Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына кедендік ресімдеу мәселесі жөнінде толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2004 жылғы 10 маусымдағы N 261 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 8 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 2939. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 21 қыркүйектегі № 474 Бұйрығымен

      Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2010.09.21 № 474 (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің  360 және  379-баптарына сәйкес, кедендік ресімдеуді жетілдіру мақсатында Бұйырамын:
      1. Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына мынадай толықтырулар енгізілсін:
      1) <*>
      Ескерту. 1) тармақшаның күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2007.12.14 N 462 Бұйрығымен.
      2) "Тауарлар мен көлік құралдарын декларациялау туралы" Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 20 мамырдағы N 219  бұйрығында (бұдан әрі - Бұйрық) (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 9 маусымда N 2355 тіркелген, "Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 1 желтоқсандағы N 537 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен бірге "Ресми газетте" 2003 жылғы 27 қыркүйекте N 39 жарияланған):
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауарларды декларациялау ережесінде:
      5-тармақта:
      үшінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "бір алушының мекен-жайына бір жөнелтуші бір сыртқы сауда шарты бойынша жіберетін, қызмет аймағында Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттері орналасқан бір кеден органы арқылы тауарлардың жеткізілуін бақылаудың автоматтандырылған жүйесін және "ТС - SCAN FMG" контейнерлік сканерлеу жүйесін пайдалана отырып негізгі кедендік ресімдеуге бір мезгілде ұсынылатын бір көлік түрімен әкелінетін, тауарға ілеспе құжаттардың санына қарамастан, бестен астам автокөлік құралдарымен тасымалданатын тауарлар туралы.".
      2. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің Кедендік бақылауды ұйымдастыру департаменті (Е.Ә.Шығанбаев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің баспасөз қызметі (М.К.Исаева) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми түрде жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның облыстар (республикалық мәні бар қалалар) бойынша аумақтық бөлімшелері мен кедендерінің бастықтары осы бұйрықты барлық құрылымдық бөлімшелерге жеткізсін және оның тиісінше орындалуын қамтамасыз етсін.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының бірінші орынбасары А.Қ.Ержановқа жүктелсін.
      6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

       Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады