Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы"
Заңының
6 бабы 1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы"
Заңының
13 бабының 3) тармақшасына, Павлодар қаласының мәслихаты мен әкiмдiгiнiң 2004 жылғы 18 тамыздағы "Шәукен селосын есептеу деректерiнен шығару және тарату туралы" N 70/8 бiрлескен шешiмi, облыс әкiмдiгiнiң 2004 жылғы 23 қарашадағы "Шәукен селосын есептеу деректерiнен шығару және тарату туралы"N 281/9 қаулысы негiзiнде, облыстық Мәслихат пен облыс әкiмдiгi ШЕШIМ ЕТЕДI:
1. Павлодар қаласының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
Шәукен селосы елдi мекен мәртебесiнен айырылуына байланысты жойылсын және есептеу деректерiнен шығарылсын.
2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыстық Мәслихаттың азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерiн қорғау және ақпараттық саясат жөнiндегi тұрақты комиссиясына жүктелсiн.
Сессия төрағасы А. Гуськов
Облыс әкiмi Қ. Нұрпейiсов
Облыстық Мәслихаттың хатшысы Р. Гафуров