Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 03.06.2008 № 8-3 шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бап 1-тармақ 11-тармақшасы және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі N 94 "Тұрғын үй қатынастары туралы", 1999 жылғы 16 қарашадағы N 476-I "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі N 949 қаулысымен бекітілген "Қалалық телекоммуникация желілерiнiң абоненттерi болып табылатын, әлеуметтiк қорғалатын азаматтарға телефон үшiн абоненттiк ақы тарифтерiнiң арттырылуына өтемақы төлеу ережесiн бекiту туралы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 12 сәуірдегі N 437 "Тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметін көрсетуге ақы төлеудің жаңа принциптеріне көшу туралы" қаулысына сәйкес аудандық Мәслихат шешім етеді:
<*> Ескерту. 1-тарауда өзгерістер енгізілді - Сарысу аудандық мәслихатының 2004 жылғы 16 қарашадағы N 9-3 шешімімен.
1. "Аз қамтамасыз етілген жанұяларға (азаматтарға) тұрғын жайларын күтуге және коммуналдық байланыс қызметтерін пайдаланғаны үшін төлеуге көмек беру туралы" Ережесі бекітілсін. (1 қосымша)
<*> Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Сарысу аудандық мәслихатының 2004 жылғы 16 қарашадағы N 9-3 шешімімен.
2. Алып тасталды.
<*> Ескерту. 2 тармақ алып тасталды - Сарысу аудандық мәслихатының 2005 жылғы 03 маусымдағы N 12-29 шешімімен.
3. Жаңатас қаласы әкімінің аппараты (С. Дадабаев), "Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің тіркеу қызметі комитетінің Жамбыл облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Сарысу аудандық филиалы (Ш. Төкербаев), Сарысу ауданы бойынша салық комитеті (М. Танагөзов), қалалық коммуналдық қызмет көрсететін орындары: "Жаңатас-СУ-Жылу" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (Е. Қозыбаков), "Көріктендіру және көгеріштендіру мекемесі" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (Е. Қозабаков), "Көріктендіру және көгеріштендіру мекемесі" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (Б. Әлімқұлов) және Сарысу аудандық мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының филиалы (Т. Шалабаев) осы Ережеге сәйкес әр тоқсанның бірінші айының 10-на дейін аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына мәліметтер мен анықтамаларды (жазбаша сұранысқа сәйкес) тапсыруы ұсынылсын.
4. Аудандық Мәслихаттың 2003 жылғы 11 ақпандағы N 23-7 "Тұрғын үй жәрдемақысын берудің тәртібі және азаматтардың кейбір жекелеген топтардың коммуналдық қызметке төлейтін төлемдерін өтеу тәртібі туралы" Ережесін бекіту туралы (Жамбыл облыстық Әділет басқармасында 2003 жылғы 19 наурызында мемлекеттік реестріне N 874 тіркелген, 2003 жылдың 5 сәуірдегі аудандық "Сарысу" газетінің N 14 санында жарияланған) шешімнің күші жойылсын.
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық Мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық аумағының дамуы, қаржы және бюджет, қоршаған ортаны қорғау мен табиғаты пайдалану, әкімшілік-аумақтық бөліністі айқындау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.
Аудандық Мәслихат Аудандық Мәслихат
8-сессиясының төрағасы хатшысы
Ж. Әміреев Л. Лысова
Келісілді:
Сарысу ауданы Әкімінің
орынбасары Боранбаев Бұралқы Боранбайұлы
Жаңатас қаласының Әкімі Дадабаев Серік Ералыұлы
"Көріктендіру және
көгеріштендіру мекемесі"
коммуналдық мемлекеттік
кәсіпорнының директоры Әлімкұлов Базылбек Әбиббулаұлы
"Қазақстан Республикасы
Әділет Министрлігінің тіркеу
қызметі комитетінің Жамбыл
облысы бойынша жылжымайтын
мүлік орталығы" Республикалық
мемлекеттік кәсіпорнының Сарысу
аудандық филиалы басқарушысы Төкебаев Шәмшілда
Сарысу ауданы бойынша салық
комитетінің төрағасы Танагөзов Мейірбек Төленұлы
Сарысу аудандық мемлекеттік
зейнетақы төлеу орталығы
бөлімшесінің бастығы Шалабаев Талғат Әбубәкірұлы
Сарысу аудандық электр
желілерінің басқарушысы Сержанов Түймебай
Сарысу аудандық Мәслихатының 2004 жылғы
13 қазандағы N 8-4 "Аз қамтамасыз етілген"
жанұяларға (азаматтарға) тұрғын жайларын
күтуге және коммуналдық қызметтерді пайдаланғаны
үшін төлеуге көмек беру туралы" Ережесін бекіту
туралы" шешімімен бекітілген 1 қосымша
Аз қамтамасыз етілген жанұяларға (азаматтарға) тұрғын жайларын күтуге және коммуналдық қызметтерді пайдаланғаны үшін төлеуге көмек беру туралы Ережесі
1. Жалпы ережелер
Аталған Ереже Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі N 94 "Тұрғын үй қатынастары туралы" және 1999 жылғы 16 қарашадағы 476-I "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Заңдарына сәйкес жасалынды.
Аз қамтамасыз етілген отбасыларға тұрғын жайларын күтуге және коммуналдық қызметтерді пайдаланғаны үшін төлеуге материалдық көмек тұрғын үй жәрдемақысы түрінде әлеуметтік қамтамасыз ету органы арқылы төленеді.
2. Тұрғын үй жәрдемақысының алушылар
1. Тұрғын үй жәрдемақысын алушы аз қамтамасыз етілген жанұялар (азаматтар):
1) Жаңатас қаласында есепте тіркеліп, тұрақты тұратын тұрғын үй иелері;
2) Ордермен;
3) Уақытша 1 жылға жасалынған келісім шартпен (Жаңатас қаласы әкімінің аппаратының тізіміне сәйкес).
2. Жеке меншігінде тұрғын үй (пәтері) біреуден артық болса немесе тұрғын үй алаңдарын жалға (жалдау) тапсырғандар тұрғын үй жәрдемақысын алу құқығын жоғалтады. Бұл норма тұрғын үйді жекешелендіру кезінде ата-анасымен бірге тұрған азаматтарға қолданылмайды.
3. Жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында жоқ және еңбекпен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелмеген мүшелері бар жағдайда, ол отбасына тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалмайды.
Төмендегі тізімнен басқалары:
1) Мүгедектер және олардың күтімімен айналысатындар, асыраушысынан айырылғандығы жөнінде мемлекеттік жәрдемақы алушылар;
2) стационарлық емделуде бір айдан астам уақыт кезеңінде болатын адамдар;
3) мектеп және кәсібі мектептің оқушылары;
4) 3 жасқа дейінгі сондай-ақ кіші баласы бірінші сыныпты (бірақ 9 жастан аспаған) бітіргенге дейінгі төрт және одан да көп балаларды тәрбиелеумен шұғылданушы тұлғаларға қолданылады);
5) 80 жастан асқан қарттар және оларды күтумен айналысатындар.
3. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау шарттары
4. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау шарттары кезінде есепке келесі нормалар қабылданады:
1) Жылуға:
Отбасының бір мүшесіне 18 шаршы метр қосымша отбасыға 9 шаршы метр;
2) Электр қуатына:
Қысқы мерзімде: 70 квт. жалғызбасты азаматтарға;
120 квт. екі және одан жоғары отбасыларына.
Жазғы мерзімде: 45 квт. жалғызбасты азаматтарға;
100 квт. екі және одан жоғары отбасыларына.
Тұрғын жайларын күту және коммуналдық қызметтерді пайдаланғаны үшін төлеу осы Ережеде көрсетілген нормадан асқан жағдайда жалпы негізде жүргізіледі.
5. Коммуналдық қызмет көрсету және тұрғын үйді күту төлемінің шығыстары (жеке тұрғын үйін күтуден басқасы) отбасы кірістер жиынтығының 20 пайызынан, ал 18 жасқа дейінгі төрт және одан да көп балалары бар отбасыларының кірістер жиынтығының 10 пайызынан асқан жағдайда төленеді.
4. Отбасының (азаматтардың) жиынтық
табысын анықтау тәртібі
6. Жанұяның (азаматтардың) жиынтық табысына Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде тапқан, табу көздеріне қарамастан,ақшалай және натуралды түрде алынған табыстар кіреді, оның ішінде:
1) айлық жалақы;
2) кәсіпкерліктен тапқан табыс;
3) мүліктік табыс;
4) мемлекеттік және мемлекеттік емес зейнетақылар, жәрдемақылар, компенсациялар және басқа да әлеуметтік қолдаудың түрлері;
5) балаларға және басқа қараудағы жандарға алынған алименттер;
6) адам денсаулығына зиян келген жағдайда төленетін біржолғы төлемдер;
7) натуралды және ақшалай түрдегі ұтыстар;
8) жеке шаруа қожалығынан түскен табыстар (саяжай, үй жанындағы участок, баубақша, үй жануарлары).
5. Тұрғын үй жәрдемақысын алуға әлеуметтік қорғау
орындарына өтініш беру және алушылар туралы мәлімет
алу тәртібі
7. Тұрғын үй жәрдемақысын алушы үміткер әлеуметтік қамтамасыз ету органдарына келесі құжаттарды тапсыруы қажет:
1) тұрғын үй жәрдемақысын алушының өтініші;
2) жұмыс істейтін азаматтар - өткен тоқсанның жалақысы туралы анықтама;
3) алынған алименттер туралы мәліметтер;
8. Аудандық мемлекеттік мекемелер (басшының қолы және мөрі басылған түрде) әр тоқсанның бірінші айының 10-на дейін аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына тұрғын үй жәрдемақысын алушылар мәліметтер мен анықтамаларды (жазбаша сұранысқа сәйкес) тапсыруы тиіс.
Жәрдемақы тоқсан сайын, өтініш берген айдан бастап тағайындалады.
9. Азаматтар тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау туралы өтінішін әр тоқсан сайын береді. Себепсіз қайта тіркеуден өтпеген азаматтар тұрғын үй жәрдемақысын алу құқығынан айырылады.
6. Тұрғын үй жәрдемақысын есептеу тәртібі
10. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау кезінде өткен тоқсанның табыстары есептеледі.
11. Бірінші рет тұрғын үй жәрдемақысын алуға сұраныс берген азаматтарға жәрдемақы өтініш берген айдан бастап тағайындалады.
12. Тұрғын үйді сатқан жағдайда жәрдемақы келісім жасалған айдан бастап төленбейді.
13. Тұрғын үй жәрдемақы көлемі осы Ереженің 3,4 тармағына сәйкес нақты тағайындалған тұрғын жайларын күтуге және коммуналдық қызметтерді пайдаланғаны үшін төлемнің және 4,6 тармағында бекітілген мүмкіндік табыстың жиынтығының айырмасы ретінде тағайындалады.
14. Тұрғын үй жәрдемақысын есептеу кезінде табыстар туралы мәліметтерді шатастыру мақсатында нақты бермеген жағдайда өтініш берген азамат бір жыл бойы тұрғын үй жәрдемақысын алуға құқығын жоғалтады.
15. Заңсыз тағайындалған тұрғын үй жәрдемақысын сомасы заңнамаға сәйкес өтеледі.
7. Тұрғын үй жәрдемақысын төлеу механизмі
16. Тұрғын үй жәрдемақысын төлеу қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты жүргізіледі.
17. Аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы тұрғын үй жәрдемақысын алушылардың қорытынды тізбесін жасап, аудандық қаржы бөліміне ұсынады.
18. Аудандық қаржы бөлімі ұсынған қорытынды тізбесіне сәйкес аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасын қаржыландырады.
19. Аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы тұрғын үй жәрдемақысын алушылардың өтініштері бойынша қызмет көрсету мекемелеріне аударады.
20. Коммуналдық қызмет көрсетуші мекемелер тұрғын үй жәрдемақыларын жәрдемақы алушылардың тұтыну жеке есеп шоттарына аударады.
20-1. Аудандық уәкілетті орган есепті айдан кейінгі айдың 5-не дейінгі мерзімде телефон үшін абоненттік ақы тарифінің арттырылуына өтемақы төлеуге ақшалай қаражат қажеттілігін жасайды және облыстық уәкілетті органға жібереді.
20-2. Облыстық уәкiлетті орган қалалар бөлiнiсiнде телефон үшiн абоненттік ақы тарифтерiнiң арттырылу өтемақысын төлеу жөнiндегi кестенi жасайды және үш банктік күн iшiнде ақшалай қаражатты төлем тапсырыстарымен аудандық уәкілеттi органға аударады.
20-3. Аудандық уәкілетті органдар үш банктiк күн iшiнде телефон үшiн абоненттiк ақы тарифтерi арттырылуының өтемақысын банктік жеке есеп шоттарына аударады.
Ескерту. 20-3 тармаққа өзгерістер енгізілді - Сарысу аудандық мәслихатының 2005 жылғы 02 тамыздағы N 15-10 шешімімен.
20-4. Абоненттік ақы тарифінің арттырылу бөлігіндегі мөлшері телефон үшін абоненттік ақының көбеюі айырмасынан асырылмайды.
20-5. Қалалық телекоммуникациялар желісінің абоненті болып табылатын тұрғын үй жәрдемақысын алушы үміткер әлеуметтік қамтамасыз ету органдарына осы ереженің 7 тармағында көрсетілген құжаттарға қоса қалалық телекоммуникациялар желісінің абоненті болып табылу фактісін растайтын (шарт не түбіртек - телекоммуникация көрсеткен қызметтері үшін есеп) құжаттар тапсыруы қажет.
Ескерту. 20-тармаққа өзгерістер енгізілді - Сарысу аудандық мәслихатының 2004 жылғы 16 қарашадағы N 9-3 шешімімен.
8. Ерекше жағдайлар
21. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауда даулы немесе ерекше жағдайда қарауды талап ететін жәрдемақылар мәселесі қалыптан тыс жағдайларды қарау комиссияның қарауында шешуге құқылы.
Сарысу аудандық Мәслихатының 2004 жылғы
13 қазандағы N 8-4 "Аз қамтамасыз етілген"
жанұяларға (азаматтарға) тұрғын жайларын
күтуге және коммуналдық қызметтерді пайдаланғаны
үшін төлеуге көмек беру туралы" Ережесін бекіту
туралы" шешімімен бекітілген 2 қосымша
Ескерту. 2 қосымша алып тасталды - Сарысу аудандық мәслихатының 2005 жылғы 03 маусымдағы N 12-29 шешімімен.