Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2005 жылғы 04 маусымдағы № А-6/189 қаулысымен
Ақмола облысы әкімінің орынбасары О.В.Наймушинаның "Облыстың 2004 жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы" баяндамасын тыңдап және талқылай келе, облыс әкімдігі аталған мерзім ішінде әлеуметтік салада елеулі өзгерістер болғанын атап өтеді, экономиканың негізгі салаларында өндірістің өсу қарқыны сақталған, бюджетке салықтан және басқа да төлемдерден түсімдер болжаудағыдан артты, ресми жұмыссыздардың деңгейі азайды, кедейшіліктің ең төменгі деңгейінен тұрмысы төмендердің саны азайды, орташа айлық жалақы өсті.
Сонымен қатар, өнеркәсіп өндірісінің физикалық индекс көлемі 94,5% құрайды, кәсіпорындар мен ұйымдардың кредиторлық және дебиторлық қарыздарын азайту және жұмыс істемейтін, шығын әкелетін кәсіпорындар мен ұйымдарды қысқарту бойынша айтарлықтай тиімді шаралар қолданылмайды. Облыс бюджетінің кіріс бөлігіне түсімдер 98,3%-ға орындалды, шығындар бойынша - 91,9%-ға.
Осы мәселенің талқылауын ескере отырып облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Облыс әкімінің орынбасары О.В.Наймушинаның "Облыстың 2004 жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы" баяндамасы мағлұмат ретінде қабылдансын.
2. Аудандар мен қалалардың әкімдері:
өнеркәсіп өндіру көлемін ұлғайтуға байланысты жедел шаралар қолдансын;
барлық мал басы түрлерінің сақталуына, мал өнімдерін өндіруді ұлғайту бойынша шаралар қолдансын;
облыстық өнеркәсіп және сауда, ауыл шаруашылығы басқармалары бірлесе отырып, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу салаларын дамытудың және дайын өнімнің сапасын бақылауды күшейтудің шаралар кешенін дайындасын;
шағын бизнесте құрылыс саласы жұмыстары, қызмет етуді дамыту жандандырылсын;
тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік сала нысандарының күзгі-қысқы маусымдарда қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етсін, қажетті отын қорын әзірлеу, коммуналдық қызмет үшін қарыздарды жинау бақылауға алынсын;
республикалық бюджеттен бөлінген мақсатты трансферттердің уақытылы, толық көлемде меңгерілуін қамтамасыз етсін;
облыстың әлеуметтік маңызды нысандарына ерекше назар аудара отырып, инвестицияларды тарту жандандырылсын;
даму институттарын қатыстыра отырып кемінде бір инвестициялық жоба жүзеге асырылсын. 2004 жылдың 1 желтоқсанына дейін экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасына ақпарат ұсынылсын;
жұмыссыздар деңгейін азайтуға байланысты жұмыс жандандырылсын;
орташа айлық еңбекақыны көбейту жөнінде, еңбекақыны өтеуден берешектерді жабуға және оны натуралды тауарлармен төлеуге шаралар қолданылсын;
ең төменгі күнкөріс мөлшерінен кірісі төмен тұрғындардың үлесін азайту бойынша жұмыстарды жалғастырсын.
3. Аудандар мен қалалардың әкімдері, бюджеттік бағдарламалардың әкімгерлері:
бюджеттік комиссияда әзірленген бағдарламалардың жобаларының қаралуын қамтамасыз етсін;
бағдарламадан тыс келіп түскен өтініштер бойынша инвестициялық жобалар аймақтық бағдарламаларға енгізіліп, оларды бекітуге мәслихаттың сессиясына ұсынсын.
4. Облыстық өнеркәсіп және сауда басқармасы, экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасымен, басқа да мүдделі басқармалармен және ведомстволармен бірлесе отырып (келісім бойынша), аудандар мен қалалардың әкімдері облыстық мәслихаттың 2004 жылдың 24 қыркүйектегі сессиясының N 3С-7-4 шешімімен бекітілген Ақмола облысының 2004-2006 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын асыруға байланысты жұмыстарды жандандырсын.
5. Аудандар мен қалалардың әкімдері, ауыл шаруашылығы басқармасы және Ақмола облысы бойынша статистика басқармасы (келісім бойынша) негізгі тауар түрлері мен қызметтерге бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында тұтыну тауарларының мониторингін жүзеге асырсын.
6. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің аумақтық басқармасы (келісім бойынша), аудандардың әкімдері:
Облыстық мәслихат сессиясының 2003 жылдың 21 ақпандағы N С-24-3 шешімімен бекітілген Ақмола облысының 2003-2005 жылдарға арналған Агроазық-түлік бағдарламасындағы, 2004 жылдың барлық шаралары үшін қарастырылған және облыстық мәслихаттың 2003 жылдың 26 қаңтардағы N 3С-3-6 шешімімен бекітілген Ақмола облысының 2004-2006 жылдарға арналған селолық аумақтарды дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасына бюджет қаржысының толық меңгерілуін қамтамасыз етсін;
2005 жылы егістік науқанын жүргізу үшін қамсыздандыру қорын ескере отырып, қажетті тұқым мөлшерін төгіп алып, тұқымдық материалдың сақталуын және сапалы өңделуін қамтамасыз етсін;
күзгі-егістік жұмыстарының кешенін аяқтасын;
мал қыстатуды ұйымдасқан түрде өткізуге байланысты, мал шаруашылығының өнімділігін жоғарылатуға, асылтұқымдандыру және селекциялық жұмыстарды жақсартуға шаралар қолданылсын.
7. Облыстық қаржы басқармасы және бағдарламалар әкімгерлері бюджет қаржысының, оның ішінде инвестициялық жобалардың іске асырылуына бағытталған қаржының мақсатты әрі тиімді пайдаланылуына бақылауды күшейтсін.
8. Ақмола облысы бойынша салық комитеті (келісім бойынша), аудандар мен қалалардың әкімдері:
салықтан және басқа да міндетті төлемдерден түсетін түсімнің 4 тоқсандағы және жалпы жыл бойғы жоспарының орындалуын қамтамасыз етсін;
"Ақмола облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы" РМК (келісім бойынша) бірлесе отырып иесіз шаруашылықтарды тіркеуге алу және жылжымайтын мүліктерді бағалау жұмыстарын жүргізсін.
9. Облыстық экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасы 2004 жылдың 1 желтоқсанына дейін және Ақкөл, Астрахан, Атбасар, Жақсы, Целиноград, Шортанды, Щучье аудандарының, Көкшетау және Степногорск қалаларының әкімдері 2004 жылдың аяғына дейін шағын бизнес субъектілеріне несие бөлуге қарастырылған облыстық және аудандық бюджет қаржысының игерілуін қамтамасыз етсін.
10. Облыстық білім басқармасы, аудандар мен қалалардың әкімдері:
балалар бақшалары жүйелері мен мектепке дейінгі тәрбие және білім мекемелерін қалпына келтіруге байланысты шаралар қолдансын;
Жылдың аяғына дейін кемінде облыс мектептерінің 75% Интернет жүйесіне қосылуын қамтамасыз етсін.
11. Облыстық сәулет, құрылыс тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жол шаруашылығы басқармасы, Көкшетау қаласының әкімі жыл аяғына дейін тұрғын үй құрылысына республикалық бюджеттен бөлінген қаржының толық игерілуін қамтамасыз етсін;
12. Облыстық автомобиль жолдары және сәулет, құрылыс, тұрғын-үй коммуналдық және жол шаруашылығы басқармалары, "Казахавтодор"»Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Ақмола бөлімшесі (келісім бойынша), аудандар мен қалалардың әкімдері облыстық автомобиль жолдары жүйесін күзгі-қысқы маусымда пайдалануға дайындығын қамтамасыз етсін.
13. Көкшетау қаласының әкімі тұрғындарды газбен қамтамасыз ету жүйесін қалпына келтіру бойынша шаралар қолдансын. Әр айдың 15-іне дейін облыс әкіміне ақпарат тапсырып отырсын.
14. Жоғарыда аталған тапсырмалардың орындалуын бақылауды жетекшілік ететін мәселелері бойынша облыс әкімінің орынбасарларына жүктелсін.
Облыс әкімі