Нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2355 болып тіркелген "Тауарлар мен көлік құралдарын декларациялау туралы" Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 20 мамырдағы N 219 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2004 жылғы 30 шілдедегі N 328 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 14 тамызда тіркелді. Тіркеу N 3007. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 21 қыркүйектегі № 474 Бұйрығымен

      Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2010.09.21 № 474 (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің  360 және  379-баптарына сәйкес, Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға негізгі кедендік ресімдеуді жүргізу кезінде бақылауды күшейту мақсатында бұйырамын:
      1. "Тауарлар мен көлік құралдарын декларациялау туралы" Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 20 мамырдағы N 219  бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2355 болып тіркелген, N 2618 болып тіркелген Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 1 желтоқсандағы N 537  бұйрығымен , N 2939 болып тіркелген Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2004 жылғы 10 маусымдағы N 261  бұйрығымен енгізілген өзгерістер және толықтырулармен 2003 жылғы 27 қыркүйектегі N 39 "Ресми газетте" жарияланған) (бұдан әрі - Бұйрық) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген Бұйрықпен бекітілген Тауарларды декларациялау ережесінде:
      5-тармақтағы төртінші абзацындағы "бес автокөлік құралдары" деген сөздер "бір автокөлік құралы" деген сөзбен ауыстырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің Кедендік бақылауды ұйымдастыру департаменті (И.В.Тен) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің баспасөз қызметі (М.К.Исаева) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Облыстар (республикалық маңызы бар қалалар) бойынша кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органы аумақтық бөлімшелерінің және кедендердің бастықтары осы бұйрықтың орындалуын қамтамасыз етсін.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының бірінші орынбасары А.Қ. Ержановқа жүктелсін.
      6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Кедендік бақылау
      агенттігінің төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады