Есіл аудандық мәслихатының регламенті туралы

Күшін жойған

Есіл аудандық мәслихатының 2004 жылғы 21 мамырдағы N 7/2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2004 жылғы 06 маусымда N 2595 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2005 жылғы 22 сәуірдегі № 15/6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2005 жылғы 22 сәуірдегі № 15/6 шешімімен
      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"  Заңының 8 бабына сәйкес Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Есіл аудандық мәслихатының регламентi бекітілсін (қоса тіркелді).
      2. Шешiм Ақмола облысында Әдiлет департаментiнде мемлекеттік тiркеуден өткеннен кейiн күшіне енедi.
 
     Аудандық мәслихаттың ҮІІ сессиясының төрағасы
     Аудандық мәслихат хатшысы

  Ақмола облысы Есіл аудандық
мәслихатының 2004 жылғы 21 мамырдағы
N 7/2 шешiмiне N 1 қосымша

  Есіл аудандық мәслихатының
РЕГЛАМЕНТI

1 тарау.Осы Регламентте пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

       1. Жергiлiктi өкiлдi орган (мәслихат) - ауданның халқы сайланатын, халықтың еркiн бiлдiретiн және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оны iске асыру үшiн қажеттi шараларды белгiлейтiн және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган;
      2. Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы - аудандық мәслихат депутаттарының арасынан сайланатын, мәслихат сессиясында ұйымдастырушылық-билiк ету қызметiн жүзеге асыратын, мәслихаттың лауазымды адамы;
      3. Аудандық мәслихат сессиясы - аудандық мәслихат қызметiнiң негiзгi нысаны;
      4. Аудандық мәслихат аппараты - аудандық мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметiн қамтамасыз ететiн мемлекеттiк мекеме.

2 тарау. Аудандық мәслихат үшін белгіленетін негізгі
талаптар мен шектеулер

      Аудандық мәслихат өз қызметiнде:
      1) жалпы мемлекеттiк сыртқы және iшкi саясатқа, қаржы және инвестициялық саясатқа сәйкес келмейтiн шешiмдердiң қабылдануына жол бермеуге;
      2) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуде Қазақстан  Республикасының мүдделерiн сақтауға;
      3) Қызметтiң қоғамдық маңызы бар салаларында белгiленген жалпы мемлекеттiк стандарттарды ұстануға;
      4) азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
      2. Аудандық мәслихатқа Қазақстан Республикасының шегiнде бiрыңғай еңбек рыногын, капиталды, қаржыны қалыптастыруға, тауарлар мен қызмет көрсетудi еркiн алмасуға кедергi келтiретiн шешiмдер қабылдауға тыйым салынады.
      3. Аудандық мәслихат қабылдайтын аумақты дамыту жоспарлары Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарларына сәйкес келуге тиiс.
      4. Аудандық мәслихаттың қызметі мәселелерді ұйымдасқан түрде талқылап шешуге, еркіндікке, жариялылыққа, өзі құрған органдар алдында есеп беруге, жауапкершілікке, қоғамдық көзқарастағы аудандағы мемлекеттік және қоғамдық істерді басқаруға азаматтарды кеңінен тартуға негізделген.
      5. Аудандық мәслихат аудандық мәслихат депутатын "Қазақстан Республикасының жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" заңында, осы  регламентте, басқа да заңды актілерде белгіленген құқықтары мен мiндеттерiн кедергісіз жүзеге асыруын қамтамасыз етеді.
      Аудан мәслихаты өз қызметiн оның сессиясында бекiтiлген Кешенді жоспарға сай жүргiзедi.

3 тарау. Аудандық мәслихаттың құзыретi

      1. Аудандық мәслихаттың құзыретiне:
      1) тиiстi аумақты дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларын, жергiлiктi бюджеттi және олардың  атқарылуы туралы есептердi бекiту;
      2) аудандық аумағында қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану жөнiндегi бағдарламаларды және қоршаған ортаны қорғау, сауықтыру жөнiндегi шығыстарды бекiту, сондай-ақ облыстық қоршаған ортаны Қорғау саласындағы заңдарға сәйкес өзге де мәселелердi шешу;
      3) аудандық әкiмiнiң ұсынуы бойынша ауданды басқару схемасын бекiту;
      4) өзiнiң қарауына жатқызылған аудандық құрылыс және  жергiлiктi қауымдастық ұйымының шекараларын айқындау мәселелерiн шешу;
      5) аудан әкiмiнiң ұсынысы бойынша мәслихат сессиясының шешiмiмен аудандық әкiмдiктiң дербес құрамын келiсу;
      6) атқарушы органдар басшыларының есептерiн қарау және тиiстi органдарға мәслихат шешiмдерiн орындамағаны үшiн мемлекеттiк  органдардың лауазымды адамдарын, сондай-ақ ұйымдарды жауапқа тарту туралы ұсыныстар енгiзу;
      7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету жөнiндегi өкiлеттiктердi жүзеге асыру;
      8) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк, құқық бұзушылық туралы кодексiне сәйкес, бұзғаны үшiн әкiмшiлiк жауаптылық белгiленетiн ережелердi бекiту;
      9) аудандық дамыту жоспарларының, экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларының, аудандық бюджеттiң атқарылуына бақылау жасау;
      10) аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарын құру, олардың қызметi туралы есептердi тыңдау, аудандық мәслихаттың жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелердi шешу;
      11) халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу мен кедейлiкпен күрес бағдарламаларын бекiту;
      12) аудан әкiмiнiң ұсынуы бойынша ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша дербес құрамын бекiту;
      13) Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес жер қатынастарын реттеудi жүзеге асыру;
      14) азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентi мен өкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдесу;
      15) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде белгiленген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асыру жатады.
      2. Аудандық мәслихат құзыретіне, сондай-ақ аудан аумағында орналасқан қала, ауылдар салудың бас жоспарларын бекіту де жатады.

4 тарау. Аудандық мәслихаттың актiлерi

      1. Аудандық мәслихаттың өз құзыретiндегi мәселелер бойынша шығаратын шешiмдерi аудандық мәслихаттың актiлерi болып табылады.
      2. Аудандық мәслихаттың жергiлiктi бюджет кiрiстерiн қысқартуды немесе жергiлiктi бюджет шығыстарын ұлғайтуды көздейтiн шешiмдерiнiң жобалары аудан әкiмiнiң оң қорытындысы болған жағдайда  ғана қарауға енгiзiлуi мүмкiн.
      3. Аудандық мәслихаттың өз құзыретi шегiнде және  азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты қабылдаған шешiмдерi заңдарда белгiленген тәртiпте ресми жариялануға тиiс және ол аудан аумағында орындалуға мiндеттi.
      4. Аудандық мәслихаттың жалпыға бiрдей мiндеттi маңызы бар, ведомствоаралық сипаттағы немесе азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты шешiмдерiн заңдарда белгiленген тәртiпте Ақмола облыс Әдiлет басқармасында мемлекеттiк тiркеуiне жатады.

5 тарау. Аудандық мәслихат жұмысын ұйымдастыру

      1. Аудандық мәслихат өз өкiлеттiгiн сессияларда тұрақты комиссиялары мен өзге де органдары, аудандық мәслихат сессиясының төрағасы, депутаттары мен хатшысы арқылы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiптi жүзеге асырады.
      2. Аудандық мәслихат қызметiнiң негiзгi нысаны сессия болып табылады, онда мәслихаттың қарауына заңдармен жатқызылған мәселелер шешiледi.
      Егер аудандық мәслихатқа сайланған депутаттар санының  кемiнде үштен екiсi сессияға қатысса, аудандық мәслихат сессиясы заңды болады.
      3. Аудандық мәслихат:
      1) аудандық мәслихат сессиясының төрағасын, аудандық мәслихат хатшысын сайлайды және қызметiнен босатады, олардың есептерiн тыңдайды;
      2) аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарын құрады, олардың төрағаларын сайлайды және қызметiнен босатады, олардың жұмысы туралы есептi тыңдайды;
      3) аудандық мәслихаттың қызметiн қамтамасыз етуге арналған шығыстарды айқындайды, тексеру комиссиясының актiлерiн бекiтедi;
      4) заңдарда белгiленген адам саны мен қаражат лимитi шегiнде аудандық мәслихат аппаратының құрылымымен бекiтедi және оны ұстауға әрi материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуге арналған шығыстарды айқындайды. Мәслихат аппараты мемлекеттiк қызметшiлерiнiң штат саны лимитi аудандық мәслихат депутаттарының саны негiзге алынып, жетi депутатқа бiр қызметкер қатынасында, яғни 3 мемлекеттiк қызметкерден кем болмау керек.
      5) аудандық мәслихаттың регламентiн бекiтедi;
      6) депутаттардың сауалдарын қарайды және олар бойынша шешiмдер қабылдайды;
      7) өз жұмысын ұйымдастыру жөнiнде өзге де шешiмдер қабылдайды.

6 тарау. Аудандық мәслихат сессиясын шақыру тәртiбi

      1. Жаңадан сайланған мәслихатының бiрiншi сессиясын аудандық мәслихат үшiн белгiленген депутаттар санының кемiнде төрттен үшi болған ретте, мәслихат депутаттары тiркелген күннен бастап отыз күн мерзiмнен кешiктiрмей, аудандық сайлау комиссиясының төрағасы шақырады.
      2. Аудандық мәслихаттың кезектi сессиясы кемiнде жылына төрт рет шақырылады және оны аудандық мәслихат сессиясының төрағасы жүргiзедi. Мәслихаттың кезектен тыс сессиясын аудандық мәслихатқа сайланған депутаттар санының кемiнде үштен бiрiнiң, сондай-ақ аудан әкiмiнiңөұсынысы бойынша аудандық мәслихат сессиясының төрағасы шақырады және жүргiзедi.
      Кезектен тыс сессия оны өткiзу туралы шешiм қабылданған күннен бастап бес күн мерзiмнен кешiктiрiлмей шақырылады. Кезектен тыс сессияда оны шақыруға негiз болған ерекше мәселелер қаралуы мүмкiн.
      3. Аудандық мәслихат хатшысы аудандық мәслихат сессиясын шақыру уақыты мен өткiзiлетiн орны туралы, сондай-ақ сессиясының қарауына енгiзiлетiн мәселелер туралы депутаттарға, халыққа және аудан әкiмiне - сессияға кемiнде он күн қалғанда, ал кезектен тыс сессия шақырылған жағдайда кемiнде үш күн бұрын хабарлайды. Аудандық мәслихат хатшысы сессияның қарауына енгiзiлетiн мәселелер бойынша қажеттi материалдарды депутаттарға және аудан әкiмiне - сессияға кемiнде бес күн қалғанда, ал кезектен тыс сессия шақырылған жағдайда кемiнде үш күн қалғанда табыс етедi.
      4. Аудандық мәслихат қарайтын мәселелерді сессия төрағасы, тұрақты немесе басқа комиссиялар, депутаттық топтар, депутаттар, аудан әкiмi ұсынады.
      5. Келiп түскен ұсыныстар күн тәртiбiне сессияға қатысып отырған депутаттардың көпшiлiк дауыс беруi арқылы енгiзiледi.

7 тарау. Аудандық мәслихат сессиясын өткiзу тәртiбi

      1. Аудандық мәслихат жалпы отырыс нысанында өткiзiледi.
      2. Аудандық мәслихаттың бiрiншi сессиясын аудандық сайлау комиссиясының төрағасы ашады және аудандық мәслихат сессиясының төрағасы сайланғанға дейiн жүргiзедi. Одан әрi аудандық мәслихат сессиясын аудандық мәслихат сессиясының төрағасы жүргiзедi.
      3. Егер аудандық мәслихат депутаттары жалпы санының кемiнде үштен екiсi мәслихат сессиясына қатысса, ол заңды болады.
      4. Шешiмдер мәслихат депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданады.
      5. Аудандық мәслихат сессиясының жұмысы мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жүргiзiледi.
      6. Сессия жұмысында аудандық мәслихат шешiмi бойынша аудандық мәслихат белгiлеген он бес күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмге  үзiлiс жасалуы мүмкiн.
      7. Мәжiлiстердiң басталу және аяқталу уақыты төрағаның ұсынысы бойынша сессияда белгiленедi. Оның жұмысында аудандық мәслихат белгiлеген он бес күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмге  үзiлiс жасалуы мүмкiн.
      Сессияда баяндама жасау үшiн уақыт 1 сағатқа дейiн, қосымша баяндама жасау үшiн 20 минутқа дейiн берiледi. Сессиясының күн тәртiбiнде белгiленген мәселенi талқылау барысындағы жарыссөзге қатысу үшiн 10 минут, жарыссөзге бiр рет қайта қатысу үшiн және  шешiмнiң кейбiр тармақтарын талқылау кезiнде сөз сөйлеу үшiн 5 минутқа дейiн уақыт берiледi.
      Кандидатуралар, мәжiлiстi жүргiзу тәртiбi, дауыс беру себептерi бойынша, сөз сөйлеу, мәлiмдемелер, сауалдар, ұсыныстар, хабарламалар мен анықтамалар жасау үшiн, сұрақтар қою үшiн 3 минутқа дейiн уақыт берiледi. Депутаттардың көпшiлiгiнiң қолдауы  бойынша төрағалық етушi сөз сөйлеу берiлген уақытты ұзарта алады.
      Депутаттық сауалға жауап беру үшiн 10 минутқа дейiн, сұраққа жауап беру үшiн 5 минутқа дейiн уақыт берiледi.
      8. Жарыссөзге қатысу үшiн сөз алу туралы өтiнiш төрағалық етушiге берiледi.
      Аудандық мәслихаттың депутаты сессияда төрағалық етушi сөз бергеннен кейiн сөйлейдi.
      Төрағалық етушi жарыссөзге қатысу мүмкiндiгiн өтiнiштердiң түсу ретiне қарай бередi. Төрағалық етушi себебiн түсiндiре отырып, қажет болған жағдайда сөйлеу кезегiнiң ретiн өзгерте алады.
      Сессияны жүргiзу тәртiбi, анықтама, сұрақтарға жауап беру және түсiнiктеме беру жөнiндегi сөздi кезектен тыс бере алады.
      Баяндамашыларға сұрақ жазба түрiнде жiберiледi немесе орыннан ауызша қойылады.
      Сессия төрағасы, аудан әкiмi, не оның орнындағы адам, аудандық мәслихаттың хатшысы кез келген уақытта сөз алып сөйлеуге құқығы бар.
      Сессияда сөйлеушi дөрекi, әдепсiз сөздердi қолданбауы керек. Олай болған жағдайда, төрағалық етушi ескерту жасауға құқылы.
      Егер кiмде-кiм, төрағалық етушiнiң рұқсатынсыз сөз сөйлейтiн болса, микрофон ескертусiз өшiрiлуi мүмкiн.
      Егер сөз алған адам талқыланып отырған тақырыптан ауытқып кетсе,  төрағалық етушi ескерту жасай алады.
      Егер сөз сөйлеушi өзiне  берiлген уақыттан көп сөйлесе, немесе тақырыптан ауытқып кетсе, сөз барысында дөрекiлiк танытса, төрағалық етушi ондай адамды бiр рет ескерту жасағаннан кейiн сөз сөйлеу құқынан айырады.
      9. Аудандық мәслихат сессиялары, әдетте, ашық сипатта болады.  Аудандық мәслихат сессиясы төрағасының немесе аудандық мәслихат сессиясына қатысып отырған депутаттар саныныңӨүштен бiрiнiңөұсынысы бойынша қабылданатын мәслихат шешiмiмен, егер қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшiлiгi осы үшiн дауыс берсе, жабық сессиялар өткiзуге жол берiледi.
      10. Аудан әкiмi немесе оның орнындағы адам аудандық мәслихаттың және оның органдарының кез келген мәжiлiстерiне, соның iшiнде жабық мәжiлiстерiне қатысуға құқылы. Сессия өтiп жатқан кезде төралқада сессия төрағасынан басқа мәслихаттың хатшысы, аудан әкiмi немесе оның орнындағы адам отырады. Сондай-ақ аудандық мәслихаттың шешiмi бойынша басқа депутаттар мен ресми адамдар  сайлануы мүмкiн.
      11. Аудандық мәслихат сессиясы төрағасының шақыруы бойынша жергiлiктi атқарушы органдар басшылары, аудан аумағында орналасқан ұйымдардың басшылары мен өзге де лауазымды адамдары аудандық мәслихаттың құзырына жататын мәселелер бойынша ақпараттар беру үшiн аудандық мәслихат сессиясына келуге мiндеттi.
      12. Жарыссөз сессия төрағасының ұсынысы бойынша ашық дауыс беру арқылы сессияға қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшiлiк дауысымен тоқтатылады.
      13. Жарыссөздiң аяқталуына байланысты айтылмай қалғандар, депутаттардың өтiнішi бойынша, сессияның төралқасына тапсырылып, мәтiндерi сессия материалдарына енгiзiледi.

8 тарау. Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларын ұйымдастыру және олардың қызметi

      1. Аудандық мәслихат өз өкiлеттiгi мерзiмiне тұрақты комиссиялар құруды қажет болған жағдайда, аудандық мәслихат  тұрақты комиссияларды жаңадан құрып, таратып және қайта ұйымдастыра алады.
      2. Тұрақты комиссиялардың тiзбесi мен сан құрамын аудандық мәслихат белгiлейдi. Тұрақты комиссиялардың төрағалары мен мүшелерiн өз депутаттары арасынан аудандық мәслихат сайлайды.  Тұрақты комиссияларды сайлау сессия шешiмi бойынша комиссия құрамы бойынша тұтас немесе әр кандидатураға жеке дауыс беру арқылы жүргiзiледi.
      3. Тұрақты комиссиялар аудандық мәслихат алдында жауапты және жылына кемiнде бiр рет өз қызметi туралы есеп бередi.

9 тарау. Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларындағы көпшiлiктiк тыңдаулар

      1. Тұрақты комиссиялар өз бастамасы бойынша немесе аудандық
мәслихат шешiмi бойынша көпшiлiктiк тыңдаулар өткiзе алады.
      2. Көпшiлiктiк тыңдаулар депутаттардың, атқарушы органдар, өзiн-өзi басқару органдары, ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерiнiң, азаматтардың қатысуымен осы комиссиялардың кеңейтiлген отырыстары түрiнде тұрақты комиссияның қарауына жататын мейлiнше  маңызды және қоғамдық мәнi бар мәселелердi талқылау мақсатында өткiзiледi.

10 тарау. Аудандық мәслихат тұрақты комиссияларының қызметi мен өкiлеттiгi

      1. Тұрақты комиссиялар:
      1) Аудандық мәслихат сессиясының күн тәртiбi бойынша, сондай-ақ аудандық мәслихат сессиясында қаралатын кез келген мәселе бойынша аудандық мәслихат сессиясының төрағасына, хатшысына ұсыныс енгiзуге.
      2) Өздерiнiң құзырына жататын әрi аудандық мәслихат сессиясының қарауына енгiзiлген мәселелер бойынша қорытындылар беруге;
      3) Өздерiнiң құзырына жататын мәселелер бойынша аудандық мәслихат сессияларында баяндамалар мен қосымша баяндамалар ұсынуға.
      4) Өз құзыретi шегiнде сессияда жергiлiктi атқарушы органдар  басшыларының есептерiн тыңдау туралы аудандық мәслихатқа ұсыныс енгiзуге;
      5) комиссияның жұмысына аудандық мәслихаттың басқа да депутаттарын, сондай-ақ мемлекеттiк органдар, ұйымдар, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары өкiлдерiн және азаматтарды тартуға құқылы.
      2. Әкiмдiк, орталық атқарушы органдардың жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын аумақтық бөлiмшелерiнiң, атқарушы органдардың лауазымды адамдары, ұйымдар белгiленген тәртiпке тұрақты комиссияларға олардың құзыретiндегi мәселелер бойынша қажеттi ақпарат беруге мiндеттi.
      3. Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары өз  құзыретiндегi мәселелер бойынша қаулылар қабылдайды.

11 тарау. Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары жұмысының
және қаулылар қабылдауының тәртiбi

      1. Тұрақты комиссиялардың отырысы қажеттiлiгiне қарай шақырылады және егер отырысқа олардың құрамына кiретiн депутаттар санының жартысынан астамы қатысса, заңды болып есептеледi.
      2. Тұрақты комиссиялардың қаулысы комиссия мүшелерi жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданады.
      Комиссияның отырысында дауыс беру кезiнде депутаттардың дауысы тең бөлiнген жағдайда, тұрақты комитеттiң төрағасы шешушi дауыс құқығын пайдаланады.
      3. Тұрақты комиссияның қаулысы мен отырыстың хаттамасына оның төрағасы қол қояды, ал бiрнеше тұрақты комиссияның бiрлескен отырысы өткiзiлген жағдайда,  тиiстi комиссиялардың төрағалары қол қояды.

12 тарау. Аудандық мәслихаттың тексеру комиссиясы

      1. Аудандық мәслихат жергiлiктi бюджеттiң атқарылуына бақылау үшiн өз өкiлеттiгi мерзiмiне аудандық мәслихат тексеру комиссиясының, тексеру комиссиясының төрағасын аудандық мәслихат депутаттар арасынан сайлайды. Тексеру комиссиясы мүшелерiнiң санын  аудандық мәслихат белгiлейдi.
      2. Тексеру комиссиясының төрағасын аудандық мәслихат депутаттар арасынан сайлайды. Аудандық мәслихаттың тексеру комиссиясының төрағасы өз қызметiн басқа жұмыстан босатылған негiзде жүзеге асырады.
      3. Тексеру комиссиясының жұмысына аудандық мәслихат депутаты емес адамдар да шарт негiзiнде тартылуы мүмкiн.
      4. Тексерулер аудандық мәслихаттың, тексеру комиссиясының аудандық мәслихат хатшысының шешiмдерiмен, аудандық мәслихат депутаттары санының кемiнде үштен бiрiнiң талап етуi бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де жағдайларда жүргiзiлуi мүмкiн. Тексеру нәтижесi бойынша тексеру комиссиясы акт жасап, ол туралы аудандық мәслихат пен әкiмдiкке хабарлайды. Тексеру жылына кемiнде бiр рет жүргiзiледi.
      5. Аудандық мәслихат депутаты басқа жұмыстан босатылған негiзде тексеру комиссиясының төрағасы болып сайланған жағдайда, оған аудандық мәслихат аппаратының басшысы үшiн белгiленген мөлшерде жалақы белгiленедi.
      6. Тексеру комиссиясының өкілеттігі мен жұмыс тәртібі мәслихат регламентімен белгіленеді.

13. Аудандық мәслихаттың уақытша комиссиялары

      1. Аудандық  мәслихаттың құзырына жатқызылған мәселелердi сессияларда қарауға әзiрлеу мақсатында аудандық мәслихат не аудандық мәслихат хатшысы уақытша комиссиялар құруға құқылы. Уақытша комиссиялардың құрамын, мiндеттерiн, өкiлеттiк мерзiмдерiн және құқықтарын мәслихат оларды құру кезiнде белгiлейдi.
      2. Аудандық мәслихаттың уақытша комиссиялары өз құзыретiндегi мәселелер бойынша қорытындылар қабылдайды.
      3. Уақытша комиссия жұмысына қатысқаны үшiн ақы төленбейдi.

14. Аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөнiндегi округтiк учаскелiк сайлау комиссияларын құру және сайлау

      1. Сайлау комиссияларының жаңа құрамын құру және сайлау- сайлау комиссияларының өкiлеттiктерiнiң аяқталуына кемiнде бiр ай қалғанда басталады және кемiнде үш күн қалғанда аяқталады.
      2. Аудандық мәслихаттың хатшысы сайлау комиссияларын құру туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға кемінде үш күн  қалғанда өз өкімімен депутаттар мен аппарат қызметкерлері ішінен Уақытша комиссия құру жөнiнде Жұмыс тобын құрады.
      Аудандық мәслихаттың уақытша комиссиясы саяси партиялардан және басқа қоғамдық бiрлестiктерден, олардың құрылымдық бөлiмшелерiнің, жоғары тұрған комиссиялардан құрылатын сайлау комиссиялардың құрамына ұсынылған үміткерлер туралы түскен құжаттарды жинау және өңдеумен айналысады. Әрбір саяси партия сәйкесті сайлау комиссияларына өздерінің бір өкiлдерiн ғана ұсына алады. Саяси партиялар, сандай-ақ олардың құрылымдық бөлiмшелерi осы партияның мүшесi болмаған адамдарды да сайлау комиссисы құрамына үміткерлікке ұсына алады. Уақытша комиссияға саяси партиялар, басқа қоғамдық бiрлестiктер, жоғары тұрған  комиссиялар ұсынатын құжаттар тiзбесiне кіретіндер:
      1) саяси партиялардың немесе басқа қоғамдық бiрлестiктердің, олардың құрылымдық бөлiмшелерiнің әділет органдарында тіркелгендігі  жөніндегі құжатының көшiрмесi;
      2) саяси партиялардың немесе басқа қоғамдық бiрлестiктердің, олардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң, жоғарғы сайлау комиссиясының сәйкесті сайлау комиссиясының құрамына үміткерлер ұсыну туралы отырысы хаттамасының үзіндісі;
      3) үміткердің сайлау комиссиясы жұмысына қатынасуға келiсiмi туралы аудандық мәслихатқа өтiнiшi және кандидат туралы биографиялық мәліметтер.
      3. Сайлау комиссиясы құрамы жобасын дайындау кезінде Жұмыс тобы бiрiншi кезекте саяси партиялардан түскен ұсыныстарды әрі қарай, комиссия мүшесі жетіден кем болған жағдайда басқа қоғамдық бiрлестiктер мен жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсыныстарын есепке алады.
      4. Жаңа сайлау комиссияларының құрамдарына ұсыныстардың түсу мерзiмi аяқталғанда, Жұмыс тобы сайлау комиссиялары мүшелерiн сайлау жөнiндегi бюллетеньдер мен сессия шешiмiнiң жобаларын дайындайды.
      5. Шешiм жобасы мен бюллетеньдер жеке-жеке дайындалады:
      1) аудандық сайлау комиссия бойынша;
      2) аудандық мәслихатқа депутат сайлау жөнiндегi округтiк  сайлау комиссия бойынша.
      3) учаскелiк сайлау комиссия бойынша
      6. Саяси партиялардың басқа да қоғамдық бiрлестiктер мен жоғары  тұрған сайлау комиссияларының сайлау комиссияларының құрамдарына ұсынылған барлық кандидатуралар Жұмыс тобының арнайы журналына келiп түскен және тiркелiнген кезек ретiмен бюллетеньдер және шешiмдер жобаларына енедi.
      7. Сайлау комиссиясының құрамын сайлау жөніндегі бюллетеньдерi сессияға қатынасып отырған барлық аудандық мәслихат депутаттары алып, өз қолдарымен жеке толтырады. Дауысқа салудың қорытындысын сессияда бекiтiлген Санақ комиссиясы жүргiзедi. Санақ комиссиясының сандық құрамы, төрағасы  мәслихаттың сессиясымен анықталады. Сессияға қатысушы депутаттардың көпшiлiк дауысын алған комиссия мүшелерi сайланды деп есептелiнедi.
      8. Саяси партиялардан сәйкес сайлау комиссиясы мүшелерiнiң ұсынысына тең (жетi) ұсыныстар түскен жағдайда Жұмыс тобы мәслихаттың сессиясына осы сайлау комиссиясының құрамына дауыс беру ұсынысын енгiзедi. Саяси партиялардан сәйкес сайлау комиссиясы мүшелерiнiң санынан артық (жетiден аса) ұсыныстар түскен жағдайда Жұмыс тобы мәслихаттың сессиясында осы сайлау комиссиясының сайлауын рейтингiлiк дауысқа салуды ұсынады.
      9. Саяси партиялардан сәйкесті сайлау комиссиясына ұсынылған мүшелер саны жеткіліксіз (жетiден кем) болған жағдайда бюллетеньдегі үміткердің бос орнына басқа қоғамдық бiрлестiктерден түскен үміткерлерді, ал ондай кандидатуралар болмаған жағдайда, жоғары тұрған сайлау комиссиясының кандидатураларын енгiзедi (түсу ретiне сәйкес). Бос орындардың санына тең ұсыныстар түскен жағдайда уақытша комиссия сессияға осы сайлау комиссиясының құрамына дауыс беру ұсынысын енгiзедi. Бос орындардың санынан артық ұсыныстар түскен жағдайда Жұмыс тобы мәслихаттың сессиясында комиссия құрамына саяси партиялардың өкiлдерiн сайлауды, ал бос орындарға рейтингiлiк  дауысқа салуды өткiзуді ұсынады.
      10. Егер де сайлау комиссиясы құрамына дауыс беріп жатқан кезде ұсынылған үміткерлер саны жетiге сәйкес келсе, мәслихат депутаттары нақтылы бір үміткерге қарсылық бiлдiреді ол сол саяси партияның немесе қоғамдық бiрлестiктiң үміткерімен ауыстырылады. Бұндай істі бір-ақ рет жасау ұсынылады.
      11. Бюллетеньге осы кандидатураның қай саяси партиядан (басқа да қоғамдық бiрлестiктен, жоғары тұрған сайлау комиссиясынан)  енгiзiлгенiн, үмiткерлердiң фамилиясы, аты, әкесiнiң аты көрсетiлетiн деректер кiредi. Кандидатуралар фамилияларының он жағында депутаттар белгi қоятын шаршылар бейнеленедi. Депутаттар жетi шаршыда белгi қояды.
      12. Дауысқа салудың қорытындысын мәслихаттың сессиясында  Санақ комиссиясының төрағасы жариялайды.
      13. Санақ комиссиясының төрағасы комиссия төрағаларын, олардың орынбасарлары мен хатшыларын сайлау жөнiндегi сайлау  комиссияларыныңөұйымдастыру отырыстарының өткiзiлу мерзiмдерiн 
(құрылғаннан кейiн жетi күннен аспауы керек) хабарлайды. Санақ комиссиясының төрағасы сайлау комиссиясыныңөұйымдастыру отырысын өткiзетiн сайлау комиссиясының мүшесi туралы хабарлайды. Бұл комиссия мүшесiн белгiлейдi. Депутаттар дауыстарының тең жағдайында ол кандидатура бюллетеньде тұрған орны бойынша анықталады.
      14. Мәслихат хатшысы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы"»Конституциялық Заңға сәйкес, сәйкесті сайлау комиссиясы құрамының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етедi. Материалдар басылымның бiр санында қосымшасымен бiрге орналасуы керек.
      15. "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңында қаралған жағдайда мәслихат сәйкесті сайлау комиссиясы мүшесiн босатуға және кеткенінің орнына қайта сайлауға шешiм қабылдайды. Босаған лауазымның орнына осы сайлау комиссиясында өкілдері жоқ саяси партия мен басқа да қоғамдық бiрлестiктердiң өтініштері қабылданады.
      16. Сайлау комиссияларын сессияда сайлаған кезде Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Заңына сәйкес олардың бір ұйымнан болмауын қадағалау керек, мiндеттi түрде сәйкесті әкiмшiлiк аумақтық бiрлiкте тұруын есепке алу керек. Президентке үміткерлер, Парламент және мәслихат депутаттары, сенiмдi тұлғалар, жергiлiктi өзiн-өзi басқару ұйымдарының мүшелерi, жұбайлары және басқа да кандидатқа туыстық қатынасы барлар, сондай-ақ кандидаттың тікелей қарамағындағы тұлғалар сайлау комиссиясының мүшесі бола алмайды.

15 тарау. Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы

      1. Аудандық мәслихат сессиясының төрағасын аудандық мәслихат өз депутаттарыныә арасынан сайлайды.
      2. Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы ашық дауыс беру арқылы аудандық мәслихат депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен сайланады.
      3. Аудандық мәслихаттың кезектi сессиясының төрағасы  аудандық мәслихаттың алдыңғы сессиясында сайланады. Сессияның төрағасы болмаған жағдайда оның өкiлеттiгiн мәслихат аудандық хатшысы жүзеге асырады.
      Аудандық мәслихат депутаты аудандық мәслихат сессиясының төрағасы болып күнтiзбелiк жыл iшiнде екi реттен артық сайлана алмайды.
      4. Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы:
      1) аудандық мәслихат сессиясын шақыру туралы шешiм қабылдайды;
      2) мәслихат сессиясын әзiрлеуге басшылық жасауды жүзеге асырады, сессияның күн тәртiбiн қалыптастырады;
      3) мәслихат сессиясының отырысын жүргiзедi, аудандық мәслихат регламентiнiң сақталуын қамтамасыз етедi;
      4) аудандық мәслихаттың сессиясында қабылданған немесе бекiтiлген мәслихаттың шешiмiне, хаттамаларға, өзге де құжаттарға қол қояды.
      5). Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы өз қызметiн басқа жұмыстан босатылмаған негiзде жүзеге асырады.
      6). мәслихат сессиясында дауыс беру кезiнде депутаттардың дауысы тең бүлiнген жағдайда, аудандық мәслихат сессиясының төрағасы шешушi дауыс құқығын пайдаланады.

16 тарау. Аудандық мәслихаттың хатшысы

      1. Аудандық мәслихаттың хатшысы тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн лауазымды адам болып табылады. Оны аудандық мәслихат сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе дауыс беру арқылы депутаттар жалпы санының көпшiлiк даусымен мәслихат сайлайды және  қызметтен босатады. Аудандық мәслихаттың хатшысы аудандық мәслихат өкiлеттiгi мерзiмiне сайланады.
      2. Мәслихат хатшысы лауазымына кандидатураларды мәслихат депутаттары мәслихат сессиясында ұсынады.
      3. Мәслихат хатшысы:
      1) аудандық мәслихат сессиясын және оның қарауына енгiзiлетiн мәселелердi әзiрлеудi ұйымдастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етедi және сессия төрағасымен бiрге мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекiтiлген шешiмдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;
      2) аудандық мәслихат депутаттарының өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына жәрдемдеседi, оларды қажеттi ақпаратпен қамтамасыз етедi, депутаттарды аудандық мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтерiндегi жұмысқа қатысуы үшiн қызметтiк мiндеттерiн  орындаудан босатуға байланысты мәселелердi қарайды;
      3) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтiнiштердiң қаралуын бақылайды;
      4) аудандық мәслихат аппаратының қызметiне басшылық жасайды, оның қызметшiлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      5) сайлаушылар өтiнiштерi туралы және олар бойынша қабылданған шаралар аудандық мәслихатқа ұдайы ақпарат берiп отырады;
      6) аудандық мәслихаттың жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимылын ұйымдастырады;
      7) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша өкiмдер шығарады;
      8) аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметiн үйлестiредi;
      9) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен қарым- қатынастарда аудандық мәслихат атынан өкiл болады;
      10) аудандық мәслихат шешiмдерiнiң жариялануын қамтамасыз етедi, олардың орындалуына бақылау жасау жөнiндегi iс-шараларды белгiлейдi;
      11) аудандық мәслихат шешiмi бойынша өзге де мiндеттердi орындайды.
      4. Аудандық мәслихат хатшысының аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларында болуға құқығы жоқ.
      5. Аудандық мәслихаттың хатшысы болмаған кезде оның өкiлеттiгiн мәслихат сессиясы төрағасының шешiмi бойынша аудандық мәслихат тұрақты комиссияларының бiрiнiң төрағасы уақытша жүзеге асырады.
      6. Аудандық мәслихат депутаты тұрақты негiзде аудандық мәслихат хатшысы болып сайланған жағдайда, оған аудан әкiмiнiң орынбасары үшiн белгiленген мөлшерде жалақы белгiленедi.

17. Аудандық мәслихат депутаты

      1. Аудандық мәслихат депутаты жалпы мемлекеттiк мүдделерді ескере отырып, аудан халқының еркiн бiлдiредi.
      2. Аудандық мәслихат депутатының өкiлеттiгi аудан сайлау комиссиясы оны депутат ретiнде тiркеген кезден басталып, аудандық мәслихат өкiлеттiгi тоқтатылған кезден бастап тоқтайды.
      3. Аудандық мәслихат депутатының өкiлеттiгi мынадай жағдайларда:
      1) депутат заңдарға сәйкес депутаттық мiндеттердi орындаумен сыйымсыз лауазымға сайланса немесе тағайындалса;
      2) депутатты әрекетке қабiлетсiз деп тану туралы сот шешiмi заңды күшiне енсе;
      3) аудандық мәслихаттың өкiлеттiгi тоқтатылса;
      4) депутат қайтыс болса;
      5) Ол Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылса;
      6) соттың депутатқа қатысты айыптау үкiмi заңды күшiне енсе;
      7) аудан тысқары жерге тұрақты тұруға кетсе;
      8) депутаттың орнынан түсу туралы жеке өтінішіне байланысты
      9) депутат өз мiндеттерiн жүйелi түрде орындамаса, оның iшiнде аудандық мәслихат сессиясының жалпы отырыстарына дәлелдi себептерсiз қатарынан үш реттен артық қатыспаса, мерзiмiнен бұрын тоқтатылады.
      4. Депутаттың өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы шешiм аудандық сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша, қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшiлiк даусымен аудандық мәслихат сессиясында қабылданады.
      5. Аудандық мәслихаттың депутаты, тұрақты комиссиясы аудандық мәслихат сессиясының төрағасына, аудандық мәслихат хатшысына аудан әкiмiне, аудан аумағында орналасқан кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң басшыларына аудандық мәслихаттың құзыретiне жататын мәселелер бойынша сауалдар беруге құқылы.
      6. Сауал сессияға жазбаша немесе ауызша түрде енгiзiледi. Жазбаша түрде енгiзiлген сауал жария етiлуге тиiс. Сауал берiлген  мемлекеттiк орган, лауазымды адам аудандық мәслихаттың сессиясында сауалға жазбаша немесе ауызша жауап беруге мiндеттi. Сауалға жауап түскен күннен бастап 30 күннiң, ал қосымша зерделеу мен тексерудi қажет етпейтiн өтiнiштер бойынша - 10 күннiң iшiнде берiледi.
      7. Қосымша тексерулер жүргізу қажет болған жағдайларда бұл мерзiмдердi аудандық мәслихат ұзартуы мүмкiн, ол туралы аудандық мәслихаттың депутатына хабарланады.
      8. Қажет болған жағдайда сауалға қайтарылған жауап және оны талқылаудың нәтижелерi бойынша аудандық мәслихат шешiм қабылдайды.

18 тарау. Депутаттың өз өкiлеттiгiн жүзеге асыруы кезiндегi құқықтары мен мiндеттерi

      1. Депутат:
      1) сайлауға және аудандық мәслихат сессиясының төрағасы, аудандық мәслихат хатшысы, тексеру комиссиясының төрағасы, тұрақты комиссияның төрағасы немесе мүшесi болып сайлануға, аудандық мәслихаттың өзге де органдарына сайлануға;
      2) аудандық мәслихат сессиясы мен оның тұрақты  комиссияларында және өзге де органдарда қарау үшiн мәселелер ұсынуға, оларды қарауға және шешiмдер қабылдауға қатысуға;
      3) аудандық мәслихаттың аумағында орналасқан жергiлiктi атқарушы органдар мен ұйымдарға аудандық мәслихаттың құзыретiне жатқызылатын мәселелер бойынша сауалдар беруге және жолданымдар жiберуге;
      4) өз округiнiң сайлаушыларымен, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен және ұйымдармен кездесулер мен жиналыстар өткiзуге;
      5) аудандық мәслихат сессиясында аудан аумағында орналасқан жергiлiктi атқарушы орган мен ұйымдардың лауазымды адамдарының аудандық мәслихаттың құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша есептерiн тыңдау туралы ұсыныстар енгiзуге;
      6) аудандық әкiмдiктiң отырыстарының жұмысына қатысуға;
      7) аудандық мәслихат пен оның органдары отырыстарының стенограммаларымен және хаттамаларымен танысуға;
      8) белгiленген заң тәртiбiмен тiркелген саяси партиялар мен өзге де қоғамдық бiрлестiктердiң депутаттық топтары түрiнде депутаттық бiрлестiктер құруға құқылы. Депутаттық топ мәслихаттың кемiнде бес депутатын бiрiктiруге тиiс.
      9) Депутаттық топтарды тiркеу мәслихат сессиясында жүзеге  асырылады.
      10) заңдарда және аудандық мәслихат регламентiнде көзделген өзге де iс-әрекеттердi жүзеге асыруға құқылы.
      2. Депутат:
      1) аудандық мәслихаттың және өзi құрамына сайланған оның органының жұмысына қатысуға;
      2) өз округі сайлаушыларымен тұрақты байланыс жасауға, оларға аудандық мәслихаттың жұмысы, оның тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының қызметi, облыстық мәслихат шешiмдерiнiң орындалуы туралы ұдайы хабарлап отыруға, аудандық мәслихат шешiмдерiнiң орындалуын ұйымдастыруға және бақылау жасауға қатысуға;
      3) сайлаушылардың өзiне келiп түскен өтiнiштерiн қарауға, азаматтарды жеке қабылдауды ұдайы жүргiзуге мiндеттi.
      3. Аудандық мәслихаттың әрбiр депутатына өкiлеттiктерiн кедергiсiз және тиiмдi жүзеге асыру үшiн жағдай жасалуына, оның құқықтарын, қадiр-қасиетi мен ар-ожданын қорғауға кепiлдiк берiледi.

19 тарау. Депутаттық қызметтi жүзеге асыруға байланысты шығыстарды өтеу

       Депутат регламентте белгiленген тәртiппен аудандық мәслихат сессияларын, тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының отырыстарын өткiзу кезеңiнде, депутаттық өкiлеттiктердi жүзеге асыру уақытында оған негiзгi жұмыс орны бойынша жергiлiктi бюджеттiң қаражаты есебiнен орташа жалақысы, бiрақ осы қызметте бiр жылға дейiнгi жұмыс стажы бар аудан әкiмi аппараты басшысының жалақысынан аспайтын мөлшерде және жол жүру уақыты ескерiлiп, сессиялар өтетiн мерзiмдегi iссапар шығыстары өтеле отырып, қызметтiк мiндеттерiн орындаудан босатылады.

20 тарау. Аудандық мәслихат өкiлеттiгiн тоқтату негiздерi

       1. Аудандық мәслихат өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының Конституциясында белгiленген өкiлеттiк мерзiмi аяқталғанда тоқтатылады.
      2. Аудандық мәслихат өкiлеттiгiн мынадай жағдайларда:
      1) Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын сот тәртiбiмен заңсыз деп танылған шешiмдер қабылдау түрiнде бiрнеше рет (екi және одан да көп) бұзса;
      2) егер жаңадан сайланған аудандық мәслихат бiрiншi сессиясы ашылған күннен бастап отыз күн өткенше өз құрылымын белгiлемесе және тиiстi органдарын құрмаса;
      3) қайта ұйымдастырылса немесе таратылса;
      4) аудандық мәслихат өз депутаттары жалпы санының кемiнде үштен екiсiнiң жасырын даусымен өзiн-өзi тарату туралы шешiм қабылдаса;
      5) аудандық бюджеттi ауданды дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларын екi рет бекiтпеумен бiлдiрiлген облыстық әкiмдiкпен арада ескерiлмейтiн келiспеушiлiктер болса;
      6) ауданды басқару схемасын екi бекiтпеумен бiлдiрiлген өкiммен арада ескерiлмейтiн келiспеушiлiктер болса;

21 тарау. Мәслихаттың аудан әкiмiне сенiмсiздiк бiлдiру өкiлеттiгi

      1. Мәслихат өз депутаттары жалпы саныныңӨүштен екiсiнiң даусымен әкiмге сенiмсiздiк бiлдiруге және тиiсiнше Қазақстан Республикасы Президентiнiң алдына оны қызметiнен босату туралы мәселе қоюға құқылы.
      2. Әкiмi ұсынған ауданды дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларын, аудандық бюджеттiң атқарылуы туралы есептердi аудандық мәслихаттың екi рет бекiтпеуi аудандық мәслихаттың аудан әкiмiне сенiмсiздiк бiлдiруi туралы мәселенi қарауы үшiн негiз болып табылады.

22 тарау. Аудандық мәслихат аппараты

       1. Аудандық мәслихат аппараты аудандық мәслихат пен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етудi жүзеге асырады, депутаттарға өздерiнiң өкiлеттiгiн жүзеге асыруға көмек көрсетедi.
      2. Аудандық мәслихат аппараты мемлекеттiк қызметшiлерiнiң қызметi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Аудандық мәслихаттың өкiлеттiк мерзiмiнің аяқталуымен, облыстық мәслихат өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылған және оның депутаттарының жаңа құрамы сайланған жағдайларда, аудандық мәслихат аппараты мемлекеттiк қызметшiлерiнiң қызметi тоқтатылмайды.
      4. Аудандық мәслихат аппараты жергiлiктi бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекеме болып табылады.
      5. Аудандық мәслихат аппаратының жұмысы аудандық мәслихаттың хатшысы бекiткен ереже негiзiнде жүргiзiледi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады