Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы"
Заңының
5, 11 баптарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік ономастикалық комиссиясының қорытындысымен және Еңбекшілдер, Ерейментау аудандары әкімдігі мен мәслихатының бірлескен шешімдері негізінде облыстық мәслихат пен облыс әкімдігі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Еңбекшілдер және Ерейментау аудандарының келесі елді мекендерінің атаулары өзгертілсін:
Еңбекшілдер ауданындағы Уәлиханов ауылдық округінің Советское ауылы Ақсу ауылына;
Еңбекшілдер ауданындағы Еңбекшілдер ауылдық округінің Придорожное ауылы Ақбұлақ ауылына;
Еңбекшілдер ауданындағы Еңбекшілдер ауылдық округінің Трудовое ауылы Ақтас ауылына;
Ерейментау ауданындағы Благодатное ауылы Олжабай батыр ауылына.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң күшіне енеді.
Облыстық мәслихат Облыс әкімі
сессиясының төрағасы
Облыстық мәслихаттың хатшысы