Аршалы және Жақсы аудандарының кейбір ауылдарын қысқарту туралы

Жаңа

Ақмола облыстық мәслихаты мен Ақмола облысы әкімшілігінің 2004 жылғы 10 желтоқсандағы N ЗС-9-14 бірлескен шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2005 жылғы 18 қаңтарда N 2996 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы"  Заңының  3, 8, 11 баптарына сәйкес, Аршалы және Жақсы аудандарының әкімдігі мен мәслихатының бірлескен қолдаухаттары негізінде, облыстың әкімшілік - аумақтық құрылысын жетілдіру мақсатында облыстық мәслихат және облыс әкімдігі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Тұрғындардың көшіп кетулеріне байланысты Аршалы және Жақсы аудандарының келесі ауылдары қысқартылсын және есептік деректерден шығарылып тасталсын:
      1) Аршалы ауданындағы Константинов ауылдық округінің Сейтен ауылы;
      2) Жақсы ауданындағы Есіл ауылдық округінің Қарашаш, Талдықора, Еркіндік ауылдары;
      3) Жақсы ауданындағы Қайрақты ауылдық округінің Набережное ауылы;
      4) Жақсы ауданындағы Терісаққан селолық округінің Балталы, Байжігіт ауылдары.
      2. Шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді. 

       Облыстық мәслихат                       Облыс әкімі
      сессиясының төрағасы

      Облыстық мәслихаттың хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады