Тіркелген N 2647, "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі міндетін атқарушының 2003 жылғы 29 желтоқсандағы N 201 бұйрығына N 6 толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2004 жылғы 2 тамыздағы N 114 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 19 тамызда тіркелді. Тіркеу N 3024. Күші жойылды - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2005 жылғы 2 маусымдағы N 75 Бұйрығымен

-----------Бұйрықтан үзінді----------

      "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 27 бабына жәнe Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1362 "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту туралы" қаулысының қабылдануына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту бойынша бұйрықтардың күшi жойылды деп танылсын.
      2. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қатынастарға әрекет етедi.

      Министр

Қазақстан Республикасы   
Экономика және бюджеттік  
жоспарлау Министрлігінің  
      2005 жылғы 2 маусымдағы  
N 75 бұйрығына қосымша  

Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасын
бекiту бойынша бұйрық тізбесі

      58. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2004 жылғы 2 тамыздағы N 114 (тіркелген N 3024) "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі міндетін атқарушының 2003 жылғы 29 желтоқсандағы N 201 "Бірыңғай бюджеттік сыныптаманы бекіту туралы, тіркелген N 2647" бұйрығына N 6 толықтыру енгізу туралы" бұйрығы...
-------------------------------------

      Бұйырамын:
      1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы", Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі міндетін атқарушының 2003 жылғы 29 желтоқсандағы N 201  бұйрығына  (Қазақстан Республикасының құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген N 2647 оған Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің енгізілген өзгерістер мен толықтырулары 2004 жылғы 3 сәуірдегі  N 54  - тіркелген N 2806; 2004 жылғы 25 мамардағы  N 77  - тіркелген N 2884) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
      бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
      13 "Өзге де" функционалдық тобында 9 "Өзге де" кіші функциясында 272 "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын экономика, шағын және орта бизнесті қолдау, мемлекеттік сатып алу атқарушы органы" бағдарлама әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы 9 бағдарламамен толықтырылсын:
      "9 Жергілікті деңгейде Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық стратегиясын бекіту".
      2. Бюджеттік процесс әдіснамасы және функционалдық талдау департаменті (Д.М.Шәженова) Заң басқармасымен (М.Д.Әйтенов) бірге осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық ол Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

       Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады