Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңы 11 бабының 3) тармақшасына, Май ауданы мәслихаты мен әкiмдiгiнiң 2004 жылғы 7 мамырдағы (III сайланған VII сессиясы) "Ауданның кейбiр ауыл және селолық округтерiнiң дербес әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк статусы туралы" N 4/7 шешiмiне, облыс әкiмдiгiнiң 2004 жылғы 17 қарашадағы "Май ауданының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысындағы өзгерiстер туралы" N 274/9 қаулысына сәйкес облыстық Мәслихат пен облыс әкiмдiгi ШЕШIМ ЕТЕДI:
Павлодар облысы Май ауданының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
үлкен Ақжар ауылының әкiмшiлiк аумағына бағыныштылығындағы Шоқпар ауылы, Май селолық округiнiң Охра ауылы, Ақшиман селолық округiнiң Разведка, Қарашеңгел, Жаңабаз, Ақшиман, Қалмаққырған ауылдары, Баскөл селолық округiнiң Комсомол, Қарағанды, Талды ауылдары, Саты селолық округiнiң Ағит ауылы, Қазан селолық округiнiң N 5 бригадасы, Малайсары селолық округiнiң N 3 және N 4 бөлiмшелерi, Кеңтүбек селолық округiнiң N 2 бөлiмшесi елдi мекен мәртебесiнен айырылуына байланысты таратылсын және кейiннен есептiк деректерден шығарылсын;
2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыстық Мәслихаттың азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерiн қорғау және ақпараттық саясат жөнiндегi тұрақты комиссиясына жүктелсiн.
Сессия төрағасы А. Гуськов
Облыс әкiмi Қ. Нұрпейiсов
Облыстық Мәслихаттың хатшысы Р. Гафуров