Қазақстан Республикасының аңшы куәлігін беру ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2004 жылғы 19 қарашадағы N 246 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 13 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3274. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 29 сәуірдегі N 301 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 29 сәуірдегі N 301 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.

      2004 жылғы 9 шілдедегі "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аңшы куәлігін беру ережесі бекітілсін.
      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасының орынбасары Н.А.Хадыркеевке жүктелсін.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

      Төраға

Қазақстан Республикасы    
Ауыл шаруашылығы министрлiгi 
Орман және аңшылық       
комитетi төрағасының      
2004 жылғы 19 қарашадағы   
N 246 бұйрығымен бекiтiлген 

  Қазақстан Республикасының аңшысы
куәлiгiн беру ережесi 1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының аңшысы куәлiгiн берудiң осы ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының аңшы куәлiгiн берудiң, дайындаудың, есепке алудың және сақтаудың тәртiбiн айқындайды.

      2. Қазақстан Республикасының аңшы куәлiгi (бұдан әрi - аңшы куәлiгi) Қазақстан Республикасының аумағында кәсiпшiлiк және әуесқойлық (спорттық) аң аулау құқығын куәландыратын құжат болып табылады және жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша аңшылық минимумның арнайы бағдарламасы бойынша (бұдан әрi - аңшылық минимумы) емтихан тапсырған және Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген мемлекеттiк баж төлеген жеке тұлғаларға берiледi.

  2. Аңшы куәлiгiн беру тәртiбi

      3. Аңшы куәлігі (1-қосымша) тұрғылықты жер бойынша 10 жыл мерзімге беріледі.
      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасының (бұдан әрі - аумақтық басқарма) тиісті жылға аң аулау құқығына рұқсат беру үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасы белгілеген мемлекеттік баждың төленгені туралы белгісі болмаса, аңшы куәлігі жарамсыз деп танылады.
       Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің 2007 жылғы 12 шілдедегі N 231 бұйрығымен.

      4. Аңшы куәлiгiмен бiр мезгiлде аңшыны есепке алу карточкасы толтырылады (2-қосымша) және аңшылық минимумы бойынша және мемлекеттiк баж төленгенi жөнiнде белгi қойылады және аңшы куәлiгi қолданыста болу мерзiмi iшiнде сақталатын аңшының жеке iсi қалыптастырылады.

      5. Аңшы куәлiгiн алу үшiн жеке тұлғалар тұрғылықты жерi бойынша аумақтық басқармаға сауалнама-өтiнiш ұсынады (3-қосымша). Өтiнiшке:
      1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi (азаматтығы жоқ және шетел азаматтары үшiн - төлқұжатының және Қазақстан Республикасының аумағына келуiнiң заңдылығын растайтын құжаттың көшiрмесi);
      2) өтiнiш берушiнiң өзi көрсеткен тұрғылықты жерi бойынша тұратынын (тiркелгенiн) растайтын құжат;
      3) Қазақстан Республикасының салық төлеушiсi куәлiгiнiң көшiрмесi;
      4) көлемi 3x4 фотосурет (түрлi-түстi) - 3 дана;
      5) аңшылық минимумы жөнiндегi курсты бiтiргенi туралы құжаттың көшiрмесi қоса тiркеледi.

      6. Аумақтық басқарма 10 күн iшiнде сауалнама-өтiнiштi қарайды және өтiнiш берушiге аңшылық минимумы бойынша емтиханға жiберу (не жiберуден дәлелдi бас тарту туралы), күнi мен оның өткiзiлетiн жерi туралы хабарлайды.
      Емтихан өткiзудiң күнi сауалнама-өтiнiш берiлген күннен бастап екi ай мерзiмнен кешiктiрмей тағайындалады.

      7. Өтiнiш берушiлер аңшылық минимумы бойынша емтихан тапсырғанға дейiн жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында басқару мен бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) бекiтетiн аңшылық минимумы бағдарламасы бойынша даярлық курсынан өтедi.
      Уәкiлеттi орган аңшылық минимумы бағдарламасы бойынша курсты ұйымдастырушыны конкурстық негiзде айқындайды.

      8. Аңшылық минимумы бойынша емтихан жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану, жабайы жануарлардың биологиясы, аңшылық қаруды және басқа аулау құралдарын, аң аулайтын иттер мен қыран құстарды ұстау мен пайдалану саласындағы заңнама мәселелерiн қамтитын уәкiлеттi орган бекiткен тестiлiк тапсырмалар бойынша тестiлеу әдiсiмен жүргiзiледi.

      9. Аңшылық минимумы бойынша емтихан қабылдауды аумақтық басқарма бастығының бұйрығымен аумақтық басқармалар жанында құрылатын кемiнде үш адамнан тұратын тұрақты түрде жұмыс iстейтiн емтихан алу комиссиялары жүзеге асырады. Емтихан алу комиссиясының төрағасы болып жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану мәселелерiмен айналысатын аумақтық басқарма бастығының орынбасары не осы басқарманың тиiстi бөлiмшесiнiң басшысы тағайындалады. Емтихан алу комиссиясының құрамына (келiсiм бойынша) жергiлiк өкiлдi органдардың, iшкi iстер органдарының, аңшылардың қоғамдық ұйымдарының өкiлдерi және басқалар кiруi мүмкiн.
      Емтихан нәтижелерi бойынша құжаттар қабылдауды және ресiмдеудi аумақтық басқарманың штат қызметкерлерi қатарынан тағайындалатын емтихан алу комиссияның хатшысы жүзеге асырады.

      10. Өтiнiш берушi бiр сағат iшiнде 25 тестiлiк сұрақтардың 20-сына дұрыс жауап берген жағдайда емтихан нәтижесi оң деп есептеледi. Бес қатеден асқан жағдайда емтихан тапсырылмаған болып есептеледi және өтiнiш берушi емтиханды қайтадан тапсыруға жiберiледi.
      Емтиханды қайтадан тапсыра алмаған жағдайда өтiнiш берушiге осы Ереженiң 5-тармағында белгiленген тәртiппен аңшы куәлiгiн алуға бiр жылдан кейiн өтiнiш беру мүмкiндiгi берiледi.
      Аңшы куәлiгiн берудi аумақтың ерекшелiгi мен аңшылық алқаптардың көлемiне қарай, бастықтың бұйрығымен тағайындалатын аумақтық басқарманың жауапты тұлғасы (бұдан әрi - аумақтық басқарма өкiлi) емтихан тапсырғаннан кейiн 10 күннен кешiктiрмей жүргiзедi.
      Аумақтық басқарма өкiлiнiң қолы арнайы мөрмен куәландырылады.
      Емтихан алу комиссиясының хаттамасы (4-қосымша) аңшы куәлiгiн беруге негiз болып табылады.

      11. Егер аңшы куәлiгi өзiнiң қолданыста болу мерзiмi аяқталғанға дейiн жоғалса немесе жарамсыз болса, аңшы куәлiгiнiң дубликатын беру аңшының есепке алу карточкасының негiзiнде жүргiзiледi.
      Аңшы куәлiгiнiң қолданылу мерзiмi аяқталған кезде жаңа аңшы куәлiгiн беру осы Ереженiң 6-тармағына сәйкес жүргiзiледi.
       Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің 2007 жылғы 12 шілдедегі N  231 бұйрығымен.

      12. Аңшыларды есептен шығару және есепке қою олар аңшы куәлiгi берiлген әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк (облыс) аумағынан тыс тұрақты тұрғылықты жерге көшкен кезде жүргiзiледi. Бұл жағдайда аңшы жаңа тұрғылықты жерге келген күннен бастап 30 күн iшiнде жаңа тұрғылықты жерi бойынша аумақтық басқармаға есепке тұруы қажет. Бұл ретте тиiстi аумақтық басқарма аңшының өзi тiркелген бұрынғы орнынан кеткенi туралы белгiсi бар есепке алу карточкасының түпнұсқасын және оның жеке iсiн сұратады. Аңшының бұрынғы тiркелген жерi бойынша аумақтық басқармада аңшыны есепке алу карточкасының және есепке алу карточкасы мен жеке iстiң түпнұсқасын жаңа есепке алу жерi бойынша қайта салу туралы белгiсi бар және оларды қайта салудың негiзi көрсетiлген iлеспе хаттың көшiрмесi сақталады.
      Аңшының әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк (облыс) шегiндегi тұрғылықты жерi өзгерген кезде, сондай-ақ аңшы куәлiгi мен есепке алу карточкасында көрсетiлетiн басқа да деректер өзгерген кезде аңшы болып өткен өзгерiстер туралы өзi есепке алынған жерi бойынша хабарлайды.

  3. Аңшы куәлiгiн дайындау, сақтау, есепке алу
және есептен шығару тәртiбi

      13. Аңшы куәлiгiнiң бланкiлерiн және аңшыны есепке алу карточкасын аумақтық басқарманың өтiнiмi бойынша уәкiлеттi орган орталықтандырған түрде дайындайды. Аңшы куәлiгiнiң бланкiлерiнде баспаханалық тәсiлмен қойылған нөмiрлер болады және олар қатаң есептiлiк құжаттары ретiнде, сенiмдi жабылатын металл шкафтарда (сейфтерде), олардың сақталуын қамтамасыз ететiн үй-жайларда сақталады.

      14. Аңшы куәлiгiн беру арнайы журналда тiркеледi (5-қосымша), ол аңшы куәлiгi бланкiлерiнiң қозғалысын есепке алу үшiн негiз болып табылады.

      15. Аңшы куәлiгi бланкiлерi мен аңшыны есепке алу карточкаларын уәкiлеттi орган акт бойынша аумақтық басқармаға бередi. Аңшы куәлiгiн берудi жүзеге асыратын аумақтық басқарманың жауапты адамы аумақтық басқарманың бухгалтерлiк есеп қызметiне аңшы куәлiгi бланкiлерiнiң қозғалысы туралы тоқсан сайын, белгiленген тәртiппен есеп бередi.

      16. Аңшы куәлiгi бланкiлерiн есептен шығару қатаң есептiлiк бланкiлерiн есептен шығару үшiн белгiленген тәртiппен, олардың аңшыларға берiлуiне қарай жүргiзiледi.

      17. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аң аулау құқығынан айрылған аңшылардан алынған аңшы куәлiгiн, сондай-ақ куәлiктiң бүлiнген бланкiлерiн қатаң есептiлiк бланкiлерi үшiн белгiленген тәртiппен, аумақтық басқару комиссиясы жоюға тиiс.

      18. Аумақтық басқарма тоқсан сайын және есептi жыл нәтижелерi бойынша уәкiлеттi органға аңшы куәлiгi бланкiлерiнiң қозғалысы туралы есеп бередi.

                                         Қазақстан Республикасының
                                        аңшы куәлігін беру ережесіне
                                                 1-қосымша

              Қазақстан Республикасының аңшы куәлігі

                     Аңшы куәлігінің мұқабасы
            (көлемі 105х80 мм, түсі жасыл, жазбасы қою
             сары түсті, қысып басу әдісімен жасалады)

___________________________________________________________________
                                 |   ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
                                 |          АҢШЫ КУӘЛІГІ
___________________________________________________________________

                    Куәлік бланкісінің 1-парағы
          (мұқабаның ішкі бетінің сол жағына желімденеді)

                       ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
                  АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ
             ОРМАН ЖӘНЕ АҢШЫЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КОМИТЕТІ

                         N _____ аңшы куәлігі

_____________
|             |   _________________________________________________
|   3 х 4 см  |                         (тегі)
| фотосуретке |   _________________________________________________
|арналған орын|               (аты, әкесінің аты)
|_____________|   Туған күні "____" ______________ ______ж.

      М.О.

Аңшы өтілі _____ж.

Куәлікті берген ___________________________________________________
                     (облыстық орман және аңшылық шаруашылығы 
                           аумақтық басқармасының атауы)
___________________________________________________________________
      (куәлікті берген лауазымды тұлғаның қолы және аумақтық
                      басқарманың арнайы мөрі)
Аңшылық минимумын тапсыру туралы белгі ____________________________
                                         (емтихан алу комиссиясы
___________________________________________________________________
                   хаттамасының нөмірі мен күні)

Куәлік 20__ж. "__"_______ берілді, 20__ж. "__"______ дейін жарамды.

                             2-парақ

             АҢШЫЛЫҚ СУЫҚ ҚЫЛЫШ ҚАРУДЫ ТІРКЕУГЕ АЛУ
___________________________________________________________________
    Қарудың атауы      |    Нөмірі   |    Сатушы ұйымның белгісі
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

       АҢ АУЛАЙТЫН ИТТЕРДІ, ҚЫРАН ҚҰСТАРДЫ ТІРКЕУГЕ АЛУ
___________________________________________________________________
Тұқымы (түрі),|Туған|   Иттің ветеринарлық  |   Итті аң аулауға
түсі, сақина, |күні |тіркеу құжаты, паспорты| жіберу туралы белгі,
микрочип нөмірі|     |                       | қыран құсты ұстау
               |     |                       |       мерзімі
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

                             3-парақ

           ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӘНЕ ЕСЕПТЕН ШЫҒАРУ ТУРАЛЫ БЕЛГІ
___________________________________________________________________
Есепке алынды|Есептен шығарылды|Тұрақты тұратын жерінің мекен-жайы

                               4-парақ

      (куәлік мұқабасының ішкі бетінің оң жағына желімденеді)

                                Билет

"__" ________ 20 __ж. "__" _________ 20 __ж. "__" _________ 20 __ж.

"__" ________ 20 __ж. "__" _________ 20 __ж. "__" _________ 20 __ж.

"__" ________ 20 __ж. "__" _________ 20 __ж. "__" _________ 20 __ж.

                                                 дейін ұзартылды.

                                         Қазақстан Республикасының
                                        аңшы куәлігін беру ережесіне
                                                 2-қосымша

       Ескерту. 2-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің 2007 жылғы 12 шілдедегі N 231 бұйрығымен.

                     ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
                АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ
            ОРМАН ЖӘНЕ АҢШЫЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КОМИТЕТІ

______________________ облыстық орман және аңшылық шаруашылығы
        (атауы)                 аумақтық басқармасы

                 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АҢШЫСЫНЫҢ
                        ЕСЕПТІК КАРТОЧКАСЫ

_____________    Тегі_____________________________________________
|             |   Аты_________________ Әкесінің аты________________
|   3 х 4 см  |   Туған күні "_____" ______________ ____________ ж.
| фотосуретке |   Жеке куәлігі/төлқұжаты/ _________________________
|арналған орын|   СТН _____________________________________________
|_____________|   Үйінің мекен-жайы, телефоны _____________________
                  _________________________________________________
      М.О.        Аңшының өтілі 20__ж. бастап.
                  Аңшының куәлігі N________________________________
                  "____"_____________20 __ ж. берілді.

      Аңшылық минимумы бойынша емтихан тапсырғаны туралы белгі
(емтихан алу комиссиясы хаттамасының нөмірі және күні)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

      Уәкілетті лауазымды
      адамның қолы және мөр __________________________

                          ЕРЕКШЕ БЕЛГІЛЕР

1. Аңшылық қарудың болуы туралы мәліметтер

Түрі

Маркасы

Калибрі

Шығарылған
жылы

Зауыттық нөмірі

Өзгелер

  2. Аң аулайтын иттерді, қыран құстарды тіркеуге алу
___________________________________________________________________
Тұқымы (түрі),|Туған|Иттің ветеринарлық| Итті аң аулауға жіберу
түсі, сақина, |күні |  тіркеу құжаты,  |туралы белгі, қыран құсты
микрочип нөмірі|     |     паспорты     |      ұстау мерзімі
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

3. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану
саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны туралы
белгі
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

                            Аңшы куәлігі:

"__" ________ 20 __ж. "__" _________ 20 __ж. "__" _________ 20 __ж.
"__" ________ 20 __ж. "__" _________ 20 __ж. "__" _________ 20 __ж.
"__" ________ 20 __ж. "__" _________ 20 __ж. "__" _________ 20 __ж.

                                                   дейін ұзартылды.

           ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӘНЕ ЕСЕПТЕН ШЫҒАРУ ТУРАЛЫ БЕЛГІ
___________________________________________________________________
Есепке алынды|Есептен шығарылды|Тұрақты тұратын жерінің мекен-жайы
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

                              Сырт жағы

                                         Қазақстан Республикасының
                                        аңшы куәлігін беру ережесіне
                                                 3-қосымша

                   САУАЛНАМА-ӨТІНІШТІҢ НЫСАНЫ

                             САУАЛНАМА

_____________
|             |   _________________________________________________
|   3 х 4 см  |                         (тегі)
| фотосуретке |   _________________________________________________
|арналған орын|               (аты, әкесінің аты)
|_____________|   Туған күні "____" ______________ ______ж.
      М.О.

Азаматтығы ________________________________________________________
Жеке куәлігі/төлқұжаты ____________________________________________
СТН _______________________________________________________________
Үй мекен-жайы, телефоны____________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
               (облыстық орман және аңшылық шаруашылығы
_________________________________________________________ бастығына
                     аумақтық басқармасының атауы)

                              ӨТІНІШ

Белгіленген тәртіппен _____________________________________________
                     аңшы куәлігін (аңшылық билетін) берген ұйымның 
______________________________________ берген қолда бар N _________
      атауы және берген күні)
аңшы куәлігінің (аңшылық билеттің) орнына Қазақстан Республикасының
аңшы куәлігін (аңшылық билетін) беруіңізді/ ауыстырып беруіңізді
өтінемін.

      Қосымша:
      1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын
құжаттың көшірмесі (азаматтығы жоқ және шетел азаматтары үшін -
төлқұжатының және Қазақстан Республикасының аумағына келуінің
заңдылығын растайтын құжаттың көшірмесі);

      2) __________________________________________________________
            (сауалнамада көрсетілген мекен-жайы бойынша өтініш
      _____________________________________________________________
         берушінің тұрғылықты жерін (тіркелуін) растайтын құжат)
 
        3) Қазақстан Республикасының Салық төлеушісі куәлігінің
көшірмесі;
      4) мөлшері 3 х 4 см фотосурет (түрлі түсті) - 3 дана;
      5) аңшылық минимумы жөніндегі бағдарламаның курсын өткені
туралы құжаттың көшірмесі.

      Өтініш берушінің қолы _____________/________________________/
                                                 (Т.А.Ж.)
      Күні "___" __________ 20 ___ ж.

___________________________________________________________________
Өтінішті қабылдадым _______________________________________________
               (Өтінішті қабылдаған тұлғаның Т.А.Ж, лауазымы, қолы)
Күні "___" __________ 20__ ж.
___________________________________________________________________

      1. Аңшылық минимумы жөніндегі бағдарламаның курсын өткені
туралы белгі
___________________________________________________________________
Аңшылық минимумы жөніндегі бағдарламаның курсы 20__ ж. "__" _____
бастап 20 __ ж. "__" __________ аралығында өтті.

Курс аяқтағаны туралы құжат 20 __ ж. "__" __________ берілді.

Курсты өткізуші ұйым басшысының қолы ______________________________
                                               (Т.А.Ж.)

Күні 20 __ ж."___" ____________  М.О.
___________________________________________________________________

      2. Емтиханға жіберілгені туралы белгі
___________________________________________________________________
Емтиханға _________________________________________
                 (жіберілді/жіберілген жоқ)
Емтихан тапсыруға жіберуден бас тарту негіздемесі _________________
___________________________________________________________________

Лауазымды адамның қолы __________________/_________________________

Күні 20 __ ж. "__" _____________ М.О.
___________________________________________________________________

___________________________________________________________________
Емтиханды қайтадан тапсыруға ______________________________________
                                 (жіберілді/жіберілген жоқ)
Емтиханды қайтадан тапсыруға жіберуден бас тарту негіздемесі ______
___________________________________________________________________

Лауазымды адамның қолы ___________________ /______________________/
                                                 (Т.А.Ж.)

Күні 20 __ ж. "___" _____________               М.О.
___________________________________________________________________

      3. Емтихан нәтижелері туралы белгі
___________________________________________________________________
Тест тапсырмасының нөмірі _______|Емтиханның нәтижесі:
Емтихан нәтижелері:              |Емтихан _________________________
дұрыс жауаптар __________________|     (тапсырылды/тапсырылған жоқ)
                 (жауаптар саны) |Емтихан комиссиясының хатшысы
бұрыс жауаптар __________________|_________________________________
                (сұрақтар саны)  |          (Т.А.Ж., қолы)
жіберілген қателіктер ___________|Күні 20 __ ж. "___" _____________
                (сұрақтар саны)  |
___________________________________________________________________

___________________________________________________________________
Тест тапсырмасының нөмірі _______|Қайта тапсырылған емтиханның
Емтихан нәтижелері:              |нәтижесі:
дұрыс жауаптар __________________|Емтихан _________________________
                 (жауаптар саны) |     (тапсырылды/тапсырылған жоқ)
бұрыс жауаптар __________________|Емтихан комиссиясының хатшысы
                (сұрақтар саны)  |_________________________________
жіберілген қателіктер ___________|          (Т.А.Ж., қолы)
                (сұрақтар саны)  |Күні 20 __ ж. "___" _____________
___________________________________________________________________

Қазақстан Республикасының  
                                        аңшы куәлігін беру ережесіне
                                                 4-қосымша        

                 Аңшылық минимумы бойынша емтихан
                      қабылдау жөніндегі
___________________________________________________________________
              (облыстық орман және аңшылық шаруашылығы
___________________________________________________________________
                   аумақтық басқармасының атауы)

                      емтихан алу комиссиясының
                20 ___ жылғы "___" __________ N _____

                              ХАТТАМАСЫ
___________________________________________________________________
N |Емтихан тапсы-| Тест  |Жауаптардың нәтижелері|Емтихан бойынша
р/с|рушының тегі, |тапсыр-|______________________|  қорытынды
   |аты, әкесінің |масының|Дұ- |Бұрысы|Жіберілген| (тапсырылды/
   |аты, оның үйі-|нөмірі |рысы|      |  қателер | тапсырылған жоқ)
   |нің мекен-жайы|       |    |      |          |
___________________________________________________________________
1          2         3     4      5         6          7

      Емтихан алу
      комиссиясының төрағасы ____________ _________________________
                                 қолы               (Т.А.Ж.)

      Комиссия мүшелері: 1.  ____________ _________________________
                                 қолы               (Т.А.Ж.)
                         2.  ____________ _________________________
                                 қолы               (Т.А.Ж.)

      Комиссия хатшысы       ____________ _________________________
                                 қолы               (Т.А.Ж.)

                                          Қазақстан Республикасының
                                        аңшы куәлігін беру ережесіне
                                                 5-қосымша

                    Қазақстан Республикасының
                    аңшысы куәлігін беру
                               журналы
         __________________________________________
        (облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық
                       басқармасының атауы)

___________________________________________________________________
N | Аңшының тегі, аты,| Тұрақты  |Емтихан алу |Аңшы  |   Алғаны
р/с|    әкесінің аты   | тұратын  |комиссиясы  |куәлі-|туралы қолы
   |                   | жерінің  |хаттамасының|гінің |
   |                   |мекен-жайы|нөмірі және |нөмірі|
   |                   |          |    күні    |      |
___________________________________________________________________
1           2               3            4         5         6

      Облыстық аумақтық
      басқарма бастығының қолы _______________ ____________________
                                     (қолы)           (Т.А.Ж.)

      М.О.

      "___" ____________ 20 __ ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады