Тұрғын үй көмегін беру және телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу Ережелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Үшінші шақырылған Тараз қалалық мәслихатының 2004 жылғы 23 қарашадағы N 8-5 (кезекті сегізінші сессия) шешімі. Жамбыл облыстық әділет Департаментінде 2004 жылғы 28 желтоқсанда N 1536 тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Тараз қаласы мәслихатының 2014 жылғы 28 тамыздағы № 32-4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Тараз қаласы мәслихатының 28.08.2014 № 32-4 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы", 1999 жылғы 16 қарашадағы "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 12 сәуірдегі "Тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметін көрсетуге ақы төлеудің жаңа принциптеріне көшу туралы" N 437 қаулысына, Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 2002 жылғы 13 ақпандағы N 31-Б "Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын белгілеудің ережесін бекіту туралы" бұйрығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі "Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" N 949 қаулысына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
       1. Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін беру және телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу Ережелері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
       2. 2002 жылдың 24 қазанында Жамбыл облысының Әділет Департаментінде N 756 тіркелген Тараз қалалық мәслихатының 2002 жылғы 12 қыркүйегіндегі "Азаматтардың жекеленген санаттарына тұрғын үйді ұстауға (жекеменшік үйлерден басқа) және коммуналдық қызметтерге төлеу үшін тұрғын үй жәрдем ақысын беру тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" N 20-9 шешімінің күші жойылды деп табылсын.
       3. Осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап заңды күшіне енеді, жарияланған күннен 10 күн өткеннен кейін іске қосылады, 2004 жылдың 9 қыркүйегінде туындалған қатынастарға таратылады. 
      
      Қалалық мәслихаттың                        Қалалық мәслихат
      сессиясының төрайымы                       хатшысы
      Д. Өскембаева                              Ө. Байшіғашев

Үшінші шақырылған
Тараз қалалық мәслихатының
2004 жылғы 23 қарашадағы "Тұрғын
үй көмегін беру және телефон
үшін абоненттік ақы тарифтерінің
арттырылуына өтемақы төлеу Ережесін
бекіту туралы" N 8-5 сессиясының шешіміне
қосымша

Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін беру және телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу
ЕРЕЖЕЛЕРІ

1-тарау. Тұрғын үй көмегін және телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылу өтемақысы

      1. Бұл Ереже Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" және 1999 жылғы 16 қарашадағы "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 1996 жылғы 12 сәуірдегі "Тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметін көрсетуге ақы төлеудің жаңа принциптеріне көшу туралы" N 437 қаулысына, және Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 2002 жылғы 13 ақпандағы N 31-Б "Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын белгілеудің ережесін бекіту туралы" бұйрығына және 2004 жылғы 9 қыркүйектегі "Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" N 949 қаулысына сәйкес жасалынады.
      2. Қалалық телекоммуникациялар желісінің абоненттері болып табылатын әлеуметтік қорғалатын азаматтарға тұрғын үй көмегі және телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу (бұдан әрі - телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу) халықты әлеуметтік қорғаудың бір түрі болып табылады.
      3. Тұрғын үй көмегі қалада тұрақты тұратын және тұрғын үйдің иесі немесе жалға алушы (жалдаушы), соның ішінде мемлекеттік тұрғын үй қорында, сондай-ақ ұйымдар, мекемелер және кәсіпорындардың қарауындағы үйлерінде тұратын тұлғаларға, егер тұрғын үйді ұстау өтемақы шығындары (жекеменшік үйлерден басқа) және тұрғын үй алаңы нормасының шегіндегі коммуналдық тұтыну, қамтамасыз ететін коммуналдық қызметті тұтыну нормативтері және өтемақы шаралары осы мақсаттағы жол беруге болатын шекті шығындардың үлесі отбасы бюджетінен жоғары болған жағдайда беріледі. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну ақысын төлеуге жол беруге болатын шекті шығындардың өтем ақысының үлесі отбасының жиынтық табысының 30 пайыз мөлшерінде белгіленеді.

      <*> Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Тараз қаласының мәслихатының 2005 жылғы 16 қарашадағы N 17-13 шешімімен

      4. Белгіленген нормадан жоғары тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызмет және байланыс қызметтерін тұтыну үшін ақы төлеу азаматтарымен жалпы негіздерде жүргізіледі.
      5. Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу - тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлеу жөніндегі тұрғын үй көмегін құрамына кіретін, телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылу шығындарын өтеуге арналған және қолданылып жүрген тариф пен 2004 жылғы қыркүйектегі жағдай бойынша қалыптасқан тариф арасындағы айырма ретінде белгіленетін ақшалай өтемақы.
      6. Қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне (бұдан әрі абонент) телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылу өтемақысы, телефон үшін абоненттік ақының арттырылған айырмасын тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шығыстардың сомасына қосу жолымен жүзеге асырылады.
      7. Абонент - қалалық телекоммуникация желілерінің байланыс қызметтерін, осы мақсаттар үшін абоненттік нөмір немесе сәйкестендіру коды бөлінген осындай қызметтер көрсету туралы шарт негізінде пайдаланушы жеке тұлға.
      Телефон үшін абоненттік ақы тарифтері арттырылуының өтемақысын есептеу үшін, абонент тұрғын үй көмегін тағайындауға қажетті құжаттармен тұрғылықты тұратын жері бойынша уәкілетті органға өтінішпен барады.

2-тарау. Тұрғын үй көмегі және телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылу өтемақысын беру шарттары

      8. Тұрғын үй көмегі және телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылу өтемақысын есептегенде, отбасы құрамына мыналар кіреді: ерлі-зайыптылар, олардың балалары және ата-аналары, басқада туысқандары және тұлғалар, тұрғын үй иесімен (жалға алушысымен) бірге тұратын және бір жеке есеп шотқа тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметке және байланыс қызметіне төленетін, сондай-ақ қайтыс болған иесімен (пәтерлер, үйлер) бірге тұрған тұлғалар, мұрагерлік құқы анықталғанша (6 айға дейін), жасы кәмелетке толғанға дейін оның атында сақталған пәтерлер (үйлер), осы мекен-жайда есепте тұрған қамқоршылықтағы жасы кәмелетке толмаған балалар.
      9. Егер күтуді қажет етеді деп танылған мүгедектерді күтуді жүзеге асырушы немесе 3 жасқа дейінгі (бір және одан да көп баланы) тәрбиелеумен айналысатын, сондай ақ төрт және одан да көп баланы - кіші баласы бірінші сыныпты бітіргенше (бірақ 9 жастан үлкен емес) тәрбиелеумен айналысатындарды есепке алмағанда, отбасында еңбекке жарамды, алайда жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және еңбекпен қамту уәкілетті органдарында тіркелмеген тұлғалар болса, ол отбасыларының тұрғын үй көмегі мен телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы алуға құқығы жоқ.
      10. Тұрғын үй көмегін және телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылу өтемақысын тағайындауға үміткер отбасы (жеке тұлға) немесе оларды алушылар келесі құжаттарды ұсынады:
      1) арыз;
      2) тұл құжат немесе жеке куәлігі;
      3) меншігіндегі тұрғын үй (пәтер, үй) құқығы туралы құжат - жылына бір рет немесе келесі қайта тіркеуге дейін немесе қандай да болсын өзгерістер болғанда;
      4) отбасының құрамы туралы ақпараттық анықтама - жылына бір рет немесе келесі қайта тіркеуге дейін немесе қандай да болсын өзгерістер болғанда;
      5) алдындағы тоқсанды қарау үшін, тоқсандағы нақты ақшалай алынған немесе заттай отбасының табысы туралы анықтамасы;
      6) еңбекпен өз бетінше қамтылған азаматтардың өтініш берген тоқсанның алдындағы өзінің ақшалай немесе заттай түрде алынған табысы туралы жазбаша дәлелдемесі (түсінігі);
      7) еңбек қызметімен қамтылғанын растайтын құжат немесе уәкілетті органнан жұмыссыз ретінде тіркелген анықтамасы (тоқсан сайын);
      8) Тараз қаласы әділет басқармасынан анықтама (толық емес отбасыларына N№8 үлгісі);
      9) телекоммуникация желісінің абоненті болып табылатын фактіні растайтын (келісім шарт немесе түбіртек - телекоммуникация көрсеткен қызметтері үшін есеп) құжаты;
      10) халық банкі филиалдарында ашылған арызданушылардың жеке есеп шоттарының көшірмесі.

      <*> Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - Тараз қаласының мәслихатының 2005 жылғы 16 қарашадағы N 17-13 шешімімен

      11. Ақпараттың растығына күдік туған жағдайда "Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі сұрау салуға құқылы, ал заңды және жеке тұлғалар отбасының табысы, тұрғын үй шығындары, тұрғын үй көмегінің және телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылу өтемақысының мөлшерінің есептелуіне ықпал ететін ақпараттарды және тағы басқа да мәліметтерді беруге міндетті.

      <*> Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - Тараз қаласының мәслихатының 2005 жылғы 16 қарашадағы N 17-13 шешімімен

      12. Тұрғын үй көмегін және телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылу өтемақысын алушылар қандай да болсын өз тұрғын үй меншігі нысандарының, отбасы құрамының және оның жиынтық табысының өзгерістері туралы, сондай-ақ қалалық байланыс желісінің қызметінен бас тартқаны туралы, 10 күн ішінде "Тараз қаласының әкімінің еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне хабарлауы тиіс.
      13. "Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне, тұрғын үй көмегінің сомасына заңсыз немесе артық тағайындалуына әсер ететін мәлімет тапсырған, тұрғын үй иесі немесе жалға алушы (жалдаушы) бір жылға дейін тұрғын үй көмегін және телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылу өтемақысын алу құқығынан айырылады, ал заңсыз алынған тұрғын үй көмегі және телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылу өтемақысының сомасы орнатылған заңдылықтар негізінде қайтарылуға жатады.

      <*> Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгізілді - Тараз қаласының мәслихатының 2005 жылғы 16 қарашадағы N 17-13 шешімімен

      14. Құжаттарды дұрыс емес рәсімдегені үшін, тұрғын үй көмегі және телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылу өтемақысы заңсыз тағайындалғанда, осыған кінәлі лауазымды тұлғалар, орнатылған заңдылықтар негізінде жауап береді.
      15. Жеке меншігінде біреуден артық тұрғын жайы (үйі, пәтері) болса немесе тұрғын үйін (алаңдарын) жалға тапсырғандар тұлғалар тұрғын үй көмегін алу құқығын жоғалтады.

3-тарау. Тұрғын үй күтуге және коммуналдық қызметке көмек беру жөніндегі әлеуметтік мөлшері мен нормативтер

      16. Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен бекітілген коммуналдық және байланыс қызметтерінің тарифтері тұрғын үй көмегін және телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылу өтемақысын есептеу негізі болып табылады.
      17. Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 75 бабының 1 тармағына сәйкес, тұрғын үй алаңының өтемдік қамсыздандыру өлшемінің қалпы үшін отбасының әрбір мүшесіне мемлекеттік тұрғын жай берген пәтердің (үйдің) салыстырмалы қалыптық пайдалы алаңы қабылданған бірақ жеке тұрушы азамат үшін бір бөлмелі пәтерден кем емес қабылдансын. Бір пәтерде тұрғын үй мен коммуналдық қызметтерін төлеу бойынша жеке есеп шоттары бар бірнеше отбасы немесе азаматтар тұрған жағдайда, тұрғын жайдың қалыптық алаңы жеке тұрғын алаңынан кем болмауы тиіс.

      <*> Ескерту. 17-тармаққа жаңа редакцияда - Тараз қаласының мәслихатының 2005 жылғы 16 қарашадағы N 17-13 шешімімен

4-тарау. Отбасы табысының кіріс жиынтығын есептеу

      18. Тұрғын үй көмегін есептелгенде есепке отбасының арыз берген айының алдындағы тоқсанның табысы алынады. Отбасының жиынтық табысы Қазақстан Республикасы Еңбек жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 13 ақпан 2002 жылғы N 31-Б бұйрығымен бекітілген "Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын белгілеу ережесі" бойынша анықталады.

5-тарау. Тұрғын үй көмегін және телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылу өтемақысын тағайындау

      19. Тұрғын үй көмегін және телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылу өтемақысын тағайындау немесе бас тарту туралы шешім, құжат қабылданған күннен бастап 10 күннің ішінде қабылданады.
      20. Тұрғын үй көмегі жыл сайын бірінші және төртінші тоқсандарда тағайындалады. Тағайындау арыз берген айынан бастап бірақ олардың құқығы келген мерзімінен ерте емес ағымдағы тоқсанның аяғына дейін жүзеге асырылады, ал телефон үшін абоненттік ақы тарифтері арттырылуының өтемақысы жыл бойы, бірақ олардың құқығы келген мерзімінен ерте емес.
      Қажетті құжаттармен бірге арыз берген ай өтініш берген айы деп есептелінеді.
      Тұрғын үй көмегінің мөлшері, телефон үшін абоненттік өтемақы тарифтерінің көлемінің арттырылуының қосындысы және осы мақсаттарға отбасының шығаратын шығындарының деңгейі және өтем ақы шараларын қамтамасыз ететін, нормалар шегіндегі коммуналдық қызмет тұтынуы мен тұрғын үйді ұстау тарифтері жөніндегі есептелінген сомалардың арасындағы айырмамен есептеледі. Тұрғын үй көмегінің абоненттік ақы тарифінің арттырылу бөлігіндегі мөлшері телефон үшін абоненттік ақының көбеюі айырмасынан асырылмайды.
      Тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтерін тұтыну үшін ақы төлеу шегі сондай-ақ коммуналдық қызметтердің тарифтік мөлшерлері және телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылу өтемақысы өзгерген жағдайда бұрынғы тағайындалған тұрғын үй көмегі және телефон үшін абоненттік ақы тарифтері арттырылуының өтемақысы қайта есептеледі.
      Табыс туралы мәлімет тоқсанына бір рет тапсырылады. Тұрғын үй көмегі және телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылу өтемақысын алушылар арыз бен басқа да осы Ереженің 10 бөлігіндегі көрсетілген құжаттар тапсырғаннан соң тіркеледі.
      21. Тұрғын үй көмегін тағайындау өтініші берген мерзімінің тұрғын үйді ұстау және оның коммуналдық шығындарының және телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылу өтемақысы қарызына байланыссыз тағайындалады.

6-тарау. Тұрғын үй көмегін және телефон үшін абоненттік ақы тарифтері арттырылуының өтемақысы

      22. Тұрғын үй көмегін төлеуді қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен, ал телефон үшін абоненттік ақы тарифтері арттырылуының өтемақысы республикалық бюджеттен жүргізіледі.
      23. "Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі тұрғын үй көмегін алушылардың өтініштері бойынша тиісті қызмет көрсететін жеткізушілердің есеп шотына, ал телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылу өтемақысын Халық банкінің филиалдарындағы жеке шотына аударады.

      <*> Ескерту. 23-тармаққа жаңа редакцияда - Тараз қаласының мәслихатының 2005 жылғы 16 қарашадағы N 17-13 шешімімен

      24. Коммуналдық, қызметті пайдалану және байланыс қызметтерін көрсетуші мердігерлер тұрғын үй көмегін және телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылу өтемақысының түскен сомасын алушылардың жеке есеп шоттарына аударады.
      25. Қалыптан тыс жағдайлар болған кезде, тұрғын үй көмегін және телефон үшін абоненттік ақы тарифтері арттырылуының өтемақысын тағайындау туралы мәселесін шешу үшін "Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының бұйрығымен құрылған даулы және қалыптан тыс жағдайларды қарастыратын арнайы комиссиясының қарауына ұсынылады.

      <*> Ескерту. 25-тармаққа өзгерту енгізілді - Тараз қаласының мәслихатының 2005 жылғы 16 қарашадағы N 17-13 шешімімен

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады