Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларының кастодиан-банктерінің есеп беруі туралы" 2001 жылғы 1 желтоқсандағы N 477 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 385 қаулысы. Қазастан Республикасының Әділет министрілінде 2005 жылғы 25 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 3386. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 127 Қаулысымен.

      Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 № 127 (мемлекеттік тіркелген күнінен бастап он төрт күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      "Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 2-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

     1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларының кастодиан-банктерінің есеп беруі туралы" 2001 жылғы 1 желтоқсандағы N 477 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1728 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" N 2 басылымдарында жарияланған, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 наурыздағы N 91 қаулысымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен бірге (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2245 тіркелген)) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

     1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
     "Жинақтаушы зейнетақы қорларының кастодиан-банктері қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган):
     есепті айдан кейінгі айдың әрбір бесінші жұмыс күні Астана уақыты бойынша сағат 18.00-ден кешіктірмей зейнетақы активтері сақтауға (есепке) қабылданған әрбір жекелеген жинақтаушы зейнетақы қорының бөлігінде өткен ай үшін есепті ұсынады, оған мыналар кіреді:
     осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес ұлттық валютадағы инвестициялық шот бойынша зейнетақы активтерінің қозғалысы туралы есеп (есепті айдағы барлық позициялар бойынша жиынтық сомаларды көрсете отырып өткен айдың әрбір жекелеген жұмыс күні үшін);
     осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес зейнетақы активтері инвестициялық портфелінің құрылымы туралы есеп (өткен айдың соңғы күнтізбелік күнінің аяғындағы жағдайы бойынша);
     валюталық инвестициялық шот бойынша ақша және оның қозғалысы бар болған кезде осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес жекелеген валюталық инвестициялық шоттар бойынша зейнетақы активтерінің қозғалысы туралы есептер (есепті айдағы барлық позициялар бойынша жиынтық сомаларды көрсете отырып өткен айдың әрбір жекелеген жұмыс күні үшін);
     осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес есептелген және төленген комиссиялық сыйақылар туралы есеп (өткен айдың әрбір жекелеген күнтізбелік күні үшін).";

     2-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
     "2-3. Есепке өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда, кастодиан-банк есеп берілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу қажеттігінің себептерін түсіндіре отырып, жазбаша өтінішті ұсынады.";

     мынадай мазмұндағы 2-6, 2-7, 2-8-тармақтармен толықтырылсын:
     "2-6. Есеп қағаз жазбада және электрондық тасымалдағышта жасалады.

     2-7. Қағаз тасымалдағышта жасалған есеп еркін нысанда жасалған, жинақтаушы зейнетақы қорларының кастодиан-банкінің басшысы қол қойған ілеспе хатпен жіберіледі.
 

     2-8. Қағаз тасымалдағышта жасалған есептегі мәліметтер электрондық тасымалдағышта жасалған есептегі мәліметтерге ұқсас болуы тиіс.";

     3-тармақ алынып тасталсын;
     1, 2, 3-қосымшалардың барлық мәтіні бойынша "депозиттер", "депозиттердің", "депозиттерге", "депозиттің" деген сөздер тиісінше "салымдар", "салымдардың", "салымдарға", "салымның" деген сөздермен ауыстырылсын;

     1-қосымшада:
     Ұлттық валютадағы инвестициялық шоты бойынша зейнетақы активтерінің қозғалысы туралы есепте:
     1-бөлім. КІРІС (ЕСЕП ШОТТЫҢ КРЕДИТІ) мынадай редакцияда жазылсын:

Күні

Күн
бас-
тал-
ғанда
қал-
дық

Басқа
зейнетақы
қорларынан
аударымдар

Зейнетақы
жарналары

Бағалы
қағаздар
бойынша
алынған
дивиденд-
термен
сыйақы


Оның
ішінде,
жеке
зейне-
тақы
шотта-
рына
бөлін-
гендер

Мін-
дет-
ті

Ерік-
ті

Оның
ішінде,
жеке
зейне-
тақы
шотта-
рына
бөлін-
гендер

1

2

3

4

5

6

7

8









Жиын-
тығы:








кестенің жалғасы

Ба-
ғалы
қа-
ғаз-
дарды
сату-
дан
және
өтеу-
ден
түс-
кен
тү-
сім-
дер

Банктердегі
салымдар
бойынша
қайтарылатын
сома

Зейне-
тақы
төлем-
дері-
нің
шоты-
нан
болған
қайта-
рымдар

Алын-
ған
өсім-
пұл-
дар/
айып-
пұлды

Шетел
валю-
тасын
сату-
дан
түс-
кен
түсі-
мдер

Қате-
лесіп
есеп-
тел-
ген
сома

Өзге
тү-
сім-
дер

Жиын-
тығы

Салым
со-
масы

Салымдар
бойынша
алынған
сыйақы
(мүдде)
сомасы

9

10

11

12

13

14

15

16

17



















     2-бөлімнің кестесі ШЫҒЫС (ЕСЕП ШОТТЫҢ ДЕБЕТ) мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

Жиын-
тығы













     2-қосымшада:
     есептің атауында "құрылымы" деген сөздің алдында "инвестициялық портфелінің" деген сөздермен толықтырылсын;
     1-бөлімнің кестесінде "ЗЕЙНЕТАҚЫ АКТИВТЕРІНІҢ ЕСЕБІНЕН САТЫП АЛУҒА РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР":
     мынадай мазмұндағы 16-бағанмен толықтырылсын:

Листинг/рейтинг

16






     "Қысқа мерзімді бағалы қағаздардың барлығы" деген жолдан кейін мынадай жолмен толықтырылсын:


Инвес-
тиция-
лық
қор
пайла-
рының
бар-
лығы
















     2-бөлімде "КЕРІ РЕПО" ОПЕРАЦИЯЛАРЫ БОЙЫНША САТЫП АЛЫНҒАН БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР:
     кесте мынадай мазмұндағы 17-бағанмен толықтырылсын:

Листинг/рейтинг

17






     3-бөлімде:
     кесте мынадай мазмұндағы 1.1-бағанмен толықтырылсын:

Банктің коды

1.1.




     Кесте мынадай мазмұндағы 14-бағанмен толықтырылсын:

Листинг/рейтинг

1.1.




     Мынадай мазмұндағы 4-бөліммен толықтырылсын:
     "4-бөлім. ТАЗАРТЫЛҒАН АЛТЫН ТУРАЛЫ ЕСЕП

N
р/с

Атауы

Әділ құны





Жиынтығы:

Х


1-4-бөлімдер бойынша жиынтығы:


     Бірінші басшы (қолы)
     Бөлімше басшысы (қолы)

     Мөр орны
     Орындаушы (қолы, телефон нөмірі)";

     4-қосымшаның ескертулері мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
     "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың есептелген және төленген комиссиялық сыйақылары туралы ақпарат жинақтаушы зейнетақы қорларының кастодиан-банкінде болған кезде толтырылады.".

     2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап бір ай өткеннен кейін қолданысқа енеді.

     3. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
     1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
     2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, жинақтаушы зейнетақы қорларының кастодиан-банктеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

     4. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

     5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

     Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады