Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 2009.09.03 № А-9/251 қаулысымен
Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 маусымдағы N 789 "Кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия туралы" үлгі ережені бекіту жайлы қаулысына сәйкес, кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтары мен заңды мүрделерін қорғау, олардың арасындағы құқық бұзушылық пен бақылаусыздықтың, қылмыстардың алдын-алу мәселелерін кешенді шешуді қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толмағандар тарапынан болатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелерінде мемлекеттік, құқық қорғау, мемлекеттік емес органдардың және қоғамдық бірлестіктердің қызметтерін үйлестіруде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтарын қорғау жөнінде аудандық комиссия құрылсын .
2. Кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссия туралы ереже бекітілсін (қосымша 1).
3. Комиссия құрамы белгіленген заңдылық тәртібінде бекітілсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау, аудан әкімінің орынбасары М.С.Балпанға жүктелсін.
Әкімі
Аудан әкімдігінің
2004ж. 02 ақпан
N a-1/26 қаулысымен бекітілген
қосымша 1
Кәмелеттік жасқа толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі аудандық комиссия ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссия тұрақты әрекеттегі орган болып табылады, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы бақылаусыздықпен құқық бұзушылықты, қылмыстың алдын алу мәселесін кешенді шешуді қамтамасыз ету мақсатында құрылды.
2. Комиссия жергілікті атқарушы орган-әкімдікте құрылады. Комиссия құрамы аудан әкімінің шешімімен бекітіледі.
3. Комиссия құрамында төраға (аудан әкімінің орынбасары) төраға орынбасары (аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары); комиссияда 5-6 мүше және комиссияның жауапты хатшысы аудан әкімі аппаратына қарасты штаттық қызметкерден тұрады.
4. Комиссия, ішкі істер, білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау бөлімдерін және басқа да қылмыстық алдын-алуға мүрделі ведомстволарды, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен бақылаусыздықты, олардың құқығы мен заңды мүрделерін қорғау жөніндегі өкілдіктерді біріктіреді.
5. Комиссия өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықты актілерін және осы Ережені, сонымен қатар Қазақстан Республикасында бекітілген халықаралық шарттарды іске асырады.
6. Комиссия өзінің қызметінде аудандық әкімдік алдында жауапты.
7. Комиссия қызметі келесі принциптерге негізделеді:
заңдылық;
кәмелетке толмағандарға, олардың ата-аналары немесе заңды өкілдер туралы ақпаратты құпияландыру;
олардың заңды мүдделері мен олардың құқығын қорғау мәселесі жөніндегі кәмелетке толмағандардың ата-аналары мен заңды өкілдерімен тығыз байланыста болу;
кәмелетке толмағандардың заңды мүдделері мен құқықтарын бұзғаны үшін лауазымды тұлғалар мен азаматтар жауапты.
2. Комиссияның мақсаты, функциясы және өкілеттілігі
8. Комиссияның мақсаты кәмелетке толмағандар арасындағы бақылаусыздықты, олардың құқығы мен және мүдделерін қорғау және қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша аудан әкіміне ұсыныстар, ұсынымдарды дайындау болып табылады.
9. Комиссияның негізгі функциялары мен өкілеттілігі болып:
1) кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі қоғамдық комиссияның қызметің бағыттау, оларға әдістемелік көмек көрсету;
2) кәмелетке толмағандардың демалысы мен еңбегі, білім алуы, тәрбиесі, өмірлік жағдайын жақсарту, денсаулықтарына қамқорлық жасау кәмелетке толмағандардың заңды мүдделерін және құқықтарын қорғау жөніндегі аумақтық бағдарламаны әзірлеу, сондай-ақ өзінің құзырында олардың іске асырылуына бақылау жасау;
3) кәмелетке толмағандардың қоғамға қайшы қимылдарына және бақылаусыздыққа, құқық бұзушылыққа, қылмыстық алдын алу, бағдарламалар әзірлеуге қатысу;
4) заңды мүдделері мен олардың құқықтарын қорғау, балалар мен жасөспірімдерді жайғастыру, оларды келеңсіздікке баруларын болдырмау, кәмелетке толмағандардың бақылаусыздығы және құқық бұзушылықты, қылмысты болдырмау жөніндегі шараларды әзірлеу;
5) дәлелсіз қабылданған шешімдерді қабылданған жағдайда сәйкес жергілікті және атқарушы органдарға оларды өзгерту жөнінде ұсыныс енгізу, кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі қабылданған шешімдердің дәлелдігін тексеру;
6) комиссия қаулысында көрсетілген бұзушылық пен жетіспеушілік бойынша қабылданбаған шаралар мен оларды орындау кезінде лауазымды тұлғаларды жауапқа тарту туралы сауалды белгіленген тәртіпте енгізу;
7) кәмелетке толмағандардың заңды мүдделерін және құқықтарын бұзу фактілері айқындалғанда, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың бақылаусыздық пен қоғамға қайшы қимылдары, құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыстардың жағдайы жөнінде мүдделі органдарға ақпарат беру;
8) нақтылы ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсету, кәмелетке толмаған құқық бұзушылық пен бақылаусыздыққа қылмыстың алдын-алу мәселесінің шешіміне, балаларды оқыту және тәрбиеленумен шұғылданушыларға, ұйымдар мен жағымды тәжірибе беретін органдардың жұмыстарын қорытындылау және тарату;
9) заңды құқықтары мен мүдделерін қорғайтын кәмелетке толмағандардың қоғамға қайшы қимылдары және бақылауыздық, құқық бұзушылық, қылмыстың алдын алу мәселесі жөніндегі және заңға қиғаш қылықтары мен бақылаусыздықтарды жойып, олардың құқықтарын қорғап іс жүзінде дамыту;
10) кәмелетке толмағандардың заңды мүдделері мен құқықтарына шектеу жасау немесе осыған байланысты бұзушылық, заңды тұлғалар мен басқадай өкілдердің олардың ата-аналарының, кәмелетке толмағандардың арыздары мен өтініштерін қарастыру;
11) кәмелетке толмағандардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау мәселесі бойынша сотқа белгіленген тәртіпте мәлімдеме жасау;
12) кәмелетке толмағандардың қоғамға қайшы әрекет қимылы мен құқық бұзушылық, қылмыс жасауға итеретін жағдайларды, себептерді талдау және ажырату, оларға жол бермеуді айқындау;
13) кәмелетке толмағандардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғауды сақтау, сондай-ақ жайғастыру, қамту, денсаулық сақтау, білім беру саласында бұзушылықты болдырмау бойынша ұсыныс енгізу жөнінде құзырлы органдарға бағыттау.
3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
10. Комиссияның қарауына түскен материалдарға дұрыс талдау және дер кезінде қамтамасыз ету мақсатында, алдын ала комиссияның төрағасы зерттейді, немесе оның тапсырмасы бойынша комиссия төрағасының орынбасары танысады.
11. Комиссияның отырысы қажеттілігіне қарай әр тоқсанда бір рет өткізіледі.
12. Комиссия өздерінің құзырына енуші мәселелер бойынша қаулы қабылдайды. Комиссияның қаулысы комиссия мүшелерінің көпшілік жәй дауысымен қабылданады, ол осы отырыста қатысушыларға байланысты. Егер де дауыстар тепе-тең болғанда, шешуші дауысты Комиссия отырысының төрағасы шешеді.
13. Комиссия қаулысына осы отырыстағы төрағалық жасаған және комиссияның жауапты хатшысы қолдарын қояды, Комиссия отырысына хабардар етеді. Комиссияның тапсырмалары мен нұсқаулары оның барлық мүшелеріне, ауыл және ауылдық округтері әкімдеріне, мемлекеттік органдар мен ұйымдарға міндеттілік арттырады.
14. Комиссия отырысында комиссияның жауапты хатшысы хаттама жүргізеді онда:
комиссия отырысының мерзімі мен орны көрсетіледі;
комиссия мүшелерінің тізімі, отырысқа қатысушылар қарастыратын материалдардың мазмұны;
тегі, аты, жөні материалдарда қарастырылатын тұлғалардың датасы мен туған жылы, мекен жайы, сондай-ақ қарастырылатын материалдарға қатысы бар басқадай мәліметтер;
тұлғалардың келуі туралы мәлімет, Комиссия отырысына шақырылғандар үшін, сондай-ақ олардың құқықтары мен міндеттеріне түсініктеме беріледі.
Хаттамада келесідей қосымшалар болуы керек:
Комиссия отырысында қарастырылатын тұлғалардың қимылына түсіндірме;
материалдарды қарастыру кезінде зерттелетін құжаттар мен заттық дәлелдеулер;
өтініштер, өтінімдер және оларды қарастыру нәтижесі;
Комиссия отырысында қабылданған қаулы немесе ұсыныстарды жариялау жөнінде мәлімет;
қабылданған қаулы немесе ұсыныстық арыздану тәртібі және жасалған түсіндіру мерзімі туралы мәлімет.
15. қоғамға қайшы қимылдар, құқық бұзушылық, кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстардың себебі мен шарты туралы жол бермеу жұмысын зерттеу мақсатында Комиссия бақылаусыздыққа жол бермеу шараларын ұйымдастырады, оларға есеп және отырыста қаралған барлық істердің сақталуына өзінің аумақтық тиістілік шегінде есепті қорытындылайды.
4. Қаулыға қарсы шағымдану немесе Комиссияның ұсынуы
16. Материалдарды Комиссияның қабылдауымен қарастырған қаулы сотқа кімге қарасты қабылданған бойынша оның заңды өкілдерімен, адвокатпен, сондай-ақ жәбірленушінің шағымдануы мүмкін.
17. 10 күндік мерзімде комиссия қаулысының сәйкестелінген көшірмесін алғаннан соң, ол атқарушы органға, осы Комиссияның ұйымдастырылуына қарай шағымдануы мүмкін.
18. Берілген мерзімдегі арыз, осыған орай сәйкестелінген қаулының орындалуын тоқтата тұрады.
19. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, Комиссия қаулысына шағымдану тәртібі мен мерзімі сотта белгіленеді.
20. Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамасына сәйкес Комиссия қаулысы аудандық прокуратурасымен наразылық білдірілуі мүмкін.
5. Материалдық-техникалық қамтылуы
21. Комиссия қызметінің материалдық-техникалық қамтылуы аудан әкімі аппаратына жүктеледі.