Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 9 бабына сәйкес Ақсу аудандық мәслихаттың регламенті бекітілсін /қоса тіркелді/
Сессия
төрағасы Е.Асылханов
Мәслихат
хатшысы С.Серпербаев
Аудандық мәслихаттың 2004 ж.
наурыз айының 25 күні
өткен 7-ші сессиясында
бекітілген
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. Ақсу аудандық мәслихаты Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес халықтың өкілді органы болып саналады және жалпы мемлекеттік мүдделерді ескере отырып, аудан халқының еркін білдіреді.
Аудандық мәслихаттың қызметінің тәртібі Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының басқа да заңдылық актілеріне және осы Регламентке байланысты анықталады.
2. Аудандық мәслихаттың қызметі аудан халқының талап - тілектерін еркін білдіруіне, мәселелердің бірлесе, еркін түрде талқыланып шешілуіне, жариялылыққа және қоғамдық пікірлерге негізделеді. Аудандық мәслихат "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекетті басқару туралы" заңы және басқа да заңдарда көрсетілген мәселелер бойынша жергілікті атқарушы биліктің мәслихат бақылауында болуын және есеп беріп отыруларын, азаматтарды аудандағы мемлекеттік және қоғамдық істерді басқаруға кеңінен тартуды, мәслихаттың өз құзыреті шеңберінде дербес және тәуелсіз болуын, республикалық, облыс және аудандық мүдделерді бірлесе іске асыруды қамтамасыз етеді.
3. Аудандық мәслихат өз қызметінде мәслихат депутаттарының құқықтары мен міндеттерін кедергісіз және тиімді жүзеге асыруларына жағдайлар жасалады. Қазақстан Республикасы Конституциясы, "Қазақстан Республикасының жергілікті Мемлекеттік басқару туралы" және басқа Заңдары, осы Регламент негізінде аудандық мәслихаттың депутаты өз өкілеттігін өндірістен немесе қызметтен қол үзбей атқарады.
АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ТӘРТІБІ
4. Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясын шақыру, өткізілу уақыты мен орны, күн тәртібі мәслихат сессиясы төрағасының шешімімен мерзімінен бір ай бұрын қабылданып жарияланады. Сессия қарауына ұсынылатын мәселелер бойынша құжаттарды (анықтамалар, шешімдер жобасы т.б.) тиісті тұрақты комиссиялар, аудандық әкімшіліктің органдары немесе ынталы болған ұйымдар дайындайды. Құжаттар аудандық мәслихаттың аппаратына сессия басталардан 15 күн бұрын өткізілуі керек. Мәслихат хатшысы сессияның қарауына енгізілетін мәселелер бойынша қажетті құжаттарды депутаттарға және аудан әкіміне сессияға кемінде бес күн қалғанда, ал кезектен тыс сессияға үш күн қалғанда табыс етеді.
Аудандық мәслихаттың сессиясында қаралатын мәселелер қажетті жағдайда алдын-ала тұрақты комиссияларда талқылануға ұсынылады.
5. Аудандық мәслихаттың сессиясы өзінің пленарлық отырыстарынан және осы аралықта өткізілетін мәслихаттың тұрақты және басқа комиссияларының отырыстарынан құралады. Сессияның өткізілуі ұзақтығы күн тәртібіне ұсынылған мәселелердің санына, оны қарауға кететін уақытқа байланысты болады. Мәслихат сессиясы жалпы отырыс нысанында өткізіледі. Сессияның ұзақтығын мәслихат белгілейді, ол негізінен бір күн ішінде өтеді. Мәслихат шешімі бойынша сессияның бір күндік жұмысында бірнеше рет, сонымен бірге он бес күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге үзіліс жасалуы мүмкін. Сессияның ашылуы және жабылуы аудандық мәслихаттың отырыстарында өтеді.
6. Аудандық мәслихаттың сессиясы оған мәслихат депутаттары жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса заңды болады. Әрбір отырыстың алдында келген депутаттарға тіркеу өткізіледі. Аудандық мәслихаттың сессиясына қатыса алмайтын жағдайда әрбір депутат ол туралы сессия төрағасын немесе мәслихат хатшысын сессия ашылатын уақытқа дейін хабардар етуі керек.
7. Аудандық мәслихат сессиясының күн тәртібі және жұмыс реті оның бірінші пленарлық отырысында талқыланып, барлық депутаттардың ашық, көпшілік дауысымен бекітіледі. Егер де депутаттарға таратылып қойған, сессиясының күн тәртібіне енген сұрақтарға мәслихат сессиясы төрағасы тарапынан өзгертулер, қосымшалар кіргізілетін болса, оларды осы отырыс төрағасы ұсынады. Сессияның күн тәртібі мен жұмыс ретін талқылау барысында аудан мәслихатының депутаттары өз тарапынан ауызша не жазбаша түрде ұсыныстар, ескертулер енгізуге құқылы. Ауызша ұсыныс-ескертулер депутаттар тарапынан баяндау арқылы айтылады, жазбаша түрде жиналыс төрағасына беріледі және оның түсу кезегі хабарланады.
8. Егер аудандық мәслихат депутаттарының кемінде үштен бір бөлігі сессияның күн тәртібіне қосымша мәселелер енгізу туралы талап етсе, онда сессия төрағасы әр мәселенің сессияның күн тәртібіне енгізуді сессияға қатысып отырған депутаттардың ашық түрдегі жалпы көпшілік дауыс беруі арқылы шеше алады.
9. Сессия төрағасы және мәслихат хатшысының келісімімен сессияға және тұрақты комиссиялар отырыстарына мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық ұйымдардың, кәсіпорындардың, ұжымдардың, баспасөз өкілдері, тағы да басқа адамдар шақырылады. Қазақстан Республикасы Парламентінің және Алматы облыстық мәслихаттың депутаттары аудандық мәслихаттың сессиясына кеңесші дауыс иесі ретінде қатынаса алады. Отырыста төрағалық етуші депутаттарды мәслихат сессиясына шақырылған адамдардың саны, құрамы туралы хабардар етеді. Шақырылған адамдардың мәслихат жұмысына тікелей араласуға құқығы жоқ, ойларын өз іштерінде сақтайды, олар белгіленген тәртіпті сақтауға және төрағаның әкіміне бағынуға тиіс. Олар мәселелерді талқылауға кезек реттілігімен қатыса алады.
10. Аудандық мәслихат сессиясының жұмысы негізінен қазақ тілінде жүргізіледі. Депутаттардың мемлекеттік тілді меңгермегенде орыс тілінде өз пікір-ұсыныстарын айтуға рұқсат етіледі.
11. Сессияда баяндамаға берілетін уақыт ары кеткенде 40 минутқа, қосымша баяндамаға 20 минутке, жарыссөзде сөйлеушілерге 10 минутке дейін, қайтадан жарыссөзге қатысушыларға, шешім жобасының кейбір пункттерін жеке талқылауға 3 минутке дейін уақыт беріледі. Кандидаттар туралы, отырысты жүргізу, дауыс беру тәртібі бойынша пікірлер айтуға, хабарламалар жасау, сауалдар енгізу, сұрақтар беру, анықтамалар үшін уақыт 3 минутке беріледі. Депутаттардың көпшілігінің келісімі бойынша жиналыс төрағасы сөйлеушілердің уақытын ұзартуға немесе қысқартуға рұқсат бере алады.
Сөйлеушілерге трибуна және залда микрофон орнатылады.
Аудандық мәслихат сессиясының күн тәртібінде сауалдар енгізуге, сұрақтар беруге арнайы қосымша уақыт ескеріледі. Осы жөнінде сессия соңынан арнайы отырыс өткізу жоспарлануы мүмкін.
12. Жарыссөзге қатысуға байланысты өтініштер сессия басталардан бұрын оның төрағасының немесе мәслихат хатшысының атына немесе сессия барысында оның төрағасының атына беріледі
Сессияның жүргізілу тәртібі туралы, анықтамалар, сұрақтарға жауап, түсініктемелер үшін сессия төрағасы кезектен тыс сөз алуына болады. Баяндамашыға сұрақтар ауызша және жазба түрінде де беріледі, Сұрақ берушілер өздерін таныстырады.
Мәслихат сессиясының төрағасы, аудандық мәслихат хатшысы және аудан әкімі, тұрақты комиссиялар төрағалары сессия барысында кез келген уақытта сөз алуға құқықтары бар.
13. Аудандық мәслихат депутатына бір мәселе бойынша екі реттен артық сөз алуға болмайды.
Аудандық мәслихат сессиясына қатысушылардың өрескел, былапыт сөйлеулеріне, заңсыздыққа, күш көрсетуге шақыруларына, сонымен бірге мемлекетке қарсы пиғылдар, депутаттардың өзара өшпенділігін, халық арасында ұлттық және нәсілдік негізінде, тағы басқа да араздықтар туғызуына жол берілмейді.
Мұндай жағдайда төрағалық етуші сөйлеушіге ескерту жасайды, ол қайталанған жағдайда сөз сөйлеуі тоқтатылады және ондай адамдарға қайтадан сөз кезегі берілмейді. Егер сөз алған адам талқыланған мәселеден ауытқып немесе белгіленген уақыттан асып жатса төрағалық етуші оған тәртіп сақтау қажеттілігін ескертеді.
14. Сессия төрағасы талқыланып жатқан мәселеге байланысты әртүрлі пікірлердің туындалуын қамтамасыз етуі керек.
Жарыссөздің тоқтатылуы туралы шешім аудан мәслихатының депутаттарының көпшілік дауыс беруіне байланысты қабылданады.
Жарыссөздің тоқтатылуы туралы ұсыныс енгізілгенде төрағалық етуші оған қанша адамның жазылғанын, сөйлегенін айтып депутаттарға хабарлайды.
Жарыссөз тоқтатылуына байланысты сөз ала алмаған депутаттардың өздерінің сұрауы бойынша сөздерінің жазбаша мәтіні мәслихат сессиясының стенографиялық есебіне кіргізіледі.
15. Аудан мәслихатының сессиясы отырыстарында қаралатын мәселелер бойынша шешім ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
Жасырын дауыс беру Қазақстан Республикасы Конституциясы, Қазақстан Республикасы заңдары, осы Регламенттің талаптарына сай немесе депутаттардың кем дегенде үштен екісінің талаптары бойынша жүргізіледі.
16. Сессия төрағасы ашық дауыс беру алдында дауысқа салынатын ұсыныстар санын көрсетеді, мәтінін нақтылайды, шешімнің қанша басым дауыспен қабылданатынын ескертеді. Егер депутаттар қарсы болмаса, шешімді дауыс санын санамай-ақ айқын басымдылық болғанда қабылдауға болады.
Әр мәселе бойынша әр депутат бір дауысқа ие болады, оны қолдаймын, қарсымын деп немесе қалыс қалу арқылы білдіреді. Дауыс берудің қорытындысы бойынша төрағалық етуші ұсыныстың қабылданғаны немесе қабылданбағаны туралы хабарлайды.
17. Жасырын дауыс беруді өткізу және оның қорытындысын анықтау үшін аудандық мәслихат өз депутаттарының құрамынан ашық дауыспен санақ комиссиясын сайлайды. Оның құрамына сайланбалы органдарға ұсынылмаған немесе лауазымды қызмет орнында істемейтін депутаттар кіре алады.
Санақ комиссиясы өз құрамынан көпшілік дауыспен комиссия төрағасын, хатшысын сайлайды. Бюллетеньдер белгіленген тәртіпке сай және тиісті мөлшерде санақ комиссиясының мүшелерінің бақылауымен дайындалады. Жасырын дауыс беру бюллетеньдерінде дауыс беруге қажетті деректер болуы тиіс. Дауыс берудің тәртібін, өткізілетін орнын осы Регламент негізінде санақ комиссиясы анықтайды, оны комиссия төрағасы хабарлайды.
18. Сайланатын орган не лауазым иесін сайлауға байланысты, немесе аудандық мәслихатта қаралған мәселенің шешімі жөнінде жасырын дауыс беру өткізілгенде әрбір депутатқа бір бюллетеньнен беріледі. Бюллетеньдерді санақ комиссиясының мүшелері депутаттарға олардың тізіміне және куәліктеріне байланысты қолдарын қойғызып береді.
Депутаттың өзіне берілген бюллетеньді толтыруы, егер ол сайланатын кандидатқа қарсы болса оның бюллетеньдегі аты-жөнін сызып тастау арқылы, ал шешім қабылдау жайлы бюллетеньде қолдаймын, қарсымын, "қалыспын" деп жазу арқылы жүргізіледі. "жарамсыз" деп тиісті тәртіпте "жасалмаған", лауазым иесін сайлау кезінде бір лауазымға екі немесе одан көп кандидатуралар тізімі қалған бюллетеньдер саналады. Бюллетеньге қосып жазған есімдер санақ кезінде есепке кірмейді.
19. Жасырын дауыс берудің қорытындысы туралы санақ комиссиясы өз мүшелерінің бәрінің қолы қойылған хаттама жасайды.
Санақ комиссиясының баяндамасы бойынша аудандық мәслихаттың сессиясы жасырын дауыс берудің қорытындысын бекіту жайлы ашық дауыспен шешім қабылдайды.
20. Аудандық мәслихаттың депутаты дауыс беру құқығын өзі жүзеге асырады, оны басқа біреуге беруге болмайды. Дауыс беру кезінде болмаған депутат артынан дауыс бере алмайды.
21. Дауыс беру тәртібінде және оны өткізу кезінде қателіктер анықталған болса, аудандық мәслихат сессиясының шешімімен қайта дауыс беру өткізіледі.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары
22. Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы Жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес мәслихат бірінші сессиясында өз өкілетті мерзіміне тұрақты комиссиялар құрады. Тұрақты комиссиялардың тізбесі мен сан құрамы аудандық мәслихат сессиясының шешімімен бекітіледі, ал қажет болған жағдайда, мәслихат тұрақты комиссияларды жаңадан құрып, таратып және қайта ұйымдастыра алады. Тұрақты комиссиялар өз өкілеттігін осы Заңның 14 бабында көрсетілген талаптарға сай жүзеге асырады.
23. Тұрақты комиссиялардың төрағалары мен мүшелері депутаттар арасынан жалпы тізім немесе әрбір кандидатураны жеке талқылап ашық дауыспен сайлайды.
Тұрақты комиссияның тізбесі, саны, құрамы, оның төрағалары туралы ұсынысты депутаттардың өз пікірлерін, қалауын ескере отырып аудандық мәслихаттың хатшысы ұсынады.
Депутат бір ғана тұрақты комиссияның мүшесі бола алады. Комиссияның барлық мүшелері бірдей құқыққа ие.
24. Аудандық мәслихат тұрақты комиссиялардың құрамына олардың төрағаларының ұсынысы бойынша өзгерістер енгізе алады. Бұл ұсынысты мәслихат отырысында қарауға төрағалық етуші енгізеді.
Тұрақты комиссиялардың төрағаларының өкілеттігін доғаруы олардың өзі өтініштері бойынша немесе кейбір жағдайларға байланысты өз міндетін атқаруға мүмкіншілігі болмағанда аудандық мәслихат шешеді. Тұрақты комиссиялардың төрағаларын қайта сайлауды аудандық мәслихат хатшысы ұсынады.
25. Жекелеген мәселелер бойынша тұрақты комиссиялар арасында алшақ пікірлер қалыптасқан жағдайда, оларды өзара түсіністікпен шешу үшін әрекет етіледі. Егер комиссиялар ортақ келісімге келе алмаған жағдайда, олар өз ой-пікірлерін аудандық мәслихаттың сессиясына жеткізеді. Сессия ақырғы шешімді қабылдайды.
Аудандық мәслихаттың тексеру комиссиясы
26. Аудандық мәслихат Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы Жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес жергілікті бюджеттің атқарылуын, аудан әкімінің, оның бөлімдерінің, құрған мекеме, ұйымдарының қаржылық-шаруашылық қызметін бақылау және тексеру үшін өз өкілеттігі мерзіміне тексеру комиссиясын сайлайды.
27. Тексеру комиссиясы мүшелерінің санын мәслихат белгілейді. Тексеру комиссиясының төрағасын аудандық мәслихат депутаттар арасынан ашық дауыспен (егер басқа шешім қабылданбаса) сайлайды. Төрағалыққа ұсынылған кандидатура көпшілік дауысқа ие бола алмаған жағдайда мәслихат хатшысы басқа кандидатура туралы ұсыныс жасайды және қайтадан дауыс беру өткізіледі.
Тексеру комиссиясының төрағасы өз қызметін басқа жұмыстан босатылған негізде жүргізе алады.
Комиссия құрамына мәслихаттың депутаты емес адамдар да шарт негізінде тартылуы мүмкін.
28. Тексерулер мәслихаттың не оның хатшысының шешімдерімен, мәслихаттың депутаттары санының кемінде үштен бірінің талап етуі бойынша да жүргізіледі. Тексеру комиссиясы тексерулерді өз жоспарлары бойынша кемінде жылына бір рет жүргізіледі. Тексеру комиссиясы аудан көлеміндегі барлық тексеруші органдардың жұмысын үйлестіру, объектілердегі тексерулердің бірнеше рет қайталанбауын болдырмау мақсатында олардың жоспарларын қабылдап отырады.
Қажет болған жағдайда тексеру комиссиясы тексерулерге білікті мамандарды шақыртып жұмыс істете алады.
29. Аудандық мәслихаттың тексеру комиссиясының өкілеттігі мен жұмыс тәртібі осы Регламентпен белгіленеді.
Аудандық мәслихаттың уақытша комиссиялары
30. Аудандық мәслихат өз құзырындағы мәселелерге байланысты уақытша комиссиялар құра алады. Уақытша комиссиялар құрамы мәслихат депутаттары және депутат емес қызметкерлер, мамандар қатарынан ашық дауыс беру арқылы сайлана алады. Комиссия құрамына кірмеген аудандық мәслихаттың депутаты оның жұмысына кеңесші дауыс беруші ретінде қатынаса алады. Уақытша комиссиялар отырыстары ашық түрде өтеді, жабық отырыстар өткізуге де құқылы.
31. Уақытша комиссиялардың міндеттерін, жұмыс тәртібін, оларды құрған кезде аудандық мәслихат анықтайды.
Аудандық Мәслихаттың уақытша комиссиясы аудан көлемінде орналасқан мемлекеттік және қоғамдық мекемелерден, кәсіпорындар мен ұйымдардан жеке тұлғалардан қажетті құжаттарды, материалдарды талап етіп алуға, эксперттер шақыртуға және басқа да аудандық мәслихат берген өкілеттікке ие. Уақытша комиссия аудандық мәслихат алдында жауапты және есеп береді. Аудандық мәслихаттың уақытша комиссияларының жұмысына кедергі келтірген лауазымды қызметкерлер қолданылып жүрген заңдарға байланысты жауапкершілікке тартылады.
Уақытша комиссиялар өздеріне тапсырылған мәселені зерттеу қорытындысы жайлы аудандық мәслихатқа баяндама жасайды. Комиссияның әрбір жеке мүшесі немесе тобы өздерінің айрықша пікірлері туралы аудандық мәслихат отырыстарында айта алады. Комиссия баяндамасы бойынша аудандық мәслихат шешім қабылдай алады.
Уақытша комиссия өз жұмысын, берілген тапсырманы орындағаннан кейін немесе мерзімінен бұрын аудандық мәслихаттың шешімімен тоқтатады.
32. Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы Жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес мәслихат хатшысы тұрақты негізде жұмыс істейтін лауазымды адам болып табылады.
Оны мәслихат сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттар жалпы санының көпшілік дауысымен мәслихат сайлайды және қызметтен босатады. Хатшы өз жұмысында мәслихат алдында есепті.
Мәслихат хатшысы сессиялар арасында барлық ресми іс-шараларда, мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, мекемелермен, кәсіпорындармен, қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынастарда мәслихат атынан өкіл болады.
33. Мәслихат хатшысы лауазымына кандидатураларды мәслихат депутаттары не олардың жекелеген топтары мәслихат сессиясында ұсынады. Мәслихат хатшысы болып ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысына ие болған кандидат сайланады. Мәслихат хатшысының сайланғаны туралы аудандық мәслихаттың шешімі қабылданады.
34. Егер мәслихат хатшысына ұсынылған кандидатура депутаттардың көпшілік дауысына ие бола алмай қалған жағдайда, басқа кандидатура ұсынылып, қайтадан дауыс беру өткізіледі.
Аудандық мәслихатта қаралатын мәселелерді ұсыну, оларды алдын-ала тұрақты комиссиялар отырысында қаралуы
35. Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы Жергілікті Мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес мәслихат отырысында қаралатын мәселелерді мәслихат сессиясының төрағасы, тұрақты және басқа комиссиялар, депутаттар, аудан әкімі ұсына алады. Сонымен бірге сессияның күн тәртібіне мәселелер енгізу туралы сессия төрағасына мемлекеттік биліктің жоғарғы органдары, ауыл-поселкелер тұрғындарының жиналыстары, қоғамдық ұйымдар ұсыныстар бере алады.
36. Әр жылдың аяғында мәслихат хатшысының сұрауы бойынша депутаттар жоғарғы бапта көрсетілген органдар, жауапты адамдар алдағы жылда қарауға жататын мәселелер туралы ұсыныс жасай алады.
Осындай ұсыныстар негізінде мәслихат хатшысы сессияларда қаралатын мәселелер тізбегін қалыптастырады және де толықтырулар енгізіп отырады.
37. Мәселелер тізбегі аудандық мәслихат сессиясының кезекті отырысында талқыланады, ол жекелеген мәселелермен толықтырылып немесе алынып тасталынады. Бұл тізбекке өткен жылға белгіленген, бірақ қаралмаған сұрақтар да кіргізілуі мүмкін.
Аудандық мәслихат сессиясы ашық түрде депутаттардың көпшілік дауысымен алдағы сессия отырыстарында қаралатын негізгі мәселелер туралы шешім қабылдайды. Осы шешіммен бекітілген мәселелерді дайындауға, қорытынды жасауға жауапты адамдарды, тұрақты комиссияны анықтайды.
Олар қаралатын мәселелер бойынша аудандық мәслихат хатшысына жан-жақты сараптама жасалынған, орын алған кемшіліктердің себептері анықталған, оны жою және болдырмау жөніндегі ұсыныстар көрсетілген анықтама дайындайды. Сонымен бірге белгілі тәртіппен дайындалған мәслихат сессиясының шешімінің жобасын, сессияға шақырылушылардың құрамы туралы ұсыныс енгізеді.
38. Мәслихат сессиясына қарауына енгізілетін мәселелерді дайындау және оған қорытынды жасау тәртібін тиісті комиссия өздері анықтайды.
Тұрақты комиссиялар аудандық мәслихат сессиясында қаралатын мәселелерді және шешімінің жобасын дайындау барысында жұмыс топтарын құра алады, олардың құрамына тұрақты комиссия мүшелерімен бірге басқа да депутаттар, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдерін, мамандарды кіргізуге болады.
Егер мәселелер аудандық мәслихаттың бірнеше комиссияларының қарауына ұсынылса, олар біріккен комиссиялар немесе жұмысшы топтарын құра алады.
Негізгі шешімнің жобасымен қатар басқа балама шешім жобасы болған жағдайда тұрақты комиссиялар отырысында екі жоба да қаралады.
39. Тұрақты комиссиялар мәселелерді өз шешімдерімен тұрғылықты елді мекендерде өтетін жиналыстарда, қоғамдық ұйымдарда, мекемелерде т. б орындарда талқылауды ұйымдастыра алады.
Қажет болғанда аудандық мәслихат шешімінің жобасы ғылыми талдау жасау үшін жіберілуі мүмкін, ол туралы аудан әкімінің қорытындысы, тиісті бөлімдердің, комитеттердің, мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық ұйымдардың пікірлері де сұралады.
Шешім жобасын талқылау барысында түскен ескертулер, ұсыныстар жұмысшы тобы немесе тұрақты комиссия отырыстарында қаралып ескеріледі.
Аудандық мәслихат отырысында талқыланатын мәселелер бойынша шешiм жобаларының қаралуы
40. Талқылау қорытындысы бойынша аудандық мәслихат дайындаған шешiм жобасы негiзге алынады. Шешiм жобасына өзгерiстердi аудандық мәслихат депутаттары жарыссөз барысында ауызша немесе жазбаша түрде ұсынады. Жазбаша өзгерiстер ұсынушылардың мiндеттi түрде аты-жөні көрсетіліп мәслихат сессиясының төрағасына берiледi, керісінше жағдайда ұсынылған өзгерiстер қаралуға жатпайды.
Дауысқа алдымен шешiм жобасына өзгертулер енгізілген әрбiр жеке тармақтары сонан кейiн тұтас жоба салынады.
Аудандық мәслихат талқыланатын шешiмге сессия төрағасы және аудандық мәслихат хатшысы қол қояды және ол 7 күн мерзiмнен кешiктірілмей орындаушыларға жiберiледi.
Аумақ бойынша жергiлiктi бюджет, даму жоспарларының, экономикалық және әлеуметтiк бағдарламалардың және олардың атқарылуы туралы есептердiң қаралуы
41. Аудандық мәслихат сессиясында талқыланатын аудан бюджеті, аса маңызды экономикалық және әлеуметтiк жоспарлар мен бағдарламалардың жобалары және олардың орындалуы туралы есептер, оларға қатысты шешiмдердің жобалары аудан әкiмi тарапынан мәслихатқа сессиядан бiр ай бұрын тапсырылуы керек.
Сессия төрағасы немесе мәслихат хатшысы көрсетiлген жобаларды қорытынды жасау үшін қажетті талдау-экспертизадан өткізеді.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары да сессия басталуынан екi апта бұрын осы жобалар бойынша өз ұсыныстары мен ескертулерiн хабарлайды.
Қажет болған жағдайда мәслихаттың бюджет, қаржы және экономиканы реформалау туралы тұрақты комиссиясы өздерінің ұсыныстары мен ескертулерi бойынша қосымша баяндама жасай алады.
Аудандық мәслихаттың тексеру өкiлеттiгiнің жүзеге асырылуы
42. Аудандық мәслихат өз тарапынан және өзi құрған органдар арқылы аудан аумағындағы мемлекеттiк және қоғамдық органдардың, кәсiпорындардың, азаматтар бірлестіктерінің Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарының талаптарын сақтауын, сол сияқты аудандық мәслихаттың шешiмдерiн, аудандық жоспарларды, экономикалық және әлеуметтiк аумақтық даму бағдарламаларын, аудандық бюджеттi жүзеге асыруларын және орындауын қадағалайды. Аудандық мәслихат өзi құрған, сайлаған органдардың, жауапты лауазым иесiнiң жұмыстарына бақылау жасайды.
43. Аудан әкiмi, оның орынбасарлары, аудандық әкімдік органдары мен мекемелерiнің басшылары Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңына сәйкес мәслихат құзыретiндегі мәселелер бойынша мәслихат алдында есеп бередi. Есеп беру және тұрақты комиссияның қосымша баяндамасы тыңдалғаннан кейiн жарыссөз ашылуы мүмкiн. Талқылау қорытындысы бойынша аудандық мәслихат аудан әкiмiнiң, оның орынбасарларының, органдарының басшыларының қызметіне, атқарып жатқан жұмыстарына баға бере отырып шешiм қабылдайды.
44. Аудандық мәслихаттың депутаттары және тұрақты комиссиясы мәслихат сессиясының төрағасына, мәслихат хатшысына, мекеме, кәсiпорын, ұйым басшыларына сауалдар жiбере алады.
Сессия ашылғанға дейiн енгiзiлген сауал сессияның күн тәртiбiнің жобасына енгізіледі, оның мәтiнi депутаттарға жазбаша түрде немесе төрағалық етушi арқылы хабарланады.
Егер депутат сауалы сессия алдында енгiзiлсе, оны аудандық мәслихат хатшысы дереу сауалға қатысты жауапты органға немесе лауазым иесiне жеткiзедi. Олар осы сессия үстiнде берiлген сауалға байланысты жазбаша не ауызша жауап беруге міндетті. Сауал берген депутат немесе тұрақты комиссия жауап берушіден қосымша түсiнiктемелер талап ете алады және өз, пікірлерін айтып, хабарламалар жасай алады.
Сауалға берілген жауап бойынша оны талқылауды ұйымдастыруға болады және тиісті шешiм қабылданады.
Егерде сауал сессия үстiнде енгiзiлсе және сауал арналған орган не жауапты лауазым иесi оған бірден жауап бере алмайтын жағдайда аудандық мәслихат жауапты алдағы кезектi сессияда беру жөнінде шешiм қабылдайды.
Депутаттық аудандық сот төрағасына, құқық қорғау органдарының басшыларына жолдаған сауалы олардың қарауындағы тексеріліп жатқан нақты iстерге қатысты болмауы керек.
45. Аудандық мәслихаттың сессиясы үстінде төрағалық етушіге ауызша айтылған немесе жазбаша берілген нақты ұсыныстар, ескертпелер аудан әкiмiне, тиiстi мемлекеттiк және қоғамдық органдарға, ұйымдарға және жауапты лауазым иелерiнің қарауына жiберiледі.
Аудан әкiмшiлiгi мәслихат сессиясында айтылған сын, ескертпелердiң шешiлуi жайлы жүйелі түрде хабарлама жасап отырады.
46. Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары мәслихат шешiмдерiнiң орындалуына, аудан көлемiндегi мемлекеттiк және қоғамдық мекемелердiң қызметтерiне бақылау жасай отырып, тиiстi органдарда мiндеттi түрде қаралуға тиiс ұсыныстар әзiрлеп,енгізеді.
Тұрақты комиссиялардың мемлекеттiк және қоғамдық ұйымдардың қызметтеріне бақылау жасауы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Аудандық мәслихаттың саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен, бұқаралық ақпарат құралдарымен қарым-қатынасы
47. Ақсу аудандық мәслихаты өз қызметінде аудан аймағындағы саяси партиялар ұйымдармен, қоғамдық бірлестіктермен, баспасөз органдарымен қарым-қатынасын Қазақстан Республикасы Конституциясы, Қазақстан Республикасының заңдары және осы регламент негізінде құрады.
Мәслихатқа саяси партиялар атынан сайланған депутаттардың өз депутаттық өкілеттігін атқарғанда, партиялық міндеттерін орындауда тиісті заңдылықтар шеңберінен аспауын талап ете алады.
48. Аудандық мәслихаттың ашық түрде өтетін сессияларына, тұрақты комиссиялардың отырыстарына және басқа да өткізілетін көпшілік іс-шараларына (басқаша шешім қабылданбаса) саяси партияларының, қоғамдық бірлестіктердің, баспасөз өкілдерінің қатысуына шек қойылмайды, қажет болғанда оларды шақырып қатыстырады. Сол сияқты жоғарғы аталғандар тарапынан аудан көлемінде ұйымдастыратын көпшілік шараларына мәслихат депутаттарының қатысуларын да шектемейді.
49. Партия ұйымдары, қоғамдық бірлестіктер тарапынан жекелеген мәселелерді аудандық мәслихат сессияларында, тұрақты комиссиялардың отырыстарында қарау жөніндегі ұсыныстарын аудандық мәслихат заңдылықта көрсетілген өз құзыреттері негізінде талдап-зерттеп, талқылауға қабылдай алады.
50. Аудандық мәслихат өз қызметінде аудандық "Ақсу өңірі" газетімен және басқа да баспасөз құралдарымен тығыз қарым-қатынаста болады. Мәслихат тарапынан және бастамасымен өткізілетін ресми, көпшілік іс-шараларда баспасөз өкілдерінің қатысуы қамтамасыз етіледі. Олармен жүйелі түрде кездесулер өткізіп отырады. Олардың сұраулары бойынша және аудандық мәслихат өз тарапынан да баспасөз өкілдеріне өз қызметі жөнінде қажетті ақпараттар, анықтама - хабарламаларды беріп отырады.
51. Аудандық мәслихаттың нормативтік-құқықтық негізі бар қабылданған актілері, сессия шешімдері Заңдылық талаптарға сай әділет органдарында арнайы тіркеуден өткеннен кейін міндетті түрде аудандық газетте толық көлемде жарияланады. Сол сияқты мәслихат сессияларының, комиссия отырыстарының мазмұны, қоғамдық маңызы бар басқа да іс-шаралардың өтуі туралы хабарламалар, талқыланған мәселелердің шешімдері аудандық газет арқылы жарияланып отырады.
Аудандық газетте мәслихаттың, оның депутаттарының қызметін насихаттау, жариялануын қамтамасыз ету мақсатында арнайы рубрика ашылып, мақалалар беріліп отырулары жүзеге асырылады.
52. Осы регламент әділет органдарында тіркеліп бекітілгеннен кейін күшіне енеді.
Оған қосымшалар өзгертулер енгiзу немесе күшiн жою тек аудандық мәслихат сессиясында шешiледi. <*>
Ескерту. 52-тармаққа өзгерістер енгізілді - Алматы облысы Ақсу аудандық мәслихатының 2004 жылғы 31 мамырдағы N 10-43 шешімімен.