"Бағалау қызметi субъектiлерiнiң, бағалау принциптерiмен пайдаланатын бағалау жөніндегі жұмыстарының орындалу сапасына қойылатын талаптарды қолдануы жөнiндегi ереженi бекiту туралы" N 2071 болып тiркелген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 2002 жылғы 23 қарашадағы N 179 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 22 маусымдағы N 189 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 26 маусымда тіркелді. Тіркеу N 2916. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 3 ақпандағы № 11-06/73 Бұйрығымен

     Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 2012.02.03 № 11-06/73 Бұйрығымен.

      Бағалау қызметi саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметi туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына сәйкес келтiру мақсатында бұйырамын:
      1. "Бағалау қызметi субъектiлерiнiң, бағалау принциптерiмен пайдаланатын бағалау жөніндегі жұмыстарын орындау сапасына қойылатын талаптарды қолдануы жөнiндегi ереженi бекiту туралы" N 2071 болып тiркелген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 2002 жылғы 23 қарашадағы N 179 (Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тiркелiмiнде N 2071 болып тiркелген және Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықтық актiлер бюллетенiнде жарияланған, 2003 ж., N 3, 774-құжат)  бұйрығына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      осы бұйрықпен бекiтiлген, Бағалау қызметi субъектiлерiнiң, бағалау принциптерiмен пайдаланатын бағалау жөнiндегi жұмыстарды орындау сапасына қойылатын талаптарды қолдануы жөніндегі ережеде:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Бағалауды жүргiзу шарты мыналарды қамтуы тиiс:
      1) тапсырушы мен бағалаушының деректемелерi - тегі, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда), тұрғылықты жерi; заңды тұлға үшiн - атауы, орналасқан жерi (пошталық мекен-жайы), банктiк деректемелерi;
      2) бағалау объектiсiнiң (объектiлерiнiң) атауы және (немесе) орналасқан жерi, айқындалатын құнның түрi;
      3) бағалау түрi;
      4) бағалау объектiсiнiң түрi;
      5) бағалау жүргiзу мерзiмдерi;
      6) көрсетiлетiн қызметтер үшiн ақы төлеудiң шарттары, тәртiбi және мөлшерi;
      7) тараптардың құқықтары, мiндеттерi мен жауапкершiлiгi;
      8) тапсырушының бағалау объектiсiне меншiк құқығын растайтын құжатының деректемелерi, не тапсырушыға бағалау туралы шарт жасау құқығын беретiн өзге де негiздемелер;
      9) мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензияның деректемелерi (лицензияның нөмiрi мен берiлген күнi, оны берген органды көрсете отырып).
      Бағалау жүргiзу шартында өзге де талаптар да болуы мүмкiн.";

      7-тармақтың 2) тармақшасында "сақтандырушы," деген сөз алынып тасталсын.
      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.

      Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады