Радиоқызметтер үшін радиожиіліктер жолағын тарату, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында барлық мақсаттағы радиоэлектронды құралдарға радиожиіліктер (радиожиілік арналарын) бөлу және меншіктеу ережесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 15 шілдедегі N 146-б, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің 2004 жылғы 30 шілдедегі N 413 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 27 тамызда тіркелді. Тіркеу 3042

      Радиоқызметтер үшін радиожиіліктер жолағын тарату рәсімдерін ретке келтіру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында барлық мақсаттағы радиоэлектронды құралдарға радиожиіліктер (радиожиілік арналарын) бөлу және меншіктеу мақсатында бұйырамыз:
      1. Қоса беріліп отырған Радиоқызметтер үшін радиожиіліктер жолағын тарату, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында барлық мақсаттағы радиоэлектронды құралдарға радиожиіліктер (радиожиілік арналарын) бөлу және меншіктеу ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге енгізсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Бірінші қорғаныс вице-министрі Б.К.Дарбековке және Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің төрағасының орынбасары А.К.Жұмағалиевке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ақпараттандыру және байланыс
      жөніндегі агенттігінің Төрағасы
 

             Қазақстан Республикасының
      Қорғаныс министрі
 

       "Радиоқызметтер үшін радиожиіліктер   
жолағын тарату, сондай-ақ Қазақстан   
Республикасының аумағында барлық    
мақсаттағы радиоэлектронды құралдарға 
радиожиіліктер (радиожиілік арналарын) 
бөлу және меншіктеу ережесін бекіту  
туралы" Қазақстан Республикасының   
Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі 
агенттігі 2004 жылғы 15 шілдедегі   
N 146 бұйрығымен          
Қазақстан Республикасы Қорғаныс    
министрінің 2004 жылғы 30 шілдедегі 
N 413 бұйрығымен бекітілген    

Радиоқызметтер үшін радиожиіліктер жолағын тарату,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында барлық мақсаттағы радиоэлектронды құралдарға радиожиіліктер (радиожиілік арналарын) бөлу және меншіктеу ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Радиоқызметтер үшін радиожиіліктер жолағын тарату, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында барлық мақсаттағы радиоэлектронды құралдарға (бұдан әрі - РЭҚ) радиожиіліктер (радиожиілік арналар) бөлу және меншіктеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Ереже:
      1) радиожиіліктер жолағын тарату шарттарын;
      2) барлық мақсаттағы радиоэлектронды құралдар үшін радиожиіліктер (радиожиілік арналарын) меншіктеуді келісу және халықаралық үйлестіру рәсімдерін;
      3) радиожиіліктер (радиожиілік арналарын) бөлуге және меншіктеуге өтінімдер тапсыру, радиожиілік спектрін (бұдан әрі - РЖС) пайдалануға және РЭҚ қолдануға рұқсаттар беру, жиіліктер, радиожиіліктер (радиожиілік арналарын) меншіктеуді есепке қою рәсімдерін белгілейді.

      3. Негізгі түсініктер:
      Осы Ережеде мынадай негізгі түсініктер пайдаланылады:
      1) жоғарғы жиілікті құрылғылар - радиобайланыс саласында қолдануды қоспағанда өнеркәсіптік, ғылыми, медициналық және басқа мақсаттарда радиожиілікті энергияны өндіруге және жергілікті пайдалануға арналған жабдық және (немесе) аспаптар;
      2) өтініш берушілер - шетелдіктерді қоса алғанда, байланыс қызметтерін ұсынуға лицензия мен РЖС пайдалануға және/немесе РЭҚ қолдануға рұқсат алуға өтінім берген жеке және заңды тұлғалар;
      3) РЖС пайдалану - радиобайланыс қызметтерін және өзге де заңнамада тыйым салынбаған мақсаттар үшін РЖС пайдалану рұқсатына иелік ету және/немесе меншіктелген радиожиіліктерде (радиожиілік арналарында) таратқыш (қабылдағыш) РЭҚ сәуле шығаруға (қабылдауға) арналған жұмысы;
      4) радиожиілікті органдар - Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Ережеге сәйкес барлық мақсаттағы РЭҚ қолдануды және РЖС пайдалануды реттеуді жүзеге асырушы Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі (бұдан әрі - байланыс саласындағы уәкілетті орган) және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі (бұдан әрі - қорғаныс саласындағы уәкілетті орган);
      5) үкіметтік санаттағы радиожиіліктер жолағы - радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) пайдаланудың басымдық құқығымен үкіметтік мақсаттағы (бұдан әрі - "ҮК") РЭҚ пайдаланатын радиожиіліктер жолағы;
      6) азаматтық санаттағы радиожиіліктер жолағы - радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) пайдаланудың басымдық құқығымен азаматтық мақсаттағы РЭҚ пайдаланатын радиожиіліктер жолағы (бұдан әрі - "АЗ");
      7) бірігіп пайдаланатын санаттағы радиожиіліктер жолағы - радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) пайдалану құқығын үкіметтік және азаматтық мақсаттағы РЭҚ тең құқықпен пайдаланатын радиожиіліктер жолағы (бұдан әрі - "БП");
      8) пайдаланушы - жиіліктер жолағы және РЖС (радиожиілік арналары) пайдалануға берілген (тағайындалған) жеке және заңды тұлғалар;
      9) радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) меншіктеу - Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Ережеде белгіленген шарттар сақталғанда құзыретті органдар нақты РЭҚ радиожиіліктер (радиожиілік арналарын) пайдалануға жеке және заңды тұлғаларға беретін рұқсат;
      10) жиіліктер жолағын тарату - Қазақстан Республикасының Радиоқызметтері арасында 3 кГц-тен 400 ГГц дейін радиожиіліктер жолағын тарату кестесінде (бұдан әрі - Кесте) бір немесе бірнеше радиоқызметтердің оны қолдануы мақсатында жиіліктің белгілі бір жолағын жазу;
      11) радиобөгеуіл - радиобайланыс жүйесінде қабылдаудың сапасын нашарлататын, ақпараттың қателігіне және жоғалуына әкеп соғатын бір немесе бірнеше сәуле шығарулар, соның ішінде радиация немесе индукция, туғызатын электр магниттік энергияның әсері;
      12) РЖС пайдалануға рұқсат - байланыс қызметтерін ұсыну үшін лицензия иесіне және ішкіөндірістік қызметті жүзеге асыру үшін РЖС көзделген жеке (заңды) тұлғаға жиілік белдеулері, радиожиіліктерін (радиожиілік арналарын) меншіктеуі негізіндегі байланыс саласындағы уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының әскери басқармасының орталық атқару органымен берілген құжат;
      13) Халықаралық электр байланыс одағының Радиобайланыс регламенті - барлық Аудандарда РЖС пайдалануды және РЭҚ қолдануды регламенттеуші халықаралық құжат. Халықаралық электр байланыс одағының Радиобайланыс регламентіне (бұдан әрі - ХЭО РР) сәйкес әлем үш Ауданға бөлінген. Қазақстан Республикасы 1 Ауданға жатады;
      14) радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу туралы Радиожиіліктер жөніндегі комиссияның шешімі - азаматтық мақсаттағы РЭҚ стандарттары мен жаңа технологияларды ендіру үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық мақсаттағы РЭҚ әзірлеу (жаңғырту) және өндіру үшін радиожиіліктерді (радиожиілікті арналарын) пайдаланудың дұрыстығы туралы шешім;
      15) РЭҚ - радиотолқындарды таратуға және (немесе) қабылдауға арналған бір немесе бірнеше радиотаратушы және (немесе) радиоқабылдаушы құрылғылардан, қосалқы жабдықтардан тұратын радиоэлектронды құрал;
      16) азаматтық мақсаттағы РЭҚ - экономиканың түрлі саласында немесе байланыс қызметтеріне азаматтардың сұранымдарын қанағаттандыру үшін жеке және заңды тұлғалар пайдаланатын РЭҚ;
      17) үкіметтік мақсаттағы РЭҚ - Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі, "Қазаэронавигация" республикалық мемлекеттік кәсіпорны, Қазақстан Республикасының Экономикалық және жемқорлық қылмыспен күрес жөніндегі агенттігі (қаржылық полиция) пайдаланатын РЭҚ;
      18) орталықтандырылған (орталықтандырылмаған) радиожиілік (радиожиілік арналарын) меншіктеу - заңнамада белгіленген тәртіппен құзыретті органдар РЭҚ үшін радиожиілік (радиожиілік арналарын) меншіктеу тәртібін белгілейтін рәсімдер;
      19) электр магниттік сыйысушылық - қолдану жағдайларында талап етілетін сапамен бірнеше РЭҚ бір мезгілде жұмыс істеу және басқа РЭҚ-қа бөгеуіл жасамау қабілеттілігі.

2. Радиожиліктік органдардың РЖС-ді реттеуі

      4. Кестеге сәйкес таратылған радиожиіліктер жолағын одан да тиімді пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы РЭҚ үшін радиожиіліктер (радиожиілік арналарын) меншіктеу мерзімін қысқарту мақсатында құзыретті органдар азаматтық мақсаттағы РЭҚ үшін "БП" және "ПР" санаттағы радиожиіліктер жолағын таратудың аумақтық жоспарларын бірлесіп әзірлей алады. Одан әрі байланыс саласындағы уәкілетті орган қорғаныс саласындағы уәкілетті органмен қосымша келісусіз бекітілген аумақтық жоспарлар негізінде Қазақстан Республикасының белгілі бір аумағында "БП" санаттағы жолақтарда азаматтық мақсаттағы РЭҚ үшін радиожиіліктер (радиожиілік арналарын) меншіктеуді жүргізеді.
      Радиожиіліктер (радиожиілік арналарын) меншіктеудің аумақтық жоспарлары қажет болған жағдайда, РЖС пайдаланудың өзгерген шарттарын ескере отырып дүркін-дүркін түзетілуі және нақтылануы мүмкін. Радиожиіліктер (радиожиілік арналарын) меншіктеудің аумақтық жоспарларына өзгерістер мен нақтылаулар қорғаныс саласындағы уәкілетті органның келісімімен енгізіледі.
 

      5. Байланыс саласындағы уәкілетті орган азаматтық мақсаттағы РЭҚ үшін орталықтандырылған және орталықтандырылмаған радиожиіліктер (радиожиілік арналарын) меншіктеуді жүзеге асырады, қорғаныс саласындағы уәкілетті органмен және "Қазаэронавигация" РМК (әуе және ғарыштық радиоқызметтер үшін) келісуді жүргізеді, Халықаралық келісімдермен және/немесе ХЭО мұндай рәсім белгіленген азаматтық мақсаттағы РЭҚ үшін радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) ХЭО тіркеу және халықаралық үйлестіру жөніндегі жұмысты жүргізуді қамтамасыз етеді.
      Радиожиіліктер (радиожиілікті арналар) меншіктеу рәсімін жүргізгеннен кейін байланыс саласындағы уәкілетті орган заңнамада белгіленген тәртіппен азаматтық мақсаттағы РЭҚ қолдануға және РЖС пайдалануға рұқсаттар береді.
      Байланыс саласындағы уәкілетті орган "АЗ" санаттағы радиожиіліктер жолағында ("БП" және "ҮК" санаттарында - тек қорғаныс саласындағы уәкілетті органмен келісілгеннен кейін) елшіліктердің, шет елдік мемлекеттердің ресми өкілдіктерінің азаматтық мақсаттағы РЭҚ үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасында шетелдік үкіметтік делегациялардың болуын қамтамасыз етуге арналған азаматтық мақсаттағы РЭҚ үшін радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) меншіктеуді жүзеге асырады. Көрсетілген жағдайларда азаматтық мақсаттағы РЭҚ үшін РЖС пайдалануға рұқсат Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі арқылы беріледі. "АЗ" санаттағы радиожиіліктер жолағында ("БП" және "ҮК" санаттарында - тек қорғаныс саласындағы уәкілетті органмен келісілгеннен кейін) уәкілетті орган жеке және заңды тұлғаларға, соның ішінде шетелдіктерге көрмелер, жәрмеңкелер, спорттық жарыстар, азаматтық мақсаттағы РЭҚ сынақтарын, жүргізу-сынау, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік жұмыстар және т.б. жүргізу кезеңіне РЖС пайдалануға уақытша рұқсаттар береді. Уақытша рұқсаттар алты айға дейінгі мерзімге беріледі.
 

      6. Қорғаныс саласындағы уәкілетті орган қорғаныс саласындағы уәкілетті органның радиожиілікті қамтамасыз етуіне жататын мемлекеттік органдар пайдаланатын үкіметтік мақсаттағы РЭҚ үшін радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) меншіктеуді жүзеге асырады. Қорғаныс саласындағы уәкілетті органның радиожиілікті қамтамасыз етуіне жататын мемлекеттік органдардың тізбесін Радиожиіліктер жөніндегі комиссия белгілейді.
 

      7. Радиожиіліктік органдар мыналарды қамтамасыз етеді:
      1) осы Ережені, сондай-ақ РЖС пайдалануды реттейтін басқа да нормативтік құқықтық кесімдерді ескере отырып, РЭҚ үшін радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) меншіктеуге өтініш берушілердің өтініштерін қарауды;
      2) түрлі мақсаттағы РЭҚ үшін радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) меншіктеуді немесе сұралып отырған радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) пайдалануға негізді бас тартуларды ұсынуды;
      3) түрлі мақсаттағы РЭҚ үшін радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) меншіктеуді есепке алуды жүргізуді;
      4) түрлі мақсаттағы РЭҚ (ЖЖҚ) үшін радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) меншіктеу мәселелерін шешу кезінде мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды;
      5) оңтайлы және тиімді пайдалану есебінен РЖС сұранымды барынша қанағаттандыруға қолдау көрсетуді;
      6) пайдаланушылардың меншіктелген радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) пайдаланудың белгіленген шарттарын, Радиожиіліктер жөніндегі комиссия шешімдерін, осы Ережені және РЖС пайдалануды және РЭҚ қолдануды реттейтін басқа да нормативтік құқықтық кесімдерді сақтауына бақылау жасауды;
      7) ХЭО РР, Кестеге сәйкес және телекоммуникацияларды дамытудың халықаралық тәжірибесі мен үрдісін ескере отырып, Қазақстан Республикасында радиобайланыстың жаңа технологияларын ендіруді;
      8) пайдаланушыларды түрлі мақсаттағы РЭҚ қолдануға уақытша тыйым салынғаны туралы уақтылы хабарландыруды және оның орындалуын бақылауды жүзеге асыруды;
      9) түрлі мақсаттағы РЭҚ радиобөгеуіл көздерін анықтау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды және жүргізуді және өзінің құзыреті шегінде оларды жою жөнінде қажетті шаралар қабылдауды;
      10) түрлі мақсаттағы РЭҚ электр магниттік сыйысушылығына (бұдан әрі - ЭМС) әсер етуші РЭҚ техникалық параметрлерін тексеруді.
      Үкіметтік мақсаттағы РЭҚ техникалық параметрлерін тексеру   мемлекеттік құпиялар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтаумен жүргізілуі тиіс.

      8. Өздерінің өкілеттіктері шегінде радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) меншіктеуді жүзеге асырушы радиожиілікті органдар мыналарға құқылы:
      1) РЭҚ әзірлеушілер (өндірушілер) мен пайдаланушылардан (өтініш берушілерден) басқа РЭҚ-пен ЭМС бағалау, жиілікті-аумақтық тарату (бұдан әрі - ЖАТ) нормалары үшін қажетті РЭҚ туралы ақпарат сұрауға және осының негізінде бұл РЭҚ үшін сұралып отырған радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) меншіктеу мүмкіндігін анықтауға. РЭҚ әзірлеушілері (өндірушілері) мен пайдаланушылары (өтініш берушілері) көрсетілген ақпаратты құзыретті органдарға тапсырады;
      2) техникалық мәжілістер өткізуге және РЖС пайдалану жөніндегі мәселелерді шешу мақсатында ғылыми-зерттеу (жобалау) ұйымдарының мамандарын тартуға. Мәжілістерге пайдаланушылардың (өтініш берушілердің) өкілдері шақырылуы мүмкін;
      3) нақты бір аймақта РЭҚ қолдануды жоспарлап отырған өтініш берушіге РЭҚ арасында ЭМС бағалау, ЖАТ нормаларын әзірлеу үшін қажетті зерттеулер мен сынақтар жүргізу және осының негізінде радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) меншіктеу мүмкіндігін анықтау жөнінде ұсынымдар енгізуге;
      4) белгіленген стандарттарға және техникалық нормаларға сәйкес келмеген, азаматтарға, қоршаған ортаға қауіпі төнген жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аса маңызды жұмыстарды және шараларды жүзеге асыру кезінде РЭҚ және ЖЖҚ пайдалануын тоқтата тұру.

3. Қазақстан Республикасының радиоқызметтері
үшін РЖС жолағын тарату, түрлі мақсаттағы РЭҚ
үшін радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу
және меншіктеу шарттары

      9. Радиожиіліктерді тарату радиожиіліктер ауқымы 3 кГц-тен 400 ГГц дейінгі жерүстілік, әуе, теңіздегі және ғарыштық радиоқызметтеріне таратылатын, радиожиіліктер жолағына бөлінетін Кестеге сәйкес жүзеге асырылады.
      Радиожиіліктер жөніндегі комиссия ХЭО РР сәйкес қажетіне қарай Кестеге өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, оларды Қазақстан Республикасының Үкіметі бес жылда бір рет бекітеді.
 

      10. Қазақстан Республикасының аумағында РЭҚ жаңа технологиялары мен стандарттарын енгізу, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы РЭҚ әзірлеу (жаңғырту) және өндіру енгізу үшін радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу Радиожиіліктер жөніндегі комиссияның шешіміне сәйкес жүзеге асырылады.

      11. Қазақстан Республикасының аумағында РЭҚ жаңа технологиялары мен стандарттарын енгізу, сондай-ақ РЭҚ әзірлеу (жаңғырту) және өндіру үшін радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлуге өтінім белгіленген нысанда ресімделген өтініш пен қосымшаларды қамтуы тиіс. Өтініш беруші ұсынатын құжаттардың нысаны мен тізбесін байланыс саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
      Түрлі мақсаттағы РЭҚ үшін радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) меншіктеу кезінде мыналар ескеріледі:
      1) РЖС жүктемесінің толықтығы, бос радиожиіліктердің (радиожиілік арналарын) болуы және РЭҚ пайдалану жоспарланып отырған нақты елді мекендегі (аймақтағы) қалыптасқан электр магниттік жағдай;
      2) шектес мемлекеттердің үйлестіруге арналған өтінімдері бойынша жасалған және/немесе ХЭО Халықаралық Анықтамалық Тіркеліміне енгізілген түрлі мақсаттағы РЭҚ үшін радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) меншіктеу және оларды қолданыстағы РЭҚ пайдалануы;
      3) ХЭО РР белгілеген жағдайларда шектес мемлекеттермен радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) меншіктеуді халықаралық үйлестіру қажеттілігі;
      4) құзыретті органдар белгілейтін РЖС және РЭҚ пайдаланудың ЖАҚ нормалары, шарттары мен шектеулері.

      12. Түрлі мақсаттағы РЭҚ үшін радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) меншіктеу орталықтандырылған немесе орталықтандырылмаған түрде жүзеге асырылады.
      Азаматтық мақсаттағы РЭҚ үшін радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) орталықтандырылған түрде меншіктеу мына жағдайларда жүзеге асырылады:
      1) РЭҚ іс-қимыл аймағы Қазақстан Республикасының бірнеше облыстары аумағын қамтитын жағдайда;
      2) халықаралық үйлестіру қажеттілігі;
      3) РЭҚ жұмысы жалпы мемлекеттік маңызға ие болғанда.
      РЭҚ іс-қимыл аймағы бір облыс аумағымен шектелгенде, азаматтық мақсаттағы РЭҚ үшін радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) орталықтандырылмаған түрде меншіктеу жүзеге асырылады.

      13. Радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) меншіктеу орталықтандырылған немесе орталықтандырылмаған түрде жүзеге асырылатын азаматтық мақсаттағы РЭҚ Тізбесін, сондай-ақ нақты жиіліктер жолағында радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) меншіктеу рәсімін құзыретті органдар белгілейді.
      Үкіметтік мақсаттағы РЭҚ үшін радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) меншіктеу тәртібін қорғаныс саласындағы уәкілетті орган белгілейді.

      14. Радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) меншіктеу рәсімі ресімдеудің толықтығына және дұрыстығына ұсынылған өтінім сараптамасына, келісу жүргізуге, және қажет болған жағдайда халықаралық үйлестіруге негізделеді.

      15. Радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) меншіктеу берілген ауданның үйлестіру аймағы шегінде орналасқан қатар қолданылған жиіліктер жолағында ЖАТ нормаларын қолданумен жұмыс істейтін түрлі мақсаттағы РЭҚ ЭМС есептесулері негізінде жүргізіледі.
      Азаматтық мақсаттағы РЭҚ арасында ЖАТ нормаларын және ЭМС есеп айырысуы әдісін әзірлеуді өтініш берушілер қамтамасыз етеді. Азаматтық және үкіметтік мақсаттағы РЭҚ арасында ЖАТ нормаларын және ЭМС есеп айырысуы әдістемесін әзірлеу үшін қорғаныс саласындағы уәкілетті органның ғылыми-зерттеу (жобалау) ұйымдары тартылуы мүмкін.

      16. Байланыс саласындағы уәкілетті орган азаматтық мақсаттағы РЭҚ үшін радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) меншіктеуді өтініш берген күннен бастап алпыс күн ішінде жүргізеді. Өтініш берушіге азаматтық қолданыстағы РЭҚ үшін РЖС пайдалануға рұқсаттың берілмейтіні туралы байланыс саласындағы уәкілетті орган "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бас тартады.
      Қорғаныс саласындағы уәкілетті органмен және басқа негізгі пайдаланушылармен үйлестіру немесе шектес мемлекеттермен (Қазақстан Республикасының шекаралық аймақтарында) халықаралық үйлестіру жүргізген жағдайда, ХЭО РР сәйкес радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) меншіктеу рәсімінің мерзімі бір айдан артық емес уақытқа ұзартылуы мүмкін, бұл туралы өтініш беруші алдын ала жазбаша нысанда хабарландырылуы тиіс.
      Қорғаныс саласындағы уәкілетті орган үкіметтік мақсаттағы РЭҚ үшін радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) меншіктеуді өтініш берген күннен бастап бір айлық мерзімде жүргізеді.

      17. Жер үстілік радиоқызметтердің азаматтық мақсаттағы РЭҚ үшін радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) меншіктеуі аумақтық белгісі бойынша жүргізіледі.

      18. Әрбір РЭҚ үлгісі үшін ЖАТ нормаларын мұндай жұмыстарды жүргізуге құқығы бар ғылыми-зерттеу (жобалау) ұйымдары әзірлейді және оларды Радиожиіліктер жөніндегі комиссия бекіткеннен кейін кез келген пайдаланушы қолдана алады. Қажет болуына қарай ЖАТ нормалары РЭҚ техникалық параметрлерінің өзгерісін ескере отырып, түзетіледі. Бекітілген ЖАТ нормаларының сақталуын бақылауды құзыретті органдар жүзеге асырады.

      19. Азаматтық мақсаттағы РЭҚ пайдалану үшін пайдаланушылар арасында РЖС бөлу мынадай тәсілмен жүзеге асырылады:
      1) радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) меншіктеуге белгіленген тәртіппен бірінші болып өтінім тапсырған өтініш беруші басымдық құқығымен пайдаланады. Одан кейінгі барлық өтініш берушілер, егер қолданыстағы РЭҚ пайдаланбайтын немесе радиожиіліктер (радиожиілік арналарын) меншіктелген РЭҚ пайдалануға жоспарланғаннан басқа бос радиожиіліктер (радиожиілікті арналар) болса ғана рұқсат алуы мүмкін;
      2) РЖС пайдаланушылар арасында аукцион өткізу жолымен бөліне алады. Конкурсты немесе аукционды ұйымдастыруды және өткізуді Радиожиіліктер жөніндегі комиссияның шешімдеріне сүйене отырып, байланыс саласындағы уәкілетті орган жүргізеді. Аукционның жеңімпаздары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) пайдалану құқығына ие болады.

      20. Түрлі мақсаттағы РЭҚ үшін радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) меншіктеуді жүзеге асыру үшін "ҮК", "АЗ", "БП" санаттарына жатқызылған жолақтарда радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) келістірудің мынадай тәртібі мен шарттары көзделген.
      "ҮК" санаттағы радиожиілік жолағында үкіметтік мақсаттағы РЭҚ радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) пайдаланудың басым құқығын пайдаланады. Көрсетілген жолақтарда үкіметтік мақсаттағы РЭҚ үшін радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) меншіктеуді қорғаныс саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады. Азаматтық мақсаттағы РЭҚ үшін бұл жолақтардағы радиожиіліктерді пайдалану тәртібін
радиожиіліктер жөніндегі комиссия белгілейді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен бекітіледі. Бұл шешімдерге сәйкес байланыс саласындағы уәкілетті орган көрсетілген белдеулерде азаматтық мақсаттағы нақты РЭҚ-қа радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) меншіктеуді жүзеге асырады.
      "АЗ" санаттағы радиожиілік жолағында азаматтық мақсаттағы РЭҚ радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) пайдаланудың басым құқығын пайдаланады. Бұл жолақтарда азаматтық мақсаттағы РЭҚ үшін Радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) меншіктеуді қорғаныс саласындағы уәкілетті органның келісімінсіз байланыс саласындағы уәкілетті орган жүргізеді. Үкіметтік мақсаттағы РЭҚ үшін бұл жолақтардағы радиожиіліктерді пайдалану тәртібін Радиожиіліктер жөніндегі комиссия белгілейді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен бекітіледі. Бұл шешімге сәйкес қорғаныс саласындағы уәкілетті орган үкіметтік мақсаттағы нақты РЭҚ-қа радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) меншіктеуді жүзеге асырады.
      "БП" санаттағы радиожиілік жолағында үкіметтік және азаматтық мақсаттағы РЭҚ радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) пайдаланудың тең құқығын пайдаланады. Азаматтық мақсаттағы РЭҚ үшін бұл жолақтарда радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) меншіктеуді, Радиожиіліктер жөніндегі комиссия Кестеде белгілеген және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген бұл жиіліктер белдеуін бірлесе пайдалану шарттарында, байланыс саласындағы уәкілетті орган қорғаныс саласындағы уәкілетті органмен келіскеннен кейін жүргізеді.
      Жекелеген жағдайларда, мемлекеттік құпиялар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және радиожиіліктер жолағын аумақтық таратудың келісілген жоспары бар болған жағдайда, сондай-ақ Радиожиіліктер жөніндегі комиссия белгілеген және құзыретті органдар бекіткен басқа жағдайларда, барлық мақсаттағы РЭҚ үшін белгіленген аумақта радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) меншіктеуді қосымша келіссіз құзыретті органдар жүргізеді.

      21. РЭҚ үшін радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) меншіктеу бірінші немесе екінші негізде жүзеге асырылады.
      Екінші негізде радиожиіліктер (радиожиілік арналарын) меншіктеген РЭҚ пайдаланушылары:
      1) бірінші негізде радиожиіліктер (радиожиілік арналарын) меншіктеген немесе меншіктелуі мүмкін РЭҚ қолдануға радиобөгеуіл туғызбауы тиіс;
      2) бірінші негізде радиожиіліктер (радиожиілік арналарын) меншіктеген немесе меншіктелуі мүмкін РЭҚ тарапынан болатын радиобөгеуілдерден қорғануды талап ете алмайды;
      3) екінші негізде радиожиіліктер (радиожиілік арналарын) меншіктеген немесе меншіктелуі мүмкін РЭҚ тарапынан болатын радиобөгеуілдерден қорғауды талап ете алады.

      22. Меншіктелген радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) оны пайдалануға рұқсат берілген пайдаланушының келісімінсіз өзгерту мүмкін емес.
      Азаматтық мақсаттағы РЭҚ үшін меншіктелген радиожиіліктер (радиожиілік арналарын) тек мемлекеттік басқаруды, қорғанысты, ұлттық қауіпсіздікті және құқық қорғауды қамтамасыз ету мүддесінде, сондай-ақ төтенше жағдайларда және апаттарда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзгертілуі мүмкін.

      23. Бұрын радиожиіліктер (радиожиілік арналарын) меншіктеген РЭҚ пайдаланушы өзгерген жағдайда, жаңа пайдаланушы РЖС пайдалануға жаңа рұқсатты заңнамада белгіленген тәртіппен алуы тиіс.
      Егер жаңа заңды тұлға қайта құрылған заңды тұлғаның заңды мұрагері болып табылатын жағдайда, және бұл жағдайда РЭҚ мақсаты, жұмыс істеу шарттары және техникалық параметрлері өзгермеген болса, онда оған түрлі мақсаттағы РЭҚ үшін меншіктелген радиожиіліктер (радиожиілік арналарын) өзгеріссіз және қосымша келісулерсіз қайта ресімделуі мүмкін. Бұл жағдайда РЖС пайдалануға және РЭҚ қолдануға рұқсаттар, сондай-ақ егер бұрындары ол осы заңды тұлғаға қатысты қабылданған болса, Радиожиіліктер жөніндегі Комиссия шешімі жаңа заңды тұлғаға қайта ресімдеуге жатады.
      РЭҚ мақсаты, техникалық параметрлері, орнатылған орны өзгергенде оны пайдаланушы РЖС пайдалануға және РЭҚ қолдануға заңнамада белгіленген тәртіппен жаңа рұқсат алуы тиіс.

      24. Өтініш беруші азаматтық мақсаттағы РЭҚ үшін ғылыми-зерттеу және тәжірибелік жұмыстар жүргізгенде пайдаланатын радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) "АЗ" санаттағы радиожиіліктер жолағында ("БП" және "ҮК" санаттарда тек қорғаныс саласындағы уәкілетті органмен келісілгеннен кейін) алты айдан артық емес мерзімге уақытша меншіктеуді байланыс саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

4. Радиожиіліктер (радиожиілік арналарын)
меншіктеуге өтінім беру тәртібі. Өтініш берушілердің құқықтары мен міндеттері

      25. Өтінімде белгіленген тәртіппен ресімделген өтініш пен қосымша болуы тиіс. Өтініш беруші ұсынатын құжаттардың тізбесін және нысанын тиісті құзыретті орган белгілейді.
      Өтініш берушінің атынан немесе оның тапсырмасы бойынша делдалдық функцияны орындаушы адамдарға өтінім беруге рұқсат етілмейді. Қажетті өтінімдік материалдарды дайындау үшін өтініш берушілер ғылыми-зерттеу (жобалау) немесе консультациялық ұйымдарды тарта алады.
      Өтініш берушілер өтінімдерде ұсынылатын ақпараттың және техникалық деректердің толықтығына және шындығына жауап береді. Қойылған талаптар бұзыла отырып ресімделген өтінімдер қарауға қабылданбайды, және бұл туралы себептері көрсетіле отырып өтініш берушіге хабарланады.

      26. Азаматтық мақсаттағы РЭҚ үшін радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) меншіктеуге өтінімдер екі дана болып РЖС пайдалану орны бойынша байланыс саласындағы уәкілетті органның аумақтық органына жіберіледі.
      Орталықтандырылған меншіктеу жағдайында бір дана аумақтық органда қалады, ал екіншісі байланыс саласындағы уәкілетті органға жіберіледі.

      27. Қолданыстағы радиобайланыс желілерін кеңейту немесе РЭҚ техникалық сипаттамаларын, қолдану шарттарын өзгерту үшін радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) қосымша меншіктеуге өтінімдерді өтініш берушілер бастапқы өтініш берген тәртіппен және нысанда ұсынады.

      28. Өтініш берушілер:
      1) өтінім беруге дейін осы Ереженің және телекоммуникация саласындағы лицензия қызметіне және РЭҚ сертификаттауға қатысты өзге де нормативтік құқықтық кесімдердің талаптарымен танысуға;
      2) құзыретті органдарға басқа РЭҚ-ты ЭМС-пен бағалауға қажетті РЭҚ және ЖАҚ нормалары туралы ақпарат тапсыруға;
      3) радиоэлектрондық құралдарды пайдалануға рұқсаттар ресімдеу үшін радиоэлектронды хабар таратушы құрылғыны осы жерде орналастырудың қауіпсіздігі туралы санитарлық қадағалау қорытындысын ұсынуға;
      4) өтінімдерді қарау кезінде құзыретті органдар сұрайтын қосымша ақпаратты ұсынуға қажет.

      29. Өтініш берушілер:
      1) ұсынылған өтінімді қарау мәселелері жөнінде құзыретті органға өтініш беруге;
      2) радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) меншіктеуге құзыретті органға қайта өтінім беруге;
      3) радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) меншіктеуге және оларды пайдалану шарттарын белгілеуге қатысты мәселелерді шешу үшін құзыретті органдар өткізетін техникалық кеңестерге қатыса алады.

5. РЭҚ үшін радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) меншіктеуді келісу және халықаралық үйлестіру тәртібі

      30. Жоспарланып отырған радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) меншіктеу осы Ереженің 3-бөлімінде көзделген жағдайларда тиісті құзыретті органдармен келісуге жатады. Азаматтық және үкіметтік мақсаттағы РЭҚ үшін радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) меншіктеуді жүзеге асырушы құзыретті органдар келісу тәртібін сақтауға жауапты болып табылады. Келісу рәсімі аяқталғанға дейін радиожиіліктердің (радиожиілік арналарын) іске қосылуы мүмкін емес.

      31. Радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) есепке алу құзыретті органдар арасындағы келісім бойынша жүзеге асырылады. Радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) меншіктеуді есепке алу деректерінде келісу жүргізілгені туралы мәліметтер көрсетілуі тиіс.

      32. Қорғаныс саласындағы уәкілетті органмен азаматтық мақсаттағы РЭҚ үшін радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) келісуді байланыс саласындағы уәкілетті орган ("АЗ" санатындағы жиіліктер жолағын қоспағанда) жүргізеді.

      33. "АЗ" санатындағы жиіліктер жолағында жоспарланып отырған әуе қызметтерінің азаматтық мақсаттағы РЭҚ үшін радиожиіліктерді (санатындағы) меншіктеуді "Қазаэронавигация" РМК келіскеннен кейін, байланыс саласындағы уәкілетті орган белгіленген тәртіппен жүргізеді.
      "ҮК" санатындағы жиіліктер жолағында жоспарланып отырған үкіметтік мақсаттағы РЭҚ үшін радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) меншіктеуді байланыс саласындағы уәкілетті органның келісуінсіз қорғаныс саласындағы уәкілетті орган жүргізеді.
      Қорғаныс саласындағы уәкілетті органмен келіскеннен кейін "ҮК" және "БП" санаттарындағы жиіліктер жолағында жоспарланып отырған азаматтық мақсаттағы РЭҚ үшін радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) меншіктеуді байланыс саласындағы уәкілетті орган жүргізеді және тек әуе радиоқызметтерінің азаматтық мақсаттағы РЭҚ үшін "Қазаэронавигация" РМК қосымша келісу жүргізеді.
      "БП" санатындағы жиіліктер жолағында жоспарланып отырған үкіметтік мақсаттағы РЭҚ үшін радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) меншіктеуді мемлекеттік құпиялар туралы заңнама талаптарына сәйкес қорғаныс саласындағы уәкілетті орган жүргізеді.

      34. Құзыретті органдар он бес күн ішінде оң немесе дәлелді теріс жауабын, не өтінішті қараудың кешігу себептері туралы дәлелді хатын ұсынуы тиіс.
      Егер радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) келісу кезеңінде қосымша зерттеулер немесе сынақтар жүргізу қажеттілігі туындаған жағдайда, келісуге сұраусалуды қарау мерзімі тағы он бес күнге ұзартылады және бұл туралы келісуге материалдарды жіберген құзыретті органға хабарланады.
 

      35. Меншіктелген радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) іске асыру (іске қосу) мерзімін және жүргізілген радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) меншіктеуді пайдалануы мүмкін уақыт аралығын тиісті рұқсатты берген уәкілетті орган белгілейді. Бұрын келісілген радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) меншіктеудің қолданыс мерзімі ұзартылған жағдайда - қайта келісу талап етілмейді.
 

      36. Нақты радиожеліде (радиоторапта) пайдаланатын РЭҚ үшін радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) келісу, егер келісу шарттары өзгерсе (РЭҚ сипаттамалары, қолданылатын антенналар, желіні құру топологиясы және басқа), бір жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаға тиісті басқа түрдегі РЭҚ-қа немесе басқа радиожеліге (радиоторапқа) тарала алмайды.
 

      37. Халықаралық үйлестіру рәсімін жүргізуді талап ететін радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) келісу айтылған үйлестіру жүргізілгенге дейін жүзеге асырылады. Егер үйлестіру кезінде радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) меншіктеуді немесе оларды пайдалану шарттарын өзгерту қажеттілігі туындайтын болса, онда бұл өзгерістер құзыретті органдармен келісуі тиіс.
 

      38. Түрлі мақсаттағы РЭҚ үшін радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) халықаралық үйлестіру рәсімін орындау міндетті, егер:
      1) радиожиіліктердің (радиожиілік арналарын) бұл меншіктеуін пайдалану шекаралас мемлекеттің қандай да бір радиоқызметіне радиобөгеуілдер келтіретін болса;
      2) радиожиіліктер (радиожиілік арналар) халықаралық радиобайланыс үшін жоспарланса;
      3) өтініш беруші радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) пайдалануды халықаралық тануға үміткер болса.
 

      39. Азаматтық мақсаттағы РЭҚ үшін меншіктелген радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) ХЭО Радиобайланыс бюросына тіркеуді және халықаралық үйлестіру рәсімін жүргізу қажеттілігін өтініш беруші ұсынған материалдарды қарау нәтижесі бойынша байланыс саласындағы уәкілетті орган белгілейді. Оны өткізу мерзімі және рәсімі ХЭО РР сәйкес белгіленеді.
      Үкіметтік мақсаттағы РЭҚ үшін меншіктелген радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) ХЭО Радиобайланыс бюросына тіркеуді және халықаралық үйлестіру рәсімін жүргізу қажеттілігін қорғаныс саласындағы уәкілетті орган белгілейді.

6. РЖС (ЖЖҚ) пайдалануға рұқсат беру және радиожиіліктер (радиожиілік арналарын) меншіктеуді есепке алу тәртібі

      40. Азаматтық мақсаттағы РЭҚ үшін РЖС пайдалануға рұқсатты азаматтық мақсаттағы РЭҚ иелері РЖС пайдаланғаны үшін төлем енгізгеннен кейін, "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 12 бабының 6 тармағын ескеріп, байланыс саласындағы уәкілетті орган береді.
 

      41. Үкіметтік мақсаттағы РЭҚ үшін РЖС пайдалануға рұқсат нысанын қорғаныс саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
      Азаматтық мақсаттағы РЭҚ үшін РЖС пайдалануға рұқсат нысанын байланыс саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
 

      42. Азаматтық мақсаттағы РЭҚ үшін РЖС пайдалануға рұқсатты өтінімдерді және қажет болған жағдайларда радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) халықаралық үйлестіруді қарау нәтижелері бойынша байланыс саласындағы уәкілетті орган береді.
 

      43. Теле- және радиохабарларын тарату РЭҚ үшін РЖС пайдалануға рұқсат бұқаралық ақпарат құралдары және баспасөз ісі жөніндегі уәкілетті органмен келісілгеннен кейін беріледі.
 

      44. Меншіктелген радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) пайдалану құқығы басқа жеке және заңды тұлғаларға берілуі мүмкін емес. РЭҚ пайдаланушыларға радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) мерзімсіз меншіктеуге және сатуға рұқсат етілмейді.
 

      45. РЖС пайдалануға рұқсат берілу кезінде РЭҚ иесі мемлекеттің арнайы іс-шаралар жүргізуі немесе төтенше жағдайлар кезінде, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) меншіктеуді пайдалануға уақытша шектеулер (тыйымдар) енгізу құқығы туралы, сондай-ақ бұл шектеулерді енгізу тәртібі туралы ескертілуі тиіс.
 

      46. Азаматтық мақсаттағы РЭҚ қолдануға рұқсатты меншіктелген радиожиіліктерде (радиожиілік арналарын) РЭҚ жұмыс тәртібін және техникалық параметрлерін растайтын қабылдау-тапсыру сынақтарын жүргізгеннен кейін байланыс саласындағы уәкілетті орган береді.
 

      47. Радиожиіліктік органдар олар жасаған радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) меншіктеуді есепке алуды (жиіліктер тізілімі) жүргізеді, РЖС пайдалануға бұрындары берілген рұқсаттарға өзгерістер енгізілген немесе бұл рұқсаттар жойылған жағдайда есептік деректерді түзетуді уақытылы жүргізеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады