"Мүгедектерді әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері жөніндегі нормативтік-құқықтық актілерді іске асыру шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушы 2002 жылғы 1 тамыздағы N 174-ө бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Еңбекті және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 8 қазандағы N 228-ө бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 28 қазанда тіркелді. Тіркеу N 3174. Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2005 жылғы 5 тамыздағы N 210-ө Бұйрығымен.

       Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2005 жылғы 5 тамыздағы N 210-ө Бұйрығынан үзінді:

      Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40-бабына және "Медициналық-әлеуметтiк сараптама жүргiзу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 20 шiлдедегi N 750 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      ... 2) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiмен келiсiлген "Мүгедектердi әлеуметтiк қамсыздандыру мәселелерi жөнiндегi нормативтiк-құқықтық актiлердi iске асыру шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi мiндетiн атқарушының 2002 жылғы 1 тамыздағы N 174-ө бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау Министрiнiң 2004 жылғы 8 қазандағы N 228-ө бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 3174 тiркелген) күшi жойылған деп танылсын;

      Келісілді:           
Қазақстан Республикасы    
Денсаулық сақтау министрінің  
міндетін атқарушы        

2004 жылдың 8 қазаны      

     "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  21-бабы  3-тармағын іске асыру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН :
     1. "Мүгедектерді әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері жөніндегі нормативтік-құқықтық актілерді іске асыру шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2002 жылғы 1 тамыздағы N 174-ө  бұйрығына  (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1937 тіркелінген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік-құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2002 жыл, N 34, 675-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

     аталған бұйрықпен бекітілген Мүгедектікті куәландырудың, оның себептерін, топтарын және еңбек ету қабілетін жоғалту дәрежесін анықтаудың ережесіне:
     1-тармақта "сәйкес әзірленген" деген сөздердің алдынан "Қазақстан Республикасының Азаматтық  кодексіне , "Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына , "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына " деген сөздермен толықтырылсын;

     2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
     "2. Мүгедектік топтарын, "мүгедек бала" санатын, еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеуді, олардың себептерін, мерзімдерін, басталу уақытын, қосымша көмек түрлеріне, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етілуге мұқтаждығын айқындауды, сондай-ақ мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеуді халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - аумақтық бөлімше) медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі - МӘС) жүргізу жолымен жүзеге асырады.";

     3-тармақта:
     бесінші абзацтағы "және еңбек қызметімен айналысу;" деген сөздер "және/немесе еңбек қызметімен айналысу;" деген сөздермен ауыстырылсын;
     жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
     "мүгедек бала - дене немесе ақыл-ой кемістігі болуы салдарынан тіршілік әрекетінің шектелуіне байланысты әлеуметтік көмекке және қорғауға мұқтаж 16 жасқа дейінгі бала;";
     сегізінші абзацтағы "шектелулерін" деген сөз "шектелуін" деген сөзбен ауыстырылсын;
     тоғызыншы абзацтағы "оңалтудың жеке бағдарламасы" деген сөздердің алдынан "мүгедекті" деген сөзбен толықтырылсын;
     мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
     "біліктілік - қызметкердің кәсіптік даярлығының дәрежесі, онда белгілі бір дәрежедегі күрделі жұмысты орындауға қажетті білімінің, машықтары мен дағдыларының болуы;
     ағза функцияларының бұзылуы - ағза функцияларында немесе құрылымдарында пайда болатын, нормадан әжептәуір ауытқу деп қаралатын проблемалар;
     куәландырылатын адам - оған қатысты оңалту және әлеуметтік қорғау шаралары белгілене отырып, медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізілетін адам;
     жалпы еңбек ету қабілеті - адамның кез келген (біліктілікті қажет етпейтін) жұмысты орындау, қызметтер көрсету қабілеті;
     кәсіптік еңбек ету қабілеті - адамның нақты жағдайларда белгілі бір біліктілік деңгейдегі, көлемдегі және сападағы жұмысты орындау қабілеті;
     кәсіп - арнайы даярлық пен жұмыс тәжірибесі нәтижесінде ие болған арнайы теориялық білімдер мен практикалық дағдылар кешенін меңгерген адамның еңбек қызметінің (кәсібінің) бағыты;
     зардап шегуші - өзінің еңбек (қызмет) міндеттерін атқарумен байланысты жарақат немесе өзге де денсаулық зақымдарын алған адам;
     оңалту әлеуеті - ағзаның бұзылған функцияларының және мүгедектің қабілетін іс жүзінде қалпына келтірудің медициналық, психологиялық және әлеуметтік факторларды талдау негізіндегі мүмкіндіктерінің көрсеткіші;
     оңалту болжамы - оңалту әлеуетінің іске асырылуының болжамды мүмкіндігі және мүгедектің қоғамға кірігуінің мүмкін деңгейі;
     (жалпы) еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі - адамның жоғалтқан еңбек ету қабілетіне пайыздық қатынаспен көрсетілген еңбек қызметін (кез келген біліктілікті қажет етпейтін қызметті) атқару қабілетінен ауытқу шамасы;
     кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі - адамның нақты өндірістік жағдайларда белгілі бір біліктілік деңгейдегі, көлемдегі және сападағы жұмысты орындау қабілетінен ауытқу шамасы;
     ағза функциялары - ағза жүйелерінің физиологиялық (оның ішінде психикалықты қоса) функциялары.";

     3-бөлімнің тақырыбындағы "мүгедектікті, оның себептерін, топтарын және еңбекке қабілетін жоғалту дәрежесін анықтау" деген сөздер алынып тасталсын;

     3-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
     "6. Ағза қызметтері тұрақты бұзылған, тіршілік әрекетінің шектелуіне әкеп соғатын, ағза функцияларының тұрақты бұзылуы бар, оның ішінде аурудың, жарақаттың немесе кемістік салдарынан еңбек ету қабілеті шектелген адамдар, оның ішінде 16 жасқа дейінгі балалар МӘС жіберілуі тиіс.

     7. Денсаулық сақтау мекемесі айғақтамалар болған кезде адамдарды, оның ішінде 16 жасқа дейінгі балаларды қажетті диагностикалық, емдеу және оңалту шаралары жүргізілгеннен кейін, 4 айдан кешіктірмей медициналық-әлеуметтік сараптамаға жібереді.

     8. Медициналық зерттеудің сапасы, адамдарды медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберудің уақытылылығы мен негізділігі үшін жауапкершілік тиісті денсаулық сақтау ұйымының басшысына жүктеледі.

     9. МӘС-ға жолдама тиісінше емес, сапасыз рәсімделген кезде аумақтық бөлімше оны денсаулық сақтау мекемесіне пысықтауға қайтарады.

     10. Адамға медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу тұрғылықты тұратын жеріндегі тиісті денсаулық сақтау мекемесінің жолдамасы бойынша куәландырылатын адам мынадай құжаттарын:
     1) рәсімдеу күнінен бастап 1 айдан кешіктірмей медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдаманы (088у нысаны);
     2) жеке басының куәлігін;
     3) тұратын жері туралы мәліметтерді;
     4) емханалық картаны;
     5) еңбек қызметі туралы мәліметтерді ұсынғанда жүргізіледі.
     Куәландырылатын адам қажет болған жағдайда мынадай құжаттарды ұсынады:
     еңбекке жарамсыздық парағы;
     еңбек (қызмет) міндеттерін атқару кезіндегі жазатайым оқиға немесе адам денсаулығының өзге де зақымдануы туралы Н-1 нысанындағы акті (бұдан әрі - Н-1 нысанындағы акті);
     уәкілетті органның аурудың, жарақаттың немесе мертігудің (жараланудың, контузияның) себебі туралы қорытындысы;
     Ұлттық еңбек гигиенасы мен кәсіптік аурулар орталығының немесе кәсіптік аурулар клиникасының мерзімі 2 жылдан аспаған қорытындысы;
     куәландырылатын адамның міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу фактісін растайтын құжат;
     психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы.

     11. Егер адам денсаулық жағдайына байланысты МӘС-ға келе алмаса, онда оны куәландыру дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы негізінде үйде, стационарда жүргізіледі немесе оның келісімімен немесе ата-анасының, заңды өкілінің, оның ішінде 16 жасқа дейінгі баланың қамқоршысының, қорғаншысының келісімімен ерекше жағдайларда ғана ұсынылған құжаттар негізінде сырттай жүргізіледі.

     12. МӘС ұсынылған құжаттарды (клиникалық-функционалдық, әлеуметтік, кәсіптік және өзге де деректерді) қарау, куәландырылатын адамды тексеру, ағза функцияларының бұзылуы және тіршілік әрекетінің, оның ішінде еңбек ету қабілетінің шектелуі дәрежесін бағалау жолымен аумақтық бөлімше бастығының және кемінде 2 бас маманның қатысуымен алқалы түрде жүргізіледі.

     13. Аумақтық бөлімшелер сараптама қорытындысын медициналық айғақтамалар, негізгі ағза функциялары бұзылушылықтарының және тіршілік әрекетінің шектелуінің жіктемесі негізінде денсаулық жағдайының және тіршілік әрекетінің, оның ішінде еңбек ету қабілетінің шектелуі дәрежесінің кешенді бағаламасына қарай шығарады (1-2 қосымшалар).

     14. Ағза функцияларының бұзылуы және тіршілік әрекетінің, сондай-ақ еңбек ету қабілетінің шектелуі дәрежесіне қарай, мүгедек деп танылған адамға бірінші, екінші немесе үшінші топтағы мүгедектік, ал 16 жасқа дейінгі балаға "мүгедек бала" санаты белгіленеді. Еңбек ету қабілетін жоғалту дәрежесі пайызбен белгіленеді.

     15. Зардап шегушілердің қосымша көмек түрлеріне және арнайы жүріп-тұру құралдарына мұқтаждығы денсаулық сақтау ұйымының дәрігерлік-консультациялық комиссиясының қорытындысы негізінде айқындалады.

     16. Аумақтық бөлімшелер мүгедектіктің мынадай себептерін айқындайды:
     1) жалпы ауру;
     2) еңбек жарақаты;
     3) кәсіби ауру;
     4) бала кезінен мүгедек;
     5) әскери іс-қимылдарға қатысуына байланысты, әскери қызметін өткеру кезінде, әскери қызмет міндеттерін атқару кезінде алған, әскери қызмет міндеттерін атқарумен байланысты емес жазатайым оқиға нәтижесінде жаралану, контузия алу, жарақаттану, мертігу, ауру, егер уәкілетті орган олардың себеп-салдарын анықтаған жағдайда;
     6) төтенше экологиялық жағдайлар, соның ішінде ядролық жарылыстар мен сынақтарды өткізу кезінде радиация әсеріне шалдығу нәтижесінде және/немесе олардың салдарынан алған жарақат, ауру, уәкілетті орган олардың себеп-салдарын анықтаған жағдайда.

     17. Мүгедектік және кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі: 6 айға, 1, 2 жыл мерзімге немесе қайта куәландыру мерзімінсіз болып белгіленеді.
     Жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі: 6 айға, 1, 2 жылға немесе міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушысы жасы бойынша зейнетақы алуға құқық беретін жасқа толғанға дейін белгіленеді.
     16 жасқа дейінгі балаларға "мүгедек бала" санаты бойынша мүгедектік: 6 айға, 1, 2, 5 жыл мерзімге және 16 жасқа толғанға дейін белгіленеді.
     Мүгедектік мерзімі мен еңбек ету қабілетін жоғалту дәрежесі оңалту әлеуетіне сәйкес жеке белгіленеді.

     18. Қайта куәландыру мерзімінсіз мүгедектік:
     1) қалпына келтірілмейтін анатомиялық (6-қосымша);
     2) аумақтық бөлімшелер ағза функцияларында тұрақты, қалпына келтірілмейтін өзгерістер мен бұзылушылықтар болған кезде, жүргізілген оңалту іс-шаралары тиімсіз болғанда аумақтық бөлімшелер бірінші топтағы мүгедекті - кемінде 4 жыл, екінші топтағы мүгедекті - кемінде 6 жыл бақылағаннан кейін, зейнеткерлік жасындағы адамдарға - оңалту болжамы жағымсыз болған кезде белгіленеді.

     19. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының жасы бойынша зейнетақы төлемдерін алуға құқық беретін жасқа толғанға дейін жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі:
     1) қалпына келтірілмейтін анатомиялық кемістіктері бар адамдарға (6-қосымша);
     2) ағза функцияларында тұрақты, қалпына келтірілмейтін өзгерістер мен бұзылушылықтары бар, жүргізілген оңалту іс-шаралары тиімсіз болғанда аумақтық бөлімшелер жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі 80-нен 100 пайызға дейінгі адамдарды кемінде 4 жыл, жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі 30-дан 80 пайызға дейінгі адамдарды кемінде 6 жыл бақылағаннан кейін белгіленеді.

     20. Қайта куәландыру мерзімі көрсетілместен кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі:
     1) қалпына келтірілмейтін анатомиялық кемістіктері бар адамдарға (6-қосымша);
     2) ағза функияларында тұрақты, қалпына келтірілмейтін өзгерістер мен бұзылушылықтары бар, жүргізілген оңалту іс-шаралары тиімсіз болғанда аумақтық бөлімшелер жалпы кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі 80-нен 100 пайызға дейінгі адамдарды кемінде 4 жыл, ал кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі 5-тен 80 пайызға дейінгі адамдарды кемінде 6 жыл бақылағаннан кейін белгіленеді.

     21. Аумақтық бөлімшенің сараптама қорытындысы куәландырылатын адамның қажетті құжаттары түскен күннен бастап 15 күннен кешіктірілмей шығарылады.
     Сараптама қорытындысының деректері аумақтық бөлімшенің бастығы, бас мамандары қол қоятын МӘС актісіне және хаттамалар журналына енгізіледі және мөртаңбамен расталады.

     21-1. Адам мүгедек болып танылған жағдайда аумақтық бөлімше куәландыру күнінен бастап 15 күн ішінде оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлейді.

     21-2. Мүгедектікті, еңбек ету қабілетін жоғалту дәрежесін анықтау күні болып адамды куәландыруға қажетті құжаттардың аумақтық бөлімшеге келіп түскен күні есептеледі.
     Мүгедектік тобы және оны анықтау күні еңбекке жарамсыздық парағында немесе еңбекке жарамсыздық парағы берілмейтін жағдайда уақытша еңбекке жарамсыздықты куәландыратын анықтамада көрсетіледі.

     21-3. Сараптама қорытындысын шығару қиын болған күрделі жағдайларда куәландырылатын адам және/немесе оның құжаттары куәландыру немесе консультациялық көмек көрсету үшін құжаттар берілген күннен кейін 3 күннің ішінде аумақтық органға жіберіледі.

     21-4. Мүгедектік және еңбек ету қабілетін жоғалту дәрежесі анықталғанда:
     1) мүгедектік туралы анықтама;
     2) "Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан" көшірме;
     3) еңбек ету қабілетін жоғалту дәрежесі туралы анықтама;
     4) медициналық айғақтамалар болғанда қосымша көмек түрлері туралы анықтама;
     5) медициналық айғақтамалар болғанда арнаулы жүріп-тұру құралдарына мұқтаждығы туралы анықтама.

     21-5. Мүгедектік туралы, еңбек ету қабілетін жоғалту дәрежесі туралы анықтамадан көшірме үзінділер мен өзге де құжаттар сараптама қорытындысы шығарылған күннен бастап 3 күндік мерзімде әлеуметтік және басқа да төлемдерді тағайындайтын және төлейтін, оңалту шараларын жүзеге асыратын органдарға жіберіледі.

     21-6. Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізген кезде сараптық, құқықтық және басқа да мәселелерді шешу үшін оларға әкімшілік шығыстарда көзделген қаражат есебінен ақы төленетін консультанттар (педиатр, психолог, заң қызметкері және басқа мамандар), сондай-ақ қажет болғанда жұмыс берушінің, сақтандыру компанияларының және өзге де ұйымдардың өкілдері тартылуы мүмкін.

     21-7. Азаматтардың, мүгедектердің, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына кінәлі лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен материалдық, тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауаптылықта болады.";

     мынадай мазмұндағы 3-1-бөлімімен толықтырылсын:
     "3-1. Мүгедектік топтарын анықтау критерийлері"
     "21-8. Адамды мүгедек деп тану үшін:
     1) денсаулықтың ағза функцияларының тұрақты ауытқуы бар бұзылуы;
     2) тіршілік әрекетінің шектелуі (адамның өзі-өзіне қызмет көрсету, өздігінен жүріп-тұру, бағдарлану, қарым-қатынас құру, мінез-құлқын бақылау, оқу немесе еңбек қызметін жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтуы);
     3) әлеуметтік қорғау шараларын жүзеге асыру қажеттігі негіз болып табылады.
     Ағзадағы жас мөлшеріне қарай пайда болатын өзгерістер мүгедектік тобын анықтауға негіз болмайды.

     21-9. Тіршілік әрекетінің төмендегі санаттары бірінің айқын білінетін шектелуіне немесе олардың ұштасуына әкеп соқтыратын аурудан, жарақаттар немесе кемістіктер салдарынан болатын ағза функцияларының тұрақты білініп немесе кенеттен бұзылуы бірінші топтағы мүгедектікті белгілеу үшін критерий болып табылады:
     үшінші дәрежедегі өзіне өзі қызмет көрсету қабілеті;
     үшінші дәрежедегі жүріп-тұру қабілеті;
     үшінші дәрежедегі айналасын бағдарлау қабілеті;
     үшінші дәрежедегі қарым-қатынас жасау қабілеті;
     үшінші дәрежедегі өзінің мінез-құлқын бақылау қабілеті. 

     21-10. Тіршілік ету әрекетінің төмендегі санаттарының бірінің білінетін шектелуіне немесе олардың ұштасуына әкеп соқтыратын аурудан, жарақаттар немесе кемшіндіктер салдарынан болатын ағза функцияларының тұрақты білініп бұзылуы екінші топтағы мүгедектікті белгілеу үшін критерий болып табылады:
     екінші дәрежедегі өзіне өзі қызмет көрсету қабілеті;
     екінші дәрежедегі жүріп-тұру қабілеті;
     екінші, үшінші дәрежедегі еңбек қызметіне (еңбек етуге қабілеті);
     екінші, үшінші дәрежедегі оқуға қабілеті;
     екінші дәрежедегі айналасын бағдарлау қабілеті;
     екінші дәрежедегі қарым-қатынас жасау қабілеті;
     екінші дәрежедегі өзінің мінез-құлқын бақылау қабілеті.

     21-11. Тіршілік ету әрекетінің төмендегі санаттарының бірінің шамалы білінетін шектелуіне немесе олардың ұштасуына әкеп соқтыратын аурудан, жарақаттар немесе кемістіктер салдарынан болатын ағза функцияларының шамалы бұзылуы үшінші топтағы мүгедектікті белгілеу үшін критерий болып табылады:
     бірінші дәрежедегі өзіне өзі қызмет көрсету қабілеті;
     бірінші дәрежедегі жүріп-тұру қабілеті;
     бірінші дәрежедегі еңбек қызметіне (еңбек етуге қабілеті);
     бірінші дәрежедегі оқуға қабілеті;
     бірінші дәрежедегі айналасын бағдарлау қабілеті;
     бірінші дәрежедегі қарым-қатынас жасау қабілеті;
     бірінші дәрежедегі өзінің мінез-құлқын бақылау қабілеті.";

     мынадай мазмұндағы 3-2 бөлімімен толықтырылсын:
     "3-2. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының жалпы еңбек ету қабылетін жоғалту дәрежесін анықтау критерийлері
     21-12. Жалпы еңбек ету қабілетін жоғалту дәрежесі (бұдан әрі - ЖЕҚЖ) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысына еңбек ету қабілетін жоғалтуына әкеп соққан оқиға (әлеуметтік қатер) орын алғанда анықталады.

     21-13. Жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайы орын алғанда міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысына ЖЕҚЖ дәрежесі 30-дан 100 пайызға дейін белгіленеді.

     21-14. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысына ЖЕЖ еңбек ету қабілетінің шектелуіне әкеп соққан ағза функцияларының бұзылу дәрежесіне қарай (2-қосымша) мынадай жағдайларда:
     1) ағза функциялары еңбек ету қабілетінің шамалы білінетін тұрақты шектелуіне әкеп соғатындай тұрақты бұзылғанда 30-дан 60 пайызға дейін;
     2) ағза функциялары еңбек ету қабілетінің білініп шектелуіне әкеп соғатындай тұрақты бұзылғанда 60-тан 80 пайызға дейін;
     3) ағза функциялары еңбек ету қабілетінің қатты білініп шектелуіне немесе оны жоғалтуға әкеп соғып әжептәуір немесе күрт білініп тұрақты бұзылғанда 80-нен 100 (қоса санағанда) пайызға дейін белгіленеді.

     21-15. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының куәландыруға уақытында өтініш жасамаған жағдайда, ЖЕҚЖ  оның куәландыру сәтіндегі денсаулық жағдайына қарай, өткізіп алған, бірақ 3 жылдан аспайтын уақытты есепке ала отырып белгіленеді. Бұл ретте, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі қатысушысының ЖЕҚЖ белгілеу мерзіміндегі денсаулық жағдайын сипаттайтын денсаулық сақтау мекемелерінің деректері ескеріледі.";

     мынадай мазмұндағы 3-3-бөлімімен толықтырылсын:
     "3-3. Еңбек (қызмет) міндеттерін атқарумен байланысты жарақат алған, кәсіби ауруға шалдыққан, не денсаулығына өзге де зақым келген адамдардың кәсіптік еңбек ету қабілетін жоғалту дәрежесін анықтау критерийлері

     21-16. Еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарумен байланысты жарақат алған, кәсіби ауруға шалдыққан, не денсаулығына өзге де зақым келген адамдардың (бұдан әрі - зардап шегуші) кәсіптік еңбек ету қабілетін жоғалту дәрежесі (КЕҚЖ).

     21-17. Н-1 нысандағы актімен расталған кәсіптік еңбек ету қабілетін жоғалту орын алғанда, еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарумен байланысты жарақат алған, кәсіби ауруға шалдыққан, не денсаулығына өзге де зақым келген адамға КЕҚЖ 5-тен 100 пайызға дейін белгіленеді.

     21-18. Зардап шегушіге еңбек ету қабілетін жоғалтуға әкеп соққан ағза функцияларының бұзылу дәрежесі бойынша (2-қосымша) КЕҚЖ төмендегідей жағдайларда белгіленеді:
     1) егер зардап шегуші өзінің кәсіби қызметін біліктілігінің біркелкі немесе шамалы төмендеуімен, не атқаратын жұмысы ауқымының шамалы азайтылуымен, немесе кәсіптік қызметін орындау бұрынғыдан көп күш қажет ететін болса, кәсіптік еңбек ету қабілетін жоғалту дәрежесі 5-тен 30 пайызға дейін белгіленеді;
     2) егер зардап шегуші өндірістегі жазатайым оқиға және кәсіби ауру салдарынан өз кәсібі бойынша жұмысты әдеттегі өндірістік жағдайларда біліктілігінің айқын төмендеуімен не атқаратын жұмыс ауқымының әжептәуір азаюымен атқара алса немесе өзінің кәсіби қызметін ағза функцияларының біркелкі бұзушылықтары салдарынан жалғастыру қабілетінен айрылған, бірақ біліктілігі едәуір төмен кәсіби қызметін әдеттегі өндірістік жағдайларда орындаған жағдайда кәсіптік еңбек ету қабілетін жоғалту дәрежесі 30-дан 60 пайызға дейін белгіленеді;
     3) егер зардап шегуші өз кәсіби қызметін ағза функцияларының айқын бұзылуымен тек арнайы жасалған жағдайларда атқара алса, еңбек ету қабілетін жоғалту дәрежесі 60-тан 90 пайызға дейін белгіленеді;
     4) егер кез келген кәсіптік қызмет түрін арнайы жағдайларда да атқаруға нақты қарсы айғақтамалары болып, зардап шегуші ағза функцияларының айқын бұзушылықтары салдарынан кәсіби еңбек ету қабілетін толық жоғалтқан жағдайда, оған кәсіптік еңбек ету қабілетін жоғалту дәрежесі 100 пайыз болып белгіленеді.

     21-19. Егер зардап шегушінің бірнеше кәсібі болса, КЕҚЖ оны атқару кезінде денсаулығына зақым келтірілген кәсіпке сәйкес белгіленеді.

     21-20. Егер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарумен байланысты алған жарақат не денсаулығына келтірілген өзге де зақым зардап шегушінің бұрыннан бар ауруының ағымын нашарлатып жіберген жағдайда, КЕҚЖ ағза функциялары бұзылуының және еңбек ету қабілетінің шектелуінің білінуі дәрежесіне сәйкес келетін көлем шамасында белгіленеді.

     21-21. Бір немесе әртүрлі жұмыс берушіде алған жарақат немесе денсаулығының өзге де зақымдануы салдары кезінде КЕҚЖ ағза функцияларының айқын бұзушылықтары мен еңбек ету қабілетінің шектелу дәрежесіне сәйкес келетін көлем шегінде белгіленеді.

     21-22. Зардап шегуші куәландыруға уақытында келмеген кезде, КЕҚЖ куәландыру сәтіндегі оның денсаулық жағдайына қарай, өткізіп алған, бірақ 3 жылдан аспайтын уақытын есепке ала отырып белгіленеді. Бұл ретте, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының КЕҚЖ белгілеу мерзіміндегі денсаулық жағдайын сипаттайтын денсаулық сақтау мекемелерінің деректері есепке алынады.";

     4-бөлімнің атауындағы "Мүгедектерді, мүгедектік себептерін, топтарын және еңбекке қабілетін жоғалту дәрежесін анықтау" деген сөздер алынып тасталсын;
     4-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
     "22. Мүгедектерді және еңбек ету қабілетін жоғалтқан адамдарды қайта куәландыру қорытындысының мерзімі аяқталысымен денсаулық сақтау ұйымының жолдамасы (088/у нысаны) бойынша жүргізіледі.

     22-1. Мүгедектерді және еңбек ету қабілетін жоғалтқан адамдарды, сондай-ақ, оларға мүгедектік немесе еңбек ету қабілетін жоғалту қайта куәландыру мерзімінсіз немесе жасы бойынша зейнетақы төлемдерін алуға құқық беретін жасқа толғанға дейін белгіленген адамдарды мерзімнен бұрын куәландыру денсаулық сақтау ұйымының жолдамасы бойынша мынадай жағдайларда:
     денсаулығында өзгеріс пайда болғанда, ауруының (жарақат) себебі өзгергенде;
     куәландырылатын адамның өтініші негізінде, бірақ белгіленген мерзімнің аяқталуына екі ай қалғанда;
     аумақтық бөлімшенің қорытындысына шағым жасалғанда;
     аумақтық бөлімше шешімінің дұрыстығына бақылау жүргізу кезінде;
     жалған құжаттардың берілуі, сараптама қорытындысын негізсіз шығару фактілері анықталғанда жүргізіледі.
     Аумақтық бөлімшенің сараптамалық шешімінің куәландыру сәтінен бастап бір ай өтпестен өзгертілген жағдайда, жаңа қорытынды мүгедектікті, еңбек ету қабілетін жоғалтуын анықтау сәтінен, ал бір ай өткен соң - қайта куәландыру сәтінен бастап белгіленеді.";

     аталған Ережеге 1-қосымшаның:
     1-тармағындағы:
     3) тармақшада "ауруы асқыну ағымындағы" деген сөздер алынып тасталсын;
     6) тармақшада "жүрек-тамыр жүйесі, орталық жүйке жүйесі және басқа да жүйелер мен органдардың асқынуы айқындала бастаған кездегі" деген сөздер алынып тасталсын;
     9) тармақша "айқын" деген сөздің алдынан "біркелкі" деген сөзбен толықтырылсын;
     10) тармақша "айқын" деген сөздің алдынан "біркелкі" деген сөзбен толықтырылсын;
     17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
     "17) көбірек көретін көздің көру қабілеттілігінің (түзетуге болатын) 0,2 дейін төмендеп кетуі немесе көбірек көретін көздің көру аумағы бір нүктеден барлық бағыттарда 25 градусқа дейін тарылуы;";
     22) тармақшада "біріккен немесе күрделі" деген сөздер алынып тасталсын;
     27) тармақшада "." тыныс белгісі ";" тыныс белгісімен ауыстырылсын;
     мынадай мазмұндағы 28) тармақшасымен толықтырылсын:
     "28) аяқ функцияларының орташа білініп бұзылуы мен жамбас пен сан буындарының туа болған немесе кейіннен шығып кетуі;";
     мынадай мазмұндағы 29) тармақшасымен толықтырылсын:
     "29) ағза функцияларының орташа білініп бұзылуымен ішкі органдардың, өзге органдардың немесе жүйелердің туберкулезі.";

     2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
     "5) гипертензиялық синдромды гидроцефалия, операция жасалған гидроцефалия;";

     3-тармақтың:
     1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
     "1) аяқтың, қолдың бір немесе бірнеше соңғы буындарының орташа білінетін және білінетін шала сал болуы немесе терең парезі, тұрақты жайылған гиперкинезі (қос атетоз, хореатетоз), қозғалыс үйлесімінің орташа білініп және айқын білініп бұзылуы;";
     2) тармақшадағы "тұрақты" деген сөз алынып тасталсын;
     4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
     "4) көздің көру өткірлігінің түзетумен 0,03 дейін төмендеуі немесе көру өрісінің көру өткірлігіне қарамастан 10 градусқа дейін тарылуы, бір көздің немесе екі көздің де көрмеуі;";
     15) тармақшадағы "тұрақты" деген сөз "айқын" деген сөзбен ауыстырылсын;

     аталған Ережеге 2-қосымшада:
     2-тармақта:
     1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
     "1) бірінші дәреже - функциялардың шамалы білініп бұзылуы;";
     2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: 
     "2) екінші дәреже - функциялардың орташа білініп бұзылуы;";

     3-тармақтың 4) тармақшасындағы "еңбек етуге қабылеттілігі" деген сөздер "еңбек қызметіне қабілеті" деген сөздермен ауыстырылсын және осы сөздерден кейін "(еңбек ету қабілеті)" деген сөздермен толықтырылсын;
     4-тармақтың 4) тармақшасындағы "еңбекке араласу қабылеттілігінің" деген сөздер "еңбек қызметіне қабілетінің" деген сөздермен ауыстырылсын және осы сөздерден кейін "(еңбек ету қабілеті)" деген сөздермен толықтырылсын;

     аталған Ережеге 3, 4-қосымшалар алынып тасталсын;

     аталған Ережеге 5-қосымшада:
     1-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
     "9) аяқ буындары функцияларының IV дәрежедегі бұзылуы;";

     2-тармақтың 6-тармақшасы төмендегідей редакцияда жазылсын: 
     "6) аяқ буындары функцияларының IV дәрежеде бұзылуы;";
     аталған Ережеге 6-қосымшада:

     3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
     "3. IV дәрежедегі кифосколиоз, қабырғалардың айқын қисаюымен IV дәрежедегі сколиоз.";

     7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
     "7. IV дәрежедегі екі құлақтың да кереңдігі, екі жақты саңыраулық, мылқаулық.";

     10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
     "10. Тыныс алу жетіспеушілігі кезіндегі пульмонэктомия; тыныс алу жетіспеушілігі кезінде 5 және одан да артық қабырға кесілетін торокопластика.";

     мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:
     "11. Бір көздің көру өткірлігінің түзетумен 0,03 дейін төмендеуі, бір көздің көрмеуі немесе бір көздің болмауы.".

     2. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің орынбасары 1995 жылдың 15 наурызындағы N 2-3447, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары 1995 жылдың 10 наурызындағы N 07-р, Қазақстан Республикасы Еңбек министрінің бірінші орынбасары 1995 жылдың 17 наурызындағы N 4-7/398 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде N 96 тіркелген) бекіткен "Медициналық-әлеуметтік сараптама комиссияларының (МӘСК) еңбек қызметтерін атқарумен байланысты жарақат алған немесе денсаулығына өзге де зақым келтірілген қызметкерлердің кәсіптік еңбек ету қабілетін жоғалту дәрежесін анықтаудың тәртібі туралы  нұсқаулардың " күші жойылды деп танылсын.

     3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Вице-Министр Г.Н. Әбдіхалықоваға жүктелсін.

     4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

     Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады