2004 жылдың сәуiр-маусым және қазан-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларының қатарына 1977-1986 жылдары туған азаматтарды шақыруды жүргізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімінің 2004 жылғы 18 наурыздағы N 25 және Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы N 33/6-ІІІ бірлескен шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2004 жылғы 14 сәуірде N 323 тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімінің 2005 жылғы 15 наурыздағы N 36 және Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 29 наурыздағы N 131/17-III бірлескен шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімінің 2005.03.15 N 36 және Астана қаласы мәслихатының 2005.03.29 N 131/17-III бірлескен шешімімен.

      "Жалпыға бiрдей әскери міндеттiлiк және әскери қызмет туралы" 1993 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңына (бұдан әрi - Заң), Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 18 желтоқсандағы N 1320 "Қазақстан Республикасы әскери басқаруының жергiлiктi органдарының мәселелерi"  қаулысына сәйкес, Астана қаласының әкiмi мен Астана қаласының мәслихаты шешті:

      1. 2004 жылдың сәуiр-маусым және қазан-желтоқсан айларында 1977-1986 жылдары туған, шақырудан кейiнге қалдыруға немесе босатылуға құқы жоқ азаматтарды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнің, басқа да әскерлерi мен әскери құрамалары қатарына мерзiмдi әскери қызметке шақыру және жөнелту өткiзiлсiн, "Алматы" және "Сарыарқа" аудандары шақыру комиссияларының қызметiн басшылыққа алу және бақылау мақсатында, осыған орай  Заңның 14-бабының 2-тармағына сәйкес мына құрамда шақыру комиссиясы бекiтiлсiн:

Толыбаев                      - Астана қаласы әкiмiнің орынбасары,
Марат Еркінұлы                  қалалық шақыру комиссиясының
                                төрағасы

Мыңжанов                      - Астана қаласының Әскери
Қайрат Тұрсынайұлы              комиссары, қалалық шақыру
                                комиссиясы төрағасының орынбасары

Комиссия мүшелерi

Чаус Александр                - Астана қаласы ІІББ бастығының
Александрович                   орынбасары

Ақтаева Ләззат                - Астана қаласы Денсаулық сақтау
Мейрашқызы                      департаментi директорының
                                орынбасары

Семенова Валентина            - Астана қаласының Әскери
Гриторьевна                     комиссариаты 2 (шақыру) бөлімі
                                бастығының аға көмекшiсi,
                                медициналық комиссиясының төрайымы

Петренкова Галина             - N 3 қалалық емхана
Степановна                      мейiрбикесi, комиссия хатшысы

      Қалалық шақыру комиссиясының мүшелерi әр түрлі себептермен болмаған жағдайда комиссиясының резервтiк құрамы бекiтiлсiн:

Мұхамеджанов Төлеген          - Астана қаласы әкiмінің
Мұхамеджанұлы                   орынбасары, қалалық шақыру
                                комиссиясының төрағасы

Комиссия мүшелерi:

Сейiтжапаров Ғабдолла         - Астана қаласы ІІББ бастығының
Рахметоллаұлы                   орынбасары

Сағнаев Марат                 - Астана қаласы Әскери
Шолпанұлы                       комиссариаты 2 (шақыру) бөлiмi
                                бастығының орынбасары

Көпежанова Бақыт              - N 3 емхананың дәрiгерi,
Әшiрбекқызы                     медициналық комиссияның төрайымы

Қалқаманова Гүлнұр            - N 3 қалалық емхана
Қызқоранқызы                    мейiрбикесi, комиссия хатшысы
       Ескерту. Құрамға өзгеріс енгізілді - Астана қаласы әкімінің 2004 жылғы 28 мамырдағы N 27 және Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 29 маусымдағы N 61/9-ІІІ бірлескен  шешімімен

      2. "Алматы" және "Сарыарқа" аудандарының әкiмдерi  Заңның 14-бабына сәйкес шақыру комиссияларын құрсын,  Заңның 35-бабына сәйкес шақыру комиссияларының жұмыстарын қамтамасыз етсiн.

      3. Астана қаласының Денсаулық сақтау департаментi шақырылушыларды дәрiгер тексерiстен өткiзу үшiн медициналық комиссияларды қызметкерлермен (1, 2, 3-қосымшалар), дәрi-дәрмектермен, жабдықтармен (4-қосымша) қамтамасыз етсiн. 2004 жылғы наурыз-қыркүйекте шақырылушылардың қан тобын анықтау үшiн олардың қан тапсыруы, зерттеу тапсыруы ұйымдастырылсын, электрокардиограммаға түсуі, флюорографиядан өтуi қамтамасыз етiлсiн, шақырылушылар медициналық куәландырудан өту кезiнде тиiстi егулер жүргiзiлсiн, шақырылушылардың қаланың емдеу-алдын алу мекемелерiнде стационарлық тексеруден өтуi қамтамасыз етiлсiн (5-қосымша). Шақыру комиссиясы дәрiгерлер шақыру қосынына келуiн қамтамасыз етсiн.

      4. Астана қаласы Әскери комиссариатының жұмыс кестесiне сәйкес қалалық шақыру комиссиясы жұмысының басталуы сағат 14.00-ден бастап (жергілікті уақыт) белгіленсін.

      5. Астана қаласының Еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау департаментi ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырсын ("Xалықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңына , Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 9 қаңтардағы N 3-1-64қ "Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына сәйкес) және жұмыссыз азаматтардың (10 адамнан) 2004 жылғы 1 сәуiр мен 31 маусым аралығы және 1 қазан мен 31 желтоқсан аралығында "Алматы" және "Сарыарқа" аудандарының Әскери комиссариаттарына жiберiлуiн қамтамасыз етсін.
      Астана қаласының Қаржы департаментi аталған жұмыстарды ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшiн бюджетпен қарастырған қаражаттар шегіндe қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.

      6. Астана қаласының Көлiк және байланыс басқармасы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, басқа да әскерлерi мен құрамалары қатарына шақырылған шақырылушыларды тасымалдау үшiн шақыру комиссиясын көлікпен Астана қаласы Әскери комиссариатының ұсынған тапсырыстарына сәйкес қамтамасыз етсiн.

      7. Астана қаласының Қаржы департаментi шақырылушыларды медициналық куәландыруға қажеттi дәрi-дәрмектердi сатып алуға байланысты шығындарды, сондай-ақ көлiк, пошта және кеңсе шығындарын 2004 жылғы жоспарланған сметаға сәйкес төлесiн.

      8. Астана қаласының IIББ және Астана стансасының көлiктегi ЖIIБ шақыру қосынында (А. Затаевич көшесi, 21) және темiржол стансасының жолаушыларды отырғызу орындарында қоғамдық тәртiптiң сақталу шараларын қарастырсын, ол үшiн Астана қаласы Әскери комиссариатының тапсырыстарына сәйкес полиция нарядын бөлсiн.
      "Алматы" және "Сарыарқа" аудандарының iшкi iстер басқармаларына Астана қаласы Әскери комиссариатының қарамағына iздестiру және хабарлау тобына 2004 жылғы 1 сәуiр мен 30 маусым және 1 қазан мен 31 желтоқсан аралығына бiр-бiрден полиция қызметкерлерiн бөлу мiндеттелсiн.

      9. Астана қаласының әкiмi мен Астана қаласы мәслихатының 2003 жылғы 5 қыркүйектегi N 20 және 2003 жылғы 11 қыркүйектегi N 255/50-II "2003 жылдың қазан-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң қатарына 1976-1985 жылдары туған азаматтарды шақыруды жүргiзу туралы" (Астана қаласының Әдiлет басқармасында 2003 жылғы 24 қыркүйекте N 293 болып тiркелген; "Астана ақшамы" газетiнің 2003 жылғы 9 қазандағы N 133 нөмiрiнде және "Вечерняя Астана" газетінің 2003 жылғы 14 қазандағы N 116 нөмiрiнде жарияланған) бiрлескен шешiмi күшi жойылды деп танылсын.

      10. Әкiмдiк пен мәслихаттың осы бiрлескен шешiмiнiң орындалуын бақылау Астана қаласы әкiмiнiң бiрiншi орынбасары С.Н. Ахметов пен Астана қаласы әкiмiнiң орынбасары Т.М. Мұхамеджановқа жүктелсiн.

       Астана қаласының әкімі            Астана қаласы
                                      мәслихаты сессиясының
                                         төрағасы
      Астана қаласы мәслихатының
           хатшысы

       Визалар:

      Келісілді

      Астана қаласы "Алматы" ауданының әкімі
      Астана қаласы "Сарыарқа" ауданының әкімі
      Астана қаласы ІІББ бастығы
      Астана қаласы Қаржы департаментінің
      бастығы
      Астана қаласы Денсаулық сақтау
      департаментінің бастығы
      Астана қаласы Еңбек, халықты жұмыспен
      қамту және әлеуметтік қорғау
      департаментінің бастығы
      Астана стансасы көліктегі ЖІІБ бастығы
      Көлік және байланыс басқармасының
      бастығы
      Астана қаласының Әскери комиссары

Астана қаласы әкiмінің     
2004 жылғы 18 наурыздағы N 25 және
Астана қаласы мәслихатының   
2004 жылғы 30 наурыздағы N 33/6-ІІІ
бiрлескен шешiмiне        
1-қосымша            

Астана қаласы бақылау
медициналық комиссиясының
Құрамы

___________________________________________________________________
      Мамандық атауы            |  Мамандардың саны
___________________________________________________________________
Медициналық комиссиясының
аға дәрiгeрi                          1
Невропатолог                          1
Көз дәрiгeрi                          1
Отоларинголог                         1
Хирург                                1
Фтизиатр                              1
Тiс дәрiгeрi                          1
Дерматовенеролог                      1
Психиатр                              1
Терапевт                              1
___________________________________________________________________

      Орта медициналық қызметкерлер - 8 адам.

      Астана қаласының Әскери комиссары
      Астана қаласы мәслихатының хатшысы

Астана қаласы әкiмінің     
2004 жылғы 18 наурыздағы N 25 және
Астана қаласы мәслихатының   
2004 жылғы 30 наурыздағы N 33/6-ІІІ
бiрлескен шешiмiне        
2-қосымша            

"Алматы" ауданы бойынша
медициналық комиссиясының
Құрамы

___________________________________________________________________
      Мамандық атауы            |  Мамандардың саны
___________________________________________________________________
Медициналық комиссиясының
аға дәрiгeрi                          1
Невропатолог                          1
Көз дәрiгeрi                          1
Отоларинголог                         1
Хирург                                1
Фтизиатр                              1
Тiс дәрiгeрi                          1
Дерматовенеролог                      1
Психиатр                              1
Терапевт                              1
___________________________________________________________________

      Орта медициналық қызметкерлер - 8 адам.

      Астана қаласының Әскери комиссары
      Астана қаласы мәслихатының хатшысы

Астана қаласы әкiмінің      
2004 жылғы 18 наурыздағы N 25 және
Астана қаласы мәслихатының   
2004 жылғы 30 наурыздағы N 33/6-ІІІ
бiрлескен шешiмiне        
3-қосымша            

"Сарыарқа" ауданы бойынша
медициналық комиссиясының
Құрамы

___________________________________________________________________
      Мамандық атауы            |  Мамандардың саны
___________________________________________________________________
Медициналық комиссиясының
аға дәрiгeрi                          1
Невропатолог                          1
Көз дәрiгeрi                          1
Отоларинголог                         1
Хирург                                1
Фтизиатр                              1
Тiс дәрiгeрi                          1
Дерматовенеролог                      1
Психиатр                              1
Терапевт                              1
___________________________________________________________________

      Орта медициналық қызметкерлер - 8 адам.

      Астана қаласының Әскери комиссары
      Астана қаласы мәслихатының хатшысы

Астана қаласы әкiмнің     
2004 жылғы 18 наурыздағы N 25 және
Астана қаласы мәслихатының   
2004 жылғы 30 наурыздағы N 33/6-ІІІ
бiрлескен шешiмiне        
4-қосымша            

2004 жылғы көктeмде және күзде шақыруға бақылау, "Алматы"
және "Сарыарқа" медициналық шақыру комиссиялары
жұмысы үшін қажетті дәрігерлiк-медициналық дәрі-дәрмектердің,
құрал-саймандардың және басқа да жұмсалатын заттардың
Тізбесі

___________________________________________________________________
Р/с|                                         |
N  |            Атауы                        |  Саны (дана)
___________________________________________________________________
1.  Қарауға арналған төсек                        6
2.  Медициналық керме (3-ceкциялық)               6
3.  Құрал-саймандарды сақтауға арналған шкаф      4
4.  Қол динамометрі                               3
5.  Тонометр                                      10
6.  Вотчал фонендоскопы                           10
7.  Құрғақыстық шкафы                             2
8.  Айналы офтальмоскоп                           2
9.  Саңылаулы шам (БЛ-1 биомикроскоп)             3
10. Тоңазытқыш                                    2
11. Медициналық таразы (РП-150 мг.)               2
12. Медициналық еден таразысы                     2
13. Спирометр                                     3
14. Poстометр (бой өлшегiш)                       2
15. Бактерицидтік қабырға шамы                    2
16. Құрал-cаймандарға арналған үстелше            2
17. Сивцов-Головиннiң кестесi                     10
18. Сивцов-Головиннiң кестесiне арналған жылтыр
    электршамымен жарық беретін құрал (40 Ватт)   2
19. Үстел шамы                                    2
20. Рябкиннің полихроматикалық кестесi            2
21. Бинокулярлық лупа                             3
22. Резеңке қолғаптар                             300 жұп
23. Анотомиялық қысқыш                            15
24. Шыны үлкейткіш лупа d-50                      15
25. Tілге арналған екi жақты (тiк) қалақша        40
26. Бүйрек тәрiздi лоток                          20
27. Медициналық термометр                         15
28. Heврологиялық балға                           15
29. Көмей айнасы - 21 мл                          4
30. Көмей айнасы - 25 мл                          4
31. Құлақ воронкасы N 1, 2, 3, 4                  2 жиынтық
32. Мұрын-жұтқыншақ айнасы                        4
33. Tүймедей сүңгi                                4
34. П-24 иілген құлақ қысқышы                     4
35. Маңдай рeфлекторы                             2
36. Көз тамшуыры                                  20
37. Үлкен қабақ көтергіш                          6
38. Жас арнасы үшін сүңгі                         4
39. Офтольмологиялық линзалар жиынтығы            2
40. Тiс айнасы                                    100
41. Тiке найзаласқан тiс сүңгiсі                  20
42. Иілген тіс сүңгісі                            100
43. Иілген тіс қысқышы                            40
44. Өлшеуіш таспа                                 20
45. Құлақ жууға арналған баллон                   4
46. 40 мм ұзындықпен мұрын айнасы                 30
47. 60 мм ұзындықпен мұрын айнасы
48. Тiк қайшылар                                  6
49. (7-литрлік) эмальданған кастрюльдер           3
50. Бұрыш өлшеуіш                                 3
51. Барани-креслолар                              1
52. Сүлгi                                         20
53. Хирургиялық жаймалар                          10
54. Хирургиялық халаттар                          54
55. Иiс су сабындары                              20
56. Көрсеткіш                                     2
57. Eрiтiндiлер:
    a) eрiтінділер (бір күн ішінде куәландырушыларға)
    Дикаина - 0,25% - 2                           12 амп.
    Фурацилин 1:5000 - 100,0                      6 құты
    Гоматропин 1% - 2,0                           12 амп.
    Колларгол 3% - 2,0                            12 амп.
    Пилокарпин 1% - 2,0                           6 амп.
    Армин 1:20000 - 2,0                           6 құты
    Риванол 1% 1000 - 100,0                       6 құқты
    Аммиак 10% - 2,0                              6 қорап
    Йод 5% - 50,0                                 12 құты
    Этил спирті - 50,0                            180 құты
    Бриллиантты жасыл спирттi ерiтіндi 1% - 10,0  12 құты
    б) Зерттеугe қажеттi стандартты ерiтіндiлер:
    иiскеу:
    - сірке қышқылының eрітіндісі 0,5%-5,0:       6 құты
    - таза шараптық спирт - 5,0                   6 құты
    дәмiн көру:
    - қант ерiтiндiсi 4, 41, 40% - 5,0            6 құты
    - лимон қышқылы 0,01, 0,02, 0,003% - 5,0      6 құты
    - хинин сульфаты 0,00002-0,00003% - 5,0       6 құты
58. в) басқа жұмсалатын заттар:
    - гигроскопиялық мақта                        12 кг
    - стерильденген шағын салфеткалар
    (пакеттерде)                                  180 дана
    - резеңке қолғаптар                           120 дана
    - медициналық вазилин                         6 дана
    - жабысқақ пластырь                           12 дана
    - хлорамин                                    30 дана
___________________________________________________________________

      Астана қаласының Әскери комиссары
      Астана қаласы мәслихатының хатшысы

Астана қаласы әкiмінің     
2004 жылғы 18 наурыздағы N 25 және
Астана қаласы мәслихатының  
2004 жылғы 30 наурыздағы N 33/6-ІІІ
бiрлескен шешiмiне      
5-қосымша 

          2004 жылғы көктемде және күзде әскерге шақыру кезінде науқас
шақырылушылар тексеруден өтетiн Астана қаласының емдеу
мекемелерiнің және төсек-орындардың (күнделіктi) бөліну
Тізiмi

___________________________________________________________________
Емдеу мекемелерiнің атауы                         |Төсек-орын саны
___________________________________________________________________
1. N 1 қалалық аурухана:
   кардиология бөлiмшесi                            10
   лор бөлiмшесi                                    2
   эндокринология бөлiмшесi                         4
   урология бөлiмшесi                               10
   нефрология бөлiмшесi                             2
   хирургия бөлiмшесi                               2
2. Травматология және ортопедия ҒЗИ:
   жақ-бет хирургия бөлiмшесi                       2
   тамыр бөлiмшесi                                  2
   травматология бөлiмшесi                          10
   артрология бөлiмшесi                             2
3. Қалалық туберкулезге қарсы диспансер             4
4. Жыныс қатынастары арқылы берiлетін
   аурулардың алдын алу және дерматология
   орталығы                                         8
5. Қалалық психиатриялық аурухана                   8
6. Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы               2
7. Теміржол ауруханасы:
   неврология бөлiмшесi                             6
   нейрохирургия бөлiмшесi                          2
   терапия бөлiмшесi                                14
   гематология бөлiмшесi                            2
   пульмонология бөлiмшесi                          4
   офтальмология бөлiмшесi                          8
8. Қалалық медициналық-әлеуметтiк жандандыру        4
орталығы
9. N 1 қалалық емхана                               8
10. N 2 қалалық емхана                              8
11. N 3 қалалық емхана                              8
12. N 6 қалалық емхана                              8
13. Онкологиялық диспансер                          2
14. Темiржол емханасы                               10
15. Отбасылық-дәрігерлік амбулатория                10
___________________________________________________________________

      Астана қаласының Әскери комиссары
      Астана қаласы мәслихатының хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады