Адъюнктураға қабылдаудың үлгі ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 23 қарашадағы N 962 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 27 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3305. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі N 161 Бұйрығымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008.04.01  N 161  (қолданысқа енгізілу тәртібін  5-тармақтан  қараңыз) Бұйрығымен.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының  Заңын  іске асыру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН :
      1. Қоса беріліп отырған Адъюнктураға қабылдаудың үлгі ережесі бекітілсін.
      2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (К.Құрманәлиев) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуден өткізуге ұсынсын.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бірінші вице-министр Г.Н. Гамарникке жүктелсін.

       Министр

       "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Ішкі істер министрінің
      міндетін атқарушы
      
      2004 жылғы 25 қараша

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Қорғаныс министрі
      
      2004 жылғы 9 желтоқсан

Қазақстан Республикасы    
Білім және ғылым министрінің 
2004 жылғы 23 қарашадағы   
N 962 бұйрығымен бекітілген 

  Адъюнктураға қабылдаудың үлгі ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Адъюнктураға қабылдаудың үлгі ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  сәйкес әзірленген.

      2. Ереже Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың адъюнктурасына тұлғаларды қабылдаудың тәртібін анықтайды.

      3. Білім беру ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың адъюнктер контингентін қалыптастыру жоғары оқу орнынан кейінгі білімді мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты орналастыру арқылы, республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады.

      4. Білім беру ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың адъюнктурасына қабылдаудың жоспары жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін мемлекеттік білім беру тапсырысы көлемінде бекітіледі.

      5. Білім беру ұйымы және ғылыми ұйым білім беру қызметін жүргізуге тиісті лицензиялары болғанда ғана адъюнктура мамандықтары бойынша оқуға қабылдау жариялайды.

      6. Адъюнктураға түсу емтихандарын өткізу және қабылдау кезеңінде білім беру ұйымдары мен ғылыми ұйымдарда қабылдау, пәндік емтихандық және аппеляциялық комиссия құрылады.
      Білім беру ұйымы немесе ғылыми ұйымның басшысы қабылдау комиссиясының төрағасы болып табылады.
      Пәндік комиссиялар білім беру ұйымдары мен ғылыми ұйымдарының тиісті мамандықтарының жоғары білікті ғалымдарының қатарынан құрылады, оның құрамында төраға мен үш мүшесі болады, олардың екеуі ғылым докторы, ал басқалары мамандық бейіні бойынша ғылым кандидаттары.
      Аппеляциялық комиссияның төрағасы білім беру саласындағы орталық атқарушы органның бұйрығымен тағайындалады.

      7. Конкурстық іріктеуді қамтамасыз ету үшін білім беру ұйымы мен ғылыми ұйымға құжаттар тапсыру мерзімінен 3 ай бұрын орталық баспада мамандықтары және құжат тапсыру мерзімі көрсетілген адъюнктураға қабылдау жөнінде хабарландыру жарияланады.

      8. Адъюнктураға түсушілер шетел тілдерінің біреуінен, философиядан және арнайы пән бойынша түсу емтихандарын тапсырады.

      9. Шетел тілі мен философия бойынша түсу емтихандары білім беру саласындағы орталық атқарушы орган құрған орталықтарда стандартталған тестілеу технологиясы бойынша тапсырылады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің орталықтардағы өкілдері білім беру саласындағы орталық атқарушы органның бұйрығымен бекітіледі.
      Емтиханды арнайы пән бойынша қолданыстағы бағдарламалар көлемінде ауызша және жазбаша нысанда құрамын білім беру ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың басшылары бекіткен пәндік комиссия өткізеді.

      10. Емтихандарды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

      11. Адъюнктураға түсушілерден өтініштерді қабылдау 10 қыркүйектен 30 қыркүйекке дейін жүргізіледі.

      12. Адъюнктураға түсу емтихандары қазанның 16-нан 29-на дейін, оқуға қабылдау 1-қарашаға дейін өткізіледі.

  2. Адъюнктураға қабылдау тәртібі

      13. Адъюнктураға түсу емтихандарына жіберу немесе қабылдамау туралы шешімді қабылдау комиссиясы шығарады, оқуға түсушіге түсу емтихандарының басталу мерзімінен 2 жеті бұрын хабарланады.

      14. Адъюнктураға түсу емтихандарына жіберілген қызметкерлерге емтихандарға дайындалу және тапсыру үшін ұзақтығы 30 күнтізбелік күнге қызмет орны бойынша ақшасы сақталынған демалыс беріледі.

      15. Адъюнктурада оқу құқығын таңдаған мамандығы бойынша түсу сәтінде 2 жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар қызметкерлер ғана пайдаланады.

      16. Адъюнктураға кәсіптік жоғары, жоғары ғылыми-педагогикалық білімі және ғылыми жұмыста жетістіктері бар қызметкерлер қабылданады.

      17. Адъюнктураға қабылдау конкурстық негізде түсу емтихандарының нәтижесі бойынша жүргізіледі.

      18. Адъюнктураға түсуші тұлғалар білім беру ұйымдары мен ғылыми ұйымға мынадай құжаттар ұсынады:
      жеке ісі;
      оқу ісі, онда:
      білім беру ұйымы және ғылыми ұйым басшысының атына жазылған өтініш;
      N 1 нысандағы анықтама;
      кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ;
      өмірбаян;
      қызметтік мінездеме-ұсыным;
      куәлікке 3,5х4,5; 2 фотосуреті;
      жоғары білімі туралы құжаттың қосымшасымен нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
      ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектер тізімі;
      кандидаттық емтихандарды (тапсырылған жағдайда) тапсырғаны жөнінде куәлік болуы қажет.

      19. Адъюнктураға түсуші тұлғалар болжамдалған ғылыми жетекшімен сұқбаттасудан өтеді, соңғысы қабылдау комиссиясына тиісті шешіммен кафедра отырысының хаттамасынан үзінді тапсырады.

      20. Қабылдау комиссиясы түсу емтихандарының нәтижесі және болжамдалған ғылыми жетекшімен сұқбаттасу қорытындысы бойынша конкурстық негізде әр үміткер жөнінде шешім шығарады.
      Қабылдау кезінде баллдары бірдей болған жағдайда "үздік" дипломды тұлғаларға, содан кейін бейінді пән бойынша жоғары баға алғандарға басымдылық құқығы беріледі.

      21. Оқуға адъюнктер қатарына қабылдау ұйым басшысының бұйрығымен мемлекеттік тапсырысқа сәйкес жүргізіледі.

      22. Осы ережеде реттелмеген мәселелерді білім беру ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың қабылдау комиссиялары шешеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады