Банк топтарына арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мағыналарын және есептеу әдістемелерін, сондай-ақ олардың орындалуы туралы есептерді беру нысандары мен мерзімін белгілеу жөнінде

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 қарашадағы N 325 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 7 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 3334. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 44 қаулысымен.

      Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 44  қаулысымен .
_________________________________

     "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  42-бабының ережелерін, "Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік тіркеу мен қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  10-бабын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

     1. Банк топтары сақтауға міндетті мынадай пруденциалдық нормативтерді белгілесін:
     жарғылық капиталдың ең аз мөлшерін;
     жеткілікті меншікті капиталдың коэффициентін;
     меншікті капиталдың ең аз мөлшерін;
     бір заемшыға тәуекелдің ең жоғары мөлшерін.

     2. Осы қаулыда көзделген банк топтары үшін пруденциалдық нормативтерді есептеу мақсаты үшін:
     банк топтарының қатысушылары ретінде банкті, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын, активтері банк активтерінің бір процентінен кем құралатын бағалы қағаздар тізілімі жүйесін қалыптастыруды, сақтауды және жүргізуді жүзеге асыратын бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларын қоспағанда, банктің еншілес ұйымдары болып табылатын заңды тұлғаларды, сондай-ақ акциялары (қатысу үлесі) оларды өткізу сәтіне дейін кепіл шартының талаптарына сәйкес банк меншігіне өткен заңды тұлғаларды қоспағанда, банктің еншілес ұйымы болып табылатын заңды тұлғаларды түсінуге болады;
     банк тобының, яғни банктің (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қаржылық есебін қоспағанда)), жиынтықты шоғырландырылған қаржылық есебі, сондай-ақ банк тобы қатысушыларының шоғырландырылған қаржылық есебі қолданылады;
     азшылық үлесі ретінде банк тобы қатысушылары арқылы банк тікелей немесе жанама иелік етпейтін оның капиталындағы үлесіне тиесілі банк тобы қатысушысы қызметінің таза нәтижелерінің және таза активтерінің бір бөлігін түсінуге болады.
     Банк тобының шоғырландырылған қаржылық есебі қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына сәйкес жасалады.

     3. Банктер қаржылық есеп беруді тоқсан сайын есепті тоқсанның екінші айының жиырма бесінен кешіктірмей, осы қаулының қосымшасындағы нысанға сәйкес қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) банктік топтарға арналған пруденциалдық нормативтерінің орындалуы туралы есепті банктік топтың қатысушыларының шоғырландырылған қаржылық есеп беру, қаржылық есеп беру қосымшаларымен бірге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес береді.
     Өтіп бара жатқан жылдың төртінші тоқсаны үшін банктік топтарға арналған пруденциалдық нормативтердің орындалуы туралы есеп уәкілетті органға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен уәкілетті орган бірлесіп белгілеген аудиторлық қорытынды қоса берілетін шоғырландырылған жылдық қаржылық есеп беру мерзімінен кешіктірілмей беріледі.

     4. Банктік топтың жарғылық капиталының мөлшері алып қойылған капиталды шегергендегі төленген акциялар шегінде (қатысу үлесі) алынған банктің жарғылық капиталының мөлшерін білдіреді.

     5. Банктік топтың жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері бір жарым миллиард теңгеден кем болмауы тиіс.

     6. Меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициенті банктік топтың меншікті капиталы сомасының азшылық үлесіне, банктің тәуекелдік дәрежесі бойынша салмақталған активтер мен баланстан тыс міндеттемелер сомасына қатысы бар болуы арқылы белгіленеді.

     7. Банктік топтың меншікті капиталы мынадай сомаларды білдіреді:
     банктің нақты меншікті капиталын;
     банктік топтың басқа қатысушыларының меншікті капиталының нақты мөлшері мен банктік топтың басқа қатысушыларының меншікті капиталының қажетті мәні арасындағы айырмалар.
     Осы қаулымен көзделген нақты меншікті капитал, активтер, банктің тәуекел дәрежесі бойынша салмақталған шарт және мүмкін міндеттемелер екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есебінің әдістемесін белгілейтін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес банктік топтың шоғырландырылған қаржылық есеп беру деректері негізінде есептеледі.

     8. Банк тобы қатысушысының нақты меншікті капиталы клиенттер алдындағы қаржы міндеттемелерін ойдағыдай орындау мақсатында қатысушының төлем қабілетіне (меншікті капиталының жеткіліктігіне) қойылатын Қазақстан Республикасының заң талаптарына сәйкес қалыптастырған шаманы білдіреді. Банк тобы қатысушысының меншікті капиталының нақты мөлшері есебінің тәртібі оның қызметін реттейтін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
     Егер банк тобы қатысушысына қатысты оның жеткілікті меншікті капиталын айқындау тәртібі белгіленбеген жағдайда, онда меншікті капитал активтер (екінші деңгейдегі банктер және қатысушының міндеттемесі үшін пруденциалдық нормативтер есебінің әдістемесін, нормативтік мәнін белгілейтін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келетін инвестициялардан басқа заңды тұлғалардың реттелген борыштарындағы активтер (акциялар (жарғылық капиталдағы қатысу үлесі) сомасын білдіретін инвестициялардың шегі бойынша кемітілген) және қатысушы міндеттемелері арасындағы айырма ретінде белгіленеді.

     9. Банк тобы қатысушысының меншікті капиталының ең төменгі мөлшері қатысушының төлем қабілетіне (меншікті капиталының жеткіліктігіне) Қазақстан Республикасының заң талаптарына және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қойылатын клиенттер алдындағы қаржылық міндеттемелерін ойдағыдай орындау мақсатында қалыптастырған төменгі шаманы білдіреді.

     10. Банк тобы қатысушысына қатысты меншікті капиталдың жеткіліктілігін белгілеу тәртібі қойылмаған, сондай-ақ осы қатысушы сияқты қызмет түрлерін жүзеге асырушы ұйым үшін меншікті капиталдың жеткіліктілігіне қойылатын талаптар болмаған жағдайда, ең төменгі меншікті капитал активтерді, шартты және мүмкін міндеттемелерді 0,2 коэффициентіне көбейту жолымен белгіленеді.
     Осы тармақта көрсетілген банктік топ қатысушысының меншікті капиталының ең төменгі мөлшерінің есебіне банкке талап ету құқығы бар болып табылатын осы қатысушының активі қосылмайды.

     11. Банк тобының меншікті капиталы былайша есептеледі:

                    МК = НМК + (ҚМКН - ҚМКҚ),

     Мұнда               МК - банк тобының меншікті капиталы
                         НМК - банктің нақты меншікті капиталы
                         ҚМКН - банк тобы қатысушыларының меншікті
                         капиталдарының нақты мөлшерінің сомасы
                         (банктен басқасы)
                         ҚМКҚ - банк тобы қатысушыларының меншікті
                         капиталдарының қажетті мөлшерінің сомасы
                         (банктен басқасы)
     Банк тобының меншікті капиталы бір жарым миллиард теңгеден кем болмауы тиіс.

     12. Банк тобының жеткілікті меншікті капиталының коэффициенті мынадай формула бойынша айқындалады:

                     К = (МК + Ү)/АБ - П),

     Мұнда           К - жеткілікті меншікті капитал коэффициенті
                     Ү - азшылық үлесі
                     АБ - тәуекел дәрежесі бойынша өлшенген банк
                     активтері, баланстан тыс міндеттемелері
                     П - қалыптасқан арнайы резервтер және банктің
                     меншікті капиталына жатқызылмаған қалыптасқан
                     жалпы резервтер сомасы

     13. Жеткілікті меншікті капиталдың коэффициенті 0,12 кем болмауы тиіс.

     14. "Тәуекел" термині ретінде екінші деңгейдегі банктерге пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәнін, әдістемесін белгілейтін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес есептелген банктік топтың активтері және баланстан тыс міндеттемелері түсіндіріледі.

     15. Бір заемшыға тәуекел мөлшерінің есебіне:
     Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қойылатын талаптар;
     ашық корреспонденттік шоттары бойынша Standard & Poor`s немесе Fіtch агенттігінің "ВВВ" төмен емес немесе Moody`s агенттігінің "Ваа2" төмен емес шетел валютасындағы ұзақ мерзімді борыштық рейтингісіне ие қаржы ұйымдарына қойылатын талаптар;
     осы Ережеге сәйкес банк тобының меншікті капиталының есебінен шығарылатын заңды тұлғаларға қойылатын талаптар жатпайды.

     16. Банктік топтың қатысушыларына банктің қоятын талабы екінші деңгейдегі банктерге пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәнін, әдістемесін белгілейтін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес белгіленетін бір заемшыға арналған тәуекелдің есебіне жатқызылмайды.

     17. Банк тобының "бір заемшысы" ұғымы ретінде банк тобының тәуекелі бар немесе болуы мүмкін, заемшы алдында үшінші тұлғаның пайдасы үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актілерінде немесе жасалған шарттарда көзделген басқадай негіздеме алған кез келген жеке немесе заңды тұлғаны түсінуге болады.

     18. Осы Ереженің мақсаттары үшін банк тобының екі не одан көп борышкерінен тұратын топ үшін тәуекел мөлшері жиынтығында мына жағдайлардың біреуі болған кезде бір заемшыға есептеледі:
     борышкерлердің біреуі басқалардың акцияларының (қатысу үлестерінің) жиырма бес процентінен астам иелік етеді (дауыс береді) не тікелей немесе жанама (жарғылық капиталға қатысу арқылы) басқаларға бақылау жасайды;
     әрбір борышкердің акцияларының (қатысу үлестерінің) жиырма бес процентінен астам иелік ететін (дауыс беретін) тұлға болып табылатын бір тұлғаға ие болады не оларға тікелей немесе жанама бақылау жасайды;
     борышкердің біреуі басқа борышкердің пайдалануына өзінің активтерін береді не кепіл (кепілдеме беруші) болып табылады немесе жиынтығында бірінші борышкер активтерінің он процентінен асатын сомаға басқа борышкердің міндеттемелері бойынша жауап береді;
     борышкерлер банк тобының борышкері болып табылмайтын сол бір тұлғаның пайдалануына өз активтерін береді не кепілдік (кепілдеме) береді немесе жиынтығында әрбір борышкер активтерінің он процентінен асатын сомаға жоғарыда аталған тұлғаның міндеттемелері бойынша жауап береді.

     19. Егер заемшы банктік топтың екі және одан да көп заемшыларынан тұратын заемшылардың бірімен байланыс орнатқан жағдайда, заемшылар тобындағы әр заемшымен байланыс жасалған болып табылады.

     20. Егер мемлекет (уәкілетті орган атынан) екі және одан да көп заңды тұлғалардың ірі қатысушысы болған жағдайда, мұндай топқа қатысты тәуекел мөлшері, егер басқа ірі қатысушылар болмаса, сондай-ақ осы Ереженің 18-тармағында белгіленген заемшылардың осы тобына қатысты тәуекел мөлшері жиынтығында бір заемшыға тәуекел мөлшері ретінде есептелінетін өзге міндеттемелер болмаса, бір заемшыға тәуекел мөлшері ретінде есептелмейді.

     21. Банк тобының бір заемшысына тәуекелдің ең жоғары мөлшері мынадай формула бойынша айқындалады:

                          ЕТ = М/МК,

     Мұнда          ЕТ - бір заемшыға ең жоғары тәуекел
                    М - бір заемшыға банк тобының тәуекел мөлшері

     22. Бір заемшыға ең жоғары тәуекел мынадан аспауы тиіс:
     банк тобы меншік капиталының он процентінен:
     1) лауазымды тұлға немесе банк қызметкерінің басшысы немесе банк тобының қатысушысы, сонымен қатар олардың жақын туысқандары;
     2) ірі қатысушысы немесе банктің банктік холдингі, сонымен қатар ірі қатысушының - жеке тұлғаның жақын туысқаны, немесе ірі қатысушының - заңды тұлғаның/банк холдингінің бірінші басшысының жақын туысқандары;
     3) осы тармақтың 1)-2) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар тікелей немесе жанама (заңды тұлғалардың жарғылық капиталға қатысуы арқылы) бақылайтын заңды тұлғалар не банк, банк тобының қатысушылары осы тармақтың 1)-2) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар тікелей немесе жанама (заңды тұлғалардың жарғылық капиталға қатысуы арқылы) бақылайтын заңды тұлғалар не дауыс беруші акциялардың (қатысу үлесінің) жиырма бес және одан астам процентіне ие көрсетілген тұлғалар;
     4) банк, банк тобының қатысушылары тікелей немесе жанама (заңды тұлғалардың жарғылық капиталға қатысуы арқылы) бақылайтын заңды тұлға не банкте дауыс беруші акциялардың (қатысу үлесінің) жиырма бес және одан астам процентіне ие тұлға, осы тұлғаның лауазымды тұлғалары, олардың жақын туысқандары болып табылатын тұлғаға;
     басқа тұлғалар бойынша банк тобы меншік капиталының жиырма бес процентінен.

     23. Әрқайсысының мөлшері банк тобы меншік капиталының он процентінен асатын бір заемшыға банк тобы тәуекелдерінің сомасы банк тобы меншік капиталының мөлшерінен сегіз еседен астам аспауы тиіс.

     24. Заемшыға банк тобы талаптарының жалпы көлемі олардың пайда болған күнінде осы қаулымен белгіленген шектеулер шегінде табылған, бірақ банк тобы меншікті капиталы деңгейі соңғы үш айдың ішінде бес проценттен аспайтын төмендеуге байланысты не заемшыға қойылатын талаптар көрінетін, соңғы үш айдың ішінде он проценттен аспайтын, шетел валютасына теңгенің орташа алынған биржалық курсының өсуінен заемшыға банк тобы талаптарының өсуіне байланысты соңында көрсетілген шектеулерден асып кеткен жағдайда, бір заемшыға тәуекелдің ең жоғары мөлшерінің нормативі орындалған болып саналады.
     Банк жоғарыда көрсетілген асып түскен күннен бастап жеті күндік мерзімде банктің асып түсуді мойындауы мен асып түскен күннен бастап алпыс күнтізбелік күннің ішінде оны жою жөніндегі міндеттемелері бар хат-міндеттемені уәкілетті органға береді. Егер осы асып түсу көрсетілген мерзімде жойылмаған жағдайда, бір заемшыға тәуекелдің ең жоғары мөлшері нормативінің асып түсуі көрсетілген асып түскен күннен бастап осы нормативті бұзушылық болып қарастырылады.

     25. Банктерге, банк холдингіне және банк тобы қатысушыларына осы қаулымен белгіленген пруденциалдық нормативтерді бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мәжбүрлі іс-әрекет шаралары мен санкциялар қолданылуы мүмкін.

     26. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

     27. Осы қаулы қолданысқа енген күннен бастап мыналардың:
     1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банк топтарына арналған пруденциалдық нормативтер туралы ережені бекіту туралы" 2003 жылғы 25 шілдедегі N 250  қаулысының  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2465 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана", N 18 басылымдарында 2003 жылғы 25 тамыз - 7 қыркүйек жарияланған);
     2) Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының "Банк топтарына арналған пруденциалдық нормативтер туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 25 шілдедегі N 250 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2465 тіркелген" 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 118  қаулысының  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2855 тіркелген, "Қаржы хабаршысы - Финансовый вестник" N 6(6) басылымында 2004 жылғы 17 мамырда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

     28. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
     1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
     2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне жіберсін.

     29. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялау шараларын қолға алсын.

     30. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

      Төраға

________________________
     1  Банк топтарына арналған пруденциалдық нормативтердің мағыналарын және есептеу әдістемелерін, сондай-ақ олардың орындалуы туралы есептерді беру нысандары мен мерзімін белгілеу жөнінде

                                         Қазақстан Республикасының
                                          Қаржы нарығын және қаржы
                                           ұйымдарын реттеу мен
                                            қадағалау жөніндегі
                                          агенттігі Басқармасының
                                          2004 жылғы 27 қарашадағы
                                          N 325 қаулысына қосымша

           БАНК ТОБЫНЫҢ ПРУДЕНЦИАЛДЫҚ НОРМАТИВТЕРДІ
                    ОРЫНДАҒАНЫ ТУРАЛЫ ЕСЕП
                      ________________________
                            (банктің атауы)

Банк тобының жарғылық капиталының есебі

Банк тобының жарғылық (төленген) капиталы ________________ тең.
                                          (мың теңгемен)

Алынған капитал ____________________ тең.
                  (мың теңгемен)

Банк тобының жарғылық капиталы ________________ тең.
                                (мың теңгемен)

     Жеткілікті меншікті капиталы коэффициентінің есебі

                                                         1-кесте

N

 

Банк тобының
қатысушыларының
атауы

Жиынтығы

1.

Меншікті капиталдың жеткілік-
тігіне қойылатын талаптар
негізінде есептелген ең
төменгі меншікті капитал

 

 

2.

Активтер

 

 

3.

Шартты және ықтимал міндеттемелер

 

 

4.

Меншікті капиталдың қажетті мөлшері

 

 

5.

Нақты меншікті капитал

 

 

6.

Меншікті капиталдың асып түсуі
(жетіспеушілігі)

 

 

7.

Банктің нақты меншікті капиталы

 

8.

Банктің меншікті капиталы (банк тобы қатысушы-
ларының меншікті капиталының асып түсу (жетіспеу-
шілік) сомасына түзетілген банктің нақты меншікті
капиталы)

 

9.

Банк тобының шоғырландырылған балансындағы
азшылық үлесі

 

10.

Банк тобының меншікті капиталы сомасының және
азшылық үлесінің жиынтығы

 

11.

Активтердің, тәуекел деңгейі бойынша өлшенген
шартты және ықтимал міндеттемелердің сомасы

 

12.

Қалыптасқан арнайы резервтер сомасы және Банктің
меншікті капиталына қосылмаған қалыптасқан жалпы
резервтер сомасы

 

13.

Жеткіліктік коэффициенті

 

      1-кестені толтыру жөніндегі ереже:
     1. Меншікті капиталдың жеткіліктігін айқындау тәртібі
белгіленбеген, сондай-ақ меншікті капиталдың жеткіліктігіне
қойылатын талаптары жоқ банк тобының қатысушылары бойынша 1-жол
толтырылмайды;
     2. Меншікті капиталдың жеткіліктігін айқындау тәртібі
белгіленген, сондай-ақ меншікті капиталдың жеткіліктігіне қойылатын
талаптары бар банк тобының қатысушылары бойынша 2-4-жолдар
толтырылмайды;
     3. "Банк тобы қатысушыларының атауы" бағаны олардың қысқаша
атауы көрсетілетін банк тобы қатысушыларының (банктен басқасы)
тиісті санына қосалқы бағандарға бөлінеді.

       Бір заемшыға тәуекелдің ең жоғары мөлшерінің есебі

                                                         2-кесте

Коэффициенттің атауы

Тәуекел
мөлшері

Тәуекелдің
банк тобының
меншікті
капиталының
мөлшеріне
қатынасы

Борышкер және
банк тобы
тәуекелінің
түрі туралы
мәліметтер

А

1

2

3

Банк тобымен ерекше
қатынастармен байла-
нысты емес тұлғаға банк
тобы тәуекелінің ең
жоғары мөлшері

 

 

 

Банк тобымен ерекше
қатынастармен байла-
нысты тұлғаға банк тобы
тәуекелінің ең жоғары
мөлшері

 

 

 

Мөлшері банк тобының
меншікті капиталының он
процентінен асатын банк
тобы тәуекелінің сомасы

 

 

 

     Төраға ___________________________
                (аты-жөні және қолы)                [мөрі]

     Бас бухгалтер ____________________
                   (аты-жөні және қолы)

     күні _________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады