1615 нөмірімен тіркелген "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын әскери бөлімдері, мекемелері, кәсіпорындары мен ұйымдарының жекелеген санаттағы азаматтық персоналдарының жыл сайынғы төленетін еңбек демалысының ұзақтығы туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2001 жылғы 11 маусымдағы N 155 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің 2004 жылғы 11 маусымдағы N 283 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 19 тамызда тіркелді. Тіркеу N 3023. Күші жойылды - ҚР Қорғаныс министрінің 2007.02.24. N 91 бұйрығымен.

  ------------- Бұйрықтан үзінді ------------

 

      "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан  Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңы 27-бабының 5-тармағына сәйкес бұйырамын:
      "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын әскери бөлімдерінің, мекемелерінің, кәсіпорындары мен ұйымдарының жекелеген санаттағы азаматтық персоналдарының жыл сайынғы төленетін еңбек демалысының ұзақтығы туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2004 жылғы 11 маусымдағы N 283 бұйрығының (Мемлекеттік тіркеудің тізілімінде N 3023 нөмірмен, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2004 ж., N  45-48, 1052-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      ...
         ___________________________________________

      "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 10 желтоқсандағы  Заңының  4-бабына сәйкес бұйырамын:
     1. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын әскери бөлімдері, мекемелері, кәсіпорындары мен ұйымдарының жекелеген санаттағы азаматтық персоналдарының жыл сайынғы төленетін еңбек демалысының ұзақтығы туралы" (Қазақстан Республикасының орталық атқару және басқа мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер N 29 бюллетенінде 2001 жылдың 6 тамызында 1615 нөмірімен тіркелген) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2001 жылғы 11 маусымдағы N 155  бұйрығына  мынадай өзгеріс енгізілсін:
     Жауынгерлік даярлықты және Қорғаныс министрлігі үшін басқа да ерекшелікті жұмыстарды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындағаны үшін жыл сайынғы төленетін демалыс беруге арналған, жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қорғаныс министрлігі әскери бөлімдерінің, әскери оқу орындарының, кәсіпорындары мен ұйымдарының азаматтық персоналдары лауазымдары тізбесінің 28-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "Меңгеруші (басшы, бастық); меңгерушінің (басшының, бастықтың) орынбасары, аға көмекшісі, көмекшісі".
     2. "Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2001 жылдың 6 тамызында 1615 нөмірімен тіркелген "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын әскери бөлімдерінің, мекемелерінің, кәсіпорындары мен ұйымдарының жекелеген санаттағы азаматтық персоналдарының жыл сайынғы төленетін еңбек демалысының ұзақтығы туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2001 жылғы 11 маусымдағы N 155 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2003 жылғы 1 қазандағы N 325 бұйрығының күші жойылсын.
     3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енгізілсін.
     4. Бұйрық жекелеген әскери бөлімге таратылсын.

      Қазақстан Республикасының
     Қорғаныс министрі
     армия генералы

     "Келісілді"

     Қазақстан Республикасының
     Еңбек және халықты
     әлеуметтік қорғау министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады