Зерендi ауданының елді мекендерінде мысықтар мен иттерді ұстау ережелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Зеренді аудандық мәслихатының 2004 жылғы 27 сәуірдегі N 8-46 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2004 жылғы 14 мамырда N 2516 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 39-266 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 2011.04.20 № 39-266 шешімімен

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес Зерендi аудандық Мәслихаты ШЕШТI:
      1. Зерендi ауданының елдi мекендерiнде мысықтар мен иттерді ұстау ережелері бекітілсін (қоса берiледi).
      2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау аудандық Мәслихаттың бюджет, Қаржы, әлеуметтiк-экономикалық даму мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссиясына жүктелсiн.

      Сессия төрағасы
      Аудандық мәслихаттың хатшысы

Аудандық Мәслихаттың
2004 жылғы 27 сәуiрдегi
N№8-46 шешiмiне қосымша

Зерендi ауданы елдi мекендерiнде
мысықтар мен иттердi ұстау
ЕРЕЖЕЛЕРI

1. Жалпы ережелер

      1. Осы ережелер Зерендi ауданы аумағында үй жануарларын, нақты мысықтарды, иттердi ұстауды белгiлеу мақсатында әзiрленiп, жеке және заңды тұлғалардың осы Ережелердi бұзған үшiн жауапкершiліктерiн белгiлейдi.
      2. Ережелер меншiк түрiне қарамастан мысықтар мен иттер ұстайтын барлық жеке және заңды тұлғаларға тарайды.
      3. Осы Ережелер Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық" туралы»Кодексiне және Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңына сәйкес әзiрленген.

2. Мысықтар мен иттердi ұстау

      4. Жануарлардың иелерi үй жануарларын ұстаудың санитарлық-гигиеналық, ветеринарлық ережелерiн сақтаулары тиiс.
      5. Ауласында иттер ұстайтын адамдар олардың қашып кетуiне жол бермеуге және оларды көршiлерiнiң ауласынан алшақ ұстауға мiндеттi. Аулаға кiре берiсте ит бар екендiгi жөнiнде ескертпе жазу болуы керек.
      Иттер мен мысықтарды ұстауда олардың саны шектелмейдi. Бiрақ ол көршiлер наразылығын тудырмауы қажет.
      6. Көшелерде және басқа қоғамдық орындарда иесiз өз бетiмен жүрген иттер ауланады. Сол сияқты қадағалаусыз жүрген үй жануарлары да ауланады.
      7. Иесi дүкендер мен аурухана маңдарына уақытша байлап кеткен жануарлардан басқа иесiнiң ертуiнсiз қоғамдық орындарда жүрген иттер, мысықтар, басқа да жануарлар қадағалаусыз деп есептеледi.

3. Жануарлар қожайындарының мiндеттерi

      8. Жануарлар иесiнiң мiндеттерi:
      1) жануарларды биологиялық ерекшелiктерiне сәйкес ұстау, оларға мейiрiмдiлiкпен қарау, қараусыз қалдырмау, ауыра қалған жағдайда уақытында ветеринарлық көмекке жүгiну;
      2) жануарларды осы Ереже талаптарына сай қалыпта ұстауды қамтамасыз ету;
      3) қоршаған орта қауiпсiздiгiн және тыныштық пен санитарлық ережелердi сақтауды қамтамасыз ету шараларын қабылдау;
      4) жалпы пайдаланымдағы және басқа да қоғамдық орындарды ластауды болдырмау;
      5) жануарлар адамдарды немесе иесiн тiстеп алған жағдайда ол жөнiнде жақын арадағы медициналық және ветеринарлық мекемелерге хабарлап, оларды қарау және оқшаулау үшiн жануарларды мемлекеттiк ветеринарлық қызметке апару;
      6) жануарлар өлекселерiн кез-келген жерге тастамау, жануарлар өлекселерi жойылуы тиiс.
      9. Жануарлардың иелерi паразиттi насекомдар мен кемiрушiлердiң пайда болуын болдырмау шараларын қабылдауға, жануарлар мен құстарды қараусыз қалдырмауға мiндеттi.
      10. Жануарлардың иелерi белгiленген мерзiмдерде мiндеттi ветеринарлық және жануарлардың жұқпалы ауруларын жою iс-шараларын өткiзуге, жануарларды оқшаулау режимiн саҚтауға мiндеттi.

4. Жануарлар иелерiнiң ережелердi бұзған үшiн жауапкершiлiктерi

      11. Осы Ережелердi бұзған кiнәлi жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының«"Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Кодексiнiң 310311 баптарына және Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңына сәйкес жауапқа тартылады.
      Ветеринария туралы заңнамаларды және ветеринария шеңберiндегi басқа да нормативтiк құқықтық актiлердi, сонымен қатар жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы органдардың эпизоотиямен күресу мәселелерi бойынша қабылдаған шешiмдерiн бұзғандары үшiн азаматтарға бес айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi, лауазымды тұлғаларға жиырма айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi, заңды тұлғаларға жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерлерде айыппұл салынады.
      Мұндай бұзушылықтарға мыналар жатады:
      ауру жануарларды жою жөнiндегi мiндеттi ветеринарлық-санитарлық iс-шараларды жүргiзуден бас тарту;
      ауру жануарларды тарату;
      жануарларды өсiру кезiнде ветеринарлық-санитарлық ережелердi сақтамау;
      Айыппұл салу туралы қаулыны аудандық iшкi iстер бөлiмi жазады.
      12. Жоғарыдағыдай бұзушылықтар кезiнде материалдық залал келтiрiлген жағдайда жәбiрленушi залалдың орнын толтыру үшiн сотқа жүгiнуге құқылы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады