Жаңа ауылдық (селолық) округтер құру туралы

Жаңа

Жамбыл облыстық мәслихатының және Жамбыл облыстық әкімиятінің 2004 жылғы 30 қарашадағы N 6-5 шешімі мен қаулысы. Жамбыл облыстық Әділет департаментінде 2004 жылғы 15 желтоқсанда N 1522 тіркелді.

      Қазақстан Республикасының " Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы " және " Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы " Заңдарын басшылыққа ала отырып облыстық әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Төмендегі аудандар бойынша жаңа ауылдық (селолық) округтер құрылсын:
      1) Байзақ ауданы бойынша: Сарыкемер ауылдық (селолық) округі құрамынан Үлгілі ауылы бөлініп, орталығы Үлгілі ауылы болатын Үлгілі ауылдық (селолық) округі құрылсын.
      2) Жамбыл ауданы бойынша: Аса ауылдық (селолық) округі құрамынан орталығы Бірлесу-Еңбек ауылы болатын Октябрь-жеміс ауылы елді мекенімен бірге Ақбастау ауылдық (селолық) округі бөлінсін.
      3) Жуалы ауданы бойынша: Ақсай ауылдық (селолық) округі құрамынан орталығы Қайрат ауылы болатын Диқан ауылы елді мекенімен бірге Ақсай ауылдық (селолық) округі және орталығы Көлбастау ауылы болатын Талапты ауылы елді мекенімен бірге Мыңбұлақ ауылдық (селолық) округі бөлінсін.
      4) Қордай ауданы бойынша: Үлкен-Сұлутөр ауылдық (селолық) округі құрамынан орталығы Сұлутөр ауылы болатын Көктөбе ауылы елді мекенімен бірге Сұлутөр ауылдық (селолық) округі бөлінсін.
      5) Меркі ауданы бойынша: Меркі ауылдық (селолық) округі құрамынан Т.Рысқұлов ауылы және Ойтал кенттік округі құрамынан Интернациональный ауылы бөлініп, орталығы Т.Рысқұлов ауылы болатын Интернациональный ауылы елді мекенімен бірге Т.Рысқұлов ауылдық (селолық) округі құрылсын.
      6) Мойынқұм ауданы бойынша: Қызылтал ауылдық (селолық) округі құрамынан орталығы Қызылотау ауылы болатын Қызылотау ауылдық (селолық) округі бөлінсін.
      7) Т.Рысқұлов ауданы бойынша: Тереңөзек ауылдық (селолық) округі құрамынан орталығы Қайынды ауылы болатын Сөгеті, Мамай ауылдары елді мекендерімен бірге Қайынды ауылдық (селолық) округі бөлінсін.
      8) Талас ауданы бойынша: Қаратау ауылдық (селолық) округі құрамынан орталығы Қасқабұлақ ауылы болатын Қасқабұлақ ауылдық (селолық) округі бөлінсін.
      9) Сарысу ауданы бойынша: Тоғызкент ауылдық (селолық) округі құрамынан Досбол ауылы, Жаңаарық ауылдық (селолық) округі құрамынан Шағалалы ауылы, Жайылма ауылдық (селолық) округі құрамынан Көкдала ауылы, Түркістан ауылдық (селолық) округі құрамынан Көкдала ауылы бөлініп, орталығы Досбол ауылы болатын, Шағалалы, Көкдала (үлкен), Көкдала (кіші) ауылдары елді мекендерімен бірге Досбол ауылдық (селолық) округі құрылсын.
      10) Шу ауданы бойынша: Төлеби ауылдық (селолық) округі құрамынан орталығы Абай ауылы болатын Өндіріс ауылдық (селолық) округі бөлінсін.

      2. Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай, Меркі, Мойынқұм, Т.Рысқұлов, Сарысу, Талас және Шу аудандарының әкімдері Заңмен белгіленген тәртіпте аудан бюджеттеріне тиісті өзгертулер енгізсін.

      3. Осы нормативтік құқықтық акт Жамбыл облысының әділет департаментінен мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
      
      Облыстық мәслихат                          Облыс Әкімінің
      сессиясының төрағасы                       міндетін атқарушы
      С. Сарғасқаев                              А. Савченко

      Облыстық мәслихат
      хатшысы
      Ә. Әсілбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады