Тұрғын үй комиссиясын құру туралы

Күшін жойған

Ақмола облысының Көкшетау қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 15 қарашадағы N а-6/894 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2004 жылғы 10 желтоқсанда N 2936 тіркелді. Күші жойылды - Көкшетау қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 12 шілдедегі № А-7/764 қаулысымен

     Ескерту.Күші жойылды - Көкшетау қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 12 шілдедегі № А-7/764 қаулысымен
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" ҚРЗ 2001 жылғы 23 қаңтардағы N148-II, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуір N 94-I Заңдарының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 қыркүйек N 1292 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының  мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй-жай беру, жалдау және пайдалану тәртібі туралы Нұсқаулықтың бекітілуіне сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
     1. Көкшетау қаласының әкімдігінде тұрғын үй комиссиясы құрылсын және бекітілсін (1 қосымша).
     2. Қалалық  Мәслихат сессиясының кезекті мәжілісінде тұрғын үй комиссиясының құрамы бекітілуге енгізілсін.
     3. Көкшетау қаласы әкімдігінің тұрғын үй комиссиясының Ережесі бекітілсін(2 қосымша).
     4. Көкшетау қаласы әкімдігінің 3 қыркүйек 2004 жылғы № а-4/683 "Тұрғын үй комиссиясын құру туралы" қаулысының күші жойылсын.
     5. Осы қаулы Ақмола облысының әділет Департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізілуге жатады және бірінші ресми түрде жарияланған күннен кейін он күнтізбе күні өткесін күшіне енеді.
     6. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі орынбасарының міндетін атқарушы А.Х. Мурзинге жүктелсін.

      Қала әкімі

           Қосымша №1
     Көкшетау қаласы әкімдігінің
    "Тұрғын үй комиссиясын құру туралы"
     15.11. 2004 жылғы а-6/894 қаулысына

 Тұрғын үй комиссиясының құрамы

1.Мурзин Айдар Хамзаұлы

Көкшетау қаласы әкімі орынбасарының міндетін атқарушы, комиссия төрағасы

  

2.Бисенбаев Руслан Халаудинұлы 

Көкшетау қаласы әкімі аппаратының заң бөлімінің бастығы, тұрғын үй комиссиясы төрағасының орынбасары

3.Қабдырова Қорлан Болатқызы

кеңестік-диагностикалық емхананың бас дәрігері, комиссия төрағасының хатшысы

  Комиссия мүшелері:

  

4.Айтуғанов Сұнғат Қапарұлы

Көкшетау қаласы әкімінің жанындағы  "тұрғын үй Орталығы" мемлекеттік мекемесі бастығының міндетін атқарушы

5.Ваховская Людмила Васильевна

қалалық әлеуметтік қорғау басқармасының тұрғын үй жәрдемақы бөлімінің бастығы (келісім бойынша)

6.Жигалина Валентина Григорьевна

соғыс және еңбек ардагері Кеңесінің мүшесі (келісім бойынша)

7.Құсанов Қазы Қараменұлы

"Көкшетау қаласының білім басқармасы"»мемлекеттік мекемесінің бастығы

8.Сәбитова Айгүл 
Баубекқызы

қалалық Мәслихаттың депутаты (келісім бойынша)

 

Қосымша№2
Көкшетау қаласы әкімдігінің
"Тұрғын үй комиссиясын құру туралы"
15.11. 2004жылғы а-6/894 қаулысына

 Көкшетау қаласы әкімдігінің тұрғын үй комиссиясының
ЕРЕЖЕСІ

 1. Жалпы ережелер

      1. Тұрғын үй комиссиясы (бұдан әрі- комиссия) Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы  тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады.
      2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы  "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" №94-I Заңдарын, Қазақстан Республикасы  Үкіметінің 1999 жылғы қыркүйектегі "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалға беру және пайдалану  тәртібі туралы" №1292 қаулысын, осы Ережені және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілерін басшылыққа алады.
      3. Комиссия Көкшетау қаласының тұрғын үй қорын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік тұрғын үйді бөлу және иесіз қалған тұрғын үйді анықтау және оған уақытша адам  кіргізу үшін құрылды. 

 2. Комиссияның мақсаты мен негізгі міндеттері

      4. Комиссияның негізгі мақсаты Көкшетау қаласында тұрғын үй болу кезінде кезек тәртібін сақтау жөніндегі мониторингті жүргізу;
      5. Көкшетау қаласында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрғын үй бөлуге, тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың және тұрғындардың аз қамтылған бөлігіне жататын азаматтардың, сондай-ақ бюджеттік ұйымдардың тұрғын үйге тұрғын үйге мұқтаж мемлекеттік қызметшілерінің, әскери қызметшілердің және мемлекеттік сайлану лауазымымен айналысатын  тұлғалардың мәселелерін қарау - Комиссияның негізгі міндеті болып табылады.
      6. Тұрғын үйді бөлу Комиссия шешімі негізінде жергілікті атқару органының қаулысымен ресімделеді.
      7. Комиссия белгіленген заңнама тәртібінде мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) Тұрғын үй алуға мұқтаж азаматтардың және тұрғындардың аз қамтылған топтарына жататын азаматтардың ұсынылған есепке қою туралы өтініштерін қарайды және тұрғын үй қорынан  тұрғын үй бөлу туралы оларға ұсыныс мазмұнындағы қорытынды  шығарады;
      2) Мемлекеттік тұрғын үй қорынан (қайта пайдалануға кіргізілген, не тұрушылардан босатылған), немесе иесіз пәтерлер санына "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі тіркеу қызметі комитетінің Ақмола облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы"» республикалық мемлекеттік  кәсіпорнында есепке  тұрғызылған, тұрғын үйді беру  мәселелеріне ұсыныс  кіргізеді.

 3. Комиссияның құқығы мен жауапкершілігі

      8. Белгіленген заңнама тәртібінде жүктелген басты міндетін және атқаратын қызметін жүзеге асыру үшін Комиссия мынаған:
      1) Комиссияның құзырына кіретін мәселелер бойынша қаланың мемлекеттік мекемелерінен ұйымдарынан қажетті ақпарды сұрауға;
      2) Қызмет барысында мамандарды, сарапшыларды және басқа тұлғаларды осы және басқа мәселелерді шешу үшін тартуға;
      3) Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес басқа да билікті жүзеге асыруға құқылы.
      9. Комиссия өз қызметі барысында жергілікті атқару органының алдында жауапты.

 4. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

      10. Комиссия құрамында төрағасы (қала әкімінің орынбасары), төрағаның орынбасары, комиссия мүшелері және комиссия хатшысы  құрылады. Егер де мәжілісте Комиссияның құрамы ең аз дегенде 2/3 қатысса, Комиссия қорытындысы құқықты деп есептелінеді. Мәжіліске қатынасқан жалпы саны есебінің нәтижесімен Комиссия қорытынды шығарады. Тең дауыста төраға дауысы шешуші дауыс болып табылады.
      11. Комиссияны комиссия қызметі жұмысын ұйымдастыратын және басшылық жасайтын, Комиссияға жүктелген міндеттерге жеке жауапты болатын және өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыратын, өз құзыры аясында Комиссияның барлық мүшелеріне қатысты тапсырмалар мен нұсқаулар беретін, Комиссия мәжілісін жүргізетін, Комиссия хаттамасына қол қоятын, төраға басқарады.
      12. Комиссия хатшысы:
      1) Комиссия мәжілісінің күн тәртібін қарастырады;
      2) Комиссия мүшелері мен шақырылғандардың келуін және комиссия шешімінің орындалуын қамтамасыз етеді; 
      3) Комиссия мүшелерінің және оның қызметіне тартылған мамандардың және басқа мүдделі тұлғалардың жұмысын үйлестіреді;
      4) Комиссия мәжілісінің хаттамасын жүргізеді және жасайды.
      13. Комиссия мүшелері комиссия жұмысына  қатысады, өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға жауапкершілік атқарады.
      14. Комиссия мәжілісі  хаттамалармен ресімделеді. Комиссия мүшелері өзгеше пікірде болуға құқықты, егер де ол айтылған жағдайда, хаттамаға кіргізілуі керек, жазбаша түрде баяндалып және Комиссия мәжілісінің хаттамасына қоса тіркелуі қажет.
      15. Егер де шұғыл шешім (отырыс) қабылдау қажет болса, Комиссия төрағасының ұсынысымен кезектен тыс Комиссия мәжілісі өткізілуі мүмкін.

 5. Комиссия қызметінің тоқтатылу тәртібі

      16. Комиссия қызметінің тоқтатылу негізі:
      комиссияға жүктелген міндеттерді орындамау;
      бұрын комиссияға жүктелген міндеттерді жүзеге асыратын мемлекеттік органның немесе консультативтік органның құрылуы;
      комиссияның міндеттерін орындауға мүмкіндік бермейтін және оның орындалуын мақсатсыз  ететін басқа да жағдайлар;
      осы Комиссияның қызметін тоқтату туралы Көкшетау қ. әкімдігінің қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады