Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 439 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында банктердің жұмысын доғару Ережесі туралы" 1996 жылғы 29 ақпандағы N 48 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 240 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 4 қазанда тіркелді. Тіркеу N 3129. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 5 тамыздағы N 177 Қаулысымен

      Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.08.05 N 177 Қаулысымен.

      Екінші деңгейдегі банктердің жұмысын доғару тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында банктердің жұмысын доғару Ережесі туралы" 1996 жылғы 29 ақпандағы N 48 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 439 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" N 16 басылымдарында 1996 жылғы 31 тамызда жарияланған, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 64 тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1997 жылғы 5 желтоқсандағы N 413 қаулысымен және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 714 тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 340 қаулысымен бекітілген өзгерістермен және толықтырулармен) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      атаудағы "Ережесі туралы" деген сөз "Ережесін бекіту туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      кіріспедегі "Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің қаулысын орындауда" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      Көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы банктердің жұмысын доғару туралы Ережеде:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" (бұдан әрі - Банктер туралы заң), "Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасының басқа нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленген және екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі - "банктер") жұмысын доғару шарттарын, негіздерін және тәртібін - қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) шешімі бойынша (мемлекеттік және мемлекетаралық банктерден басқа) банктердің қаржылық жағдайын сауықтыру және жұмыс сапасын жақсарту мақсатында оларға қатысты әкімшілік, құқықтық, қаржылық, ұйымдастыру-техникалық және басқа іс-шаралар мен рәсімдер кешенін күштеп жүзеге асыру тәртібін белгілейді.";

      2-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - Ұлттық Банк)" деген сөздер "уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      Ереженің мәтіні бойынша "Ұлттық Банк", "Ұлттық Банктің", "Ұлттық Банкке" деген сөздер тиісінше "уәкілетті орган", "уәкілетті органның", "уәкілетті органға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Банкті уақытша басқарушы әкімшіліктің (уақытша басқарманың) міндеті өз міндеттемелерін уақтылы және толық орындау үшін банктің қабілеттілігін сақтау немесе қалпына келтіру, жұмыстағы кемшіліктерді және Қазақстан Республикасы заңдары мен банктің ішкі құжаттарының жөнсіздіктерін жою, сонымен қатар банктің қаржылық жағдайын сауықтыру, қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылардың банк ұсынған құқықтары мен заң мүдделерін қорғау және банктегі тәуекелдер мен ішкі бақылауды басқару жүйесін жақсарту мақсатындағы өзге іс-шараларды жүзеге асыру болып табылады.";

      5-тармақтағы:
      "Қиындықты басынан кешкен банктің жұмысы мемлекеттің банк жүйесі мен экономикасы үшін едәуір маңызды болған жағдайда" деген сөздер алынып тасталсын;
      "банктің қалыпты қызметіне қайта оралатын" деген сөздер "өтімділікке" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші абзац алынып тасталсын;

      6-тармақтың 2)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Банктер туралы заңның 48-бабында көзделген негіздер бойынша;";

      7-тармақ алынып тасталсын;

      9-тармақ алынып тасталсын;

      10-тармақ алынып тасталсын;

      11-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "11. Банктің жұмысын доғару туралы уәкілетті органның шешімі Басқарма Қаулысының үлгісінде ресімделеді және ол төмендегілерді қамтуға тиіс:";
      5)-тармақшадағы "(басшысы көрсетілген)" деген сөздер алынып тасталсын;

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "12. Банкке берілген қызметті шектеу тізбесі мыналарды қамтуы мүмкін:
      1) банк филиалдары мен есеп айырысу-кассалық бөлімдерінің құқықтарын тоқтата тұру, оның атынан мәмілелерді дербес жасау;
      2) бұрын жасалған сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту шарттарының немесе банктің иелігінен мүліктерді алу туралы өзге мәмілелердің, заемдарды беру туралы шарттардың және кредит тәуекелі бар қаржыландырудың басқа түрлерінің орындалуын тоқтата тұру;
      3) банк міндеттемелерін, оның ішінде шартты міндеттемелерді орындауды толық немесе ішінара тоқтата тұру.";

      15-тармақта:
      бірінші абзацтағы "немесе Ұлттық Банктің банк орналасқан жердегі облыстық (аумақтық) басқармасына" деген сөздер алынып тасталсын;
      екінші абзацтағы "немесе оның облыстық (аумақтық) басқармасының" деген сөздер алынып тасталсын;
      үшінші абзацта:
      "сондай-ақ банктің басқа да мүліктері мен құжаттарын" деген сөздер "Банктер туралы заңның 56-бабында көзделген" деген сөздермен толықтырылсын;
      "Бұған қоса бірінші кезектегі іс-шаралар санына мына төмендегілер енгізіледі:" деген сөздер алынып тасталсын.
      1)-7)-тармақшалар алынып тасталсын;

      16-тармақ алынып тасталсын;

      18-тармақта:
      1)-тармақшадағы "жұмысын доғару жоспарын" деген сөздер "банк жұмысын доғару кезеңіндегі негізгі іс-шаралардың жоспарын (бұдан әрі - жұмысты доғару жоспары)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3)-тармақшадағы "күшін жоюға" деген сөздер "бұзуға" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 18-1 және 18-2-тармақтармен толықтырылсын:
      "18-1. Жұмысты доғару жоспары мынадай іс-шараларды іске асыруды көздеуі тиіс:
      1) баланспен есептелген банктің барлық активтерін және мүлігін, оның ішінде кепілдік мүлігін түгендеуді және олар жөнінде құқық белгілейтін құжаттарды, баланстық және баланстан тыс шоттардағы нақты қалдықтарды анықтауды жүргізу:
      2) басқарудың оңтайлы құрылымын және банк қызметкерлерінің санын анықтау;
      3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, уәкілетті органға және корреспондент банктерге уақытша әкімшілік (уақытша басқарма) мүшелерінің қойылған қолдарының үлгілері мен банктің мөр бедері бар жаңа құжатты беру;
      4) банктің, оның қызметіне, оның ішінде ерекше қатынастарымен банкпен байланысты тұлғалармен, бұрын жасаған шарттарының мақсатқа лайықтылығын анықтау және банктің мүдделеріне сәйкес келмейтін шарттарды бұзу жөніндегі шараларды қабылдау;
      5) акциялардың жарияланған санын ұлғайту туралы (басқа бағалы қағаздарды шығару туралы) шешімді қабылдау арқылы банкті капиталдандыру жөніндегі шараларды және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында оларды орналастыруды және/немесе бес жылдан астам өтеу мерзімі бар реттелген борышты тартуды жүзеге асыру;
      6) мерзімі өткен несиелік және дебиторлық берешекті өндіріп алу жөніндегі, банктік заем шартының және банк үшін құнды болып табылмайтын басқа активтер талаптарының құқықтарын басқаға беру жөніндегі жұмысты жүргізу, қаржыландырудың кез келген түрін жүзеге асыруды тоқтату, өтімді активтердің көлемін ұлғайту арқылы активтердің сапасын жақсарту;
      7) шығыс операцияларын жүргізуге бақылау белгілеу, тарифтерді, сыйақы ставкаларын, банк операциялары бойынша комиссиялық алымдарды, еңбекақы төлеу шығыстарын, жалпы шаруашылық шығыстары мен аммортизациялық аударымдарды қайта қарау жолымен банктің кірістілігін ұлғайту;
      8) банктегі тәуекелдерді басқару жүйесін бағалау және оны жақсарту жөніндегі шараларды іске асыру.

      18-2. Банкті капиталдандыру жөніндегі шаралардың шеңберінде уақытша әкімшілік (уақытша басқарма) инвесторлармен банк шығарған акцияларды, сондай-ақ осы банктің акцияларына айырбасталатын облигацияларды сатып алуға опциондар жасауға құқылы.
      Банктің акциялары Банктер туралы заңның және Қазақстан Республикасының өзге заңдарының талаптарын есепке ала отырып сатылып алынады.
      Банктің иелігінен мүлікті алу жөніндегі мәмілелер уәкілетті органмен келісілу бойынша жүргізіледі.";

      20-тармақта:
      1)-тармақшадағы "шаруашылықтың басшысына (заңды тұлғаға)" деген сөздер "заңды тұлғаға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5)-тармақшадағы "кешенді" деген сөзден кейін "немесе арнайы (іріктеп)" деген сөздермен толықтырылсын;

      22-тармақта:
      "Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Заң күші бар Жарлығының 20-бабында" деген сөздер "Банктер туралы заңның 20-бабының 3-5-тармақтарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші сөйлем алынып тасталсын;

      23-тармақтағы "(N1 Қосымша)" сөз алынып тасталсын;

      31-тармақта:
      1)-тармақшадағы "Ұлттық Банктің" деген сөздер "уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2)-тармақшадағы ", оның ішінде банкті сауықтыру мүмкіндігін растайтын мәліметтердің күмәнділігі анықталған жағдайда" деген сөздер алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      3. Банктерді қадағалау департаменті (Раева Р.Е.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

      4. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

      Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады