"Стационарды алмастыратын медициналық көмекті дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің  міндетін атқарушының 2003 жылғы 14 қарашадағы N 840 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2004 жылғы 29 желтоқсандағы N 899 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 27 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 3396. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 26 қарашадағы N 798 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009.11.26 N 798 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 13 қыркүйектегі N 1438  Жарлығын іске асыру және станционарды алмастыратын технологияларды жетілдіру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН :

     1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының "Стационарды алмастыратын медициналық көмекті дамыту туралы" 2003 жылғы 14 қарашадағы N 840  бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 2596 тіркелген және "Ресми газетте" 2004 жылғы 10 қаңтардағы N 1-2 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

     көрсетілген бұйрықпен бекітілген Стационарды алмастыратын бөлімшелер (палаталар) қызметінің ережесінде:
     3-тармақта "емдік" деген сөздің алдынан "күніне ұзақтығы 4 сағаттан 8 сағатқа дейін болатын" деген сөздермен толықтырылсын;

     мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
     "6-1. Стационарды алмастыратын бөлімшелерге түскен науқастарға денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен күндізгі стационар науқасының картасы басталады";

     8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
     "8. Стационарды алмастыратын көмек диагностикалық, емдік іс-шараларды, оның ішінде өмірлік маңызды дәрілік заттардың тізімінің шегінде медициналық айғақтар бойынша дәрілік қамтамасыз етуді қамтиды және жергілікті бюджет қаражатының есебінен қаржыландырылатын тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінде жүзеге асырылады.";

     мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
     "8-1. Стационарды алмастыратын медициналық көмек көрсету кезінде медицина ұйымдарының шығыстарының орнын толтыру әрбір емделген жағдай үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның әдістеріне сәйкес жүзеге асырылады.";

     12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
     "12. Стационарды алмастыратын бөлімшелерде науқасты емдеу үшін:
     1) тәуліктік бақылауды талап етпейтін пациенттерге күніне 2 реттен көп дәрілік препараттарды парентеральды әдістермен (көк тамырға, бұлшық етке, терінің астына, ингаляциялардың және басқа да әдістердің көмегімен) енгізудің қажеттілігі;
     2) енгізген кезде және оны аяқтағаннан кейін дене қызуын, артериялық қан қысымын, электрлік кардиограмманы, тамырдың соғуын, дем алысын медициналық бақылауды талап ететін дәрілік препараттарды, оның ішінде тамшыларды (жүрек гликозидтері, кортикостероидтар, антиаритимиялық, қан препараттары, қан алмастырғыштар, пирогеналды инъекциялау, дәрілік заттар мен басқа да заттарды буынға енгізу) көк тамырға ұзақ енгізудің қажеттілігі;
     3) тәуліктік стационардан шығарғаннан кейін стационарды алмастыратын бөлімшелер жағдайында ұзақтығы күніне кем дегенде төрт сағат болатын оңалту ем-шараларын жалғастырудың қажеттілігі;
     4) емханаға келген уақытта немесе оның жанында туындаған қиын жағдайға байланысты (бронхтық немесе жүрек демікпесі ұстамасы, гипертониялық күрт асқыну, гипогликемиялық жағдай, анафилактикалық естен тану, тахиаритмия пароксизмдері және басқалар) пациенттерге шұғыл медициналық көмек көрсетудің қажеттілігі;
     5) пациенттерді күрделі диагностикалық зерттеулер (бронхоскопия, холецистохолангиография, пиелография, цистоскопия, ирригоскопия, колонофиброскопия, асқазан сөлін, өтті зерттеу және басқа да эндоскопиялық және қайшылас зерттеулер) және оларды кейіннен медициналық бақылау жүргізуге дайындаудың қажеттілігі;
     6) медициналық бақылауды талап ететін инвазиялық емдік ем-шаралар (өкпеқап қуысын инемен тесу, парацентез, гемодиализ, синовектомиясы бар буындарды инемен тесу және басқа) жүргізу қажеттілігі;
     7) операциялық араласулар (эндоскопиялық, хирургиялық, гинекологиялық және басқалар) жүргізуден кейін медициналық бақылаудың қажеттілігі айғақтар болып табылады.";

     13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
     "13. Стационарды алмастыру бөлімшелеріне жіберу үшін:
     1) төсектік режимді сақтауды талап ететін аурулар;
     2) тәуліктік дәрігерлік бақылау мен медициналық күтімнің, дәрі-дәрмектерді парентеральды тәуліктік енгізудің қажеттілігі;
     3) пациентте өздігінен қозғалу мүмкіндігін шектейтін аурулардың болуы;
     4) әдетте түнгі уақытта өршитін аурулардың болуы;
     5) стационарды алмастыратын бөлімшелер жағдайында орындау мүмкін болмайтын диеталық режимді сақтау қажеттілігі;
     6) күндізгі стационарға келіп-кету жолында, ашық ауада пациенттің денсаулық жағдайының нашарлауын туғызатын ауруларының болуы;
     7) жіті жұқпалы аурулар мен айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар қарсы айғақтар болып табылады.";

     14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
     "14. Үш жасқа дейінгі балалар стационарды алмастыратын бөлімшеде анасымен бірге немесе оған күтім жасауды жүзеге асыратын өзге де адаммен жатқызылады.".

     2. Облыстық, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының (департаменттерінің) басшылары (келісім бойынша) осы бұйрыққа сәйкес Стационарды алмастыру бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырсын.

     3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Емдеу-алдын алу ісі, аккредиттеу және ақпаратты талдау департаменті (А.В.Нерсесов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.

     4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік департаменті (Д.В.Акрачкова) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

     5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі С.Ә.Диқанбаеваға жүктелсін.

     6. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

     Министрдің
     міндетін атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады