"Белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталықтарының қызметін ұйымдстыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2000 жылғы 25 сәуірдегі N 99-ө бұйрығына өзнеріс енгізу туралы"

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 10 желтоқсандағы N 295-ө бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 7 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 3332

     Белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталықтарының қызметін жетілдіру мақсатында,  БҰЙЫРАМЫН:
     1. "Белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталықтарының қызметін ұйымдастыру ережесін (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2000 жылғы 29 шілдеде N 1204 тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2000 жылғы N 9 жарияланған) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2000 жылғы 25 сәуірдегі N 99-ө  бұйрығына  мынадай өзгеріс енгізілсін:
     аталған Бұйрықпен бекітілген Белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталықтарының қызметін ұйымдастыру ережесінде:
     2-тармақтағы ", 3 айдан аспайтын уақытқа," деген сөздер алынып тасталсын.
     2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді.

     Министр

     Қазақстан Республикасының
     Ішкі істер министрі
     "___"____________ 2004 ж

     Қазақстан Республикасының
     Денсаулық сақтау министрі
     21.12.2004 ж

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады