Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.08.22 N 120 Қаулысымен.
____________________Бұйрықтан үзінді____________________
2003 жылғы 2 шілдедегі "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 2-тармағының
11), 15) тармақшаларына
,
49-бабына
және 2003 жылғы 4 шілдедегі "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 1-тармағының
5), 6) тармақшаларына
сәйкес, бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. ...
2. ...
3. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап осы қаулының қосымшасына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің күшін жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
5. ...:
1) ...;
2) ...
6. ...
7. ...
8. ...
Төрайым Е.Л. Бахмутова
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі Басқармасының
2008 жылғы 22 тамыздағы
N 120 қаулысына қосымша
Күші жойылды деп танылатын нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
1. Агенттік Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында брокерлік- дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді белгілеу, бағалы қағаздардың нарығында брокерлік-дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу және олардың орындалғандығы туралы есептерді ұсыну Ережелерін бекіту туралы" 2004 жылғы 25 қыркүйектегі N 264
қаулысы
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3196 тіркелген
2. ...
3. ...
4. ... ___________________________________________________________
Ескерту: Қаулының атауына өзгертулер енгізілді;
мәтiн бойынша "брокерлiк-дилерлiк" деген сөздер "брокерлiк және дилерлiк" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310
қаулысымен
(
қолданысқа енгізілу тәртібін
2-тармақтан
қараңыз
).
Қазақстан Республикасының "Бағалы қағаздардың нарығы туралы" Заңының
3-бабының
2-тармағының 11), 15)-тармақшаларына,
49-бабына
, Қазақстан Республикасының "Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу туралы" Заңының
9-бабының
1-тармағының 5), 6)-тармақшаларына сәйкес бағалы қағаздар рыногындағы брокерлiк және дилерлiк қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттік Басқармасы (бұдан әрі - Агенттік)
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ
:
1. Бағалы қағаздар рыногындағы брокерлiк және дилерлiк қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арнап "Меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті"-пруденциалдық нормативі белгіленсін.
Меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициентінің мәні күн сайын кем дегенде 1 құрауға тиіс.
2. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бағалы қағаздар рыногындағы брокерлiк және дилерлiк қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арнап пруденциалдық нормативтерді есептеу Ережелері бекітілсін.
Ескерту: 2-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310
қаулысымен
(
қолданысқа енгізілу тәртібін
2-тармақтан
қараңыз
).
3. Осы қаулы күшіне енгізілген күннен бастап осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес нормативтік құқықтық актілер күшін тоқтатсын.
4. Бұл қаулы Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуге алынған күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
5. Стратегия және талдау Департаменті (Еденбаев Е.С.):
1) Заң Департаментімен бірге (Байсынов М.Б.) Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде осы қаулыны мемлекеттік тіркеуге алу шараларын қолға алсын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуге алынған күннен бастап он күндік мерзімнің ішінде бағалы қағаздардың нарығында брокерлiк және дилерлiк қызметті жүзеге асыратын Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, ұйымдарына, "Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
6. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету Департаменті (Несипбаев Р.Р.) Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуге алынған күннен бастап он күндік мерзімнің ішінде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялау шараларын қолға алсын.
7. Осы қаулыны орындау бақылауы Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.
Төраға
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттiгi Басқармасының
2004 жылғы 25 қыркүйектегi
N 264 қаулысына 1 қосымша
Ескерту: Жоғарғы оң бұрыштағы мәтiн жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310 қаулысымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз ).
Бағалы қағаздар рыногындағы брокерлiк және
дилерлiк қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға
арналған пруденциалдық нормативтi есептеу
ережесi
Ескерту: Ереженің атауы жаңа редакцияда жазылды;
мәтiн бойынша "брокерлiк-дилерлiк" деген сөздер "брокерлiк және дилерлiк" деген сөздермен ауыстырылсын, "брокер-дилер", "брокердi-дилердi", "брокерге-дилерге", брокермен-дилермен" деген сөздер тиiсiнше "брокер және дилер", "брокердi және дилердi", "брокерге және дилерге", брокермен және дилермен" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310
қаулысымен
(
қолданысқа енгізілу тәртібін
2-тармақтан
қараңыз
).
Бағалы қағаздар рыногындағы брокерлiк және дилерлiк қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалды нормативтерді есептеу ережелері (әрі қарай - Ережелер) бағалы қағаздар рыногындағы брокерлiк және дилерлiк қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың орындауына міндетті "меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті" пруденциалдық нормативін есептеу тәртібін, (әрі қарай - брокер және дилер) белгілейді.
Бұл Ережелер екінші деңгейдегі банктерге, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне, зейнетақы активтерін инвестициялық басқару қызметін жүзеге асыру лицензияларына ие заңды тұлғаларға, инвестициялық портфельдің басқарушыларына, Ұлттық пошта операторларына, қаржы агенттеріне таралмайды.
Ескерту: Кіріспеге өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310
қаулысымен
(
қолданысқа енгізілу тәртібін
2-тармақтан
қараңыз
).
1-Тарау. "Меншікті капиталдың жеткіліктілік
коэффициенті"-пруденциалдық нормативін есептеу тәртібі
1. Брокер және дилердің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициенті мына формула бойынша есептеледі:
К=(ЛА-О)/МРСК, бұл жерде
ЛА - Осы Ережелердің 3-тармағына сәйкес өтімді деп мойындалатын брокер және дилердің өтімді активтері;
О - брокер және дилердің жиынтық міндеттемелері ("репо" операциясын ашық сауда әдісімен өткізгенде, міндеттемелерге тек "репо" ашу сәтіне қор биржасының ішкі ережелеріне сәйкес анықталған "репо" объектісінің нарықтық құнының дисконт сомасы кіреді);
МРСК - меншікті капиталдың жеткіліктілік есебіне қабылданатын брокер және дилердің меншікті капиталының минималды мөлшері:
номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің есептерін жүргізу құқығы бар брокер және дилердің меншікті капиталының минималды мөлшері - 30 миллион теңге;
клиенттердің есептерін жүргізу құқығы жоқ брокер және дилердің меншікті капиталының минималды мөлшері - 5 миллион теңге.
Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Басқармасының 2007 жылғы 23 ақпандағы
N 40
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-тармақтан
қараңыз) қаулысымен
.
2. Брокер және дилердің өтімді активтері ретінде келесі активтер мойындалады:
1) ақша, сондай-ақ:
кассадағы ақша, бірақ брокер және дилердің балансы бойынша актив сомасының он проценттен жоғары емес;
Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің есептеріндегі ақшалар;
бағалы қағаздар орталық депозитарийінің шоттарындағы ақша;
"А" санатынан төмен емес ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "А2" санатынан төмен емес ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) ұзақ мерзімді және/немесе қысқа мерзімді, жеке рейтингісі бар резидент емес-банктер шоттарындағы ақша;
бағалы қағаздардың ұйымдасқан рыногында операцияларды жүзеге асыру үшін ұйымдарға банктік қызметті көрсететін резидент емес-ұйымдар шоттарындағы ақша;
2) бағалы қағаздары ең жоғарғы санат бойынша қор биржасының ресми тізіміне енгізілген немесе резидент емес-бас ұйымдарының ықтимал шығын резервтерін шегеріп тастағанда ұзақ мерзімді және/немесе қысқа мерзімді "А" санатынан төмен емес ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "А2" санатынан төмен емес ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) жеке рейтингі бар (негізгі қарыз бен есептелген сыйақының сомаларын есепке ала отырып) еншілес банктер-резиденттер болып табылатын Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне салынған салымдар;
2-1) ықтимал шығындардың резервтерін шегеріп тастағандағы "А" санатынан төмен емес ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "А2" санатынан төмен емес ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) ұзақ мерзімді және/немесе қысқа мерзімді, жеке рейтингісі бар резидент емес-банктердегі салымдар (негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын есепке ала отырып);
3) ықтимал шығындардың резервтерін шегеріп тастағандағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (оның ішінде басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес айналымға шығарылғандар) (негізгі қарыз бен есептелген сыйақыны есепке ала отырып);
4) Қазақстан Республикасының және ықтимал шығындардың резервтерін шегеріп тастап, ең жоғарғы санат бойынша қорлық биржаның ресми тізіміне енгізілген брокер және дилерге қатысты аффилирленген тұлға болып табылмайтын басқа да мемлекеттердің заңдарына сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасы ұйымдарының беймемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздары ("Қазақстанның Даму Банкі" АҚ қорлық биржасы мен облигацияларының ресми тізіміне енгізілген ипотекалық облигацияларды есепке алмағанда) (негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын есепке ала отырып);
5) Ықтимал шығындардың резервтерін шегеріп тастап, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасы ұйымдарының ипотекалық облигациялары (негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомаларын есепке ала отырып);
5-1) ықтимал шығындар резервін шегере отырып, Қазақстан Республикасы ұйымдарының инфрақұрылымдық облигациялары (негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын есепке ала отырып);
6) Ықтимал шығындардың резервтерін шегеріп тастағандағы "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ облигациялары (негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомаларын есепке ала отырып);
7) ықтимал шығындардың резервтерін шегеріп тастағанда, кредиттік рейтингтің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "Ваа2" ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) төмен емес (негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын есепке ала отырып) рейтинг бағасы бар шетелдік мемлекеттердің бағалы қағаздары;
8) ықтимал шығындардың резервтерін шегеріп тастағанда, "ВВВ" санатынан ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "Ваа2" санатынан ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) (негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын есепке ала отырып) төмен болмайтын рейтинг бағалауы бар шетелдік эмитенттердің мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары;
9) борыштық бағалы қағаздары ықтимал шығындардың резервтерін шегеріп тастағанда "ВВВ" санатынан ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "Ваа2" санатынан ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) (негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын есепке ала отырып) төмен болмайтын рейтинг бағалауына ие шетелдік эмитенттердің акциялары;
10) ықтимал шығындардың резервтерін шегеріп тастағандағы халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары (негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын есепке ала отырып);
10-1) ықтимал шығындар резервін шегере отырып, (негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын есепке ала отырып) шетел мемлекеттердің немесе Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған рыноктарында айналыста жүретін, "ВВ"-ден ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "Ва2"-ден төмен емес ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) рейтингтік бағасы бар немесе Қазақстан Республикасының "Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша "А" рейтингтік бағасы бар брокерге және дилерге қатысты аффилиирленген тұлға болып табылмайтын Қазақстан Республикасы ұйымдарының акциялары және шетел мемлекеттердің немесе Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған рыноктарында айналыста жүретін, "ВВ"-ден ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "Ва2"-ден төмен емес ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) рейтингтік бағасы бар немесе Қазақстан Республикасының "Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша "А" рейтингтік бағасы бар брокерге және дилерге қатысты аффилиирленген тұлға болып табылмайтын Қазақстан Республикасы ұйымдарының борыштық бағалы қағаздары;
11) тазартылған алтын;
12) ықтимал шығындардың резервтерін шегеріп тастағандағы (негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасының елу процентке азайтылған сомасын есепке ала отырып) (қорлық биржаның ресми тізіміне енгізілген ипотекалық облигацияларды есепке алмағанда) ең жоғарғыдан кейінгі санат бойынша қорлық биржаның ресми тізіміне енгізілген брокер және дилерге қатысты аффилиирленген тұлға болып табылмайтын Қазақстан Республикасы ұйымдарының мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздары (сонымен қатар басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес шығарылған бағалы қағаздар);
12-1) ықтимал шығындар резервтерін шегере отырып (елу процентке азайтылған) ашық және/немесе аралық инвестициялық пай қорларының пайлары;
12-2) бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастырушылардың, бағалы қағаздар орталық депозитарийінің және акционерлері бағалы қағаздар рыногының кәсіпқой қатысушылары болып табылатын, бағалы қағаздар рыногы инфрақұрылымының бір бөлігі болып табылатын өзге заңды тұлғалардың ықтимал шығындардың резервтерін шегеріп тастағандағы, елу процентке азайтылған акциялары;
13) жұмыскерлер мен басқа да тұлғалардың дебиторлық қарыздарын шегеріп тастағандағы брокер және дилерге қатысты аффилиирленген тұлғалар болып табылмайтын ұйымдардың дебиторлық қарыздары (ықтимал шығындардың резервтерін шегеріп тастағанда), сондай-ақ:
шарттың талаптары бойынша үш күннен аспайтын мерзімге кешіктірілген брокер және дилердің балансы бойынша актив сомасының жиырма процентінен аспайтын мөлшерде жұмыскерлер мен басқа да тұлғалардың дебиторлық қарыздарын шегеріп тастағандағы брокер және дилерге қатысты аффилиирленген тұлғалар болып табылмайтын ұйымдардың дебиторлық қарыздары (ықтимал шығындардың резервтерін шегеріп тастағанда);
шарттың талаптары бойынша тоқсан күннен аспайтын мерзімге кешіктірілген брокер және дилердің балансы бойынша актив сомасының он процентінен аспайтын мөлшерде елу процентке азайтылған жұмыскерлер мен басқа да тұлғалардың дебиторлық қарыздарын шегеріп тастағандағы брокер және дилерге қатысты аффилиирленген тұлғалар болып табылмайтын ұйымдардың дебиторлық қарыздары (ықтимал шығындардың резервтерін шегеріп тастағанда);
14) брокер және дилердің баланс құны бойынша негізгі қаражаттары, сонымен қатар меншігіндегі жер немесе брокер және дилердің балансы бойынша актив сомасының он процентінен аспайтын мөлшерде тұрақты жер пайдалану құқығындағы жер;
брокер және дилердің балансы бойынша активтердің сомасының он процентінен аспайтын мөлшердегі меншігіндегі ғимараттар мен имараттар;
брокер және дилердің балансы бойынша актив сомасының бес процентінен аспайтын мөлшердегі меншігіндегі машиналар мен жабдықтар;
15) бағдарламалық қамтамасыз ету-баланс құны бойынша, брокер және дилердің балансы бойынша активтердің сомасының он процентінен аспайтын мөлшерде.
Осы тармақта көрсетілген бағалы қағаздар мынадай жағдайларда өтімді активтер есебіне қосылмайды:
брокер және дилер оларды қайта сатып алу шартымен сатқан немесе кепілге берген, немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа жолмен ауыртпалық салған жағдайда;
брокер және дилер автоматтандырылған "репо" нарығында қайта сату шартымен бағалы қағаздарды сатып алған жағдайда.
Ескерту: 2-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 29 қазандағы
N 386
,
2006 жылғы 27 мамырдағы
N 121
, 2007 жылғы 23 ақпандағы
N 40
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-тармақтан
қараңыз) қаулысымен
.
3. Брокер және дилер бағалы қағаздар рыногындағы кәсіби қызметті біріктірген жағдайда "меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициентін"-пруденциалдық нормативті және басқа да нормативтерді есептеу бағалы қағаздардың нарығын мемлекеттік реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның (әрі қарай - өкілетті орган) жеке нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген ерекшеліктерді есепке ала отырып жүзеге асырылады.
4. Брокер және дилер осы Ереже қосымшасына сәйкес нысан бойынша, осы Ереженiң 9, 10-тармақтарында көрсетiлген талаптарды сақтай отырып, алдыңғы жұмыс күнiнiң соңындағы жағдайы бойынша әрбiр жұмыс күнiне пруденциалдық нормативтiң есебiн жүргiзедi. Қағаз жазбадағы пруденциалды нормативтiң есебiне бiрiншi басшы немесе оның орнындағы адам, бас бухгалтер қол қояды және мөрмен куәландырылады және брокер және дилерде сақталады.
Ескерту: 4-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы
N 310
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-тармақтан
қараңыз), өзгерту енгізілді - 2007.07.16.
N 211
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-тармақтан
қараңыз) Қаулыларымен.
4-1. Уәкiлеттi орган пруденциалды нормативтi брокер және дилер уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес электрондық тасымалдағышта ұсынған қаржылық және өзге де есеп берудiң негiзiнде тоқсан сайын есептейдi.
Ескерту: 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310
қаулысымен
(
қолданысқа енгізілу тәртібін
2-тармақтан
қараңыз
).
2-тарау. Пруденциалдық нормативтің есебін және пруденциалдық
нормативтің есебіне байланысты қосымша мәлiметтердi ұсыну
тәртiбi
Ескерту: 2-тарау жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.07.16. N 211 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
5. Есептік тоқсанның соңғы жұмыс күні үшін пруденциалдық нормативтiң есебі мен пруденциалдық нормативтің есебіне байланысты қосымша мәлiметтер (бұдан әрi - Қосымша мәлiметтер) уәкілетті органға осы Ереженің қосымшасына сәйкес есептік тоқсаннан кейінгі айдың бесінші жұмыс күні Астана қаласының уақыты бойынша 18.00 сағаттан кешіктірмей ұсынылады.
Пруденциалдық нормативтiң есебі қағаз тасымалдағышта беріледі.
6. Қосымша мәліметтер қағаз және электрондық тасымалдағышта жасалады және уәкілетті органға электрондық тасымалдағышта беріледі. Қағаз тасымалдағыштағы қосымша мәлiметтерге брокер және дилердің бірінші басшысы немесе оның орнындағы тұлға, бас бухгалтер қол қояды, мөрмен куәландырылады және брокер және дилерде сақталады. Брокер және дилер уәкілетті органның талабы бойынша сұраныс түскен күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей қағаз тасымалдағыштағы қосымша мәлiметтерді береді.
7. Пруденциалдық нормативтiң есебіндегі және қосымша мәлiметтердегi деректер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңгемен көрсетіледі.
8. Пруденциалдық нормативтiң есебін және қосымша мәлiметтердi толтырған кезде пайдаланылатын өлшеу бірлігі мыңдық теңгеде белгіленеді. Бес жүзден кем сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз теңгеге тең немесе одан жоғары сома мың теңгеге дейін дөңгелектенеді.
9. Уәкілетті органға берілетін пруденциалдық нормативтiң есебіне брокер және дилердің бірінші басшысы немесе оның орнындағы тұлға, бас бухгалтер қол қояды және брокер мен дилердің мөрімен куәландырылады.
10. Электрондық тасымалдағыштағы қосымша мәлiметтер ұсынылатын деректердiң құпиялылығын және түзетiлмейтiндiгiн қамтамасыз ететiн криптографиялық қорғау құралдары бар ақпараттың жеткiзiлуiне кепiлдiк беретiн көлiк жүйесiн пайдалана отырып ұсынылады.
11. Электрондық тасымалдағышта ұсынылатын деректердiң қағаз тасымалдағыштағы деректермен сәйкестiгiн брокер және дилердің бiрiншi басшысы немесе оның орнындағы тұлға қамтамасыз етедi.
12. "Меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті" пруденциалдық нормативті бұзған жағдайда, брокер және дилер бұзушылық болған сәттен бастап үш күнтізбелік күні ішінде уәкілетті органға пруденциалдық нормативті бұзу факті мен себептері туралы, оны жою шараларының жоспарын ұсына отырып, хабарлайды.
13. Осы Ережелермен реттелмеген сұрақтар Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіпте шешіледі.
Бағалы қағаздар рыногындағы
брокерлiк және дилерлiк қызметті
жүзеге асыратын ұйымдарға
арналған пруденциалдық
нормативті есептеу Ережелеріне
Қосымша
Ескерту: Қосымшаға өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын
және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
2005 жылғы 27 тамыздағы
N 310
(
қолданысқа енгізілу
тәртібін
2-тармақтан
қараңыз
),
2005 жылғы 29 қазандағы
N 386
,
2006 жылғы 27 мамырдағы
N 121
қаулыларымен
.
20__ жылғы "___" ___________ жағдайы бойынша
_______________________________________
(брокер және дилердің толық атауы)
пруденциалдық нормативті есептеу
(мың теңге)
___________________________________________________________________
N | Көрсеткіштің атауы | Баланс| Есепке |Есептесу
| |бойынша|алынатын | сомасы
| | сома |көлем (%)|
___________________________________________________________________
1 2 3 4 5
___________________________________________________________________
1. Ақша-барлығы (жол сомасы
1.1.-1.5.), сонымен қатар: 100
1.1 Кассадағы ақша (5-бағанада
брокер және дилердің балансы бойынша
актив сомасының он процентінен
аспайтын мөлшері есепке алынады 100
1.2 Екінші деңгейдегі банктердің
есебіндегі ақша 100
1.3 бағалы қағаздар орталық 100
депозитарийінің шоттарындағы ақша
1.4 "А" санатынан төмен емес 100
("Standard & Poor's" және "Fitch"
рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша)
немесе "А2" санатынан төмен емес
("Moody's Investors Service" рейтинг
агенттігінің жіктеуі бойынша) ұзақ
мерзімді және/немесе қысқа мерзімді,
жеке рейтингісі бар резидент
емес-банктер шоттарындағы ақша
1.5 бағалы қағаздардың ұйымдасқан 100
рыногында операцияларды жүзеге асыру
үшін ұйымдарға банктік қызметті
көрсететін резидент емес-ұйымдар
шоттарындағы ақша
2. Бағалы қағаздары ең жоғарғы санат
бойынша қорлық биржаның ресми
тізіміне енгізілген немесе резидент
емес-бас ұйымдарының ықтимал шығын
резервтерін шегеріп тастағанда ұзақ
мерзімді және/немесе қысқа мерзімді
"А" санатынан төмен емес ("Standard
& Poor's" және "Fitch" рейтинг
агенттіктерінің жіктеуі бойынша)
немесе "А2" санатынан төмен емес
("Moody's Investors Service" рейтинг
агенттігінің жіктеуі бойынша) жеке
рейтингі бар (негізгі қарыз бен
есептелген сыйақының сомаларын
есепке ала отырып) еншілес
банктер-резиденттер болып табылатын
Қазақстан Республикасының екінші
деңгейдегі банктеріне салынған
салымдар 100
2.1 ықтимал шығындардың резервтерін 100
шегеріп тастағандағы "А" санатынан
төмен емес ("Standard & Poor's" және
"Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі
бойынша) немесе "А2" санатынан төмен емес
("Moody's Investors Service" рейтинг
агенттігінің жіктеуі бойынша) ұзақ
мерзімді және/немесе қысқа мерзімді,
жеке рейтингісі бар резидент емес-
банктердегі салымдар (негізгі қарызбен
есептелген сыйақы сомасын есепке ала отырып)
3. Ықтимал шығындардың резервтерін
шегеріп тастағандағы Қазақстан
Республикасының мемлекеттік бағалы
қағаздары (оның ішінде басқа
мемлекеттердің заңдарына сәйкес
айналымға шығарылғандар) (негізгі
қарыз бен есептелген сыйақыны
есепке ала отырып) 100
4. Қазақстан Республикасының және
ықтимал шығындардың резервтерін
шегеріп тастап, ең жоғарғы санат
бойынша қор биржасының ресми
тізіміне енгізілген брокер және дилерге
қатысты аффилирленген тұлға болып
табылмайтын басқа да мемлекеттердің
заңдарына сәйкес шығарылған
Қазақстан Республикасы ұйымдарының
беймемлекеттік эмиссиялық бағалы
қағаздары ("Қазақстанның Даму Банкі"
АҚ қорлық биржасы мен облигацияларының
ресми тізіміне енгізілген ипотекалық
облигацияларды есепке алмағанда)
(негізгі қарыз бен есептелген сыйақы
сомасын есепке ала отырып) 100
5. Ықтимал шығындардың резервтерін
шегеріп тастап, қорлық биржаның
ресми тізіміне енгізілген Қазақстан
Республикасының ұйымдарының
ипотекалық облигациялары (негізгі
қарыз бен есептелген сыйақы
сомаларын есепке ала отырып) 100
5.1 Ықтимал шығындар резервін шегере отырып, 100
Қазақстан Республикасы ұйымдарының
инфрақұрылымдық облигациялары (негізгі
қарыз бен есептелген сыйақы сомасын
есепке ала отырып)
6. Ықтимал шығындардың резервтерін
шегеріп тастағандағы "Қазақстанның
Даму Банкі" АҚ облигациялары
(негізгі қарыз бен есептелген сыйақы
сомаларын есепке ала отырып) 100
7. Ықтимал шығындардың резервтерін
шегеріп тастағанда, кредиттік
рейтингтің халықаралық шәкілі бойынша
"АА" ("Standard & Poor's" және
"Fitch" рейтинг агенттіктерінің
жіктеуі бойынша) немесе "Аа2"
("Moody's Investors Service" рейтинг
агенттігінің жіктеуі бойынша) төмен
емес (негізгі қарыз бен есептелген
сыйақы сомасын есепке ала отырып)
рейтинг бағасы бар шетелдік
мемлекеттердің бағалы қағаздары 100
8. ықтимал шығындардың резервтерін
шегеріп тастағанда, "ВВВ" санатынан
("Standard & Poor's" және "Fitch"
рейтинг агенттіктерінің жіктеуі
бойынша) немесе "Ваа2" санатынан
("Moody's Investors Service" рейтинг
агенттігінің жіктеуі бойынша)
(негізгі қарыз бен есептелген сыйақы
сомасын есепке ала отырып) төмен
болмайтын рейтинг бағалауы бар
шетелдік эмитенттердің беймемлекеттік
борыштық бағалы қағаздары 100
9. Борыштық бағалы қағаздары ықтимал
шығындардың резервтерін шегеріп
тастағанда "ВВВ" санатынан ("Standard
& Poor's" және "Fitch" рейтинг
агенттіктерінің жіктеуі бойынша)
немесе "Ваа2" санатынан ( "Moody's
Investors Service" рейтинг
агенттігінің жіктеуі бойынша)
(негізгі қарыз бен есептелген
сыйақы сомасын есепке ала отырып)
төмен болмайтын рейтинг бағалауына
ие шетелдік эмитенттердің акциялары 100
10. Ықтимал шығындардың резервтерін
шегеріп тастағандағы халықаралық
қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары
(негізгі қарыз бен есептелген
сыйақы сомасын есепке ала отырып) 100
10.1 Ықтимал шығындар резервін шегере отырып, 100
(негізгі қарыз бен есептелген сыйақы
сомасын есепке ала отырып) шетел
мемлекеттердің немесе Қазақстан Респуб.
ликасының ұйымдастырылған рыноктарында
айналыста жүретін,«ВВ-ден
("Standard & Poor's" және "Fitch"
рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша)
немесе "Ва2"-ден төмен емес
("Moody's Investors Service" рейтинг
агенттігінің жіктеуі бойынша) рейтингтік
бағасы бар немесе Қазақстан Республика.
сының "Standard & Poor's" ұлттық шәкілі
бойынша«А»рейтингтік бағасы бар брокерге
және дилерге қатысты аффилиирленген тұлға
болып табылмайтын Қазақстан Республикасы
ұйымдарының акциялары және шетел мемлекет.
тердің немесе Қазақстан Республикасының
ұйымдастырылған рыноктарында айналыста
жүретін, ВВ-ден ("Standard & Poor's"
және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің
жіктеуі бойынша) немесе "Ва2"-ден төмен емес
("Moody's Investors Service" рейтинг агент.
тігінің жіктеуі бойынша) рейтингтік бағасы
бар немесе Қазақстан Республикасының
"Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша
А рейтингтік бағасы бар брокерге және
дилерге қатысты аффилиирленген тұлға болып
табылмайтын Қазақстан Республикасы ұйым.
дарының борыштық бағалы қағаздары
11. Тазартылған алтын 100
12. Ықтимал шығындардың резервтерін 50
шегеріп тастағандағы (негізгі қарыз
бен есептелген сыйақы сомасының елу
процентке азайтылған сомасын есепке
ала отырып) (қорлық биржаның ресми
тізіміне енгізілген ипотекалық
облигацияларды есепке алмағанда) ең
жоғарғыдан кейінгі санат бойынша қор
биржасының ресми тізіміне енгізілген
брокер және дилерге қатысты аффилиирленген
тұлға болып табылмайтын Қазақстан
Республикасы ұйымдарының мемлекеттік
емес эмиссиялық бағалы қағаздары
(сонымен қатар басқа мемлекеттердің
заңдарына сәйкес шығарылған бағалы
қағаздар)
12.1 Ықтимал шығындар резервтерін шегере 50
отырып ашық және/немесе аралық инвес.
тициялық пай қорларының пайлары
12.2 бағалы қағаздармен сауда-саттықты 100
ұйымдастырушылардың, бағалы қағаздар
орталық депозитарийінің және
акционерлері бағалы қағаздар рыногының
кәсіпқой қатысушылары болып табылатын,
бағалы қағаздар рыногы инфрақұрылымының
бір бөлігі болып табылатын өзге заңды
тұлғалардың ықтимал шығындардың
резервтерін шегеріп тастағандағы,
елу процентке азайтылған акциялары
13. Жұмыскерлер мен басқа да тұлғалардың
дебиторлық қарыздарын шегеріп
тастағандағы брокер және дилерге қатысты
аффилиирленген тұлғалар болып
табылмайтын ұйымдардың дебиторлық
қарыздары (ықтимал шығындардың
резервтерін шегеріп тастағанда)-
барлығы (13.1 және 13.2 жолдарының
сомасы) сондай-ақ: х
13.1 шарттың талаптары бойынша үш күннен
аспайтын мерзімге кешіктірілген
брокер және дилердің балансы бойынша
актив сомасының жиырма процентінен
аспайтын мөлшерде жұмыскерлер мен
басқа да тұлғалардың дебиторлық
қарыздарын шегеріп тастағандағы
брокер және дилерге қатысты
аффилиирленген тұлғалар болып
табылмайтын ұйымдардың дебиторлық
қарыздары (ықтимал шығындардың
резервтерін шегеріп тастағанда) 100
13.2 шарттың талаптары бойынша тоқсан
күннен аспайтын мерзімге
кешіктірілген брокер және дилердің
балансы бойынша актив сомасының он
процентінен аспайтын мөлшерде елу
процентке азайтылған жұмыскерлер
мен басқа да тұлғалардың дебиторлық
қарыздарын шегеріп тастағандағы
брокер және дилерге қатысты
аффилиирленген тұлғалар болып
табылмайтын ұйымдардың дебиторлық
қарыздары (ықтимал шығындардың
резервтерін шегеріп тастағанда) 50
14. Брокер және дилердің баланс құны бойынша
негізгі қаражаттары-барлығы
(14.1-14.3 жолдарының сомасы),
сонымен қатар: х
14.1 меншігіндегі жер немесе
брокер және дилердің балансы бойынша
актив сомасының он процентінен
аспайтын мөлшерде тұрақты жер
пайдалану құқығындағы жер 100
14.2 брокер және дилердің балансы бойынша
активтердің сомасының он процентінен
аспайтын мөлшердегі меншігіндегі
ғимараттар мен имараттар 100
14.3 брокер және дилердің балансы бойынша
актив сомасының бес процентінен
аспайтын мөлшердегі меншігіндегі
машиналар мен жабдықтар 100
15 Бағдарламалық қамтамасыз ету-баланс
құны бойынша, брокер және дилердің
балансы бойынша активтердің
сомасының он процентінен аспайтын
мөлшерде 100
16 Барлық өтімді активтер (1-15
жолдарының сомасы) - ЛА х
17 Баланс бойынша міндеттемелер х
18 Меншікті капиталдың минималды
мөлшері (МРСК) х х
19 К
1
"Меншікті капиталдың
жеткіліктілік нормативі" (16-жол,
17-жол)/ 18-жол) 1 аз емес х х
___________________________________________________________________
200__ жылғы "___" ___________ жағдайы бойынша
_______________________________________
(брокер және дилердің толық атауы)
Пруденциалдық нормативті есептеуге арналған
қосымша мәліметтер
(мың теңге)
___________________________________________________________________
Белгінің| Көрсеткіштің атауы |Баланс бойынша сома
N | |
___________________________________________________________________
1 2 3
___________________________________________________________________
8001 Меншікті немесе тұрақты пайдалану
құқығындағы жер
8002 Меншікті үйлермен ғимараттар
8003 Меншікті машиналар мен жабдықтар
8005 Басқа негізгі қаражаттар
8006 шарттың талаптары бойынша үш күннен
аспайтын мерзімге кешіктірілген
жұмыскерлер мен басқа да тұлғалардың
дебиторлық қарыздарын шегеріп
тастағандағы брокер және дилерге қатысты
аффиниирленген тұлғалар болып
табылмайтын ұйымдардың дебиторлық
қарыздары (ықтимал шығындардың
резервтерін шегеріп тастағанда)
8007 шарттың талаптары бойынша тоқсан
күннен аспайтын мерзімге кешіктірілген
жұмыскерлер мен басқа да тұлғалардың
дебиторлық қарыздарын шегеріп
тастағандағы брокер және дилерге қатысты
аффиниирленген тұлғалар болып
табылмайтын ұйымдардың дебиторлық
қарыздары (ықтимал шығындардың
резервтерін шегеріп тастағанда)
8008 Басқа дебиторлық қарыз (ықтимал
шығындардың резервтерін шегеріп
тастағанда)
8009 Тазартылған алтын
8010 Бағдарламалық қамтамасыздық
8011 Басқа да бейматериалды активтер
8012 Қазақстан Республикасының және ықтимал
шығындардың резервтерін шегеріп тастап,
ең жоғарғы санат бойынша қорлық
биржаның ресми тізіміне енгізілген
брокер және дилерге қатысты аффилиирленген
тұлға болып табылмайтын басқа да
мемлекеттердің заңдарына сәйкес
шығарылған Қазақстан Республикасы
ұйымдарының беймемлекеттік эмиссиялық
бағалы қағаздары ("Қазақстанның Даму
Банкі" АҚ қорлық биржасы мен
облигацияларының ресми тізіміне
енгізілген ипотекалық облигацияларды
есепке алмағанда) (негізгі қарыз бен
есептелген сыйақы сомасын есепке ала
отырып)
8013 ықтимал шығындардың резервтерін
шегеріп тастағандағы (негізгі қарыз
бен есептелген сыйақы сомасын есепке
ала отырып) (қорлық биржаның ресми
тізіміне енгізілген ипотекалық
облигацияларды есепке алмағанда)
ең жоғарғыдан кейінгі санат бойынша
қорлық биржаның ресми тізіміне
енгізілген брокер және дилерге қатысты
аффилиирленген тұлға болып
табылмайтын Қазақстан Республикасы
ұйымдарының мемлекеттік емес
эмиссиялық бағалы қағаздары
(сонымен қатар басқа мемлекеттердің
заңдарына сәйкес шығарылған бағалы
қағаздар)
8014 Ықтимал шығындар резервін шегере отырып,
(негізгі қарыз бен есептелген сыйақы
сомасын есепке ала отырып) шетел мемлекет.
тердің немесе Қазақстан Республикасының
ұйымдастырылған рыноктарында айналыста
жүретін, "ВВ"-ден ("Standard & Poor's"
және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің
жіктеуі бойынша) немесе "Ва2"-ден төмен емес
("Moody's Investors Service" рейтинг агент.
тігінің жіктеуі бойынша) рейтингтік бағасы
бар немесе Қазақстан Республикасының
"Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша
"А" рейтингтік бағасы бар брокерге және
дилерге қатысты аффилиирленген тұлға болып
табылмайтын Қазақстан Республикасы ұйымдарының
акциялары және шетел мемлекеттердің немесе
Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған
рыноктарында айналыста жүретін, "ВВ"-ден
("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг
агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе
"Ва2"-ден төмен емес ("Moody's Investors
Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша)
рейтингтік бағасы бар немесе Қазақстан
Республикасының "Standard & Poor's" ұлттық
шәкілі бойынша "А" рейтингтік бағасы бар
брокерге және дилерге қатысты аффилиир.
ленген тұлға болып табылмайтын Қазақстан
Республикасы ұйымдарының борыштық бағалы
қағаздары
8015 Басқа бағалы қағаздар
8016 Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі
банктерінің шоттарындағы ақша
8017 Бағалы қағаздар орталық депозитарийінің
шоттарындағы ақша
8018 "А" санатынан төмен емес ("Standard & Poor's"
және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі
бойынша) немесе "А2" санатынан төмен емес
("Moody's Investors Service" рейтинг
агенттігінің жіктеуі бойынша) ұзақ мерзімді
және/немесе қысқа мерзімді, жеке рейтингісі
бар резидент емес-банктердің шоттарындағы ақша
8019 Бағалы қағаздардың ұйымдасқан рыногында
операцияларды жүзеге асыру үшін ұйымдарға
банктік қызметті көрсететін резидент емес-ұйымдар
шоттарындағы ақша
__________________________________________________________________
Бірінші басшы ________ күні ___________
Бас бухгалтер ________ күні ___________
Атқарушы ________________ күні ________
Телефон: _____________
Мөрге арналған орын
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттiгi
Басқармасының
2004 жылғы 25 қыркүйектегi
N 264 қаулысының 2-қосымшасына
Ескерту: Жоғарғы оң бұрыштағы мәтiн жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310 қаулысымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз ).
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
күшін тоқтатты деп мойындалатын нормативтік
құқықтық актілерінің тізімі
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2002 жылғы 16-ақпандағы N 54 "Бағалы қағаздардың нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға қаржы тұрақтылығының межелерін есептеу және олардың орындалғандығы туралы есептерді ұсыну Ережелерін бекіту туралы"
қаулысы
(Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 1852 тіркелген, 2002 жылдың мамыр айында "Қазақстанның бағалы қағаздар нарығы" атты журналының N 5 жарияланған);
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2003 жылғы 29-мамырдағы N 181 "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2002 жылғы 16-ақпандағы N 54 "Бағалы қағаздардың нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға қаржы тұрақтылығының межелерін есептеу және олардың орындалғандығы туралы есептерді ұсыну Ережелеріне бекіту туралы" қаулысына өзгертулер енгізу туралы"
қаулысы
(Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 2370 тіркелген, 2002 жылдың 6-19 мамырында "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарының N 13 жарияланған);
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2003 жылғы 19-тамыздағы N 297 "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 1851 нөмірімен тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2002 жылғы 16-ақпандағы N 54 брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға қаржы тұрақтылығының межелерін есептеу және олардың орындалғандығы туралы есептерді ұсыну Ережелеріне бекіту туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы"
қаулысы
(Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2488 нөмірімен тіркелген, 2003 жылдың 8-21 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана", басылымдарында N 19 жарияланған).