Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2010.09.21 № 474 (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 360 және 379-баптарына сәйкес, Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға негізгі кедендік ресімдеуді жүргізу кезінде бақылауды күшейту мақсатында бұйырамын:
1. "Тауарлар мен көлік құралдарын декларациялау туралы" Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 20 мамырдағы N 219 бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2355 болып тіркелген, N 2618 болып тіркелген Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 1 желтоқсандағы N 537 бұйрығымен , N 2939 болып тіркелген Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2004 жылғы 10 маусымдағы N 261 бұйрығымен енгізілген өзгерістер және толықтырулармен 2003 жылғы 27 қыркүйектегі N 39 "Ресми газетте" жарияланған) (бұдан әрі - Бұйрық) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген Бұйрықпен бекітілген Тауарларды декларациялау ережесінде:
5-тармақтағы төртінші абзацындағы "бес автокөлік құралдары" деген сөздер "бір автокөлік құралы" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің Кедендік бақылауды ұйымдастыру департаменті (И.В.Тен) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің баспасөз қызметі (М.К.Исаева) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Облыстар (республикалық маңызы бар қалалар) бойынша кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органы аумақтық бөлімшелерінің және кедендердің бастықтары осы бұйрықтың орындалуын қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының бірінші орынбасары А.Қ. Ержановқа жүктелсін.
6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Кедендік бақылау
агенттігінің төрағасы