Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1260 тіркелген "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығару және пайдалану ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 24 тамыздағы 331 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 27 қазандағы N 371 қаулысына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2581 тіркелген "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2158 тіркелген "Микропроцессорлық карточкалар негізінде төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесінің қызмет ету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 510 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 31 мамырдағы N 80 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 21 маусымда тіркелді. Тіркеу N 2907

      Екінші деңгейдегі банктерге Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын орындау бойынша қажетті іс-шаралар өткізуге мүмкіндік беру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1260 тіркелген "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығару және пайдалану ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 24 тамыздағы 331  қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 27 қазандағы N 371  қаулысына , сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2158 тіркелген "Микропроцессорлық карточкалар негізінде төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесінің қызмет ету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 510  қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2581 тіркелген, 2003 жылғы 4 желтоқсанда "Казахстанская правда" және 2003 жылғы 6 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" күн сайынғы республикалық газеттерде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      3-тармақтағы "2004 жылғы 1 шілдеден бастап" деген сөздер "2005 жылғы 1 қаңтардан бастап" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.

      3. Төлем жүйесі басқармасы (Мұсаев Р.Н.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігіне, "Ұлттық процессинг орталығы" акционерлік қоғамына, екінші деңгейдегі банктерге және Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығына жіберсін.

      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны алған күннен бастап үш күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау үшін шаралар қабылдасын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары А.Р. Елемесовке жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады