Ескерту. Мерзімінің өтуіне байланысты қолданылуы тоқтатылды (Қарағанды қалалық мәслихат хатшысының 2011.05.12 N 2-9/224 хатымен).
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 14 сәуірдегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 8 бабы 3 тармағы 5 тармақшасына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Қалалық мәслихаттың регламентіне 12, 13 тараулармен мынадай мазмұндағы қосымша енгізілсін:
Ескерту. Қарағанды қалалық мәслихаттың 2001.12.12 N 6 шешімі РҚАО-на түспеген.
"12. Сайлау комиссияларын құрамын сайлау тәртібі
88. Сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру жөніндегі уақытша жұмыс комиссиясын (бұдан әрі уақытша комиссия) құру сайлау комиссияларын құру туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру жарияланғаннан кемі 3 күнтізбелік күн бұрын мерзімде қалалық мәслихат хатшысының өкімі негізінде жүзеге асырылады.
Уақытша комиссияның құрамы депутаттардан және қалалық мәслихат аппараты қызметкерлерінен құрылады.
Сайлау комиссиялары өкілеттігінің мерзімі аяқталғанға дейін екі айдан кешіктірмей қалалық мәслихат бұқаралық ақпарат құралдарында жаңа сайлау комиссияларының құрылғандығы туралы хабарлайды. Хабарламада құруға жататын сайлау комиссияларының құрамына сайлау үшін ұсынылған кандидатуралар бойынша ұсыныстардың мерзімі мен тәртібі, осы ұсыныстар берілетін мекен-жай көрсетіледі.
Сайлау органдарының тізбесі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан бастап 30 күнтізбелік күннің ішінде саяси партиялар және басқа да қоғамдық бірлестіктер ұсынылатын сайлау комиссиясын көрсете отырып тиісті формаға сәйкес кандидаттар тізімін жібереді, оларға мыналарды қоса береді:
1) Саяси партияның және өзге де қоғамдық бірлестіктің, олардың филиалдарының органы отырысының кандидатты тиісті сайлау комиссиясына ұсыну туралы хаттамасынан көшірмені;
2) Саяси партияны және өзге де қоғамдық бірлестікті, олардың филиалдарын әділет органдарында тіркеу туралы құжаттың көшірмесін;
3) Кандидаттың тиісті мәслихат хатшысының атына жазылған сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініші және кандидат туралы биографиялық мәліметтері.
89. Мәслихаттың уақытша комиссиясы саяси партия және басқа да қоғамдық бірлестіктерден, олардың филиалдарынан, жоғары тұрған комиссиядан құралатын сайлау комиссиясының құрамына түскен ұсыныстарды жинастырумен, өңдеумен айналысып, қалалық мәслихаттың бекітуіне ұсынады.
Сайлау комиссияларының құрамын дайындауда уақытша комиссия алдымен саяси партиялардан түскен ұсыныстарды басшылыққа алады.
Саяси партиялардан тиісті сайлау комиссиясы мүшелерінің санына тең (жеті) ұсыныс түскенде, уақытша комиссия мәслихаттың отырысына осы сайлау комиссиясының құрамына дауыс беруге ұсыныс енгізеді. Егер мәслихат депутаттары нақты бір кандидатураға қарсылығын білдірсе, ол сол саяси партияны не қоғамдық бірлестікті танытатын кандидатураға ауыстырылады. Бұл рәсімді бір реттен артық жүргізбеу ұсынылады.
Саяси партиялардан тиісті сайлау комиссиясының мүшелері санынан артық (жетіден артық) ұсыныс болғанда, уақытша комиссия мәслихаттың отырысында рейтингілік дауыс беруді өткізуді ұсынады. Уақытша комиссия әрбір депутат үшін осы кандидатураны қандай саяси партия енгізгеннен көрсете отырып саяси партиялар ұсынған кандидатуралар кіретін бюллетенді дайындайды. Бюллетенге кандидатуралар саяси партиялардан ұсыныстардың келіп түсу кезектілігімен қосылады.
Депутаттар бюлеттенге кандидатуралар тектерінің және саяси партиялардың атауларының оң жағында барлығы тек жеті квадратқа ғана белгі қояды. Алғашқы жеті орынға ең көп дауыс алған саяси партияның өкілдері сайланған болып саналады.
Саяси партиялардан тиісті сайлау комиссиясы мүшелерінің санынан кем (жетіден кем) ұсыныс түскен кезде уақытша комиссия жетіспейтін кандидатуралар бойынша басқа да қоғамдық бірлестіктерден және жоғары тұрған сайлау комиссияларынан ұсыныс енгізеді. Сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау процедурасы 12 тараудың 89 тармағы 3 абзацымен сәйкес іске асырылады.
90. Рейтингілік дауыс бергеннен кейін Есеп комиссиясының төрағасы сайлау комиссиясының төрағасын, орынбасарын, хатшысын сайлау жөніндегі сайлау комиссиясының ұйымдастыру мәжілісін жүргізетін сайлау комиссиясының мүшесін айтады. Бұл кандидатураны Есеп комиссиясы мәслихат депутаттарының берген дауысының санына қарай анықтайтын болады. Депутаттар дауысы бірдей болған жағдайда аталмыш кандидатура депутаттар ашық дауыс беруімен анықталады.
Аймақтық, округтік, учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары, төраға орынбасарлары, хатшылары сайлау комиссиясы құрылғаннан кейін кемінде жеті күннің ішінде сайлау комиссиясының отырысында сайланады.
Сайлау комиссияларды, олардың құрамын және мекен-жайын құру туралы шешімді заңмен белгіленген мерзімде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды. Жарияланатын материалдардың көлемі сол басылымның бір нөмірінде оның қосымшасымен бірге жарияланады. Сайлау комиссиялардың құрамын қалыптастыру заңмен белгіленген тәртіпке сәйкес жүргізіледі.
13. Сайлау комиссиялар құрамына өзгерістер енгізу тәртібі
91. Сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу қалалық мәслихаттың шешімін қабылдау жолымен жүзеге асырылады, мұнда құрамды қалыптастыру саяси партиялар мен басқа да қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстары негізінде жүргізіледі.
Сайлау комиссиясы мүшелерінің өкілеттік мерзімі мен саны қолданылып жүрген заңға сәйкес анықталады.
92. Сайлау комиссиясы мүшесінің босаған лауазымына осы сайлау комиссиясында өкілі жоқ саяси партия мен басқа да қоғамдық бірлестіктерден ұсыныстар қабылданады. Босаған лауазымды ауыстыру процедурасы осы регламенттің 88, 91, 92 тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады."
ІІІ шақырылған
қалалық мәслихаттың
VII сессиясының төрағасы Қ. Әбдіров
Қалалық мәслихат хатшысы Қ. Бексұлтанов