Жинақтаушы зейнетақы қорына және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру қызметiне аудиттi жүзеге асыруға қойылатын талаптарды белгiлеу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 12 шілдедегі N 206 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 16 тамызда тіркелді. Тіркеу N 3012. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы N 229 қаулысымен.

       Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы   N 229   қаулысымен .
________________________________

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  49-1-бабын және "Сақтандыру қызметi туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  20-бабын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгiнiң Басқармасы қаулы етеді:
      1. Жинақтаушы зейнетақы қорына (бұдан әрi - қор) аудиттi жүзеге асыруға мынадай талаптар белгiленсiн:
      қор аудитiне мынадай мәселелердi қарау жатуы тиiс:
      1) негiзiнде қор қызметi жүзеге асырылатын құрылтай құжаттарының, лицензияның, iшкi ережелердiң болуы және олардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес болуы;
      2) қордың жарғылық капиталы қалыптасуының Қазақстан Республикасының заң талаптарына сәйкес болуы;
      3) қордың есеп саясатының, активтердi бағалау әдiстерi мен тәсiлдерiнiң, мiндеттемелер мен капиталының Қазақстан Республикасының заңдарына және қаржылық есеп берудiң халықаралық стандарттарына сәйкес болуы;
      4) қаржы ұйымына арналған бухгалтерлiк есептiң үлгi шот жоспарын қолданудың дұрыстығын;
      5) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттардың Қазақстан Республикасының заң талаптарына, қордың iшкi құжаттарына сәйкес болуы;
      6) салымшылардың-алушылардың дербес зейнетақы шоттарына қаражат түсуiнiң есепке алынуын және уақтылығын, салымшылардың-алушылардың жинақталған зейнетақы қаражатының басқа қорларға не сақтандыру ұйымдарына төленуін және аударылуын, сондай-ақ осы жөнiнде құжаттардың Қазақстан Республикасының заң талаптарына сәйкес болуын тексеру;
      7) зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру бойынша зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар жөнiндегi қарастырылған шағым-талаптарды, жинақталған зейнетақы қаражатын аудару немесе төлеу сәтiне жинақталған зейнетақы қаражатын жоғалту негiздiлiгiн және қалпына келтiру уақтылығын, сондай-ақ зейнетақы төлемдерiн, алушыларға зейнетақы төлемдерiн төлеуден не жинақталған зейнетақы қаражатын аударудан бас тартудың негiздiлiгiн тексеру;
      8) зейнетақы активтерiн есепке алудың жай-күйiн тексеру және зейнетақы активтерiн инвестициялауды Қазақстан Республикасының заң талаптарына сәйкес болуы;
      9) қордың комиссиялық сыйақыны есептеу және төлеу дұрыстығын тексеру;
      10) қордың iшкi аудитiнiң (бақылаудың) тиiмдiлiгiн бағалау, қордың ақпарат жүйелерiнiң, оның iшiнде қордың автоматтандырылған ақпарат жүйесiне қосалқы бухгалтерлiк есептi және Бас бухгалтерлiк кiтапты ендiрудiң тиiмдiлiгiн бағалау;
      11) бухгалтерлiк баланстың барлық шоттарын, оның iшiне мыналарға түгендеу;
      бастапқы бухгалтерлiк құжаттардың болуын;
      есепке алуда және есеп беруде жасалған қаржы және шаруашылық операциялардың уақтылы, толық және дұрыс көрсетiлуiн;
      қордың бекiтiлген есеп саясатына, сондай-ақ iшкi құжаттарына сәйкес шот бойынша операциялардың жасалуын;
      12) корпоративтiк жинақтаушы зейнетақы қорлары үшiн салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражатының нақты құны азайған жағдайда олардың инвестициялық кiрiстi жоғалтуының негiздiлiгi және қалпына келтiру уақтылығы;
      13) қордың өзiнiң қаржылық тұрақтылығын айқындау дұрыстығын тексеру;
      14) қор кiрiсi мен шығысының толық және шынайы көрсетiлуiн тексеру;
      15) қордың талаптары мен мiндеттемелерi бойынша, сондай-ақ баланстан тыс шоттар бойынша есеп жүргiзудiң негiздiлiгiн және шынайылылығын тексеру;
      16) қор, кастодиан және зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым арасында уақтылы салыстырып тексеру;
      17) салық төлемдерiнiң толық және дұрыс есептелуiн тексеру.
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (бұдан әрi - сақтандыру ұйымы) сақтандыру қызметiнiң аудитiне мынадай талаптар белгiлесiн:
      сақтандыру ұйымы қызметiнiң аудитiне мынадай мәселелердi қарау жатуы тиiс:
      1) негiзiнде сақтандыру ұйымының қызметi жүзеге асырылатын құрылтай құжаттарының, сақтандыру ұйымын әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң, сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензияның болуы олардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес болуы;
      2) сақтандыру ұйымының жарғылық капиталының ең аз мөлшерiн қалыптастырудың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес болуы;
      3) жүзеге асырылатын қызметтiң Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес болуы;
      4) есеп саясатының, активтердi бағалаудың әдiстерi мен тәсiлдерiнiң, сақтандыру ұйымдарының мiндеттемелерi мен капиталының Қазақстан Республикасының заңдарына және қаржылық есеп берудiң халықаралық стандарттарына сәйкес болуы;
      5) қаржы ұйымдарына арналған бухгалтерлiк есептiң үлгi шот жоспарын қолданудың дұрыстығын тексеру;
      6) сақтандыру шарттарының қаржылық есеп беруде көрiнуiн тексеру;
      7) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру мәселесi бойынша сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша қаралған наразылықтарды, сақтандыру төлемдерiн жүзеге асырудың негiздiлiгi мен уақтылығын, сақтандыру төлемдерiнде сақтанушыларға бас тартудың негiздiлiгiн, сонымен қатар сақтанушылардың шағымдары бойынша сотта қаралған iстiң талдауын тексеру;
      8) сақтандыру резервтерiнiң бухгалтерлiк есепте көрiнуiнiң дұрыстығын және маңыздылығының жоспарланған деңгейiнен төмен емес тексерiлетiн кезең iшiнде Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес оларды орналастырудың шынайылығын тексеру;
      9) қайта сақтандыру операцияларын жүзеге асырудың дұрыстығын тексеру;
      10) жеке сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша мiндеттемелердiң ең жоғары көлемi туралы талаптарды сақтау;
      11) сақтандыру, ортақ сақтандыру және қайта сақтандыру операцияларын есепке алуды жүзеге асырудың дұрыстығын тексеру;
      12) сақтандыру ұйымының iшкi аудитiнiң (бақылауының) тиiмдiлiгiн, сақтандыру ұйымының ақпараттық жүйелерiнiң тиiмдiлiгiн, оның iшiнде сақтандыру ұйымының автоматтандырылған ақпарат жүйесiне қосалқы бухгалтерлiк есептi және Бас бухгалтерлiк кiтапты енгiзудi бағалау;
      13) бухгалтерлiк баланстың барлық шоттарын, оның iшiнде:
      бастапқы бухгалтерлiк құжаттардың болуы;
      жасалған қаржы және шаруашылық операцияларының есеп пен есеп беруде уақтылы, толық және дәл көрiнуi;
      бекiтiлген есеп саясатына, сонымен қатар сақтандыру ұйымының iшкi құжаттарына сәйкес шот бойынша операцияларды жасауды түгендеу;
      14) Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес тартылған заемдардың көлемi мен шарттарын тексеру;
      15) сақтандыру ұйымының кiрiстер мен шығыстар көрiнiсiнiң толықтығы мен анықтығын тексеру;
      16) қаржы тұрақтылығының және төлем қабiлеттiлiгiнiң нормативтерiн анықтаудың дұрыстығын тексеру;
      17) шартты және мүмкiн талаптар мен мiндеттемелер бойынша, сонымен қатар баланстан тыс шоттар бойынша есеп жүргiзудiң негiздiлiгi мен анықтығын тексеру;
      18) салық төлемдерiн есептеудiң толықтығы мен дұрыстығын тексеру.
      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн қолданысқа енедi.
      4. Стратегия және талдау департаментi (Еденбаев Е.С.):
      1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгiнiң мүдделi бөлiмшелерiне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, жинақтаушы зейнетақы қорларына, Қазақстан Қаржыгерлерiнiң қауымдастығына және Қазақстанның Аудиторлар палатасына жiберсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгiнiң қызметiн қамтамасыз ету департаментi (Несiпбаев Р.Р.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының ресми баспасөз басылымдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгi Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсiн.

       Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады