _______________________________________ дана ___________ %
оның ішінде:
сымқұртпен зақымданғаны _______________________ дана ___________ %
кеміргіштермен, зауза қоңыздармен, көбелектермен _____ дана ____ %
Түйнектер:
тұншығып қалған _______________________________ дана ___________ %
үсіп қалған ___________________________________ дана ___________ %
күйгені бар ___________________________________ дана ___________ %
кемтар ________________________________________ дана ___________ %
өсінділері және жеңіл сынатын бұлтықтары бар _______ дана ______ %
езілген және кесілген _________________________ дана ___________ %
қабығы сыдырылған (түйнек бетінің 1/4-тен астамының жалаңаштануы)
_______________________________________________ дана ___________ %
түйнектің жартылары және бөліктері ____________ дана ___________ %
Түйнектердің мөлшері:
белгіленгеннен кіші ___________________________ дана ___________ %
белгіленгеннен үлкен __________________________ дана ___________ %
Жер мен қоспа _________________________________ дана ___________ %
Басқа ботаникалық сорттың түйнектері __________ дана ___________ %
Одан басқа табылғаны ____________________________________________
_________________________________________________________________
Комиссияның қорытындысы
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Комиссия мүшелері: ______________________________________________
(Т.А.Ә., қолы)
Зертхана меңгерушісі ____________________________________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрі)
200__ жылғы ________________
(күні, айы)